Омаров С. Х. ҚАржы- бюджет ұйымдарының есебі және есеп беруі


"Жұмысшылармен және қызметшілермен және



жүктеу 2,19 Mb.
бет8/13
Дата01.01.2018
өлшемі2,19 Mb.
#6864
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

18 "Жұмысшылармен және қызметшілермен және
стипендиаттармен есеп айырысулар" шоты

      177. Бұл шотта жалақы төлемдерi бойынша жұмысшылармен және қызметшiлермен, шәкiртақылар бойынша студенттермен, аспиранттармен және оқушылармен және басқа есептермен есеп айырысулар ескерiледi.



      178. 18 "Жұмысшылармен және қызметшiлермен және стипендиаттармен есеп айырысулар" шоты мынадай қосалқы шоттарға бөлiнедi:
      180 "Жұмысшылармен және қызметшiлермен есеп айырысулар";
      181 "Стипендиаттармен есеп айырысулар";
      182 "Несиеге сатылған тауарлар үшiн жұмысшылармен және қызметшiлермен есеп айырысулар";
      183 "Банктердегi салымдар бойынша жұмысшылармен және қызметшiлермен есеп айырысулар";
      184 "Сақтандыру шарттары бойынша жарналарды қолма-қол ақшасыз аудару бойынша жұмысшылармен және қызметшiлермен есеп айырысулар";
      185 "Кәсiподақтардың мүшелiк жарналарының сомаларын қолма-қол ақшасыз аудару бойынша кәсiподақ мүшелерiмен есеп айырысулар";
      186 "Банктiң қарыз ақшалары бойынша жұмысшылармен және қызметшiлермен есеп айырысулар";
      187 "Атқарушы құжаттар мен басқа ұстанымдар бойынша есеп айырысулар";
      188 Қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алуға байланысты есеп айырысу; 
      189 "Атқарылған жұмыстар үшiн басқа есеп айырысулар".
      179. 180 "Жұмысшылармен және қызметшiлермен есеп айырысулар" қосалқы шотында бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiмен жасалатын есеп айырысулар ескерiледi. 
      Жалақы төлемдерiн есептеу айына бiр рет жүргiзiледi және айдың соңғы күнгi есебiнде көрiнiс табады. 
      Жалақы төлемдерiн есептеу үшiн: штаттық кесте мен жалақы төлемдерiнiң сәйкес бекiтiлген қызметкерлердi жұмысқа қабылдау жұмыстан босату, орын алмастыру туралы бюджеттiк ұйым бойынша бұйрық, жұмыс уақытын пайдалану табелi және жұмыс уақытын пайдалану және еңбекақыны есептеу табелi 421-н., Жұмысқа арналған өңдеу есебiнiң картасы 423-н., Нарядтар мен басқа да құжаттар 424-н. бойынша басқалар негiзгi құжат болып табылады. 
      Табелдердi бюджеттік ұйым бойынша бұйрықпен тағайындалған адам белгiленген үлгi бойынша жүргiзедi. Айдың соңында табель бойынша атқарылған күндердiң, сондай-ақ жұмыс жасалған сағаттардың жалпы саны айқындалады. Тиiстi қол қойылып толтырылған табель мен басқа құжаттар белгiленген мерзiмде жалақы төлемдерiн есептеу үшiн бухгалтерлiк қызметке тапсырылады. 
      Бөлiмшелерi саны көп мемлекеттiк мекемелерде, кассирден басқа, толық жеке материалдық жауапкершiлiк туралы жазбаша шарт жасалатын тұлғалармен жалақыларды, уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақыларды төлеу мемлекеттiк мекеме басшысының жазбаша бұйрығы бойынша жүргiзiлуi мүмкiн. Сенiмдi тұлғаларға кассалардан қолма-қол ақша беру кезiнде кассир беру есебiн жалақылар мен стипендияларды төлеуге арналған ақша таратушыға берiлген есеп журналында N 320-н. жүргiзедi. 
      180. Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен жалақы, стипендия, зейнетақы, жәрдемақы және басқа да ақшалай төлемдерді төлеудің тәртібін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28.09.1999 ж. N 1464 қаулысына сәйкес мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы, стипендия және басқа да ақшалай төлемдер салымдар бойынша дербес шоттарға немесе Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 17.11.2000 ж. N 488 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне және стипендиаттарға екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың тиісті түрлеріне арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы жалақы, стипендия және басқа да ақшалай төлемдер төлеу туралы нұсқаулыққа сәйкес карт-шоттарға олардың сомасын есептеу жолымен алушының таңдауы бойынша банктік операциялардың тиісті түрлеріне арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы жүргізіледі. 
      Ерекше жағдайларда, облыстық Қазынашылық басқармасы, Астана, Алматы қалалары Қазынашылық басқармасы және Қазынашылық аумақтық бөлімшелері басшысының жазбаша рұқсаты бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 17.11.2000 ж. N 488 бұйрығымен бекітілген Қазынашылық аумақтық бөлімшелерінің чектерін мемлекеттік мекемелердің пайдалану тәртібі туралы нұсқаулыққа сәйкес Қазынашылық комитетіне кейіннен хабарлай отырып, жалақы, стипендия және басқа да ақшалай төлемдерді беруге арналған Қазынашылық аумақтық бөлімшелерінің чектері бойынша ақша беруге жол беріледі. 
      181. Қызметкерлерге айдың бiрiншi жартысы үшiн Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiпте ұстауға жататын салық сомаларын шегерiп, айлық жалақы төлемдерiнiң 50 % көлемiнде аванс берiледi. 
      Ай үшiн жалақы төлемдерiн есептеу және айдың екiншi жартысы үшiн төлем жасау, әдеттегiдей, н. 49 есептiк-төлем ведомості бойынша жүргiзiледi. Есептiк-төлем ведомостысына табелдердiң нөмiрлерi, қызметкерлердiң тектерi инициалдары, есептелген жалақы төлемдердiң сомалары және жәрдемақылар, берiлген аванс, ұсталған салықтар және басқа сомалар жазылады. 
      Есептiк-төлем және төлем ведомостарына бұл ведомостарды әзiрлеген және тексерген адам қол қояды. Жалақы төлемдерiн төлеу үшiн рұқсатқа ұйымның жетекшiсi және бас бухгалтер қол қояды. 
      Есептiк-төлем және төлем ведомостарын төлем мерзiмi бiткен бойда жалақы төлемдерi алынбай қалған адамдардың тегінiң тұсына кассир штамп соғуға немесе "Депонирленген" деп қолмен белгi соғуға және депонирленген сомалардың реестрiн жасауға мiндеттi. Ведомостың соңында кассир нақтылы төленген сома туралы және жалақы төлемдерiнiң алынбаған сомасы туралы жазба жазуға, бұл сомаларды есептiк-төлем және төлем ведомостары бойынша жалпы жиынымен салыстыруы және жазбаны өзiнiң қолымен қуаттауы керек. Егер ақшаны кассир емес басқа адам берген болса, онда ведомостқа "Ведомост бойынша ақшаны бердi-қызметi, қолы, қолының шифрленгенi" деген қосымша жазба жазылады. Есептік-төлем және төлем ведомостарына кассир жасаған белгiнi мұқият тексергеннен және берiлген және депонирленген сомаларды қайта есептегеннен кейiн жалақы төлемдерiнiң берiлген сомасына белгiленген тәртiпте толтырылатын және кiрiс және шығыс құжаттар тiркелетiн журналға тiркелiп шығыс кассалық ордер толтырылады. Төлем және есеп-төлем ведомостарына касса бойынша ақшаны есептен шығару жүргiзiлген шығыс кассалық ордерiнiң күнi мен нөмiрi қойылады. 
      Қызметкердiң өткен кезең үшiн жалақы төлемi туралы мәлiметтi алу үшiн түрлер бойынша жалақы төлемiнiң сомасы көрініс табатын қызметкер туралы жалпы мәлiметтен басқа н. 417 карточка-анықтамалық жүргiзiледi. 
      Есептелген жалақы төлемiнiң сомаларына 180 қосалқы шот кредитiне және 08, 20, 21, 17 шоттардың тиiстi дебетiне жазба жазылады. 
      Төленген жалақы төлемдерiнiң және жәрдемақылардың, белгiленген тәртiпте ұсталған сомалары 180 қосалқы шот дебетiне және 120, 160 қосалқы шоттардың кредитiне және 17 және 18 шоттардың тиiстi қосалқы шоттарына жазба жазылады. 
      Есептiк-төлем ведомостары негiзiнде 5 мемориалдық ордер әзiрленедi. 
      Аурухана парақтары (еңбекке жарамсыздық парағы) жеке папкаға тiгiледi және жыл басынан бастап хронологиялық тәртiпте нөмiрленедi. Есепке қосып есептеу үшiн оның әр парағына есептiк-төлем ведомостарының нөмiрi қойылады. 
      Қызметкерге жалақының тиындармен төленбеген сомасы өтпелі қалдықпен (оң немесе теріс) 180-қосалқы шотта көрсетіледі және келесі айда жалақы төлеу кезінде ескеріледі, бұдан басқа, жалақы бойынша тиындармен берешектің қалдығы келесі жылға ауысады. 
      Қызметкер жұмыстан шыққан кезде төленбеген және керісінше, соманы бір теңгеге дейін дөңгелектеудің арифметикалық әдісін қолдану нәтижесінде артығымен төленген тиындардың қалдығы 188 "Қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алуға байланысты есеп айырысу" қосалқы шотына есепке алынады. 
      182. "Стипендиаттармен есеп айырысулар" қосалқы шотында жоғары оқу орындарының студенттерiмен және аспиранттарымен стипендиялар, ғылыми-зерттеу ұйымдармен және мектептердiң, колледждердiң, кәсiптiк-техникалық мектептердiң оқушыларымен, курстардың тыңдаушыларымен және т.б. бойынша есептер ескерiледi. 
      Стипендияларды есептеу мен төлеу есептiк-төлем ведомостарында оқу орындары жетекшiлерiнiң бұйрығы негiзiнде айына бiр рет жүргiзiледi. 
      Стипендия төлеу осы Нұсқаулықтың 180-тармағына сәйкес жүргізіледі. 
      Есептелген стипендиялардың сомаларына 181 қосалқы шот кредитiне, ал осы шот дебетіне берiлген стипендиялардан ұсталған сома жазылады. 
      Стипендияның оны алушыға төленбеген тиындармен сомасы өтпелі қалдықпен 181-қосалқы шотта көрсетіледі және келесі айда жалақы төлеу кезінде ескеріледі, бұдан басқа, жалақы бойынша тиындармен берешектің қалдығы келесі жылға ауысады.
      Стипендиаттың оқу мерзімі аяқталған кезде төленбеген және керісінше, соманы бір теңгеге дейін дөңгелектеудің арифметикалық әдісін қолдану нәтижесінде артығымен төленген тиындардың сомасы 188 "Қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алуға байланысты есеп айырысу" қосалқы шотына есепке алынады. 
      183. 182 "Несиеге сатылған тауарлар үшiн жұмысшылармен және қызметшiлермен есеп айырысулар" қосалқы шотында саудамен айналысатын ұйымдардың несиеге сатқан тауарлары үшiн жұмысшылар мен қызметшiлердiң тапсырыстық мiндеттемелерi бойынша жалақы төлемдерiнен ұсталған сомалар ескерiледi. 
      Несиеге сатқан тауарлары үшiн жұмысшылар мен қызметшiлердiң жалақы төлемдерiнен ұсталған сомаларға 182 қосалқы шот кредитiне және 180 қосалқы шот дебетiне жазба жазылады. Саудамен айналысатын ұйымдардың бюджеттiк шоттан, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшаны есепке алуға арналған шоттан, демеушiлiк және қайырымдылық көмек шоттарынан аударған сомалары 182 қосалқы шот дебетiне және 09, 10, 11 шоттардың тиiстi қосалқы шоттарына жазылады. 
      Несиеге сатқан тауарлары үшiн жұмысшылар мен қызметшiлердiң жалақы төлемдерiнен ұсталған сомалар бойынша есеп айырысулардың талдау есебi н. 292-а карточкаларда (н. 292 кiтапта) жүргiзiледi. Әр қызметкер бойынша ұсталған сомалардың есебi тапсырыстық-мiндеттемелерде ал бiр ұйымның өзiнен несиеге тауарларды сатып алған жұмысшылар мен қызметшiлердiң саны айтарлықтай басым болған жағдайда, несиеге тауарларды сатып алған жұмысшылар мен қызметшiлердiң жалақы төлемдерiнен ұсталған тiркелiмiне (н. 407) жазылады. Айдың соңында 292-а үлгiсiндегi карточкалардағы (н. 292 кiтаптағы) жазба тiркелiмiне немесе тапсырыстық мiндеттемелермен салыстырылады. 
      184. 183 "Банктердегi салымдар бойынша жұмысшылармен және қызметшiлермен есеп айырысулар" қосалқы шотында банктiк шотқа қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша жалақы төлемдерiн аударуға ниет бiлдiрген әрбiр қызметкердiң жазбаша өтiнiшi негiзiнде жұмысшылар мен қызметшiлердiң жалақы төлемдерiнен ұсталған сома ескерiледi. 
      Банктiк шотқа аудару үшiн жұмысшылар мен қызметшiлердiң жалақы төлемдерiнен ұсталған сомаға 183 қосалқы шоты кредиттеледi және 180 қосалқы шоты дебеттеледi. 183 қосалқы шот дебетiне жұмысшылар мен қызметшiлердiң салымдары бойынша банктердегi шоттарға аударылған сомалар жазылады, бұл ретте 09, 10, 11 шоттардың тиiстi шоттары кредиттеледi. 
      Бұл қосалқы шоттар бойынша талдау есебi н. 292-а карточкаларда (н. 292 кiтапта) жеке-жеке әр банк бойынша жүргізiледi. Салымшылардың саны айтарлықтай болған жағдайда әр адам және банктiң н. 285 айналым ведомосты бойынша жүргiзiледi. 

      185. 184 "Сақтандыру шарттары бойынша жарналарды қолма-қол ақшасыз аудару бойынша жұмысшылармен және қызметшілермен есеп айырысулар" қосалқы шотында сақтандыру органдарымен қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерiне жұмысшылар мен қызметшiлердiң тапсырыстары бойынша жалақы төлемдерiнен ұсталған сомалар ескерiледi. 


      184 қосалқы шот кредитiне жалақы төлемдерiнен ұсталған сомалар жазылады, бұл ретте 180 қосалқы шотында дебеттеледi. 
      Бюджет шотынан сақтандыру органының шотына аударылған сомалар 184 қосалқы шот дебетiне және 09, 10 шоттардың тиiстi қосалқы шоттарының кредитiне жазылады. 
      184 қосалқы шот бойынша талдау есебi н. 292-а карточкаларда (н. 292 кiтапта) сақтандырудың әр органы бойынша жүргiзіледi. 

      186. 185 "Кәсiподақтардың мүшелiк жарналарының сомаларын қолма-қол ақшасыз аудару бойынша кәсiподақ мүшелерiмен есеп айырысулар" қосалқы шотында кәсiподақ ұйымдарымен есеп айырысудың қолма-қол ақшасыз жүйесi кезiнде кәсіподақтардың мүшелiк жарналарын жалақы төлемдерiнен ұстау ескерiледi. 


      Кәсiподақтардың мүшелiк жарналарын ұстау кәсiподақ мүшелерiнiң олардан кәсiподақтардың мүшелiк жарналарын қолма-қол ақшасыз қабылдау туралы жазбаша өтiнiш бiлдiрген жағдайда жүргізiледi. 
      Кәсiподақтардың мүшелiк жарналарын жалақы төлемдерiнен ұсталған сомалар 185 қосалқы шотының кредитiне және 180 қосалқы шотының дебетiне жазылады. Бюджеттік шоттан, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшаны есепке алуға арналған шоттан, демеушілiк және қайырымдылық көмекке арналған ағымдағы шоттан аударылған сомаларға 185 қосалқы шотының дебетiне және 09, 10, 11 шоттардың тиiстi қосалқы шоттарының кредитiне жазба жазылады. 
      185 қосалқы шот бойынша талдау шоты н. 292-а карточкаларда (н. 292 кiтапта) әр кәсiподақ ұйымдары бойынша жүргiзiледi. 
      187. 186 "Банктiң қарыз ақшалары бойынша жұмысшылармен және қызметшiлермен есеп айырысулар" қосалқы шотында Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiпте банктен алынған қарыз ақшаны өтеу үшiн жұмысшылар мен қызметшiлердiң жалақы төлемдерiнен ұсталған сомалар ескерiледi. 
      186 қосалқы шот кредитiне қарыз ақшаны өтеу үшiн жұмысшылар мен қызметшiлердiң жалақы төлемдерiнен ұсталған сомалар жазылады, бұл ретте 180 қосалқы шоты дебеттеледi. Бюджеттiк шоттан, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшаны есепке алуға арналған шоттан, демеушiлiк және қайырымдылық көмек шоттарынан аударылған сомаларға 185 қосалқы шотының дебетiне және 09, 10, 11 шоттардың тиiстi қосалқы шоттарының кредитiне жазба жазылады. 
      Жұмысшылар мен қызметшiлермен талдау шоты 185 қосалқы шот бойынша н. 292-а карточкаларда (н. 292 кiтапта) жалақы төлемдерiнен ұсталған сомалар бойынша жүргiзiледi, қарыз берген банктiң олардың әр қайсысынан ұстау үшiн оларға жеке шот ашылады. 
      188. 187 "Атқарушы құжаттар мен басқа ұстанымдар бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотында жалақы төлемдерiнен, стипендиялардан, атқарушы парақтары мен басқа құжаттар бойынша ұсталған сомалар ескерiледi. 
      Атқарушы парақтары мен басқа құжаттар бойынша жалақы төлемдерiнен ұсталған сомалар 187 қосалқы шотының кредитiне және 180, 181 қосалқы шоттардың дебетiне жазылады. 187 қосалқы шот дебетiне бюджеттiк шоттан, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетiн қаражаттарға арналған ағымдағы шоттан, демеушiлiк және қайырымдылық көмек шоттарынан аударылған сомалар жазылады, бұл ретте 09, 10, 11 қосалқы шоттарын кредиттеледi. 
      Атқару қағаздары және басқа құжаттар бойынша жалақыдан ұсталған сома мемлекеттік мекеменің кассасы арқылы теңгемен қолма-қол ақшамен берілуі мүмкін. Оны алушыға төленбеген тиындармен сома өтпелі қалдықпен 187-қосалқы шотта көрсетіледі және келесі айда төлеу кезінде ескеріледі, бұдан басқа, жалақы бойынша тиындармен берешектің қалдығы келесі жылға ауысады. 
      Атқару қағазының немесе басқа құжаттың қолданыс мерзімі аяқталған жағдайда, төленбеген және керісінше, соманы бір теңгеге дейін дөңгелектеудің арифметикалық әдісін қолдану нәтижесінде артығымен төленген тиындардың қалдығы 188 "Қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алуға байланысты есеп айырысу" қосалқы шотына есепке алынады 
      Атқарушы парақтары мен басқа құжаттар бойынша талдау есебi әр алушы бойынша тегi немесе ұйымның атауы, атқарушы парақтар мен басқа құжаттардың нөмiрi, күнi және әрекет ету мерзiмi, н. 292-а карточкаларда (н. 292 кiтапта) ұсталған сомасы (процентпен) көрсетiлiп жүргiзiледi. 
      Мемлекеттiк мекемеге түсетін атқарушы парақтарды және алименттердi өндiрiп алу туралы басқа да құжаттарды тiркеу және есепке алу, сондай-ақ ұстап қалу мөлшерін есепке алу үшiн Алименттердi өндiрiп алу туралы атқарушы парақтардың есеп кiтабы 437-н. жүргiзiледi. 

      188-1. 188 "Қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алуға байланысты есеп айырысу" қосалқы шотында қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алу себебі бойынша қызметкер жұмыстан босатылған, стипендиаттың оқу мерзімі аяқталған, атқару қағазының немесе басқа да құжаттың қолданыс мерзімі аяқталған жағдайда төленбеген немесе артық төленген тиындардың сомалары көрсетіледі. Жалақының, стипендиялардың, атқару парағы бойынша ұсталған сомалардың, тиынмен есеп беретін тұлғаның алдында берешек сомаларының төленбеген қалдығы 188-қосалқы шоттың кредиті бойынша және 160, 180, 181, 187-қосалқы шоттардың дебеті бойынша көрсетіледі. 


      Жылдың аяғында соманы бір теңгеге дейін дөңгелектеу арифметикалық әдісін қабылдау нәтижесінде жоғарыда көрсетілген төлемдер бойынша жалақының, стипендияның төленбеген сомаларының, атқару парақтары бойынша ұсталған сомалардың, тиынмен есеп беретін тұлғаның алдында берешек сомалардың және артық төленген тиындар сомаларының төленбеген қалдықтары арасындағы айырмашылық түрінде пайда болған 188 қосалқы шоттың кредиті бойынша қалдық бюджетке есепке алуға жатады, бұл ретте 188 қосалқы шоттың дебеті бойынша және 173-қосалқы шоттың кредиті бойынша жазба жүргізіледі, оны бюджетке аудару кезінде 173-қосалқы шоттың дебеті бойынша және 090-қосалқы шоттың кредиті бойынша жазба жүзеге асырылады. 188-қосалқы шоттың дебеті бойынша қалдық келесі жылға ауысады. 

      189. 189 "Атқарылған жұмыстар үшiн басқа есеп айырысулар" қосалқы шотында жұмыс үшiн және бiржолғы тапсырыстарға шарттар бойынша жарияланымдарға төленетiн сыйақы сомалары бойынша есеп айырысулар ескерiледi. 


      189 қосалқы шот кредитiне есептелген сыйақы сомалары жазылады, бұл ретте 20, 21 шоттардың тиiстi қосалқы шоттарына дебеттеледi. 189 қосалқы шот дебетiне белгiленген тәртiпте ұсталған салықтар мен сыйақының төленген сомалары жазылады. 
      Бұдан басқа, 189-қосалқы шотта жалақы, зейнетақылар, жәрдемақылар және өзге де табыстар бойынша түзету мекемелерінің сотталғандарымен есеп айырысулар ескеріледі. 189-қосалқы шоттың кредитіне есептелген жалақының, зейнетақының, жәрдемақылардың және өзге де табыстардың сомасы жазылады, бұл ретте 179-қосалқы шот дебеттеледі. Сотталғандар мен тергеуге алынып тұтқындалған тұлғалардың дербес шоттарына жалақы, зейнетақы, жәрдемақы және өзге де табыстар есептелген кезде 189-қосалқы шот дебеттеледі және 174-қосалқы шот кредиттеледі. 
      Әр алушы бойынша төленген сыйақы сомалары туралы мәлiметтердi алу қажет болған жағдайда н. 417 карточка-анықтама жүргiзiлуi мүмкiн. 

Дәріс - 9 "Зейнеткерлік және әлеуметтік қамтамасыз
ету жөніндегі есеп айырысулар" шоты

      190. Бұл шотта жинақтаушы зейнетақы қорларына төленетін міндетті зейнетақы жарналары бойынша, зейнетақыларды төлеу, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар және жерлеуге арналған жәрдемақылар бойынша, міндетті әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған трансферттер бойынша және жеке тұлғаларға берілетін трансферттер бойынша есеп айырысулар ескеріледі. 


      191. 19 "Зейнетақымен қамтамасыз ету және халықты әлеуметтiк қорғау бойынша есеп айырысулар" шоты мынадай қосалқы шоттарға бөлiнедi: 
      191 "Зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу жөнiндегi есеп айырысулар"; 
      192 "Міндетті әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған трансферттер бойынша есеп айырысулар"; 
      193 "Жеке тұлғалардың трансферттері бойынша есеп айырысулар";
      194 "Облыстық бюджеттерге, республикалық мәні бар қала, астана бюджеттеріне мақсатты трансферттер бойынша есеп айырысулар; 
      198 "Жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша есеп айырысулар"; 
      199 "Сыртқы несиелендiру бойынша есеп айырысулар". 

      191-1. "Зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу жөніндегі есеп айырысулар" 191 қосалқы шотында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне зейнетақылар мен мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен бөлiнген қаражаттардың қозғалысы есепке алынады. Зейнетақыларды төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа аударылған қаражаттарды Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi "Зейнетақылар мен мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды төлеу жөніндегі есеп айырысулар" 191 қосалқы шотының дебетi және "Ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға аудару үшiн және басқа шараларға ұйымдардың шығыстарына арналған ашық лимиттер" 090 қосалқы шотының кредитi бойынша есепке алынады. 


      Зейнетақылар мен мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды төлеу жөнiндегi iс жүзінде жүргiзiлген шығыстар Зейнетақыларды төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық ұсынған iс жүзінде төленген зейнетақылар мен мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы есептiң негiзiнде "Ұйымдарды ұстауға және басқа шараларға арналған бюджет бойынша шығыстар" 200 қосалқы шотының дебетi және 191 қосалқы шотының кредитi бойынша есепке алынады. 
      191 қосалқы шот бойынша талдама есеп 283-н. көп бағанды карточкаларда жүргiзiледi. 
      191-2. 192 "Міндетті әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған трансферттер бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотында облыстық, Астана, Алматы қалалық департаменттерінің (басқармаларының), аудандық (қалалық) еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдерінің жұмыс берушілердің жұмыс істейтін азаматтарға 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1999 жылдың 17 сәуірін қоса алғандағы кезең үшін есептелген, республикалық бюджет қаражаты есебінен міндетті әлеуметтік қамсыздандыру бойынша төлеуге арналған шығыстарын өтеуді қаржыландыру бойынша есеп айырысу көрсетіледі.       Жұмыс берушілердің жұмыс істейтін азаматтарға міндетті әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жәрдемақыларды төлеуге арналған шығыстарын өтеу үшін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін 46 "Міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету кепілдіктері бойынша борышты өтеу" бағдарламасы бойынша 311 "Міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету үшін жеке тұлғаларға берілетін трансферттер ерекшелігі бойынша бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын қаржыландыру көзделген. Қаржыландыру Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілеген тәртіпте жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне түскен жағдайда 090 "Мемлекеттік мекеменің ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге міндеттемелер қабылдауға және рұқсаттар беруге арналған рұқсаттары" қосалқы шотының дебеті және 230 "Мемлекеттік мекемелердің шығыстарын және басқа да шараларды бюджеттен қаржыландыру" қосалқы шотының кредиті бойынша жазу жазылады. Облыстық, Астана, Алматы қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменттері (басқармалары) бойынша лимиттер бөлініп, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 140 "Мемлекеттік мекемелердің шығыстарын және басқа да шараларды бюджеттен қаржыландыру бойынша есептемелер" қосалқы шотының дебеті және 090 қосалқы шотының кредиті бойынша жазу жазады. 
      Жұмыс берушілердің жұмыс істейтін азаматтарға міндетті әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жәрдемақыларды төлеуге арналған шығыстарын өтеу сомасының шығыстарын есептен шығаруды Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі облыстық, Астана, Алматы қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменттері (басқармалары) ұсынған, қаражат төлеу туралы есептемесінің негізінде тоқсан сайын жүргізеді және 200 қосалқы шоттың дебеті және 140 қосалқы шоттың кредиті бойынша жазу жазып көрсетеді. Қаржы жылы аяқталған бойда жасалған шығыстардың қорытынды айналымын есептен шығару 230 қосалқы шоттың дебеті және 200 қосалқы шоттың кредиті бойынша жүргізіледі. 
      Жұмыс берушілердің міндетті әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жәрдемақыларды төлеу шығыстарын өтеудің қаржыландыруға арналған сомасына облыстық, Астана, Алматы қалалық департаменттері (басқармалары), аудандық (қалалық) еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдері 096 "Басқа бюджеттердің есебінен ашылған лимиттер" қосалқы шотының дебеті және 142 "Басқа бюджеттер есебінен қаржыландыру бойынша есептемелер" қосалқы шотының кредиті бойынша жазу жазады. 
      Облыстық, Астана, Алматы қалалық департаменттері (басқармалары), аудандық (қалалық) еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдері республикалық бюджеттің қаражатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 25 мамырдағы N 242 бұйрығымен бекітілген Жұмыс берушілердің жұмыс істейтін азаматтарға міндетті әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жәрдемақыларды төлеуге арналған шығыстарын өтеу ережесіне сәйкес төлем тапсырмасымен мемлекеттік мекемелердің бюджеттік шоттарына немесе шаруашылық жүргізуші субъектілердің есеп шотына ұсынылған соңғы есептемелері негізінде аударады және 192 "Міндетті әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған трансферттер бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотының дебеті және 096 "Басқа бюджеттердің есебінен ашылған лимиттер" қосалқы шотының кредиті бойынша жазу жазады. Бір мезгілде 192 қосалқы шотының кредиті және 202 "Басқа да бюджеттер есебінен шығыстар" қосалқы шотының дебеті бойынша жазу жазылады. Қаржы жылы аяқталған бойда жасалған шығыстардың қорытынды айналымын есептен шығару 142 қосалқы шоттың дебеті және 202 қосалқы шоттың кредиті бойынша жүргізіледі. 
      Жұмыс берушілердің шоттарына аударылған соманың талдама есебінен 283 монографтық карточкаларда әрбір жұмыс беруші бойынша жүргізіледі. 
      191-3. 193 "Жеке тұлғалардың трансферттері бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотында жеке тұлғалармен жасалатын есеп айырысулар: 
      әлеуметтiк төлемдер және әлеуметтiк көмектер бойынша, 
      қызметкерлер мен қызметшiлерге еңбекте алған жарақат, не болмаса заңнамаға сәйкес олардың еңбектегi мiндеттерiн орындауға байланысты өзге де денсаулығын зақымдаған залалдың орнын толтыру, 
      қаза болған, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына төленетін біржолғы төлемдер бойынша, 
      әскери қызметшілерге (мерзімді әскери қызметшілерден басқа), сондай-ақ ішкі істер органдарының шұғыл-іздестіру, тергеу және саптық бөлімшелері, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерінің, қаржы полициясы органдарының қызметкерлеріне тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер бойынша шығыстарды төлеу үшін берілетін ақшалай өтемақы бойынша,
      жеке тұлғаларға басқа да трансферттер бойынша. 
      Жоғарыда көрсетілген 332 "Жеке тұлғаларға берілетін трансферттер" ерекшелігі бойынша көзделген бюджеттік шығыстардың экономикалық сыныптамасын мемлекеттік мекемелер заңдарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырады. 
      Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды төлеу үшін әскери қызметшілерге берілетін ақшалай өтемақы. 
      Заңдарда белгіленген мөлшерде тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды төлеу үшін әскери қызметшілерге берілетін ақшалай өтемақыны алуға құқығы бар лауазымдық тұлғалардың тізбесіне сәйкес мемлекеттік мекемелер өтемақы сомасын есептеуді жүргізеді. Есеп айырысу-төлем тізімі бойынша есептелген өтемақының сомасына 200 "Мемлекеттік мекемелерді ұстауға және басқа да шараларға арналған бюджет бойынша шығыстар" қосалқы шотының дебеті және 193 "Жеке тұлғалардың трансферттері бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотының кредиті бойынша жазу жазылады. Төленген өтемақының сомасы 193, 178, 120 қосалқы шоттарының дебеті бойынша 090, 178, 120 қосалқы шотының кредитінің корреспонденциясында көрсетіледі. 
      Әскери қызметкерлерге тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызмет бойынша шығыстарды өтеуге ақшалай жәрдемақыны есептеудiң және төлеудiң талдамалы есебi, әрбiр жәрдемақы алушы бойынша 292-а нысан карточкаларында немесе 292-нысан кiтабында жүргiзіледi. Әскери қызметкерлерге тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай жәрдемақының синтетикалық есебi N 405 нысан бойынша N 5 "Жалақы және стипендия бойынша есеп айырысу тiзiмдемелерiнiң жиынтығы" мемориалдық ордерiнде жүргiзiледi. 
      Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бір жолғы төлемдер. 
      Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бір жолғы төлемдер бойынша шығыстарды қаржыландыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 қаңтардағы N 80 қаулысымен бекітілген Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бір жолғы төлемдерді жүзеге асырудың тәртібіне сәйкес іске асырылады. 
      Қаржыландыруға түскен жағдайда 090 "Мемлекеттік мекеменің ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге міндеттемелер қабылдауға және рұқсаттар беруге арналған рұқсаттары" қосалқы шотының дебеті және 230 "Мемлекеттік мекемелердің шығыстарын және басқа да шараларды бюджеттен қаржыландыру" қосалқы шотының кредиті бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жазу жазады. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі облыстық, Астана, Алматы қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменттері (басқармалары) бойынша қаза болған, қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бір жолғы төлемдерді қаржыландыруға арналған қаражатқа, сондай-ақ төлемдерді ұйымдастыру бойынша банктік қызметтер үшін шығыстарды өтеуге арналған қаражатқа деген олар ұсынған қажеттілік негізінде (қажеттілік азаматтардың өтініштері және азаматтардың құжаттары бойынша жасалған тізім негізінде айқындалады) лимиттерді таратады және 140 "Мемлекеттік мекемелердің шығыстарын және басқа да шараларды бюджеттен қаржыландыру бойынша есеп айырысу" қосалқы шотының дебеті және 090 қосалқы шотының кредиті бойынша жазу жазады. 
      Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бір жолғы төлемдер сомаларының шығыстарын есептен шығаруды Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі облыстық, Астана, Алматы қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменттері (басқармалары) ұсынған қаражат төлеу туралы есептеме негізінде тоқсан сайын жүргізеді және 200 қосалқы шотының дебеті және 140 қосалқы шотының кредиті бойынша жазу жазып көрсетеді. Қаржы жылы аяқталған бойда жасалған шығыстардың қорытынды айналымын есептен шығару 230 қосалқы шоттың дебеті және 200 қосалқы шоттың кредиті бойынша жүргізіледі. 
      Облыстық, Астана, Алматы қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменттері (басқармалары) бойынша қаза болған, қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бір жолғы төлемдерді қаржыландыруға арналған қаражаттың, сондай-ақ төлемдерді ұйымдастыру бойынша банктік қызметтер үшін шығыстарды өтеуге арналған қаражаттың сомасына 096 "Басқа бюджеттердің есебінен ашылған лимиттер" қосалқы шотының дебеті және 142 "Басқа бюджеттердің есебінен қаржыландыру бойынша есептемелер" қосалқы шотының кредиті бойынша жазу жазылады. 
      Облыстық, Астана, Алматы қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаменттері (басқармалары) республикалық бюджет қаражатын қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілер ата-аналарының, асырап алушыларының, қамқоршыларының дербес шоттарына (олар таңдаған банктегі дербес шоттың реквизиттері көрсетілген, азаматтардың өтініштері негізінде) аударады және төлемді ұйымдастыру бойынша банктік қызмет көрсетулеріне төлем төлеуді жүзеге асырады. Аударым сомасы 193 "Жеке тұлғалардың трансферттері бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотының дебеті бойынша және 096 қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі. 
      Бір мезгілде азаматтардың дербес шоттарына қаражатты аудару жөніндегі төлем тапсырмасы негізінде 193 қосалқы шотының кредиті бойынша және 202 "Басқа да бюджеттер есебінен шығыстар" қосалқы шотының дебеті бойынша жазу жазылады. Қаржы жылы аяқталған бойда жасалған шығыстардың қорытынды айналымын есептен шығару 142 қосалқы шоттың дебеті және 202 қосалқы шоттың кредиті бойынша жүргізіледі. 
      Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бір жолғы төлемдердің талдама есебі н. 292-а карточкасында немесе н. 292 кітабында аудандық (қалалық) еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдері бойынша жүргізіледі.
      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы" 2001 жылғы 7 ақпандағы Жарлығы шыққан сәттен бастап бұрын бөлшек көлемі бар сомаларда, яғни тиындармен тағайындалған әлеуметтік төлемдер бойынша берешек тиын сомасына қарамастан, бір теңгеге дөңгелектеуге жатады. Бұл ретте дөңгелектеуге байланысты есептелгенге дейінгі сомаға 200-қосалқы шоттың дебеті бойынша және 193-қосалқы шоттың кредиті бойынша жазба жүргізіледі.
      191-4. 194 "Облыстық бюджеттерге, республикалық мәні бар қала, астана бюджеттеріне мақсатты трансферттер бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотында мақсатты ағымдағы трансферттер және дамытуға мақсатты трансферттер бойынша есеп айырысулар ескеріледі.
      Жоғары тұрған бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері аударған мақсатты трансферттер сомасына төлеуге шот негізінде 194 "Облыстық бюджеттерге, республикалық мәні бар қала, астана бюджеттеріне мақсатты трансферттер бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотының дебетіне және 096 "Басқа бюджеттер есебінен рұқсаттар" қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.
      Игерілген мақсатты трансферттер сомасына 202 "Басқа бюджеттер есебінен шығыстар" қосалқы шотының дебетіне және 194 "Облыстық бюджеттерге, республикалық мәні бар қала, астана бюджеттеріне мақсатты трансферттер бойынша есеп айырысулар" кредитіне оларды игеруді растайтын құжаттар негізінде жазба жүргізіледі.
      192. 198 "Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотында мемлекеттік мекемелер жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша есеп айырысуларды ескереді. Әрбір жеке тұлғадан міндетті зейнетақы жарналарын ұстау 180-қосалқы шоттың дебеті бойынша және 198-қосалқы шоттың кредиті бойынша көрсетіледі. Жинақтаушы зейнетақы қорларына ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын аударған кезде 198-қосалқы шот дебеттеледі және 09, 10, 11-ақшалай қаражат шоттарының тиісті қосалқы шоттары кредиттеледі. 
      Жеке тұлғаның (қызметкердiң) жарнаны аударғандығы туралы толық ақпаратты алу үшiн бюджеттiк ұйым жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарының есеп карточкаларын көшірмесін жылына бір рет жеке тұлғаға (қызметкерге) беретін 451-н. толтырады.      
      192-1. 199 "Iшкi несиелендiру бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотында мемлекеттiк мекеме қайтару негiзiнде iшкi несиелендiру мiндеттемелерi бойынша есеп айырысуларды ескередi. 
      Республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден iшкi несиелендiруге бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне бөлiнген қаражат сомасы осы қосалқы шоттың тиiстi дебетi бойынша және 090, 100-қосалқы шоттардың кредитi бойынша көрсетіледi. Бiр мезгiлде 200-қосалқы шоттың дебетi бойынша және 247-қосалқы шоттың кредитi бойынша жазба жүргiзіледi. 
      Iшкi несиелендiру бойынша қаражатты қайтару 247-қосалқы шоттың дебетi бойынша және 199-қосалқы шоттың кредитi бойынша жазбада көрсетiледi. 
      199-қосалқы шотта Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Қаржы орталығының заемшыларға мемлекеттiк білiм несиесiнiң және мемлекеттiк студенттiк несиенiң берiлуi, сондай-ақ олардың қайтарылуы бойынша есеп ескерiледi. Қаржы орталығы мемлекеттiк бiлiм несиесiн және мемлекеттiк студенттiк несиенi жоғары бiлiмi бар мамандарды даярлауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қаражат аударуы 199-қосалқы шоттың дебетi бойынша және 112-қосалқы шоттың кредитi бойынша бухгалтерлiк есепте жазбамен көрсетіледi, бiр уақытта 174-қосалқы шоттың дебетi бойынша және 247-қосалқы шоттың кредитi бойынша жазба жүргiзiледi. Қайтару мерзiмi басталған кезде немесе игерiлмеген несиелiк ресурстар қайтарылған жағдайда несиелердi өтеу есебiнен Қаржы орталығының депозиттiк шотына түскен қаражат 112-қосалқы шоттың дебетi бойынша және 199-қосалқы шоттың кредитi бойынша жазбамен көрсетiледi. 
      199-қосалқы шот бойынша талдамалы есеп 292-а нысан карточкаларында (292-нысан кiтаптарында) жүргiзiледi. 
жүктеу 2,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау