Дәріс – 10."Бюджеттік шығыстар есебі"
Бұл бөлiмде смета бойынша көзделген шараларға арналған ұйымдардың жұмсалған нақтылы шығындары, сондай-ақ басқа бюджеттерден алынған шығындар есепке алынады.
Нақтылы шығындар деп, тиiстi құжаттар мен ресiмделген ұйымдардың iс жүзiндегi шығындары, оның iшiнде есептелген жалақы және шәкiртақы бойынша кредиторлардың төленбеген шоттары жөнiндегi шығыстары саналады.
Бюджет бойынша шығыстарды есепке алу мекеме, бағдарлама, iшкi бағдарлама және бюджеттiк сыныптау ерекшелiгi бойынша жүргiзiледi. Нақты шығыстарды есепке алу 20 "Бюджет бойынша шығыстар" және 21 "Басқа да шығыстар" шоттарында жүргiзiледi.
20 "Бюджет бойынша шығыстар" шоты
195. Бұл шот мынадай қосалқы шоттарға бөлiнедi:
200 "Ұйымдарды ұстауға және басқа да шараларға арналған бекiтiлген сметаның шегiнде бюджет бойынша шығыстар";
202 "Басқа бюджеттер есебiнен шығыстар";
203 "Күрделi қаржыларға арналған бюджеттер бойынша есеп айырысу";
204 "Сыртқы заемдар есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша шығыстар қосалқы шотында";
208 "Бекiтiлген шығыстар сметасынан тыс мемлекеттiк мекеменi ұстауға және басқа шараларға арналған шығыстар";
209 "Гранттардың есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша шығыстар.
196. 200 "Бекiтiлген қаржыландыру жоспарының шегiнде бекiтiлген шығыстар сметасының шегiнде ұйымдарды ұстауға және басқа да шараларға арналған бюджет бойынша шығыстар" қосалқы шотында бекiтiлген шығыстар сметасының шегiнде ұйымдарды ұстауға және басқа да шараларға жұмсалатын нақтылы шығыстар есепке алынады.
Бұдан басқа, осы қосалқы шотта бюджетке түсетiн түсiмдердiң тауарлық немесе заттай бөлiгi есебiнен мемлекеттiк мекеменi ұстауға және басқа шараларға арналған шығыстар ескерiледi.
Өздерiне бөлiнген рұқсаттар шегiнде бюджеттік қаражаттарды жұмсауға рұқсат алған бюджеттік ұйымдар оларды бекiтiлген шығыстар сметасында көзделген мөлшерде және арнаулы мақсаттарға сәйкес жұмсауға мiндеттi.
Қайтару негiзiнде (iшкi несиелендiру бойынша) республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден қаражат бөлген жағдайда бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi 200-қосалқы шоттың дебетi бойынша және 247-қосалқы шоттың кредитi бойынша жазба жүргiзедi.
Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің негізінде өтеусіз негізде бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне білім беруге немесе жарғылық капиталын толықтыруға бөлінген ақшалай қаражатты аударған кезде бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі есептен шығыстарды шығаруды 200-қосалқы шоттың дебеті бойынша және 090, 100-қосалқы шоттардың кредиті бойынша жүргізеді.
Жыл аяқталғаннан кейiн лимиттерге басты иелiк етушiлердiң 200 қосалқы шоты 230 қосалқы шотының дебетiне жыл бойы жұмсалған шығындарын есептен шығару арқылы жабылады. Мемлекеттік мекемелер шығыстарын 140 қосалқы шоттың дебетiне есептен шығарады. Егер ұйымдар сметасында тек бюджеттен ғана емес, сондай-ақ басқа да көздерден қаржы бөлу ескерiлмесе, онда шығыстар ең алдымен басқа көздерден алынған қаржылар есебiнен, ал қалған сома - бюджеттiк қаражаттар есебiнен есептен шығарылады.
Бюджеттік ұйымдарда нақтылы шығыстардың талдау есебi н. 294 кiтапта жүргізiледi.
197. 202 "Басқа да бюджеттер есебiнен шығыстар" қосалқы шотында осы ұйымның сметасында ескерiлмеген шараларды орындауға арналған басқа бюджеттерден алынған қаражаттардың есебiнен жұмсалған шығыстар есепке алынады.
Жыл аяқталғаннан кейiн 202 "Басқа бюджеттер есебінен шығыстар" қосалқы шоттан шығыстар 232 "Басқа бюджеттер есебінен қаржыландыру", 142 "Басқа бюджеттер есебінен қаржыландыру бойынша шығыстар" қосалқы шоттарының дебетiне есептен шығарылады.
Шығыстардың талдау есебi әрбiр шара және шығыстар ерекшелiгi бойынша н. 294 кiтапта жүргiзiледi.
198. 203 "Күрделi қаржыларға арналған бюджет бойынша есеп айырысу" қосалқы шотында шығыстардың экономикалық сыныптамасында 420 "Негiзгi капиталды құру" iшкi сыныбы бойынша бюджеттен бөлiнетiн, құрылыс және монтаждау жұмыстарын жүргiзу әдiсiне қарамастан бюджет қаражаттары есебiнен жаңа құрылысқа және үйлер мен ғимараттарды қайта салуға жұмсалатын шығындар есепке алынады.
Егер құрылыс шаруашылық әдiспен жүргiзiлсе, жұмсалған шығындардың сомасы 203 қосалқы шотында дебеттеледі және тиiсiнше ақшалай қаражаттардың, есеп айырысулардың, құрылыс материалдарының және қондыруға арналған жабдықтардың, жеткiзушiлермен және мердiгерлермен жасасқан есеп айырысулар қосалқы шоттарында кредиттеледi.
Егер құрылыс мердiгерлiк әдiспен жүргiзiлсе, орындалған жұмыстардың шоттарын төлеуге қабылданған сома мөлшерiнде мердiгермен есеп айырысқан жағдайда 203 қосалқы шот дебеттеледi, бұл ретте 150 қосалқы шоты кредиттеледi.
Аяқталған және пайдалануға берiлген объектiлер бойынша шығындар жыл бойында 203 қосалқы шотында есептеледi. Жыл аяғында бұл шығындар лимиттердiң негiзгi иелiк етушiлерiнiң 231 қосалқы шотының немесе лимиттердiң төмен тұрған иеленушiлерінің 143 қосалқы шотының дебетiнде есептен шығарылады.
Аяқталған және пайдаланылуға берiлген құрылыс объектілерi қабылдау актiлерiнiң негiзiнде 01 шотының тиiстi қосалқы шоттарының дебетi және 250 қосалқы шоттың кредитi бойынша жазылады.
Аяқталмаған және аяқталған, бiрақ пайдалануға берiлмеген құрылыс және қайта салынған объектiлер бойынша шығындар 203 қосалқы шоты бойынша келесi жылдың балансына көшiрiледi.
Шаруашылық әдiсiмен жүзеге асырылатын құрылыстың 203 қосалқы шоты бойынша шығындардың талдау есебi н. 294 кiтапта жүргiзiледi.
Құрылыс жұмыстары есепке алу және монтаждау бойынша жұмыстарды есепке алу бөлек жүргiзiледi.
198.1. 204 "Сыртқы заемдар есебiнен қаржыландырылатын жобалар бойынша шығыстар" қосалқы шотында сыртқы заемдар есебiнен жобаларды iске асыру барысында жүргiзiлген шығыстар ескерiледi.
Заем қаражаттары Заем туралы келісімде көзделген нысаналы мақсаттарға сәйкес қатаң жұмсалады.
Жалақы төлеу және консультант қызметкерлерге қосымша ақы төлеу сыртқы заем қаражаттарынан сыйақыларды (гонорарларды) төлеу жолымен жүргізіледі. Есептелген сыйақылардың (гонорарлардың) сомасына 180 "Жұмысшылармен және қызметшілермен есептесулер" қосалқы шотының кредитіне және 204 қосалқы шот дебетіне жазба жасалады. Қолданылып жүрген заңдармен белгіленген міндетті жарналарға есептелген сомалар 159, 171, 198 тиісті қосалқы шоттардың кредиті және 204 қосалқы шоттың дебеті бойынша көрініс табады. Төленген сыйақылардың (гонорарлардың) белгіленген тәртіпте ұсталған сомалары 183 қосалқы шот дебеті және 120 "Касса", 113 "Сыртқы қарыздар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты" қосалқы шоттарының кредиті және 17 "Түрлі дебиторлар мен кредиторлармен есептесулер" шотының тиісті шоттарында көрсетіледі.
Сыртқы қарыздар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты операцияларының банктік қызметтеріне төлем жасау 204 қосалқы шот дебеті және 113 қосалқы шот кредиті бойынша көрініс табады.
Есеп беретін адамның жұмсаған авансының есептен шығарылған сомасына 160 "Есеп беретін адамның есептесулері" қосалқы шотының кредитіне және 113 қосалқы шоттың дебетіне жазба жасалады.
Ағымдағы қаржы жылында заемдарды игеру барысында жүзеге асырылған сыртқы үкiметтiк заемдардың есебiнен жобалар бойынша шығыстар жылдың аяғында есептен шығарылады, бұл ретте 249 "Сыртқы заемдар" қосалқы шотының дебетi бойынша және 204-қосалқы шоттың кредитi бойынша жазба жүргiзіледi.
Сыртқы заемдар есебінен жасалған нақтылы шығындардың талдау есебі н.294-а карточкасында жүргізіледі.
199. 208 "Бекiтiлген сметадан тыс мемлекеттiк мекеменi ұстауға және басқа iс-шараларға арналған шығыстар" қосалқы шотында қарызға алынған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушiге қайтару мүмкiндiгi болмаған жағдайда мемлекеттiк мекеменiң бекітілген шығыстар сметасынан тыс iс жүзiндегi шығыстар ескерiледi. Егер мемлекеттiк мекемеде бекiтiлген сметадан тыс 2001 жылғы 1 қаңтарға дейiн жүргiзiлген iс жүзiндегi шығыстар бар болса, онда олар 200-қосалқы шоттан 208-қосалқы шотқа ауыстырылуы тиiс.
Iс жүзiндегi шығыстардың талдамалы есебi 294-нысандағы кiтапта жүргiзiледi.
154 "Бекітілген қаржыландыру жоспарынан тыс кредиторлармен есеп айырысу" қосалқы шоты бойынша кредиторлық берешекті өтеуге есепті жылы ақшалай қаражат бөлінген жағдайда жыл аяқталғаннан кейін жүргізілген шығыстарды 230, 140-қосалқы шоттардың дебетіне есептен шығару жолымен 208-қосалқы шот жабылады.
199-1. 209 "Гранттардың есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша шығыстар" қосалқы шотында байланысы бар гранттар есебінен жобаларды іске асыру барысында жүргізілген шығыстар ескеріледі.
Заем қаражаттары гранттар туралы келісімде көзделген мақсатты тағайындауға қатаң сәйкес жұмсалады.
Еңбекақы төлеу және консультант-қызметкерлердің қосымша ақысы байланысы бар гранаттардың қаражатынан сыйақыларды (гонорарларды) төлеу жолымен жүргізіледі. Есептелген сыйақылардың (гонорарлардың) сомасына 180 "Жұмысшылармен және қызметшілермен есептесулер" қосалқы шотының кредитіне және 209 қосалқы шотының дебетіне жазба жүргізіледі. Қолданыстағы заңнамада белгіленген міндетті жарналардың есептелген сомасы 159, 171, 198 тиісті қосалқы шоттарының кредиті және 209 қосалқы шотының дебеті бойынша көрсетіледі. Төленген сыйақылардың (гонорарлардың), белгіленген тәртіппен жүргізілген ұсталымдардың сомасы 180 қосалқы шотының дебеті және 120 "Касса", 116 "Гранттар бойынша арнайы шот" қосалқы шоттарының және 17 "Әртүрлі дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу" шотының тиісті қосалқы шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі.
Гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты бойынша операциялар жөніндегі банк қызметтеріне ақы төлеу 209 қосалқы шотының дебеті және 116 қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Есеп беретін тұлғалар жұмсаған аванс сомасын есептен шығаруға 160 "Есеп беретін адамдармен есеп айырысулар" қосалқы шотының кредитіне және 209 қосалқы шотының дебетіне жазба жүргізіледі.
Ағымдағы қаржы жылы гранттарды игеру барысында жүзеге асырылған байланысы бар гранттар есебінен жобалар бойынша шығыстар жылдың аяғында есептен шығарылады, бұл ретте 245 "Гранттар" қосалқы шотының дебеті бойынша және 209 қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.
Байланысы бар гранттар есебінен жүргізілген іс жүзіндегі шығыстарды талдамалық есепке алу N 294-а нысанының карточкасында жүргізіледі.
21 "Басқа да шығыстар" шоты
200. Бұл шот мынадай қосалқы шоттарға бөлiнедi:
210 "Бөлiске арналған шығыстар";
211 "Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақша есебінен шығыстар";
212 "Өзге қаражаттың есебінен күрделі салымдарға жұмсалатын шығыстар";
213 "Демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен ақша және өзге қаражаттар есебінен шығыстар";
215 "Басқа қорлар есебiнен шығыстар";
216 "Күрделi қаржыларға арналған басқа қорлардың есебiнен шығыстар";
217 "Өндiрiстiк қызмет қаражаттары есебiнен шығыстар";
220 "Валюталық қаражаттар есебiнен шығыстар".
201. 210 "Бөлiске арналған шығыстар" қосалқы шотында өзi пайда болған сәтте жұмыстардың (объектiлердiң) белгiлi бiр түрiне немесе бұйымдардың белгiлi бiр түрiнiң немесе бiрнеше түрi өндiрiлген жағдайда өнiмдердiң өзiндiк құнына тiкелей жатқызуға болмайтын шығындар есепке алынады.
Ай бойында бөлiске арналған шығыстар 210 қосалқы шотының дебетiне және тиiстi қосалқы шоттардың кредитiне жазылады. Айдың аяғында бұл шығыстар белгiленген тәртiппен бөлiнедi. Қосалқы ауыл және оқу-тәжiрибе шаруашылықтарындағы қосымша шығыстарды бөлу жыл аяқталғаннан кейiн жүзеге асырылады.
Қосымша шығыстар нақты жағдайларға байланысты өндiрiстiк жұмысшылардың, ғылыми қызметкерлердiң және т.б. жалақысына немесе жұмсалған материалдарға немесе тiкелей шығыстардың жиынтығы мөлшерiне сәйкес бөлiнедi.
Бөлiске арналған шығыстар 210 қосалқы шотының кредитiнен 08, 20, 21 тиiстi қосалқы шоттардың дебетiнде есептен шығарылады.
Осы қосалқы шот бойынша талдау есебi н. 283 көп бағаналы карточкаларда жүргiзiледi.
202. 211 "Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақша есебінен шығыстар" қосалқы шотында мемлекеттік мекемелердің иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақша түсімдері мен шығыстарының жоспары бойынша шығыстар ескеріледі.
Жұмсалған материалдардың, ақша қаражаттарының және басқа шығыстардың сомасына 211 "Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақша есебінен шығыстар" қосалқы шотының дебеті мен "Материалдық қорлар", "Ақша қаражаттары", "Есеп айырысулар" шоттарының тиісті қосалқы шоттарының кредитіне жазба жүргізіледі. Жыл аяқталғаннан кейiн жыл iшiнде жұмсалған шығыстардың жалпы сомасы 211 "Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақша есебінен шығыстар" қосалқы шотының кредитiнен 400 "Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен кірістер" қосалқы шотының дебетiне есептен шығарылады.
Шығыстардың талдамалы есебi N 297-б-нысаны бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны есепке алу кітабында тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) түрлері бойынша жүргiзiледi. Шығыстардың есебi көп бағанды карточкаларда N 283 нысан бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн.
203. 212. "Өзге қаражаттың есебінен күрделі салымдарға жұмсалатын шығыстар" қосалқы шотында күрделі салымдарға ақылы қызметтерді, демеушілік және қайырымдылық көмекті, байланысы бар гранттарды іске асырудан алынатын қаражат есебінен жабдықтарды сатып алуға жұмсалатын және шығарылатын өнімнің өзіндік құнына жатқызуға жататын шығыстар ескеріледі:
шығарылатын өнiмнiң өзiндiк құнына жатқызуға жатпайтын өндiрiстiк (оқу) шеберханаларының, қосалқы ауыл және оқу-тәжiрибе шаруашылықтарының (жабдықтар мен құрал-саймандар сатып алу, оқу-өндiрiстiк шеберханаларды және қосалқы шаруашылықтарды кеңейту жөнiндегi күрделi жұмсалымдар). Өнiмнiң өзiндiк құнына енетiн өндiрiстiк (оқу) шеберханаларының, қосалқы ауыл шаруашылықтарының шығындары 08 шоттың тиiстi қосалқы шоттарында есепке алынады;
спорт алаңдарын салуға;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда тосқауылдар салуға арналған шығарылатын өнiмнiң өзiндiк құнына жатқызуға жатпайтын шығындар есепке алынады.
Жыл соңында аяқталған және пайдалануға берiлген объектiлер бойынша шығындар, сондай-ақ шығарылатын өнiмнiң өзiндiк құнына жатқызуға жатпайтын басқа да шығындар 212 қосалқы шоттың кредитiнен 400, 246 қосалқы шоттардың дебетiне есептен шығарылады. Аяқталмаған және аяқталған, бiрақ пайдалануға берілмеген құрылыс және қайта құру объектiлерi бойынша шығындар 212 қосалқы шот бойынша баланста қалады.
Осы шот бойынша талдама есеп 294-н. кiтабында жүргiзiледi.
204. 213 "Демеушiлiк және қайырымдылық көмектен алынатын қаражат және өзге де қаражаттың есебiнен шығыстар" қосалқы шотында демеушiлiк және қайырымдылық көмектен алынатын қаражат және өзге де қаражат есебiнен шығыстар ескерiледi.
Жұмсалған материалдардың, ақшалай қаражаттың және басқа да шығыстардың сомасына 213-қосалқы шоттың дебетiне және "Материалдық қорлар", "Ақшалай қаржылар", "Есеп айырысу" шоттарының тиiстi қосалқы шоттарының кредитiне жазба жүргiзіледi. Жыл аяқталғаннан кейiн 213-қосалқы шот ағымдағы жылы 176-қосалқы шоттың дебетiне жүргiзiлген шығыстарды есептен шығару жолымен жабылады.
Шығыстардың талдамалы есебi 283-нысандағы көп бағанды карточкаларда жекелеген ұйымдар (тапсырыс берушілер) және iс-шаралар бойынша жүргiзiледi.
205. 215 "Басқа қорлар есебiнен шығыстар" қосалқы шотында министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және басқа да өкiлеттi және атқарушы органдарының белгiленген тәртiптегi жинақталған басқа қорлар есебiнен жасалатын шығыстары ескерiледi. Жыл аяқталғанда 215 қосалқы шоты 272 "Басқа қорлар" қосалқы шот дебетiне жыл iшiнде жасаған шығыстарын есептен шығару жолымен жабады.
215 қосалқы шот бойынша талдау есебi 294 нысанды кiтапта жүргiзiледi.
206. 216 "Күрделi қаржыларға арналған басқа қорлар есебiнен шығыстар" қосалқы шотында күрделi қаржыға министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және басқа да өкiлетті және атқарушы органдарының белгiленген тәртiптегi жинақталған басқа қорлар есебiнен жасалатын шығыстары ескерiледi. Пайдалануға берiлген объектілердiң аяқталғаны және қабылданғаны бойынша шығыстар жыл аяқталғанда 216 қосалқы шот кредитiнен 272 қосалқы шот дебетiне есептен шығарылады.
Құрылысқа арналған шығыстардың талдау есебi 294-нысандағы кiтапта әр объект бойынша жүргiзiледi. Құрылыс жұмыстарының есебi мен монтаждау бойынша жұмыстар жеке-жеке жүргiзiледi.
220 "Валюталық қаражаттар есебiнен шығыстар" қосалқы шотында валюталық қаражаттар есебiнен жұмсалған нақты шығыстар есепке алынады. 220 қосалқы шотының дебетіне валюталық операцияларға жұмсалған сомалар жазылады. Жылдың аяғында жұмсалған шығындардың сомасы 220 қосалқы шотының кредитiнен 273 қосалқы шоттың дебетiне есептен шығарылады.
Дәріс – 11. "Бюджеттік қаржыландыру" шоты
209. 23 шотын бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне қолданады. Бұл шот мынадай қосалқы шоттарға бөлiнедi:
230 "Ұйымдардың шығыстарын және басқа да шараларды бюджеттен қаржыландыру";
231 "Күрделi қаржыларды бюджеттен қаржыландыру";
232 "Басқа бюджеттердiң есебiнен қаржыландыру";
236 "Ата-аналардың балалар мекемелерiн ұстауға арналған қаражаттары";
238 "Ұйымдарды ұстауға арналған басқа да қаражаттар";
239 "Сыртқы заемдардың қаражаттарынан жобаларды қаржыландыру".
Ескерту. 209-тармақ толықтырылды, өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің 1998.04.22. N 184 бұйрығымен, 1999.05.25. N 238 бұйрығымен, 2001.05.18. N 260 бұйрығымен, 2004 жылғы 17 наурыздағы N 17 бұйрығымен.
210. 230 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа іс-шараларды бюджеттен қаржыландыру", 231 "Күрделі салымдарды бюджеттен қаржыландыру" қосалқы шоттарында бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттен алынған қаржыландыруы көрсетіледі. 232 "Басқа бюджеттер есебінен қаржыландыру" қосалқы шотында басқа бюджеттерден алынған қаржыландыру көрсетіледі.
230-232 қосалқы шоттардың кредитіне алынған рұқсаттардың немесе алынған қаражаттардың сомасы, анықталған артық материалдардың және қайтарымсыз алынған материалдардың сомасы жазылады.
230-232 қосалқы шоттардың дебетіне жылдық есептердің негізінде жыл аяқталғаннан кейін есептен шығарылатын шығыстардың сомасы; есептен шығарылған кемшін материалдардың және алатын сенім жоқ борыштардың сомасы жазылады.
230 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа іс-шараларды бюджеттен қаржыландыру" қосалқы шоты бойынша талдамалы есеп N 283 нысанның көп бағанды карточкаларында жүргізіледі.
231 "Күрделі салымдарды бюджеттен қаржыландыру" және 232 "Басқа бюджеттер есебінен қаржыландыру" қосалқы шоттары бойынша есеп N 292-а-нысанның карточкаларда (292-нысанның кітабында) жүргізіледі.
Мемлекеттік мекемелерде тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде тиісті бюджетке түсетін түсімдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша қорытындылар тиісті бюджет есебінен қаржыландыру ретінде көрсетіледі. Бұл ретте, тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде тиісті бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша сома тиісті 098 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша рұқсаттар", 108 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде жергілікті бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша рұқсаттар" қосалқы шоттарының дебетi бойынша және 230 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа іс-шараларды бюджеттен қаржыландыру" қосалқы шотының кредитi бойынша көрсетiледi. Бiр уақытта 158 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотының дебетi бойынша және тиісінше 098 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша рұқсаттар", 108 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде жергілікті бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша рұқсаттар" қосалқы шоттарының кредиті бойынша көрсетiле отырып, екiншi жазба жүргізiледi. Қаржы жылы аяқталғаннан кейiн жүргiзiлген шығыстарды есептен шығару 230 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа іс-шараларды бюджеттен қаржыландыру" қосалқы шотының дебетi және 200 "Бекітілген қаржыландыру жоспарының шегінде мемлекеттік мекемелерді ұстауға және басқа іс-шараларға бюджет бойынша шығыстар" қосалқы шоттың кредитi бойынша жазбамен қорытынды айналымдармен жүзеге асырылады.
212. 236 "Ата-аналардың балалар мекемесiн ұстауға арналған қаражаттары" қосалқы шотында мектеп-интернаттарды қоспағанда балалар мекемелерiнде сәбилердi бағып-қағуға арналған ата-аналардан түсетiн қаражаттар есебiнен қаржыландыру есепке алынады. Есептелген жарналар сомасы 236 қосалқы шотында кредиттеледi және 172 қосалқы шотында дебеттеледi.
Жылдың аяғында 236 қосалқы шотының дебетiнде 236 қосалқы шотында есепте тұрған сомалар шегiнде бюджет (200 қосалқы шоты) бойынша нақты шығындар есептен шығарылады. Бюджет бойынша шығыстардың жалпы сомасы мен 236 қосалқы шотта есептен шығарылған соманың арасындағы айырма 230 немесе 140 қосалқы шоттардың дебетiне жатқызылады.
Осы қосалқы шот бойынша талдау есебi н. 292-а (н. 292 кiтапта) карточкалар негiзiнде жүргiзiледi.
213. 238 "Ұйымды ұстауға арналған басқа да қаржылар" қосалқы шотында басқа көздерден қолданылып жүрген заңдарға сәйкес алынған қаржыландыру есепке алынады.
238 қосалқы шот түскен қаржылардың сомасына кредиттеледi.
Жыл аяғында 238 қосалқы шотының дебетiне бюджет бойынша нақтылы шығыстар (200 қосалқы шоты) есептен шығарылады.
Бұл қосалқы шоты бойынша талдау есебi н. 292-а карточкаларында (н. 292 кiтапта) жүргiзiледi.
213.1. 239 "Сыртқы заемдардың және гранттардың қаражаттарынан жобаларды қаржыландыру" қосалқы шотында сыртқы заем қаражаттары есебінен жүзеге асырылатын жобаларды қаржыландыру ескеріледі.
Қаржы жылы аяқталған бойда сыртқы заемдардың және гранттардың есебінен шығыстардың қорытынды айналымдарын есептен шығару 239 қосалқы шот дебеті, 099 "Сыртқы заемдар есебiнен жобалар бойынша шығыстарға арналған ашық лимиттер" қосалқы шоты бойынша бухгалтерлік жазба жазылады.
239 қосалқы шот бойынша талдау есебі бағдарламалар, ішкі бағдарламалар және н.292-а талдау есебінің карточкасында шығыстардың есебі бойынша жүргізіледі.
Дәріс – 12. Арнаулы мақсаттағы қорлар мен қаржылар
24 "Арнаулы мақсаттағы қорлар мен қаржылар" шоты
24 "Арнаулы мақсаттағы қорлар мен қаржылар" шоты мынадай қосалқы шоттарға бөлiнедi:
240 "Материалдық ынталандыру қоры";
245 "Гранттар";
246 "Өндiрiстiк және әлеуметтiк даму қоры";
247 "Iшкi несиелендiру";
248 "Банк кредиттерi";
249 "Сыртқы заемдар".
215. 240 "Материалдық ынталандыру қоры" қосалқы шотында маңызды тапсырмаларды орындағаны және қызметкерлерге бiр жолғы көмек көрсеткенi үшiн министрлiктердiң, мемлекеттік комитеттердiң және басқа атқарушы органдардың қорына түскен қаржылар есептелiнедi. Қорды құруға түскен сомалар 240 қосалқы шотының кредитi және 110 қосалқы шотының дебетi бойынша жазылады. 240 қосалқы шоты бойынша талдау есебi қаржыларының түсу көздерi бойынша және оларды н. 283 көп бағанды карточкаларында пайдалану бағыты бойынша жүргiзiледi.
215-1. 245 "Гранттар" қосалқы шотында байланысы бар гранттардың сомасы ескеріледі.
Алынған байланысы бар гранттардың сомасы 245 қосалқы шотының кредиті бойынша және 116 "Гранттар бойынша арнайы шот" қосалқы шотының дебеті бойынша көрсетіледі.
Ағымдағы қаржы жылы байланысы бар гранттарды игеру барысында жүргізілген шығыстардың сомасы жыл аяғында 209 қосалқы шотының кредитінен 245 қосалқы шотының дебетіне алынады.
Жұмсалған айланысы бар гранттардың сомасы қаржы жылы аяқталғаннан кейін 209 қосалқы шотының кредитінен 245 қосалқы шотының дебетіне алынады.
Гранттардың байланысы бар түрлері бойынша 245 қосалқы шоты жөніндегі талдамалық есепке алу N 283 нысанының көп бағанды карточкаларында жүргізіледі.
216. 246 "Өндiрiстiк және әлеуметтік даму қоры" қосалқы шотында қолданылып жүрген заңда айқындалған жұмсалған шығындарды қаржыландыруға бөлiнген арнаулы мақсаттағы қаржылар есепке алынады.
Ғылыми-зерттеу ұйымдарында бұл қосалқы шотында шаруашылық келiсiм-шарты бойынша орындалатын ғылыми-зерттеу жұмыстары жөнiндегi шығыстардан кiрiстердiң асып түсу сомаларынан, осы ұйымда орындалатын жаңалық ашу үшiн лицензияларды сатудан түсетін қаржылардың қозғалысы есепке алынады.
Жоғары және арнаулы орта оқу орындарында 246 қосалқы шотында материалдық-техникалық базаны кеңейтуге және орнықтыруға арналған белгiленген тәртiпте түсетiн қаржылардың қозғалысы есепке алынады.
Өндiрiстiк және әлеуметтiк даму қорына түсетiн сомалар тиiстi қосалқы шоттардың дебетiне және 246 қосалқы шотының кредитiне жазылады.
Ұйымның өндiрiстiк және әлеуметтiк даму қорының қаржылары есебiнен жаңа құрылыс, өңдеу және жабдықтарды сатып алуға арналып жұмсалған шығындары 212 қосалқы шотында есепке алынады. Жыл аяғында аяқталған және пайдалануға берiлген құрылыс объектiлерi бойынша шығындар 246 қосалқы шотының дебетiне жазылады.
Қордың пайдаланылмаған қалдықтары келесi жылға өтедi.
246 қосалқы шоты бойынша талдау есебi қаржыларының түсу (пайда болу) көздерi бойынша және оларды көп бағанды н. 283 карточкаларда қолдану бағыты бойынша жүргiзiледi.
216-1. 247 "Iшкi несиелендiру" қосалқы шотында қайтарымды негiзде республикалық немесе жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен берiлген (iшкi несиелер бойынша) несиелер ескерiледi.
247-қосалқы шоттың несиесi бойынша берiлген несиелер бойынша (iшкi несиелендiру бойынша) берешек сомасы көрсетiледi.
Несиенiң қайтарылуын растайтын төлем құжаттарының негiзiнде несиенi өтеу жүргiзiледi, бұл ретте 247-шот дебеттеледi және 199-қосалқы шот кредиттеледi.
247-қосалқы шотта Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Қаржы орталығы 174-қосалқы шоттың дебетi бойынша және 247-қосалқы шоттың кредитi бойынша жазбада көрсетiлетiн бiлiмдiк несие және мемлекеттiк студенттiк несие бойынша жоғары бiлiмi бар мамандарды даярлауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға аударылған қаражатты, сондай-ақ қайтару мерзiмi басталған кезде немесе игерiлмеген несие қаражатын қайтарған жағдайда республикалық бюджеттiң кiрiсiне несиелердi өтеу ескерiледi, бұл ретте республикалық бюджеттiң кiрiсiне есепке алуға жататын сомаға 247-қосалқы шоттың дебетi бойынша және 173-қосалқы шоттың кредитi бойынша жазба жүргiзiледi.
247-қосалқы шот бойынша талдамалы есеп 283-нысан көп бағанды карточкаларында жүргiзiледi.
217. 248 "Кредиттерi" қосалқы шотында материалдық-техникалық базаны ұйымдастыруға және тереңдетуге және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес басқа мақсаттарға алынған өтелмеген кредиттер есепке алынады.
Банктердiң кредитiнен алынған сомалар 248 қосалқы шотының кредитi және 111 қосалқы шотының дебетi бойынша көрсетiледi. Материалдық-техникалық базаны ұйымдастыру және кеңейту бойынша банк кредиттерiнiң есебiнен алынған шығындар 111 қосалқы шотының кредитi және 150, 178 тиiстi қосалқы шоттарының дебетi бойынша көрсетiледi.
Банк кредиттерiн өтеу кезiнде 248 қосалқы шоты дебеттеледi және 111 қосалқы шоты кредиттеледi.
Бұдан басқа, бұл шотта шағын және орта бизнес субъектiлерiн несиелендiру үшiн жергiлiктi бюджеттерден жергiлiктi атқарушы органдарға берiлетiн сомалар көрсетiледi, берiлген кредиттердiң сомалары 248 қосалқы шотының кредитi және "Шағын және орта бизнес субъектiлерiн несиелендiруге алынған қаражаттар бойынша есеп айырысулар" 175 қосалқы шотының дебетi бойынша есепке алынады. Қаражаттар берiлген қарыз ақшаларды өтеуге түскен кезде 175 қосалқы шот кредиттеледi және 100 қосалқы шот дебеттеледi, бiр мезгiлде 148 қосалқы шоттың дебетi және 100 қосалқы шоттың кредитi бойынша екiншi жазба жасалады.
248 қосалқы шоты бойынша талдау есебi кредиттер түрлерi бойынша н. 283 көп бағанды карточкаларда жүргiзiледi.
217-1. 249 "Сыртқы заемдар" қосалқы шотында Заем туралы келiсiмге сәйкес жобаларды қаржыландыру үшiн алынған заем сомасы ескеріледi.
Алынған заемдар сомасы 249-қосалқы шотының кредитi бойынша және 113 "Сыртқы қарыздар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты" қосалқы шотының дебетi бойынша көрсетiледi.
Ағымдағы жылы сыртқы үкiметтiк заемдарды игеру барысында жүргiзiлген шығыстар сомасы жылдың аяғында 204-қосалқы шоттың кредитiнен 249-қосалқы шоттың дебетiне көшiрiледi.
Ағымдағы қаржы жылы сыртқы үкiметтiк заемдарды қамту барысында жүргiзiлген шығыстардың сомасы жылдың аяғында 204-қосалқы шоттың кредитiнен 249-қосалқы шоттың дебетiне көшiріледi.
Достарыңызбен бөлісу: |