Омаров С. Х. ҚАржы- бюджет ұйымдарының есебі және есеп беруі


Арзан бағалы және тез тозатын заттар



жүктеу 2,19 Mb.
бет4/13
Дата01.01.2018
өлшемі2,19 Mb.
#6864
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Арзан бағалы және тез тозатын заттар

Бұл бөлімде бюджеттік ұйымның иелігіндегі барлық арзан бағалы және тез тозатын заттардың қолда бары және қозғалысы есептеледі.

Арзан бағалы және тез тозатын заттардың құрамында осы нұсқаулықтың 33-тармағының "а", "б", "в", "г", "д", "е", "ж", "з" тармақшаларында аталған заттар есептеледі.

07 "Арзан бағалы және тез тозатын заттар" шоты мынадай қосалқы шоттарға бөлінеді:

070 "Қоймадағы арзан бағалы және тез тозатын заттар";  

071 "Пайдаланудағы арзан бағалы және тез тозатын заттар";

072 "Қоймадағы іш киім, төсек-орын жабдықтары, аяқ киім"

073 "Пайдаланудағы іш киім, төсек-орын жабдықтары, аяқ киім".

070 "Қоймадағы арзан бағалы және тез тозатын заттар" қосалқы шотында қоймада тұрған арзан бағалы және тез тозатын заттар есептеледі. 
      Арзан бағалы және тез тозатын заттар олардың сатып алынуына қарай 070 қосалқы шотының дебеті және 09, 10, 11, 16, 17 шоттардың тиісті қосалқы шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі. Сонымен бірге 08, 20, 21 шоттардың тиісті қосалқы шоттарының дебеті және 260 қосалқы шоттың кредиті бойынша жазу жазылады. 

Арзан бағалы және тез тозатын заттар оларды пайдалануға босату кезінде активтердің бір өлшемі құны лимитінің 1/10 шегінде 070 қосалқы шотының кредитіне және 260 қосалқы шотының дебетіне жазылады. Бұл заттардың есебін лауазымды адамдар 412-нысандағы арзан құнды және тез тозатын заттар қозғалысының жедел (сандық) шотының ведомостарында немесе М-17 нысанындағы материалдардың қоймалық есеп кітабында жүргізіледі. Бухгалтерлік қызметтің қызметкерлері бұл заттардың нақтылы қолда барын н. 412 немесе н. М-17 тіркелімдеріндегі жазбалармен дүркін-дүркін тексереді. 

Арзан бағалы және тез тозатын заттар активтердің бір өлшемі құны лимитінің 1/10-тан асқаны 071 қосалқы шотының дебетіне және 070 қосалқы шотының кредитіне жазылады. 

Қоймада тұрған арзан бағалы және тез тозатын заттардың есебін материалдық жауапты тұлғалар заттардың атаулары мен саны бойынша н. М-17 кітапта жүргізеді. Бұл заттарды қоймадан беру н. 434 жіберу құжаты (талап ету) бойынша жүргізіледі. 

Қоймадан берген кезде заттарға бюджеттік ұйымның атауы, олардың пайдалануға берілген жылы мен айы көрсетілген таңбалы штампы соғылады. Таңбалау бояумен (өшуге және химиялық әсерлерге шыдамды), жетонмен бекітіліп және басқа тәсілдермен жасалады. 

070 қосалқы шоты бойынша талдау есебі заттардың атаулары, саны, құны және материалдық жауапты адамдар бойынша н. 296-а карточкаларында (н. 296 кітапта) жүргізіледі. 

071 "Пайдаланудағы арзан құнды және тез тозатын заттар" қосалқы шотында пайдаланылып жүрген арзан бағалы және тез тозатын заттар есептеледі. 
      Арзан бағалы және тез тозатын заттарды есептен шығару олар толықтай тозған кезде бюджеттік ұйымның басшысы бекіткен тиісті актілердің негізінде жүргізіледі. 

Сынған ыдысты есептен шығару үшін н. 325 ыдыстың сынуын тіркейтін журнал жасалады. Журналға жазба жазуды тиісті лауазымды адамдар жүргізеді. Тұрақты жұмыс істейтін комиссия журналдың дұрыс жүргізілуін қадағалайды және тоқсан сайын (ай сайын) сынған ыдысты есептен шығаруға акт жасап отырады, оны бюджеттік ұйымның басшысы бекітеді. 


      Пайдаланудан шығарылған арзан бағалы және тез тозатын заттардың сомасы 071 қосалқы шотының кредиті және 260 қосалқы шотының дебеті бойынша жазба жазылады. 

Арзан бағалы және тез тозатын заттардың шығарылуы және ауыстырылуы жөніндегі операциялардың есебі н. 438 жинақтау ведомостында (10-мемориалдық ордер) жүргізіледі. 


      Арзан бағалы және тез тозатын заттардың талдау есебі 071 қосалқы шоты бойынша заттардың атаулары, саны, олардың құны және материалдық жауапты адамдар бойынша н. 296-а карточкаларында немесе түгендеу тізіміне қосымша 402-жапсырма парақтарда және арзан бағалы және тез тозатын заттардың салыстырма ведомостында жыл бойында әрбір тоқсанның аяғындағы қалдықтарды көрсете отырып, жапсырма парақтардың тиісті бағанында көрсетіледі. Жапсырма парақтарды талдау есебінде қолданған кезде айналым ведомосты жасалмайды. 
      Н. 402 жапсырма парақта жазулар әр құжат бойынша жүргізіледі. Бұл орайда "Мемориалдық ордердің күні мен нөмірі", "Саны" және "Сомасы" деген бағандардың үстіндегі бос бөлікте құндылықтардың қозғалысы болған ай және операциялардың түрі - "түсті" немесе "шығарылды" деген белгілер қойылады. Егер бір айда бір атаулы және құндары бірдей заттар екі рет түскен болса, операциялар екі рет жазылады. Жыл бойында бірінші қаңтарға дейін болмаған жаңа атаулы заттар түсетін болса, олар н. 401 түгендеу тізіміне (салыстырмалы ведомость) жазылуы тиіс. 

      072 "Қоймадағы іш киім, төсек орын жабдықтары, киім және аяқ-киім" қосалқы шотында денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, халыққа білім беру және басқа ұйымдарында көрсетілген заттар, олардың атаулары, саны, материалдық жауапты адамдар бойынша мынадай топтарға бөлініп, М-17-нысанындағы материалдардың қоймалық есеп кітабында есептеледі: 


      1) іш киім (жейделер, қысқа жеңді көйлектер, халаттар және с.с.); 
      2) төсек орын жабдықтары мен жарақтары (матрацтар, жастықтар, көрпелер, ақ жаймалар, көрпе тыстар, жастық тыстар, жапқыштар, төсек-қапшықтар және с.с.); 
      3) киім және нысанды киімдер, арнаулы киімдерді қоса (костюмдер, пальтолар, сулықтар, шолақ тондар, көйлектер, кофталар, юбкалар, күртелер, шалбарлар және с.с.); 
      4) аяқ-киім, арнаулы аяқ-киімдерді қоса (ботинкалар, етіктер, сандалдар, пималар және с.с.); 
      5) спорт киімдері және аяқ-киім (костюмдер, ботинкалар және с.с.). 
      Жұмсақ инвентарлардың көрсетілген заттары бюджеттік ұйым басшысының және бухгалтерлік қызмет өкілінің қатысуымен қойманың меңгерушісі ұйымның атауын көрсетіп, жуылмайтын және заттың сыртқы түрін бұзбайтын бояулы штамппен таңбалайды, ал заттар пайдалануға берілген кезде олар қоймадан берілген жыл мен ай қосымша көрсетіледі. Таңбалау штамптары бюджеттік ұйымның басшысында немесе оның орынбасарында сақталынуға тиіс. 

Бұл заттардың сатып алынуына қарай олардың құны 072 қосалқы шотының дебеті және "Ақшалай қаржылар" бөлімінде немесе "Есеп айырысулар" бөлімінде тиісті қосалқы шоттардың кредиті бойынша көрсетіледі. Сонымен бірге 08, 20, 21 шоттарының тиісті қосалқы шоттарының дебеті және 260 қосалқы шотының кредиті бойынша жазулар жазылады. Заттардың қоймадан пайдалануға босатқан кезде 073 қосалқы шоты дебеттеледі және 072 қосалқы шоты кредиттеледі. 


      072 қосалқы шоты бойынша талдау есебі заттардың атаулары, саны, топтары және материалдық жауапты адамдар бойынша н. 296-а карточкаларында (н. 296 кітапта) немесе н. 402 жапсырма парақтарында жүргізіледі. 

Іш киімдер, төсек орын жабдықтары, киім және аяқ-киім оларды пайдалануға босатқан кезде активтердің бір өлшемі құны 1/10 лимитіне дейін н. 412 арзан бағалы және тез тозатын заттар қозғалысының жедел (сандық) есептеу ведомостарында есептеледі және 072 қосалқы шотының кредиті және 260 қосалқы шотының дебеті бойынша көрсетіледі. 


      Пайдалануға берілген активтердің бір өлшем құны 1/10 лимитінен асқан іш киімдер, төсек орын жабдықтары, киімдер мен аяқ-киімдер 073 қосалқы шотының дебетінде және 072 қосалқы шотының кредитінде жазылады. 

Іш киімдерді, төсек орын жабдықтарын, киімдер мен аяқ-киімдерді есептеудің тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық Комитетінің келісімі бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ведомостволық нұсқаулықтарымен белгіленеді. 


      073 "Пайдаланудағы іш киім, төсек-орын жабдықтары, киім және аяқ-киім" қосалқы шотында ұйымдардағы пайдаланудағы заттардың есебі жүргізіледі. Материалдық жауапты адамдар таңбаланған іш киімнің, төсек орын жабдықтарының және с.с. пайдаланылуы үшін жауап береді. Бұл заттарды есептен шығарған немесе қайтарусыз тапсырған кезде 260 қосалқы шоты дебеттеледі және 073 қосалқы шоты кредиттеледі. 
      Пайдаланудағы іш киімнің, төсек орын жабдықтары, киім және аяқ-киімнің талдау есебі заттардың атаулары, саны, олардың құны, топтары және материалдық жауапты адамдар бойынша 296-а үлгілеріндегі карточкаларда (н. 296 кітапта) немесе түгендеу тізіміне немесе салыстырма ведомосқа қоса 402-нысандағы жапсырма парақтарда жүргізіледі. 
      Тозған және жарамсыз болып қалған іш киімдерді, төсек орын жабдықтарын, киім мен аяқ-киімді есептен шығару 443-нысанындағы "Іш киімдерді, төсек орын жабдықтарын киім мен аяқ-киімдерді, аспаптарды, өндірістік және шаруашылық құралдарын баланстан шығару актісі" бойынша бюджеттік ұйымның басшысы бекіткен есептен шығаруға арналған актінің негізінде бүкіл жүйе үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен бекіткен пайдалану мерзімдері ескеріле отырып жүргізіледі. 
      Арнайы киiмдердi, арнайы аяқ-киiмдердi және сақтандыру жарақтарының талдама есебi Арнайы киiмдердiң, арнайы аяқкиiмдердiң және сақтандыру жарақтарын есепке алудың жеке карточкасы МБ-6-н. бойынша және Арнайы киiмдердiң, арнайы аяқкиiмдердiң және сақтандыру жарақтарын берудi (қайтаруды) есепке алу ведомосы МБ-7-н. бойынша жүргiзiледi. 

Дәріс - 5. Өндіріске және басқа мақсаттарға 
арналған шығындар
Бұл бөлімде өндірістік (оқу) шеберханалардың, қосалқы селолық және оқу-тәжірибе шаруашылықтарының бұйымдар мен өнімдерді шығаруға тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін түсімдер мен ақшаның жұмсалуы, баспа өнімін шығару және қызметтер көрсету жөніндегі, ұйымдармен эксперименттік қондырғыларды жасау жөніндегі шарттар бойынша ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарын орындау жөніндегі жоспарланған шығындар, сондай-ақ материалдарды дайындау және өңдеу жөніндегі шығындар есептеледі. 
      Мұндай шығындарды есептеу үшін 08 "Өндіріске және басқа мақсаттарға арналған шығындар" шоты арналған. 

       Өндіріске арналған шығындар тікелей және ілеспе (жанама) шығыстар деп бөлінеді. 


      І. Тікелей шығыстарға: материалдар, өндірістік жұмысшылардың, ғылыми қызметкерлердің және с.с. жалақысы, электр қуаты, есепті жыл өнімінің құнына жатқызылатын өткен жылдардың шығындары және басқа тікелей шығындар жатады. 
      ІІ. Ілеспе (жанама) шығыстарға: басқару аппаратының және қызмет көрсететін адамдардың жалақысы, кеңселерді жалдау ақысы, жылу, ағымдағы жөндеу және басқа жанама шығыстар жатады.

Өнімнің бір түрі ғана өндірілетін шаруашылықтарда барлық шығыстар тікелей болып саналады. 


      Тікелей өндірістік шығыстар тікелей өндірістің есебіне жатқызылады. 
      Бірнеше объектілер бар болған жағдайда ілеспе шығыстардың калькуляциясы 210 "Бөлінетін шығыстар" қосалқы шотында алдын ала есептеледі. 
      Ілеспе шығыстарды бөлу өндірістік (оқу) шеберханаларында және баспа өнімінің дайындау кезінде-ай сайын, ал қосалқы ауыл және оқу тәжірибе шаруашылықтарында жылдың аяғында жүргізіледі. Ілеспе шығыстар нақты жағдайларға байланысты жекелеген бұйымдар, ауыл шаруашылығы өнімдерінің түрлері немесе өндірістік салалар бойынша өндірістік жұмысшылардың, ғылыми қызметкерлердің және с.с. жалақысы бойынша немесе жұмсалған материалдар немесе тікелей шығындардың жиынтығы бойынша бөлінеді. Бұл орайда ілеспе шығыстар 210 қосалқы шотының кредитінен 08 шотының тиісті қосалқы шоттарының дебетіне есептен шығарылады. 

      08 "Өндіріске және басқа мақсаттарға арналған шығындар" шоты мынадай қосалқы шоттарға бөлінеді: 


     080 "Өндірістік (оқу) шеберханаларының шығындары"; 
     081 "Қосалқы (оқу) ауыл шаруашылық шығындары"; 
     083 "Эксперименттік құрылғыларды жасауға арналған шығындар"; 
     084 "Материалдарды дайындау және өңдеу жөніндегі шығындар". 
      080 "Өндірістік (оқу) шеберханалардың шығындары" қосалқы шотында өндірістік (оқу) шеберханаларында дайын бұйымдарды шығаруға байланысты, сондай-ақ баспа өнімдерін шығару және қызметтер көрсету жөніндегі шығындар есептеледі. 
      080 қосалқы шотының дебетіне бұйымдарды жасау, баспа өнімдерін шығару және қызметтер көрсету жөніндегі барлық шығындар жатқызылады. Дайын бұйымдарды, баспа өнімдерін шығару және оларды қоймаға (қорға) тапсыру кезінде 080 қосалқы шотының кредитіне және 030 қосалқы шотының дебетіне жазба жазылады. 
      Ақы төлеу үшін есептеме жазылып, тапсырылған, өтелген қызметтің іс жүзіндегі өзіндік құны 280 қосалқы шотының дебетіне және 080 қосалқы шотының кредитіне жазылады. 
      080 қосалқы шотының қалдығы өндірістік процесте тұрған бұйымдар бойынша ғана аяқталмаған өндірістік шығынның сомасын көрсетеді. Әдетте, аяқталмаған қызмет көрсету бойынша шығыстарға жол берілмейді. 
      Шығыстардың талдау есебі бұйымдардың түрлері бойынша және шығындардың ерекшеліктері бойынша н. 283 көп бағанды карточкаларда жүргізіледі. 

      081 "Қосалқы (оқу) ауыл шаруашылық шығындары" қосалқы шотында қосалқы ауыл және оқу-тәжірибе шаруашылықтарының шығыстары есептеледі. Шығыстар шаруашылықтың салалары (мал шаруашылығы және егін шаруашылығы жөнінде) және олардың түрлері бойынша бөлек есептеледі. Егін шаруашылығы бойынша егіс, жайылым, көкөніс, бау-бақша шығыстары бөлек есептеледі. Қажет болған жағдайда есеп жекелеген дақылдар (астық, көкөніс, картоп және с.с.) бойынша ұйымдастырылуы мүмкін. Мал шаруашылығы бойынша ірі қара, қой шаруашылығы, шошқа шаруашылығы және с.с. бойынша шығындар бөлек есептеледі. 

081 қосалқы шотының дебетіне өндірістің, сондай-ақ мал төлдерінің өлім-жітімі салдарынан болған барлық шығындар жатқызылады. 

Жыл аяғында 081 қосалқы шотының кредитіне өнімнің өзіндік құны арасындағы жоспарланған және нақтылы айырмашылық есептен шығарылады. Бұл айырмашылық 031 қосалқы шоты мен 050 қосалқы шотының дебеті және 081 қосалқы шотының кредиті бойынша өткізілген өнімге қатысты, ал 281 қосалқы шотының дебеті және 081 қосалқы шотының кредиті бойынша өткізілген өнімге қатысты көрсетіледі. Бұл орайда артық шығын - оң сандармен, ал үнем - теріс сандармен (қызыл сиямен) жазылады. 


      Шығыстардың талдау есебі ауылшаруашылық дақылының әрбір атауы немесе малдардың әрбір тобы бойынша н. 283 карточкада жүргізіледі. 

     083 "Эксперименттік құрылғыларды жасауға арналған шығындар" қосалқы шотында бюджеттік жұмыстар бойынша ғылыми-зерттеулерді жүргізу үшін әртүрлі эксперименттік құрылғыларды (қондырғыларды, машиналар мен аспаптардың нұсқауларын, сынауға арналған стенділерді және т.б.) жасауға арналған шығында есептеледі. 


      083 қосалқы шотының дебетіне эксперименттік құрылғыларды жасауға байланысты шығындар жатқызылады, бұл орайда 01, 04, 06, 07 шоттарының тиісті қосалқы шоттары кредиттеледі. 
      083 қосалқы шотының кредитіне бюджеттік ұйымның басшысы бекіткен актіге сәйкес қабылданған эксперименттік құрылғыларды жасау жөніндегі нақтылы шығындар жазылады. Жасалған эксперименттік құрылғылар 013 немесе 071 тиісті шоттарына кіріске алынады. 
      Егер жұмыс біткен соң құрылғы кіріске алынбай, көрсетуге қалдырылса, онда акт жасалып, пайдаланылуы мүмкін материалдардың, құрылғыны монтаждау кезінде алынған аспаптардың бағасы бойынша кіріске алынады. 
      Эксперименттік құрылғыларды жасау жөніндегі талдау есебі әрбір эксперименттік құрылғы бойынша н. 283 көп бағанды карточкаларда жүргізіледі. 

      084 "Материалдарды дайындау және өңдеу жөніндегі шығындар" қосалқы шотында шаруашылық жүргізу тәсілімен (іш киімдерді тігу, отын дайындау, көкөністерді өңдеу және с.с.) материалдарды дайындау және өңдеу жөніндегі операциялар есептеледі. 


      084 қосалқы шотының дебетіне материалдарды дайындауға және өңдеуге байланысты барлық шығыстар, олардың құны, сондай-ақ жеткізіп беру, сақтау және с.с. жөніндегі шығыстар жатқызылады. 
      Материалдардың белгілі бір түрін дайындау және өңдеу біткен соң тиісті тұлғаның қолы қойылған акт жасалады, онда өңдеу немесе дайындау барысында алынған құндылықтың саны, осы жұмыстарға жұмсалған шығындар және олардың құны көрсетіледі. Актіні бюджеттік ұйым басшысы бекітеді және ол шығындардың сомасын осы шоттан шығару және тиісті шоттар бойынша алынған құндылықты кіріске алу құқығын беретін құжат болып табылады.
      Талдау есебі дайындалған және ұқсатылған материалдардың әр түрлі бойынша н. 292-а карточкаларда (н. 292 кітапта) жүргізіледі.

 
Ақшалай қаржылар

"Ақша қаражаты" бөлімінің шоттарында мемлекеттік мекемелер бюджет шоты жөніндегі, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшаны есепке алуға арналған шот жөніндегі, демеушілік және қайырымдылық көмек шоты жөніндегі, депозит шоты жөніндегі, шетелдік валютадағы шот жөніндегі және сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоттары жөніндегі, сондай-ақ кассадағы ақшаны және өзге де ақшалай құжаттарды есепке алу жөніндегі операцияларды ескереді.

 09 "Бюджет бойынша рұқсаттар" шоты

      Нормативтік құқық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3337 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 469 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді қабылдауына рұқсаттар беру ережесімен белгіленген мерзімде, тәртіппен және нысандар бойынша рұқсаттар беріледі.

Бюджеттік шоттардан шығыс операцияларын жүзеге асыруды ағымдағы қаржы жылы үшін төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарының шегіндегі шығыстардың экономикалық сыныпталу ерекшеліктері бойынша қазынашылық органдары жүргізеді. 


      Республикалық бюджеттің қаржыларын пайдалану қатаң арнаулы мақсат бойынша жүзеге асырылады. 

09 "Бюджет бойынша (сыртқы заемдарсыз) ашылған лимиттер" шоты бойынша қалдықтар ұйымдардың бюджеттік шоты бойынша лимиттердің қалдықтарына сәйкес келуі керек. 

09 шоты бойынша бухгалтерлік жазбалардың дұрыстығын салыстыру үшін бюджеттік ұйым айдың соңғы күні үшін және қазынашылық органдарының келісімі бойынша мерзімінде бет шоттың және N 4-20 н "Шығыстар жөніндегі жиынтық есеп алады. 
      Мемлекеттік мекемелердің бюджеттік шоттарындағы қаражаттың қозғалысы жөніндегі операцияларды есепке алу 381 нысанның (2 мемориалдық ордер) жинақтау тізімдемесінде жүргізіледі. "Шығыстар бойынша жиынтық есеп" 4-20 және "Мемлекеттік мекемелер бойынша төлемдер тізілімі" 5-15-нысандарының негізінде жазбалар жүргізіледі.
      Орталықтандырылған бухгалтериялардан алынған қаражаттың талдамалы есебі 294-а-нысанының талдамалы есеп карточкаларында бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың бөлінісінде жүргізіледі. 294-а-нысанның карточкаларындағы қорытынды бір айдың ішінде және жылдың басынан бастап есептеледі.

Қаржыландыру жоспарларының орындалуын дербес есепке алуды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелерде және мемлекеттік мекемелер бойынша қаржыландырудың жалпы жоспарларын жасау кезінде орталықтандырылған бухгалтерияларда берілген рұқсаттардың, кассалық және іс жүзіндегі шығыстардың талдамалы есебі бюджет сыныптамасының бағдарламалары, кіші бағдарламалары және ерекшеліктері бойынша 294-нысанның  лимиттер (қаржы бөлу) мен шығыстарды есепке алу кітабында жүргізіледі. Жазбалар бір күн бұрын түскен әрбір құжат бойынша жүргізіледі. 


        09 "Бюджет бойынша рұқсаттар" шоты мынадай қосалқы шоттарға бөлінеді:

090 "Ведомостволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге міндеттемелерді қабылдауға және рұқсаттар беруге арналған мемлекеттік мекеменің рұқсаты";

091 "Жолдағы рұқсаттар";

093 "Күрделі жұмсалымдарға арналған рұқсаттар";

096 "Басқа да бюджеттердің есебінен рұқсаттар";

098 "Республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетiн түсiмдерге және олардың жұмсалуына байланысты операциялар бойынша рұқсаттар";

099 "Сыртқы қарыздардың есебiнен жобалар бойынша рұқсаттар".
      Осы қосалқы шоттардың дебетінде берілген рұқсаттардың сомалары, сондай-ақ кассалық шығыстарды қалпына келтіруге енгізілген сомалар, ал кредитте Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кодтарына сәйкес нысаналы мақсат бойынша жұмсалған қаражат көрсетіледі.

Берілген рұқсаттардың сомаларына 090 "Ведомостволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге міндеттемелерді қабылдауға және рұқсаттар беруге арналған мемлекеттік мекеменің рұқсаты", 091 "Жолдағы рұқсаттар", 093 "Күрделі жұмсалымдарға арналған рұқсаттар", 096 "Басқа да бюджеттердің есебінен рұқсаттар", 098 "Республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетiн түсiмдерге және олардың жұмсалуына байланысты операциялар бойынша рұқсаттар", 099 "Сыртқы қарыздардың есебiнен жобалар бойынша рұқсаттар" қосалқы шоттарының дебетіне және 23 "Қаржыландыру" немесе 14 "Қаржыландыру бойынша ведомство ішіндегі есеп айырысулар" шотының тиісті қосалқы шотының кредитіне жазбалар жүргізіледі. Кассалық шығыстарды қалпына келтіруге түскен сомалар 090 "Ведомостволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге міндеттемелерді қабылдауға және рұқсаттар беруге арналған мемлекеттік мекеменің рұқсаты", 093 "Күрделі жұмсалымдарға арналған рұқсаттар", 096 "Басқа да бюджеттердің есебінен рұқсаттар" қосалқы шоттарының дебетіне және 120 "Касса", 160 "Есеп беретін тұлғалармен есеп айырысулар" және басқа да шоттардың тиісті қосалқы шоттарының кредитіне жазылады. Чектер және төлеуге берілетін шоттар бойынша сомалар 090 "Ведомостволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге міндеттемелерді қабылдауға және рұқсаттар беруге арналған мемлекеттік мекеменің рұқсаты", 093 "Күрделі жұмсалымдарға арналған рұқсаттар", 096 "Басқа да бюджеттердің есебінен рұқсаттар" қосалқы шоттарының кредитіне және 06 "Материалдар мен тамақ өнімдері", 12 "Касса", 15 "Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін тапсырыс берушілермен, мердігерлермен және тапсырысшылармен есеп айырысу" және басқа да шоттардың тиісті қосалқы шоттарының дебетіне жазылады. 

      090 "Ведомостволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге міндеттемелерді қабылдауға және рұқсаттар беруге арналған мемлекеттік мекеменің рұқсаты" қосалқы шотында мемлекеттік мекеменің аппаратын ұстауға және басқа да іс-шараларға арналған рұқсаттардың сомалары ескеріледі.

091 "Жолдағы рұқсаттар" қосалқы шотында бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі берген, бірақ ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер алған рұқсаттар келесі айда ескеріледі.

      093 "Күрделі жұмсалымдарға арналған рұқсаттар" қосалқы шотында шығыстардың экономикалық сыныптамасының 420 "Негізгі капиталды құру" ішкі сыныбы бойынша бюджеттен бөлінетін күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға арналған рұқсаттар ескеріледі.

      096 "Басқа да бюджеттердің есебінен рұқсаттар" қосалқы шотында республикалық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерге олар жергілікті бюджеттен рұқсаттарды алған кезде және керісінше жергілікті бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерге белгілі бір мақсаттарға республикалық бюджеттен рұқсаттар беру кезінде берілген рұқсаттардың қозғалысы, оның ішінде ресми трансферттердің (субвенциялардың) қозғалысы ескеріледі.

Басқа бюджеттердiң есебiнен лимиттердi алған кезде 096 қосалқы шоттың дебетi және 232 "Басқа бюджеттердiң есебiнен қаржыландыру" қосалқы шотының кредитi бойынша жазба жүргiзiледi. 
      Рұқсат бойынша республикалық бюджеттен ресми трансферттердi (субвенцияларды) алған кезде 096-қосалқы шоттың дебетi және 232 "Басқа бюджеттердiң есебiнен қаржыландыру" қосалқы шотының кредитi бойынша жазба жүргiзiледi. Алынған ресми трансферттер (субвенциялар) жергiлiктi бюджеттiң кiрiс шотына аударылады, бұл ретте 202 "Басқа бюджеттер есебiнен шығыстар" қосалқы шотының дебетi және 096-қосалқы шоттың кредитi бойынша жазба жүргiзiледi. Жылдың аяғында жүргiзiлген шығыстарды есептен шығару 232-қосалқы шоттың дебетi және 202-қосалқы шоттың кредитi бойынша жазбамен жүзеге асырылады. 

      098 "Республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетiн түсiмдерге және олардың жұмсалуына байланысты операциялар бойынша рұқсаттар" қосалқы шотында республикалық бюджетке тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде түсетiн түсiмдер есебінен мемлекеттiк мекеменiң шығыстарына және басқа да iс-шараларға арналған рұқсаттардың сомалары ескерiледi.


      Мемлекеттiк мекемелерде тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша қорытындылар рұқсаттың негiзiнде республикалық бюджет есебінен қаржыландыру ретінде көрсетіледі.
      Бұл ретте, тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша оларда көрсетілген сома 098 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша рұқсаттар" қосалқы шотының дебетi бойынша және 230 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа іс-шараларды бюджеттен қаржыландыру", 140 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа іс-шараларды бюджеттен қаржыландыру бойынша есеп айырысулар" қосалқы шоттарының кредитi бойынша көрсетiледi. Бiр уақытта 158 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотының дебетi бойынша және 098 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша рұқсаттар" қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетiле отырып, екiншi жазба жүргізiледi. Қаржы жылы аяқталғаннан кейiн жүргiзiлген шығыстарды есептен шығару тиiсінше 230 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа іс-шараларды бюджеттен қаржыландыру", 140 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа іс-шараларды бюджеттен қаржыландыру бойынша есеп айырысулар" қосалқы шоттарының дебетi және 200 "Бекітілген қаржыландыру жоспарының шегінде мемлекеттік мекемелерді ұстауға және басқа іс-шараларға бюджет бойынша шығыстар" қосалқы шоттың кредитi бойынша жазбамен қорытынды айналымдармен жүзеге асырылады.

       099 "Сыртқы қарыздар есебiнен жобалар бойынша рұқсаттар" қосалқы шотында сыртқы қарыздар есебiнен жобалар бойынша қаржыландыруға рұқсаттар сомасы ескеріледі. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері рұқсаттарының сомасында лимиттерге иелiк етушiлер 099 "Сыртқы қарыздар есебiнен жобалар бойынша рұқсаттар" қосалқы шотының дебетiне және 239 "Сыртқы қарыздар қаражатынан жобаларды қаржыландыру" қосалқы шотының кредитіне жазба жүргiзедi, қаржылық жыл аяқталғаннан кейiн берілген рұқсаттарды пайдалану 239 "Сыртқы қарыздар қаражатынан жобаларды қаржыландыру" қосалқы шотының дебетi және 099 "Сыртқы қарыздар есебiнен жобалар бойынша рұқсаттар" қосалқы шотының кредитi бойынша көрсетiледi.


жүктеу 2,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау