Омаров С. Х. ҚАржы- бюджет ұйымдарының есебі және есеп беруі


"Активтердің тозуы" 02 есебі



жүктеу 2,19 Mb.
бет3/13
Дата01.01.2018
өлшемі2,19 Mb.
#6864
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

"Активтердің тозуы" 02 есебі

Бұл шотта бюджеттік ұйымдардың балансында саналатын активтер тозуының қозғалысы көрсетіледі. Тозу ғимараттар мен құрылыстар, ауыспалы құрылғылар, машиналар мен жабдықтар, жұмыстық мал, көліктік құрал, өндірістік (тиесілігін қоса) және шаруашылық мүліктер, пайдалану жасына жеткен көпжылдық өскіндер бойынша анықталады және есептеледі. 

      Тозу мынадай активтер бойынша анықталмайды: сәулет пен өнердің бірегей ескерткіштері болып табылатын ғимараттар мен құрылыстар; жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін жабдықтар, экспонаттар, нұсқалар, үлгілер, кабинеттер мен лабораторияларда тұрған және оқулық және ғылыми мақсаттар үшін пайдаланылатын макеттер және басқа да көрнекі құралдар; өнімдік мал, буйволдар, өгіздер, бұғылар, жануарлар әлемі экспонаттары (хайуанаттар парктерінде және басқа осындай мекемелерде); пайдалану жасына жетпеген көпжылдық өскіндер; кітапханалық қорлар, фильм қорлары, сахналық-қойылым жарақтары, мұражайлық және көркем құндылықтар, арттехқару-жарақ. Тозу сондай-ақ шекарадан тыс орналасқан бюджеттік ұйымдардың активтері бойынша да анықталмайды. 

Активтердің тозуы, олардың есепті айдың қай айында сатып алынғанына және салынғанына қарамастан, белгіленген нормаларға сәйкес, толық күнтізбелік жыл үшін анықталады. 

Активтердің есептеудің нн. ОС-6, ОС-8 мүліктік карточкаларында тозудың жылдық сомасы - теңгемен, жылдық тозу нормасының шифры және тозу соңғы рет есептелген жыл жазылады. 

Нормативтік активтер бойынша тозудың есебі 021 қосалқы шотында жүргізіледі. Пайдалы тұтыну мерзімін анықтау мүмкін емес материалдық емес активтер бойынша тозудың нормасы он жылға, бірақ ұйым қызметі мерзімінен көп емес уақытқа белгіленеді. 

Тозудың есептелуі активтер құнының 100 %-інен артық жүргізілуі мүмкін емес. Жыл сайын тозудың сомасы карточкалардан ведомостқа жазылады. Желтоқсанның соңғы күні тозудың жалпы сомасына дебет бойынша - 250 қосалқы шотын және кредит бойынша - 020, 021 қосалқы шоттарын көрсете отырып, мемориалдық ордер жасалады. Мемориалдық ордер бойынша тозудың сомасы тек "Бас журнал" кітабына жазылады. 

Әрі қарай пайдалануға жарамды объектілерге (заттарға) құнының 100 %-і мөлшерінде есептелген тозу оларды толық тозу себебі бойынша есептен шығаруға негіз бола алмайды. Объектілердің жойылуына немесе тиісті карточка бойынша қайтарусыз тапсырып берілуіне байланысты оларды (заттарды) шығарған кезде зат (объект) пайдалануда болған уақыттағы тозудың жалпы сомасы анықталады және тозу 020 қосалқы шоты бойынша осы сомаға кемітіледі.

Объектiнi пайдаланудың бүкiл кезеңi үшiн тозу сомасы беру жылын есептемегенде, объектiнiң баланстық құны, оның мемлекеттiк мекемеде болған уақыты (күнтiзбелiк жыл саны бойынша) туралы түгендеу карточкаларда бар деректердiң негiзiнде есептеледi.
Дәріс - 4. Материалдық запастар есебі

Бұл бөлімнің шоттарында бюджеттік ұйымға тиесілі құрылыс материалдары, қондырғы жабдықтары, материалдар, тамақ өнімдері, отын мен жанармай, мал азығы, жем, ыдыс, машиналар мен жабдықтардың запас бөлшектері, қосалқы шаруашылықтардың өнімдері мен бұйымдары, малдың төлдері мен бордақыдағы малдар, оқулық, ғылыми және басқа мақсаттарға арналған материалдар, сондай-ақ ұзақ пайдаланылатын және лабораториялық сынақтағы материалдар, шаруашылық шарттарындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған арнаулы жабдықтар есептеледі. 


      Материалдық запастар есепке алуда және есеп беруде, берерменнен алынған несие үшін проценттердің төлемін, жабдықтау, делдал, сыртқы экономикалық ұйымдар төлеген үстеме бағаларды (үстеме ақыларды), тауарлық биржалар қызметтерінің құнын, кедендік баждарды, өзге ұйымдардың күшімен жүзеге асырылатын тасымалдау, сақтау және жеткізу шығындарын қоса, оларды сатып алу шығындары бойынша анықталатын олардың іс жүзіндегі құны бойынша көрсетіледі. 

Материалдық запастарды есептеудің негізгі міндеттері: барлық материалдық құндылықтардың сақталуын және қозғалысы мен дұрыс пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету; запастар мен шығыстардың белгіленген нормаларын сақтау, белгіленген тәртіппен өткізуге жататын, пайдаланусыз материалдарды дер кезінде анықтау; бюджеттік ұйымның қоймаларында тұрған қалдықтар туралы нақты мәліметтер алу болып табылады. 

Материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету және есебін дұрыс жолға қою мақсатында, қоймалық есептің ойдағыдай ұйымдастырылуын қамтамасыз ету керек. Материалдық құндылықтарды сақтау арнайы бейімделген бөлмелерде (қоймаларда) жүргізілуге тиіс. Материалдық құндылықтарды қоймалық жайларда орналастырудың тәртібі оларды қабылдау, беру және түгендеу жөніндегі операциялардың тездігін қамтамасыз етуі керек. Материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау және босату үшін жауапкершілік бюджеттік ұйым басшысының бұйрығымен тағайындалатын белгілі бір материалдық жауапты тұлғаға жүктеледі. Бұл тұлғалардың ауыстырылуы қоймаларда түгендеу жасаумен және бюджеттік ұйымның басшысы бекітетін қабылдау-тапсыру актілерін жасаумен бірге жүргізілуге тиіс. 

Материалдық құндылықтардың сақталу орыны қажетті таразылық жабдықпен, өлшеу аспабымен, өлшейтін ыдыспен және басқа да бақылау жабдықтарымен жарақталуы қажет. 

Материалдық құндылықтардың есебі материалдың атаулары және жауапты тұлғалар бойынша сандық және сомалық тұрғыда жүргізіледі. 

Қоймада материалдық құндылықтардың есебін материалдық жауапты тұлға тек атаулар, сорттар және сан көрсеткіші бойынша ғана материалдың н. 017 қоймалық есеп кітабында жүргізеді. 

Бухгалтерлік қызмет қоймадағы материалдық құндылықтардың келіп түсуін және бөлінуін бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ материалдардың есебі жөніндегі өз жазбаларын қоймада жүргізілетін жазбалармен салыстырып отырады. 

Материалдар мен тамақ өнімдері кірістер жөніндегі есептеу тіркелімдеріне бастапқы құжаттардың негізінде құндылықтар түскен күнмен жазылады. Бастапқы құжаттарда мынадай деректер көрсетілуге тиіс: материалдар мен тамақ өнімдері кімнен түскендігі, атауы, сорты, саны (салмағы), бағасы, сомасы, қоймаға түскен уақыты және осы құндылықтарды қабылдаған материалдық жауапты тұлғаның қойған қолы. 

Берермен құжаттарының деректерімен алшақтық болған жағдайларда н. 429 қабылдау актісі жасалады. Актіні қабылдау комиссиясы міндетті түрде қойма меңгерушісін және мүдделі жақтарды қатыстыра отырып, екі данада жасайды. Актінің бір данасы қабылданған материалдық құжаттарды есептеу үшін, екіншісі - берерменнің наразылық хатын рәсімдеу үшін қолданылады. 

Қоймадан материалдарды беру бюджеттік ұйымның басшысы бекіткен құжаттар бойынша жүргізіледі. Материалдарды беру үшін мынадай құжаттар қолданылады: 

а) н. 434 жолдама қағазы (талап қағазы) қоймадан материалдар берілген кезде және материалдардың бюджеттік ұйымның ішінде ауыстырылған кезінде қолданылады. Жолдама қағаз (талап қағаз), әдетте, бір данада көшіріледі; 

б) Н. 298 және н. 299 меню-талапхаты қоймадан тамақ өнімдерін беру үшін қолданылады. Меню-талапхаты күнсайын тамақ өнімдерін бөлудің нормалары және тұтынушылардың саны туралы деректері негізінде жасалады. 

Тұлғалардың тамақ өнімдерін беру және алу туралы қолдары қойылған меню-талапхаттары кестеде белгіленген мерзімде, бірақ айына үш реттен сиретпей, бухгалтерлік қызметке тапсырылады. 

Емдеу-профилактикалық ұйымдарда тамақ өнімдерін беру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің келісімі бойынша өкілетті ведомствоның нұсқауымен белгіленген құжаттар бойынша жүргізіледі; 


      в) Н. 397 шөп және жем беретін ведомость. Шөп пен жем қоймадан белгіленген нормалардың шегінде босатылады; 

ұйымдардың мұқтажына материалдар беретін н. 410 ведомосты ай бойында шаруашылық материалдарын, оқулық және басқа мақсаттарға арналған материалдарды беру үшін қолданылады. Бұл орайда жазуларды хронологиялық ретпен жүргізбеу керек, материалдардың әрбір түрі бойынша айдың аяғында жалпы қорытынды алу үшін, материалдардың әрбір түрі үшін белгілі сан мөлшерінде жол қалдыру қажет; 

д) Н. 431 алыс-беріс картасы материалдар мен отынды күн сайын босатқан кезде, сондай-ақ ай бойында белгілі бір уақыт аралығы арқылы қолданылады. 
      Алыс-беріс картасы әрбір алушыға материалдардың бірнеше атауы бойынша тікелей мақсат бойынша жұмсау үшін жазып беріледі. Бұл карта екі данада жазылады, оның біреуі алушының қолымен - қоймада, екіншісі алушыда сақталады. Босатылған кезде алыс-беріс картасы - 15 күндік мерзімге, ал уақ-уақ босатылған кезде - бір айлық мерзімге беріледі. 

Материалдар мен отын алушы алыс-беріс картасының өзіндік данасын көрсетуі бойынша белгіленген лимит шегінде беріледі. Материалдарды белгіленген лимиттен артық босату н. 434 жолдамахат (талапхат) бойынша жүргізіледі. 


      Егер қоймадан отынды ілеспехат (талапхат) немесе алыс-беріс картасы бойынша беру мүмкін болмаса, отынның шығынын есептен шығару қалдықты өлшеу актісі бойынша жүргізіледі. Өлшеу актісі бойынша отын белгіленген жұмсау нормаларымен салыстырғанда кем шыққан жағдайда, бюджеттік ұйымның басшысы артық жұмсаудың себебін анықтау және тиісті жағдайларда - төлеттіру шараларын қолданады; 

е) жол парағы автомобиль бензинін шығысқа шығару үшін қолданылады. Бензин іс жүзіндегі жұмсалуы бойынша есептен шығарылады, бірақ автомобилдердің жекелеген маркалары үшін белгіленген нормалардан артық болмауға тиіс; 

ж) Н. 1-т (нысандық) ведомствоаралық тауарлық-көліктік жалдамахат ұйымның өз мұқтажы үшін өз автомобилдерімен жүк тасуда қолданылады. 

      Материалдар мен тамақ өнімдерін есептен шығару, егер олар әртүрлі бағалармен сатып алынған болса, оларды сатып алған немесе орта баға бойынша жүргізіледі.

Қайтарылатын немесе алмастырылатын ыдыстар (күбілер, бидондар, жәшіктер, құмыралар және с.с.), бостары (босатылғандары) да, материалдық құндылықтар сақтаулы тұрғандары да, тиісті топтар немесе түрлер бойынша, берермендердің шоттарында көрсетілген бағалармен есептеледі.

Ыдыстар қайтарылған немесе сатылған кезде сатып алынған баға мен ыдыстың сатылған бағасы арасындағы айырмашылық іс жүзіндегі шығыстарға жатқызылады.

Материалдық запастарды есептеу үшін мынадай шоттар арналған:

03 "Бұйымдар және өнімдер";

04 "Жабдықтар, құрылыс материалдары мен ғылыми зерттеулерге арналған материалдар";

05 "Малдың төлдері және бордақыдағы малдар";

06 "Материалдар және тамақ өнімдері".    

03 "Бұйымдар және өнімдер" шоты

      Бұл шотта өндірістік (оқулық) шеберханалардың, қосалқы ауылдық және оқу-тәжірибелік шаруашылықтардың дайын бұйымдары мен өнімдері, сондай-ақ дайын баспа өнімі есептеледі. 

03 "Бұйымдар мен өнімдер" шоты мынадай қосалқы шоттарға бөлінеді: 

030 "Өндірістік (оқулық) шеберханалардың бұйымдары"; 

031 "Қосалқы (оқулық) ауылдық шаруашылықтардың өнімдері". 

030 "Өндірістік (оқулық) шеберханалардың бұйымдары" қосалқы шотында өндірістік (оқулық) шеберханаларда әзірленген дайын бұйымдар, сондай-ақ дайын баспа өнімі есептеледі. Дайын бұйымдар мен баспа өнімі оны дайындауға жұмсалған іс жүзіндегі шығындардың деректері бойынша анықталатын іс жүзіндегі құн бойынша есептеледі. 

Қоймада дайын бұйымдар мен баспа өнімі қабылдау актілерінің немесе басқа да құжаттардың негізінде кіріске алынады. Дайын өнімнің сомасына 030 қосалқы шотының дебеті және 080 қосалқы шотының кредиті бойынша жазу жүргізіледі.

Өткізілген өнімнің сомасына 030 қосалқы шоты кредиттеледі және 280 қосалқы шоты дебеттеледі. 

Дайын бұйымдар мен дайын баспа өнімінің талдама есебі атауы, мөлшері мен құны және сақталу орны бойынша н. 296-а карточкаларында жүргізіледі. 

031 "Қосалқы (оқулық) ауылдық шаруашылықтардың өнімдері" қосалқы шотында қосалқы ауылдық шаруашылық және оқу-тәжірибелік шаруашылықтардың өнімдері есептеледі.

Өнімді кіріске алған кезде 031 қосалқы шоты дебеттеледі және 081 қосалқы шоты кредиттеледі. 

Өнімді өткізген кезде өткізілген өнімнің жоспарланған құны 031 қосалқы шотының кредитінен 281 қосалқы шотының дебетіне жазылады. 

Шаруашылықтың өз мұқтажына арналған өнім 06 шоттың тиісті қосалқы шотына 031 қосалқы шоттан көшіріледі. 

Мұндай жағдайда, бір жылда алынған ауыл шаруашылығы өнімінің іс жүзіндегі құны жоспарланғаннан жоғары болса, өткізілмеген өнім бойынша айырмашылықтың сомасына 031 қосалқы шотының дебеті және 081 қосалқы шотының кредиті бойынша қосымша жазу жүргізіледі, ал өткізілген өнім бойынша 281 қосалқы шоты дебеттеледі және 081 қосалқы шоты кредиттеледі. 

Егер бір жылда алынған ауыл шаруашылығы өнімінің іс жүзіндегі құны жоспарланғаннан төмен болса, онда айырмашылықтың сомасына (үнем сомасы) өткізілмеген өнім жөнінде 031 қосалқы шотының дебеті және 081 қосалқы шотының кредиті бойынша, ал өткізілген өнім жөнінде 281 қосалқы шотының дебеті және 081 қосалқы шотының кредиті бойынша теріс санды бухгалтерлік жазу жүргізіледі. 

Қосалқы ауылдық қосалқы және оқу-тәжірибелік шаруашылықтардың өнімін талдамалық есептеу атауы, саны, құны және сақталу орны бойынша н. 296-а карточкаларында жүргізіледі.



04 "Жабдықтар, құрылыс материалдары және ғылыми 
зерттеулерге арналған материалдар" шоты 

Бұл шотта салынып жатқан (жаңартылған) объектілерде орнатылуға тиісті жабдықтар, құрылыс материалдары, құрылғылар, тетіктер мен бюджет және бюджеттен тыс қаражаттар бойынша күрделі салымға бөлінген қаражаттың есебінен алынған басқа да материалдық құндылықтар, ғылыми зерттеу жұмыстарына арналған ұзақ пайдаланылатын материалдар, сондай-ақ шаруашылық шарттарындағы ғылыми зерттеу жұмыстарын орындау үшін сатып алынған арнаулы жабдықтар есептеледі.

04 "Жабдықтар, құрылыс материалдары және ғылыми-зерттеулерге арналған материалдар" шоты мынадай қосалқы шоттарға бөлінеді: 

040 "Қондыру жабдықтары"; 

041 "Күрделі құрылысқа арналған құрылыс материалдары"; 

043 "Ғылыми зерттеулерге және лабораториялық зерттеуге арналған ұзақ пайдаланылатын материалдар". 

040 "Қондыру жабдықтары" қосалқы шотында қондыруға әзір құрылыстық құрылғылар мен тетіктер есептеледі. Оларға мыналар жатады: металл, темірбетон және ағаш құрылғылары; блоктар және ғимараттар мен құрылыстардың жиналмалы бөліктері; жиналмалы элементтер; жылу, желдету, санитарлық-техникалық жүйелерге арналған жабдықтар (жылу қазандары, радиаторлар және с.с.). 

Бұл қосалқы шотта, сондай-ақ монтаждауды қажет ететін және қондыруға арналған отандық және шет елдік жабдықтар есептеледі. Монтаждауды талап ететін жабдықтарға олардың бөліктері жинақталып және ғимараттар мен құрылыстардың іргетасына бекітілген соң ғана іске қосылуы мүмкін жабдықтар, сондай-ақ осындай жабдықтардың запас бөлшектер жиынтығы жатады. Бұл орайда жабдықтардың қатарына орнатылған жабдықтың құрамындағы монтаждауға арналған бақылау-өлшеу аппаратурасы мен басқа да аспаптар енгізіледі. Аталған қосалқы шотта құрылыс үшін қажетті басқа да материалдық құндылықтар есептеледі. 

Бұл қосалқы шот бойынша талдамалық есеп жабдықтардың, құрылғылар мен тетіктердің түрлері, саны және құны бойынша ф.296-а карточкаларында жүргізіледі. 

      041 "Күрделі құрылысқа арналған құрылыс материалдары" қосалқы шотында күрделі құрылысқа арналған қаражаттың есебінен сатып алынған және құрылыс-монтаж жұмыстарында пайдаланылатын құрылыс материалдары есептеледі. 

Құрылыс материалдарына мыналар жатады: силикат материалдары (цемент, құм, қыйыршақ, әк, тас, кірпіш, қыш және с.с.); ағаш материалдары (бөрене, тілінген тақтайлар, фанера және с.с.), құрылыс материалдары (темір, қаңылтыр, болат, табақталған мырыш және с.с.); металл бұйымдар (шегелер, гайкалар, болттар, құрсаулар және с.с.); санитарлық-техникалық материалдар (крандар, муфталар, тройниктер және с.с.); электротехникалық материалдар (кабель, шамдар, патрондар, роликтер, байлайтын заттар, сымдар, сақтандырғыш тетіктер және с.с.); химиялық-сұйық заттар (сыр, олифа, толь және с.с.) және басқа осындай материалдар. 

Қосалқы ауылдық шаруашылықтарда бұл қосалқы шотта жеміс-жидек, жүзім бақтарын өсіруге арналған, егілетін материалдар және с.с. есептеледі. 


      Құрылыс материалдарының талдама есебі материалдардың атауы, саны және құны бойынша н. 266-а карточкаларында жүргізіледі. 

043 "Ғылыми зерттеу және лабораториялық сынаққа арналған ұзақ пайдаланылатын материалдар" қосалқы шотында ғылыми-зерттеу институттарының, ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған жоғары оқу орнының лабораториясына немесе басқа да құрылымдық бөлімшелеріне қоймадан алынған, бірнеше мәрте немесе ұзақ уақыт пайдаланылатын материалдар есептеледі. 

043 қосалқы шотында есептелетін материалдардың номенклатурасын бюджеттік ұйымның басшысы анықтайды. 

Бюджеттік мәдениет ұйымдарында осы қосалқы шотта қоймадан өнер туындыларын, мұражайлық құндылықтар мен сәулет ескерткіштерін жаңғырту және жөндеу үшін алынған қымбат бағалы материалдардың есептелуі мүмкін. 

043 қосалқы шотының дебетіне қоймадан алынған материалдар жазылады, бұл орайда 06 шотының тиісті қосалқы шоттары кредиттеледі. 
      Қоймадан аталған жұмыстарды орындау үшін алынған материалдар бюджеттік ұйым бойынша бұйрықпен тағайындалған тұлғаның жауапты сақтауында болуға тиіс. Бұл тұлғалар материалдарды атаулары мен саны бойынша н. М-17 кітабында есепке алынуға міндетті. 

Материалдарды шығыс үшін есептен шығару бюджеттік ұйымның басшысы бекіткен актілердің немесе басқа да құжаттардың негізінде жүргізіледі. Жұмсалған материалдардың сомасына 043 қосалқы шоты кредиттеледі және 08, 20, 21-ші шоттардың қосалқы шоттарына сәйкес дебеттеледі. 043 қосалқы шоты бойынша талдамалық есеп материалдардың атауы, саны, құны мен материалдық-жауапты тұлға бойынша н. 296-а карточкаларында жүргізіледі.



05 "Малдың төлдері және бордақыдағы малдар" шоты

      Бұл шотта малдың барлық түрлерінің төлдері мен бордақыдағы малдар, құстар, үй қояндары, терісі бағалы аңдар, ара әулеттері олардың құнына қарамастан есептеледі. Бұл шот тек қосалқы ауылдық шаруашылықтарда ғана қолданылады. 

Төлді және бордақылауға арналған малды сатып алған кезде, егер мал банк жәрдемақысы есебінен сатып алынған болса 050 қосалқы шотының дебетіне және тиісінше 111, 178 және 248 қосалқы шоттарының кредитіне жазу жүргізіледі. 

Өз шаруашылығында төлдету арқылы алынған төлдер сол күні төл алынған актінің негізінде кіріске енгізіледі және алынған төлдің құны, 050 қосалқы шотының дебеті және егер қосалқы шаруашылықтарда шығындардың есебі 211 қосалқы шотында жүргізілсе, 081, 140, 230 немесе 400 қосалқы шоттарының кредиті бойынша жазу жүргізіледі. 

Алынған қосымша салмақ пен өсімнің құнына 051 қосалқы шотының дебеті және 081 және 400 қосалқы шоттарының кредиті бойынша жазу жүргізіледі. 

Бордақылау аяқталған соң сойылған малдардың құны 050 қосалқы шотының кредиті бойынша есептен шығарылады. Бұл орайда алынған өнімнің құны актінің негізінде 031 қосалқы шотының дебеті бойынша кіріске алынады. Сойылған малдардың құны мен алынған өнімнің құны арасындағы айырмашылық 050 қосалқы шотымен хабарламада 081 немесе 400 қосалқы шотына жатқызылады. 

Материалдық-жауапты тұлғаның кінәсінен малдар жоғалған жағдайда, шаруашылыққа келтірілген зиян заңда белгіленген тәртіппен кінәлі тұлғалардан қайтарып алынуға тиіс. 

031 қосалқы шотында және 050 қосалқы шотында есептелген мал өнімінің және мал төлдері қосқан салмақтың жоспарлы өзіндік құны жылдың аяғында алынған үнемнің немесе артық шығынның сомасына үйлестіріледі. Өнімнің жоспарлаған және іс жүзіндегі құны арасындағы анықталған айырмашылыққа, артық шығын жағдайларында оң сандармен және үнем жағдайларында - теріс сандармен 031 қосалқы шоты мен 050 қосалқы шоты дебеттеледі және 081 немесе 400 қосалқы шоттары кредиттеледі.


      Мал төлдерінің талдама есебі олардың түрлері мен жасының топтарына қарай, ал бордақыдағы малдар - тек түрлері бойынша н. 395 "малдарды есептеу" кітабында жүргізіледі. Есеп малдардың тірідей салмағы, қосылған салмағы, қосылған өнімі туралы деректерді алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиісті.

06 "Материалдар және тамақ өнімдері" шоты

      Бұл шотта материалдар және тамақ өнімдері олардың заттық сипаттамасы бойынша есептеледі.

06 "Материалдар және тамақ өнімдері" шоты мынадай қосалқы шоттарға бөлінеді:

061 "Тамақ өнімдері"

062 "Дәрі-дәрмектер және байлау-таңу құралдары";

063 "Шаруашылық материалдары және кеңсе жарақтары";

064 "Отын, жанар және жағар материалдар";

065 "Шөп және жем";

066 "Ыдыс";

067 "Өзге материалдар";

068 "Жол үстіндегі материалдар"

069 "Машиналар мен жабдықтарға арналған запас бөлшектер".

060 "Оқулық, ғылыми және басқа мақсаттарға арналған материалдар" қосалқы шотында реактивтер мен химикаттар, қара металдардың, түсті металдардың сынықтары мен қалдықтары, арнаулы запас материалдары, әйнек және химиялық ыдыстар, металдар, ату жарақтары, белсенді өңдеу, арнайы өңдеу және газсыздандыру құралдары, электроматериалдар мен радиоматериалдар, радиошамдар, фотожарақтар, оқу бағдарламалары, оқулықтар мен ғылыми жұмыстарды шығаруға арналған қағаздар, есептегі малдар мен оқу мақсаттарына және ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған материалдар, сондай-ақ тіс салуға арналған қымбат бағалы және басқа металдар есептеледі. 

061 "Тамақ өнімдері" сметаларында 131 "Тамақ өнімдерін сатып алу" шығыстарын экономикалық сыныптаудың ерекшелігі бойынша қаржыландыру көзделген, бюджеттік ұйымдардағы тамақ өнімдері есептеледі. 

Тамақ өнімдерінің түсуін есептеу 300-үлгідегі жинақтау ведомостында өнімдердің келуіне қарай жүргізіледі. Ведомость әрбір материалдық жауапты тұлға бойынша бөлек жасалады. Ведомостағы жазулар бастапқы құжаттардың негізінде сандық және сомалық көрсеткіштермен жүргізіледі. Ай аяқталғаннан кейін ведомоста қорытындылар шығарылады. 11 мемориалдық ордерді жасаудың негіздемесі н. 300 немесе н. 398 тамақ өнімдерінің келуі бойынша жинақтау ведомостволарының жиынтығы болып табылады. 

Тамақ өнімдері шығыстарының есебі н. 399 тамақ өнімдері шығыстары бойынша жинақтау ведомосында жүргізіледі. Бұл ведомость материалдық жауапты тұлғалар бойынша жасалады. Жазулар онда н. 298 немесе н. 299 меню-талапхаты және басқа құжаттар негізінде жүргізіледі. Ай аяқталған соң ведомоста қорытындылар шығарылады, олар шығындалған тамақ өнімдерінің құнын анықтау үшін қолданылады. Сонымен бірге балалар мекемелері бойынша - тамақтанушылардың саны, балалардың болуы деректерімен, емдеу мекемелері бойынша - аурулардың саны туралы деректермен салыстырылып қаралады. 12-мемориалдық ордерді жасау үшін негіздеме, 399-үлгідегі жинақтау ведомосты немесе 411-үлгідегі тамақ өнімдерінің шығысы бойынша жинақтау ведомостарының жиынтығы болып табылады. Н. 411 жиынтыққа жинақтау ведомостволарының деректерінен басқа, тамақ өнімдеріне арналған басқа да шығын құжаттарының (тамақ өнімдері кем шығуының, базаларға қайтарылуының актілерінің және с.с.) деректері жазылады. 

Тамақ өнімдерінің аналитикалық есебі н. М-44 айналыс ведомостволарында атаулар, сорттар, сан, құн және материалдық жауапты тұлғалар бойынша жүргізіледі. Айналыс ведомостволарына жазу н. 300 және н. 399 жинақтау ведомстволарының және басқа құжаттардың деректері негізінде тамақ өнімдерінің кірісі және шығысы бойынша жазылады. Ай сайын айналыс ведомостарында айналыстар есептеледі және ай басындағы қалдықтар шығарылады. 

062 "Дәрі-дәрмектер және байлау-таңу құралдары" қосалқы шотында, сметаларында шығыстарды экономикалық сыныптаудың тиісті ерекшелігі бойынша қаржыландыру көзделген, емдеу-профилактикалық және емдеу-мал дәрігерлік және басқа бюджеттік ұйымдардағы дәрі-дәрмектер, құрамдық заттар, бактериалық препараттар, сывороткалар, вакциналар, қан және байлау-таңу құралдары есептеледі. Бұл қосалқы шотта сондай-ақ өз дәріханалары бар медициналық мекемелердегі қосымша және дәрі жасайтын материалдар есептеледі. 

Дәрі-дәрмектер мен байлау-таңу құралдарының есебі тиісті министрліктер шығарған және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық Комитетімен келісілген нұсқаулықтарға сәйкес жүргізіледі. 

Дәрілік заттарының аналитикалық есебі сомалық көріністе н. 296-а карточкаларында (н. 296 кітабында) сандық есеп бағанын толтырмастан бүкіл ұйым бойынша және әрбір бөлім (кабинет) бойынша мынадай топтар жөнінде жүргізіледі: 

- дәрі-дәрмектер, сывороткалар мен вакциналар, дәрілік шөп шикізаттары, емдік минералдық сулар, дезинфекциялық құралдар, т.б.;

- байлау-таңу заттары-мәрлі, бинттер, мақта, компресс кленкасы мен қағаз және т.б.; 

- көмекші материалдар-жылтыр, пергаментті және сүзгілі қағаздар, қағаз қораптар, қаптар және т.б.; 

- ыдыс-сиымдылығы 5000 мл. жоғары шынылар мен банкілер, шөлмектер, бидондар, жәшіктер және құны сатып алынған дәрі-дәрмектердің бағасына енбейтін қайтарылатын ыдыстардың басқа заттары. 

Денсаулық сақтау ұйымдардың емдеу-профилактикалық бөлімдерінде (кабинеттерінде) дәрілік заттары мынадай топтар бойынша заттық-сандық есептеуге жатады: 

- улы дәрілік заттар

- наркотикалық дәрілік заттар; 

- этильді спирт; 

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің нұсқауына сәйкес клиникалық тәжірибелер мен зерттеулерге арналған жаңа препараттар; 

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тізбе бойынша қымбат бағалы тапшы дәрі-дәрмектер мен байлау-таңу заттары; 

- дәрілік заттар салынбаған және салынған ыдыс. 

063 "Шаруашылық материалдары және кеңсе жарақтары" қосалқы шотында бюджеттік ұйымдардың ағымдағы мұқтаждары үшін пайдаланылатын шаруашылық материалдары және кеңсе жарақтары (электр шамдары, сабын, щеткалар және т.б.), ағымдағы және күрделі жөндеуге арналған құрылыс материалдары есептеледі. 

Шағын ұйымдарда кеңсе жарақтары (қағаз, қарындаш, сия, қаламұш және с. с.), сондай-ақ сатып алынған және ағымдағы мұқтаждар үшін біржолғы берілген дәрі-дәрмектер мен дайын дәрілер (спирт, байлау-таңу заттары мен қымбат дәрі-дәрмектерден басқа) олардың жалпы сомасы 063 қосалқы шотында кіріс және шығыс бойынша көрсетіліп, іс жүзіндегі шығыстарға шығарылады. Бұл құндылықтардың сатып алынуын және алынуын растайтын құжаттарда осы материалдарды алған адамның қойған қолы болуға тиіс.

064 "Отын, жанар және жағар материалдар" қосалқы шотында қоймалар мен қорларда, сондай-ақ тікелей материалды жауапты адамдарда сақталған отынның, жанар және жағар майлардың барлық түрлері (ағаш, көмір, шымтезек, бензин, керосин, қарамай, автол және с.с.) есептеледі.

065 "Мал азығы және жем" қосалқы шотында малға және басқа жануарларға арналған пішен, сұлы және басқа мал азығының түрлері есептеледі. 

066 "Ыдыс" қосалқы шотында бос (босалқы) және сондай-ақ материалдық құндылықтарымен орналасқан қайтарылатын немесе ауыстырылатын ыдыстар (күбілер, бидондар, жәшіктер, шыны банкілер, шөлмектер және с.с.) есептеледі.

067 "Өзге материалдар" қосалқы шотында тұқым, тыңайтқыш және басқа материалдар есептеледі. Бұл қосалқы шотта сондай-ақ бюджеттік ұйымдарда жұмыс аттары болған жағдайда, туған төлдер (құлындар) есептеледі. 

Туған төлдер 067 қосалқы шотының дебеті және 140 немесе 230 қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі. 

Бюджеттік ұйымдарда және орталық бухгалтерияларда 060, 063-067 қосалқы шоттары бойынша материалдарды аналитикалық есептеу атаулар, сорттар, саны, құны және материалдық жауапты адам бойынша 296-а нысандағы карточкаларда (н. 296 кітапта) жүргізіледі. 

060 қосалқы шотында есептелетін қара металдардың сынықтары мен қалдықтары, түсті металдардың сынықтары мен қалдықтары және арнаулы запастағы материалдар бойынша талдау есебі 296-а нысанындағы карточкада немесе н. 296 кітапта бөлек жүргізіледі. 

Карточкалар осы нұсқаулықтың 23-тармағында айтылған тәртіппен тіркеледі, бұл ретте карточкалардың тіркелімі (н. 279) орталықтандырылған бухгалтерияларда қызмет көрсетілетін әр ұйым бойынша бөлек жүргізіледі. 

068 "Жол үстіндегі материалдар" қосалқы шотында өзге қалалардың берістері бойынша бюджеттік ұйымдар ақысын төлеген, бірақ айдың аяғына дейін қоймаға түспеген материалдар есептеледі. Бұл қосалқы шотта, сондай-ақ бір орталықтан жабдықтау және шаруашылық қызмет көрсету қоймаларына алынған және бюджеттік ұйымдар бойынша бөлінбеген материалдар есептеледі. 

Осы қосалқы шотта көрсетілген сомалар дұрыс рәсімделген құжаттармен және, атап айтқанда, жолда келе жатқан материалдарға - станцияның немесе порттың жүк түспегенін растайтын белгілері қойылған темір жол және су көлігі жөнелтпе құжатымен; бір орталықтан жабдықтау және шаруашылық қызметін көрсету топтарының қоймаларында тұрған материалдар бойынша - тиісті құжаттармен расталуға тиісті. 

Жол үстіндегі материалдардың талдау есебі жеке берермендер бойынша н. 298-а карточкаларында (н. 296 кітапта) жүргізіледі. Қоймаға бір орталықтан жабдықтау және шаруашылық қызметін көрсету топтарынан түскен материалдардың бағасы, саны және сомасы көрсетіліп, олардың атаулары бойынша н. 296-а карточкаларында (н. 296 кітапта) есептеледі. 

069 "Машиналарға және жабдықтарға арналған қосалқы бөлшектер" қосалқы шотында машиналардағы (медициналық, электрондық-есептеу және т.б.), жабдықтардағы, тракторлардағы, комбайндардағы, көлік құралдарындағы тозған бөлшектерді (моторларды, камералар мен көмкерме таспаларды және с.с. автомобиль шиналарын қосатын) жөндеуге және ауыстыруға арналған запас бөлшектер есептеледі. 

Запас бөлшектердің талдау есебі олардың атаулары, маркалары, зауыттық нөмірлері, саны, құны және материалдық жауапты адамдар бойынша н. 296-а карточкаларында (н. 296 кітапта) жүргізіледі. Бұл орайда тозғандарын ауыстыру үшін қоймадан берілген автомобиль шиналары мен покрышкаларын бухгалтерлік қызмет н. 412 арзан құнды және тез тозатын заттар қозғалысының жедел (сандық) есебі ведомостында есептеледі, онда алған адамның қызметі мен тегі, алынған күні және зауыт нөмірлері жазылады. "Шығарылғаны туралы белгілер" бағанында жарамай қалғандықтан пайдаланудан шығарылған автомобиль шиналарының немесе покрышкаларының күні мен зауыттық нөмірі жазылады. 

Сатып алынған материалдардың құнына 06 шотының тиісті қосалқы шоттарының дебетіне және 09, 10, 11, 16, 17 шоттардың тиісті қосалқы шоттарының кредитіне жазылады. 

Жұмсалған материалдардың құны 06 шотының тиісті қосалқы шоттарының кредитіне және 08, 20, 21 шоттардың тиісті қосалқы шоттарының дебетіне жазылады. 

Материалдың шығысы жөніндегі операциялардың есебі, тамақ өнімдерінен басқасы, н. 296 (13-мемориалдық ордер) материалдар шығыстар жөніндегі жинақтау ведомоствосында жүргізіледі.

Жазу жинақтаушы ведомостқа әрбір құжат және тиісті қосалқы шоттар бойынша, оның ішінде қызмет көрсетілетін бюджеттік ұйымдар немесе материалдық жауапты адамдар бойынша сомалары көрсетіле отырып жүргізіледі. Ай аяқталғаннан кейін қосалқы шоттар жөніндегі қорытындылар "Бас журнал" кітабына жазылады.     



жүктеу 2,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау