Баланстан тыс шоттар
Жалға алынған активтер 01
Жауаптылықпен сақтауға алынған 02
тауарлық-материалдық құн.
дылықтар
Қатаң есептегі бланкілер 04
Төлеуге қабілетсіз дебитор. 05
лардың есептен шығарылған
қарызы
Орталықтандырылған жабдықтау 06
бойынша төленген материалдық
құндылықтар
Қайтарылмаған материалдық 07
құндылықтар үшін шәкірттер
мен студенттердің қарызы
Ауыспалы спорт жүлделері мен 08
кубоктары
Жолдамалар 09
Әскери техниканың оқулық 11
заттары
Міндеттемелер 12
--------------------------------------------------------------------
Дәріс – 3. Активтер есебі
Жоспар
1.Активтердің жалпы түсінігі
2. "Активтердің тозуы" 02 есебі
Бұл бөлімде бюджеттік ұйымға жататын, оның ішінде жалға берілген, барлық активтердің қолдағы саны және жылжуы есептелінеді.
Активтердің бухгалтерлік есебі есептік тіркемелерде активтер түсімінің, олардың бюджеттік ұйым ішінде ауыстырылуының және шығарылуының дұрыс құжаттық рәсімделуін және уақытында көрсетілуін, сондай-ақ әрбір объектінің (заттың, заттар тобының) сақталуына және дұрыс пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етуі тиіс.
Активтерге мыналар жатады: жылжымайтын мүліктер (жер бөліктері, ғимараттар, құрылыстар, көпжылдық ағаштар және жермен тығыз байланысты, жылжытқанда олардың мақсатына зиян келтірілмеуі мүмкін емес, басқа объектілер), көлік құралдары, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, ересек жұмыстық және өнім беретін мал, арнаулы құрал-саймандар, өзге активтер.
Активтерге сондай-ақ жерді жақсартуға арналған күрделі салымдар (суландыру, құрғату, ирригациялау және басқа жұмыстар) және жалға алынған ғимараттар, құрылыстар және активтерге жататын басқа да активтер жатқызылады.
Көпжылдық ағаштарға, жерді жақсартуға арналған күрделі салымдар жыл сайын, бүкіл жұмыстар кешенінің аяқталуына қарамастан, пайдалануға қабылданған алаңдарға қатысты шығындардың сомасы да активтердің құрамына енгізіледі.
Жалға алынған активтерге жұмсалған күрделі шығындар, егер жалдау шартында өзгеше көзделмеген болса, іс жүзіндегі шығыстардың сомасында жалға алушылардың меншікті активтеріне қосылады.
Мыналар активтерге жатпайды және арзан құнды және тез тозатын заттардың құрамында бюджеттік ұйымда есептеледі:
а) құнының қаншалығына қарамастан, бір жылдан кем ұсталған құралдар;
б) олардың пайдалану мерзiмiне қарамастан, сатып алу бағасы бойынша бiр бiрлiк үшiн құны 40 есе есептiк көрсеткiшке дейiнгi заттар.
Пайдалану мақсатына және орындалу функцияларына байланысты пайдалану мерзiмi табиғи-заттық құрамы бойынша олардың құнына қарамастан активтерге жататын заттар (еңбек құралдары) ерекшелiгi құрайды, оларға өндiрiстiк-шаруашылық тағайындалған кiтапханалық қорлар, мұражай құндылықтары (белгiленген тәртiппен ескерілген экспонаттардан басқа), жануарлар әлемiнiң экспонаттары, сахналық-қойылым құралдары, үлгілiк жоспарлау жөнiндегi құжаттама және басқалар жатады.
в) құнына және қызмет мерзіміне қарамастан, арнаулы киім, арнаулы аяқ киім;
г) құнына және қызмет мерзіміне қарамастан, бюджеттің есебінен ұсталатын денсаулық сақтау, оқу-ағарту, халықты әлеуметтік қорғау қызметкерлері және басқаларға арналған формалық киім және аяқ киім;
д) орны толтырылатын шығындары үстеме шығыстардың құрамында құрылыс-монтаж жұмыстарының құнына жатқызылатын, уақытша (атаусыз) құрылыстар, қосалқы жайлар мен қондырғылар;
е) құны "б" тармақшасында белгіленген сатып алу және жасау құны бойынша лимиттің шегіндегі, қоймалардағы материалдық құндылықтарды сақтауға немесе технологиялық процестерге арналған ыдыстар;
ж) малдың төлдері және бордақыдағы малдар, құстар, үй қояндары, терісі бағалы аңдар, ара әулеттері, сондай-ақ есептегі малдар;
з) егуге арналып питомниктерде өсірілген көпжылдық көшеттер.
Активтерді есептеу үшін 01 "Активтер" шоты арналады, ол мынадай қосалқы шоттарға бөлінеді:
010 "Ғимарат";
011 "Құрылыс";
012 "Ауыспалы құрылыс";
013 "Машиналар мен жабдықтар";
014 "Материалдық емес активтер";
015 "Көлік құралдары";
016 "Аспаптар, өндірістік (иелігін қоса) және шаруашылық
құрал-саймандары";
017 "Жұмыстық және өнімдік мал";
018 "Кітапхана қоры";
019 "Өзге активтер".
010 "Ғимарат" қосалқы шотында мыналар жеке топтарға бөлініп есептеледі:
1) басқару органдары, әлеуметтік-мәдени және басқа ұйымдар пайдаланатын өндірістік-шаруашылық мақсаттағы ғимараттар (оқу орындарының, ауруханалардың, емханалардың және амбулаториялардың, қариялар мен мүгедектерге арналған үйлердің, балалар мекемелерінің, кітапханалардың, клубтардың, мұражайлардың, ғылыми-зерттеу институттарының, шеберханалардың және с.с. ғимараттары);
2) толық немесе көбіне тұрғын үйге арналған ғимараттар (барлық пайдалы тұрғын және тұрғын емес алаңдардың 50%-нен кем болмайтын тұрғын бөлмелердің жалпы пайдалы алаңы).
011 "Құрылыс" қосалқы шотында: су айдағыштар, стадиондар, бассейндер, жолдар, көпірлер, ескерткіштер, парктердің, саябақтардың және қоғамдық бақтардың қоршаулары, тағы басқалар есептеледі.
012 "Ауыспалы қондырғылар" қосалқы шотында электр тарату желілері, тұтынушыларға дейін сұйық және газ тәрізді заттарды құбырлар арқылы ауыстыруға арналған қуаттарды трансформациялау (баға түрге айналдыру) және беру үшін қажетті, барлық аралық құрылғылары бар трансмиссиялар мен құбырлар есептеледі.
Ескерту. Электр станцияларының, газды қысатын, сұйық айдайтын станциялардың ғимараттары 010 қосалқы шотында, ал оларда тұрған жабдықтар 013 қосалқы шотында есептеледі.
013 "Машиналар мен жабдықтар" қосалқы шотында қуат машиналары мен жабдықтар, жұмыс машиналары мен жабдықтар, өлшеу аспаптары, реттеу аспаптары мен қондырғылары, лаборатория жабдықтары, компьютерлік жабдықтар, дәрігерлік жабдықтар, офис жабдықтары, арттехқару-жарақ (сауытты техника, атыс қаруы, оптикалық аспаптар, жеке сауытты қорғаныш құралдары, әскери химиялық мүлік, радиациялық және химиялық барлау құралдары, инженерлік қару-жарақ құралдары) мынадай жеке топтарға бөлінген өзге машиналар мен жабдықтар есептеледі:
1) жылу және электр қуатын өндіретін қуат машиналары мен жабдықтар, әртүрлі қуаттарды (су, жел, жылу, электр және с.с. қуатын) механикалық қуаттарға, яғни қозғалыс қуатына айналдыратын машина-қозғағыштар;
2) өнім жасау және өндірістік мақсатта қызметтер көрсету процесінде және механикалық қозғағыштардың, адам және жануар күшінің көмегімен өндіріс процесінде еңбек затын ауыстыру барысында еңбек затына механикалық, жүк және жолаушы лифтiлерiн қоса алғанда термикалық және химиялық әсер етуге арналған жұмыс машиналары мен жабдықтары, машиналар, аппараттар мен жабдықтар;
3) өлшеу аспаптары - дозаторлар, амперметрлер, барометрлер, ваттметрлер, су өлшегіштер, вакуумметрлер, вапориметрлер, вольтметрлер, биіктік өлшегіштер, гальванометрлер, геодезиялық аспаптар, гигроскоптар, индикаторлар, компастар, манометрлер, хронометрлер, арнаулы таразылар, өлшегіштер, касса аппараттары ж.б.;
4) реттегіш аспаптар мен құрылғылар - оттегі-тыныс алу аспаптары, электрлі, пневматикалы және гидравликалы реттегіш қондырғылар, автоматты басқа тетіктері, орталықтандыру және топтау аппаратурасы, диспетчерлік бақылаудың желілік құрылғылары және басқалар;
5) лаборатория жабдықтары - пирометрлер, реттегіштер, калориметрлер, ылғалдылықты анықтайтын аспаптар, айдау текшелері, газ өткізгіштікті сынайтын аспаптар, жыртылуға төзімділікті сынайтын аспап, микроскоптар, термостаттар, тұрақтандырғыштар, кергіш шкафтар, тағы с.с.;
6) компьютерлік жабдықтар - дербес компьютерлер, калькуляторлар, лазерлі, матрицалы, түрлі-түсті принтерлер, сканерлер және басқалар;
7) медициналық жабдықтар - медициналық жабдықтар (тіс-дәрігер креслосы, операциялық столдар, арнаулы жабдығы бар төсектер және бас.), арнаулы дезинфекциялық дезинсекциялық жабдықтар, сүтханалар мен сүт станцияларының, қан құю станцияларының жабдықтары және басқалар;
8) офистік жабдықтар - көшіргіш машиналар, факс-машиналар, құжаттарды жоюға арналған машиналар және басқалар;
9) өзге машиналар мен жабдықтар - жоғарыдағы топтарда аталмаған машиналар, аппараттар мен басқа да жабдықтар, өзге машиналар мен жабдықтарға мыналар жатады: стадиондардың, спорт алаңдарының және спорт жайларының жабдықтары (оның ішінде спорт снарядтары), оқу орындарындағы кабинеттер мен лабораториялардың жабдықтары, киноаппаратуралар, жарық беретін аппаратура, сахна жабдықтары, саз аспаптары, теледидарлар, таспалар, бейне камералар, ұялы байланыс аппараттары, пейджерлер радиоаппаратура, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен ғылыми жұмыспен айналысатын басқа да ұйымдардың арнаулы жабдықтары, АТС жабдықтары, автомобильмен қозғалатын өрт машиналары, өрт автоцистерналары, механикалық өрт сатылары, кір жуатын және тігін машиналар, тоңазытқыштар, шаңсорғыштар, кондиционерлер, микротолқынды пештер және басқалар.
014 қосалқы шотында материалдық емес активтер есептеледі - олар материалдық-заттық негізі жоқ, бірақ ұзақ уақыт бойында табыс алуға мүмкіндік беретін объектілер. Активтердің бұл түріне мыналар жатады: төлемге сатып алынған жерді, суды, пайдалы қазбаларды және басқа табиғи ресурстарды, ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды пайдалану құқығы; тауар белгілері мен сауда маркалары үшін құқықтар, сондай-ақ өзге мүліктік құқықтар (оның ішінде жаңалықтарды, "ноу-хауды" пайдалану), брокерлік орын, гудвилл, бағдарламалық қамтамасыз ету, ұйымдастыру шығыстары (өндірісті дайындау жөніндегі, тәжірибелік-конструкторлық ж.б.), маркетинг және басқа активтер.
Материалдық емес активтер есепте оларды сатып алу және дайындық жағдайына келтіру шығындарының іс жүзіндегі сомасында көрсетіледі.
Материалдық емес активтер қозғалысының талдама есебi НОС-6-н. Материалдық емес активтердi есепке алудың түгендеу карточкасында жүргiзiледi.
015 "Көлік құралдары" қосалқы шотында адамдар мен жүктерді көшіруге арналған қозғалыс құралдарының барлық түрлері есептеледі, олар мынадай жеке топтарға бөлінеді:
1) темір жол, су, автомобиль көліктерінің жылжымалы құрамы (электровоздар, тепловоздар, мотодрезиндер, вагондар, платформалар, цистерналар, теплоходтар, дизель-электроходтар, буксирлер, баржалар мен баркалар, қайықтар мен қызметтік қосымша кемелер, құтқару қайықтары, жүзбеліайлақтар, желкенді кемелер, жүк таситын және жеңіл автомобильдер, тіркемелер, автосамосвалдар, автобустар, трактор-тягачтар және басқалар);
2) әуе көлігінің жылжымалы құрамы (ұшақтар, тікұшақтар);
3) ат-көліктер (арбалар, шаналар және басқалар);
4) өндіріс көлігі (электрокарлар, мотоциклдер, мотороллерлер, велосипедтер, қоларбалар, мүгедектер арбасы және басқалар);
5) спорт көлігінің барлық түрлері.
016 "Аспаптар, өндірістік және шаруашылық (иелігін қоса) құрал-саймандар" қосалқы шотында мыналар жеке топтарға бөлініп есептеледі:
1) аспаптар - механикаландырылған және механикаландырылмаған жалпы сипаттағы еңбек құралдары, сондай-ақ машиналарға бекітілген, материалдарды өңдеу үшін қолданылатын заттар. Оған мыналар жатады: қол еңбегінің кесетін, ұратын, қысатын және тығыздайтын құралдары, электр қуатының, қысылған ауаның және басқалардың көмегімен жұмыс істейтін, қолға ұстайтын механикаландырылған құралдарды қоса (электродрелдер, бояу бүріккіштер, электр тітіркеткіштер, гайка бұрағыштар және басқалар), сондай-ақ материалдарды өңдеуге, монтаж жұмыстарын жүргізуге арналған алуан түрлі құралдар және с.с. (қыспақтар, патрондар, бөлгіш тығындар, қозғағыштарды орнатуға және автомобильдердегі кардан біліктерін айналдыруға арналған құралдар және басқалар);
2) өндірістік саймандар мен жарақтар - жұмыс уақытында өндірістік амалдарды жеңілдетуге қызмет ететін өндірістік мақсаттағы заттар: жұмыс столдары, верстагтар, кафедралар, парталар және с.с. еңбекті қорғауға көмектесетін жабдықтар; сауда шкафтары мен сөрелер; сайман ыдыстары; жұмыс машиналарына жатқызуға болмайтын, техникалық мақсаттағы заттар, соғыс және газ пистолеттер (мысалы, сәулемен көшіретін рамалар және с.с.);
3) шаруашылық мүкәммал - офис керек-жарақтары (қабырғалық жиһаз, гарнитурлар, құрамалы жиһаздар, тумбалар, демалыс бұрышы), жылжытпалы баръерлер, iлгiштер, гардеробтар, әртүрлi шкафтар, дивандар, столдар, орындықтар, креслолар, кiтап сөрелерi, жанбайтын шкафтар мен жәшiктер, сейфтер, жазу машиналары, гектографтар, шапирографтар мен басқа да қолға ұстайтын көбейткiш және нөмiрлегiш аппараттар, телефон аппараттары, желдеткiштер, жылжытпалы киiз үйлер, шатырлар (оттегiлерiнен басқа), кроваттар (арнаулы жабдықтары барларынан басқа), кiлемдер, портъерлер, жалюзилер, терезеге арналған торлар және басқа да мүкәммал, сондай-ақ өртке қарсы қолданылатын заттар - гидропульттер, стендерлер, қол сатылар және с.с. (013 "Машиналар мен жабдықтар" қосалқы шоты бойынша есептелетiн, автомобильмен қозғалатын өрт су айдағыштары мен механикалық өрт сатыларын қоспағанда);
4) басқа да өндiрiстiк және шаруашылық мүкәммал - сейфтер, рамадағы картиналар, қола мүсiндер (бюсттер), мраморлы вазалар, шамдар (люстралар, бра), мемлекеттiк рәмiздер, көрнекiлiк агитация қабырғалары.
017 "Жұмыстық және өнімдік мал" қосалқы шотында мынадай жеке топтарға бөлініп есептеледі:
1) жұмыстық мал - аттар, өгіздер, түйелер, есектер және басқа жұмыс малдары (көліктік және спорттық аттарды, басқа да көліктік малдарды, қызметтік иттерді қоса);
2) өнімдік және асыл тұқымды мал - сиырлар, бұқалар, буйволдар мен қодастар (жұмыстағысынан басқа), айғырлар мен асыл тұқымды биелер (жұмыс істемейтін), үйірде бағуға ауыстырылған биелер буралар мен інгендер (жұмыс істемейтін), ұрғашы бұғылар мен еркек бұғылар (мүйізді), еркек шошқалар мен мегежіндер, қойлар мен қошқарлар, ешкілер мен текелер және басқалар.
018 қосалқы шотында жекелеген кітаптардың құнына қарамастан кітапханалық қорлар есептеледі. Кітапханалық қорларға мыналар енгізіледі: ғылыми, көркем және оқулық әдебиет, әдебиеттің арнаулы түрлері және басқа басылымдар.
019 қосалқы шотында жеке топтарға бөлініп, мыналар есептеледі:
1) көпжылдық өскіндер. Көпжылдық өскіндерге олардың жасына қарамастан қолдан отырғызылған мынадай көпжылдық өсімдіктер жатады: жеміс-жидектердің барлық түрлері (ағаштар мен бұталар), көшелердегі, алаңдардағы, парктердегі, бақтардағы, саябақтардағы, ұйымдардың аумағындағы, тұрғын үй аулаларындағы көгалдандыру және көріктендіру өсімдіктері, жанды қоршаулар, қар тосқындары мен егістікті қорғайтын жалдар, құмдар мен өзен жағалауларын бекітетін өскіндер, жар-қабақ өскіндері және с.с.; ботаника бақтарының және ғылыми-зерттеу ұйымдары мен оқу орындарының ғылыми мақсаттарға арнап қолдан өсірілген өскіндері және басқа қолдан өсірілген өскіндер.
Жас өскіндердің барлық түрлері толық жетілген, яғни жеміс беретін, бұтақтары ұйысатын жасқа жеткен өскіндерден және с.с. бөлек есептеледі;
2) жерді жақсарту жөніндегі күрделі шығындар. Жерді жақсарту жөніндегі күрделі шығындарға күрделі салымдар есебінен жүргізілетін (жер бөліктерін жобалау, алқаптарды егістік үшін отау, даланы тастар мен қой тастардан тазарту, түбірлерді кесу, жабайы өсімдіктерден арылту, көлшіктерді тазарту және басқалар), ауыл шаруашылығына арналған жерді үстіртін жақсарту жөніндегі мәдени-техникалық шараларға арналған заттық сипатта емес (құрылыс салуға байланысты емес) шығындар жатады;
3) мұражай экспонаттарынан басқа (өнер және табиғаттану, көне заман және халық тұрмысы заттары, ғылыми, тарихи және техникалық сипаттағы заттар), мемлекеттік мұражайларда құндылықтарды есептеу және сақтау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес есептелетін, мұражай құндылықтары (олардың құнына қарамастан);
4) олардың құнына қарамастан, хайуанаттар паркіндегі және басқа сондай мекемелердегі жануарлар әлемнің экспонаттары;
5) сахналық қойылым құралдары (декорациялар, ағаш жиһаздары мен кәделік, бутафорлық заттар, театрлық және ұлттық костюмдер, бас киімдер, іш-киімдер, аяқ киімдер, париктер);
6) құнына қарамастан, үлгілік жобалау жөніндегі құжаттар;
7) техникалық тасушылардағы бағдарламалар, оқулық кинофильмдер, магнитті дискалар мен таспалар, кассеталар ж.б.;
8) өзге бұйымдар, балалар ойыншықтары, арнаулы шаңғылар және басқалар.
Қолында мұражайлық құндылықтар, лаборатория жабдықтары, аспаптар, құралдар және бағалы металдар мен тастардан жасалған басқа да заттар бар, бюджеттік ұйымдар оларды заңда белгіленген тәртіппен қосымша есепке алуға тиіс.
Барлық активтер бюджеттік ұйым басшысының бұйрығымен тағайындалған лауазымды тұлғаның жауапкершілігінде сақталуға тиіс.
Активті сақтауға жауапты тұлғалар активтердің н. ОС-13 мүліктік тізімін жүргізеді.
Жауапты тұлға ауыстырылған кезде оның сақтауында болған активтерді түгендеу жүргізіледі, ол туралы активтердi қабылдау-тапсыру (ауыстыру) актiсi ОС-1 н. бойынша, ал материалдық емес активтердi берген кезде Материалдық емес активтердi қабылдау-тапсыру актiсi НОС-1 н. бойынша қабылдау-тапсыру актісі жасалады.
Активтер бухгалтерлік есепте бастапқы құны бойынша, яғни оларды сатып алудың, жасаудың және салудың іс жүзіндегі шығындары бойынша көрсетіледі. Бастапқы құнды өзгертуге тек қосымша күрделі салымдар жасалған, ішінара жойылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне сәйкес жүргізілетін активтерді бағалау жағдайларында ғана жол беріледі.
Салынып біткен қабырғалар мен құрылыстар - оларға жұмсалған шығындардың толық сомасымен, ал жаңа сатып алынған активтер - оларды сатып алу жөніндегі шығыстардың сомасымен енгізіледі.
Бухгалтерлiк шоттарда ескерiлген активтердiң бастапқы (қалпына келтiру) құны тек олардың құнын арттыратын қосымша құрылыс, қосымша жабдықтау немесе қайта құру жөнiндегi жұмыстар жүргiзгенде ғана өзгередi.
Күрделі жөндеу жөніндегі шығындар активтердің құнын ұлғайтуға жатқызылмайды.
Кітапханалардың қорына енгізілген кітаптар, оқулықтар мен басқа да басылымдар, оларды алғашқы түптеудің құнын қоса, бекітілген баға бойынша есептеледі. Кітаптарды жөндеуге және жаңғыртуға жұмсалған шығындар, оның ішінде қайтадан түптеу, кітаптардың құнын ұлғайтуға жатқызылмайды және бюджеттік ұйымның сметасы бойынша шығыстарға жіберіледі.
Активтер бюджеттік ұйымға (қоймаға) түскен кезде материалды жауапты тұлға берерменнің құжатына немесе ОС-1-н. активтерді қабылдау-тапсыру (ауыстыру) актiсiне және НОС-1-н. материалдық емес активтердi қабылдау-тапсыру актісіне осы құндылықтарды алғаны туралы қол қоюға тиісті. Қоймадан активтерді беру бюджеттік ұйымның басшысы бекітетін н. 434 жолдама қағазы (талап қағазы) бойынша жүргізіледі.
Бұл орайда н. 434 жолдама қағазы (талап қағазы) бір ғана данада жазылады.
Заңда белгіленген тәртіппен алынған және қайтарусыз берілген активтер, сондай-ақ шығып қалған активтер есепте баланс құны бойынша көрсетіледі.
Мемлекеттiк мекемелер активтердi баланстан есептен шығаруды заңдармен белгiленген тәртiппен жүргiзедi.
Активтердің жарамсыздығын, оларды жөндеудің тиімсіздігін анықтау үшін, активтерді есептеп шығаруға қажетті құжаттарды рәсімдеу үшін бюджеттік ұйым басшысының бұйрығымен тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылады. Комиссияның құрамына мыналар кіреді. Ұйым басшысының орынбасары (комиссия төрағасы), бас бухгалтер немесе оның орынбасары (штаттық кесте бойынша бас бухгалтердің лауазымы болмаған жағдайда, бухгалтерлік есепті жүргізу жүктелген тұлға), жол полициясының өкілі (автокөлік құралдарын есептен шығарған кезде). Тұрақты жұмыс істейтін комиссия есептен шығаруға жатқызылған объектіні тікелей қараудан өткізеді, бұл орайда техникалық құжаттарды (паспорт, қабаттар бойынша жоспарлар және басқа құжаттар) қамти отырып, сондай-ақ бухгалтерлік есептің деректерін пайдаланып, қалпына келтіруге және әрі қарай пайдалануға оның жарамайтынын растайды.
Комиссия есептен шығарудың себептерін (тозу, қайта жасау, авария) ж.б. белгілейді, есептен шығарылатын объектінің тораптарын, тетіктерін, материалдарын пайдаланудың мүмкіндігін анықтайды, оларды бағалайды және активтерді есептен шығаруға акт жасайды. Жарамсыздыққа жеткен активтерді есептен шығару белгіленген үлгідегі мынадай актілермен рәсімделеді: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекіткен, "Бюджеттік ұйымдарда активтерді есептен шығаруға арналған акт" (ОС-3 бюдж. нысаны), "Автокөлік құралдарын есептен шығаруға арналған акт" (ОС-4 нысаны); "Іш киімдер, төсек орын жабдықтарын, киім мен аяқ-киімдерді, аспаптарды, өндірістік және шаруашылық құралдарын баланстан шығаруға арналған акт" (н. 443), "Бюджеттік ұйымдарда кітапханалардан әдебиеттерді есептен шығаруға арналған акт" (444). Активтерді есептен шығаруға арналған актілерді ұйымның басшысы бекітеді. Есептен шығару актілеріне қол қойылғанға дейін активтерді бұзуға және қайта монтаждауға жол берілмейді.
Бағалы металдарды қолданып жасалған тетіктер мен тораптар "Алтын" мамандандырылған кәсіпорынына тапсырылуға тиіс, ал түсті металдардан жасалған және басқа жабдықтарды жөндеуге пайдаланылмайтын тетіктер мен тораптар осындай шикі заттарды жинау жүктелген жасалған тетіктер мен тораптарды баланстан шығару белгіленген тәртіпке сәйкес есептеледі.
Бюджеттік ұйымдар активтерді есептен шығарудан алған материалдық құндылықтарды өз мұқтаждары үшін пайдаланбаған жағдайда, олар белгіленген тәртіппен өткізіледі. Егер Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен активтерді өткізуден түскен сомаларды пайдаланудың өзге тәртібі белгіленбесе, бюджеттік органдар бұл сомаларды республикалық бюджеттік кірісіне аударады.
Ғимараттар мен құрылыстарды бір бағыныстан басқа бағынысқа беру мемлекеттік мүлік пен жекешелендіруді басқарудың аумақтық органдарының шешімі бойынша белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Мемлекеттiк мекемелер оларға смета бойынша бөлiнген қаражаттар есебiнен сатып алынған өздерiне бекiтiлген активтердi өз бетiнше сатуға құқығы жоқ. Активтердi сатуды активтер құнына байланысты "Жекешелендiру объектiлерiн сату жөнiндегi аукциондар ұйымдастырудың және өткiзудiң ережесiне" сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi немесе оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
Активтерді баланстан шығарудың қолданылып жүрген тәртібі бұзылған, сондай-ақ материалдық құндылықтарға немқұрайлылық көзқарас (жойып жіберу, жағып жіберу т.с.с.) орын алған жағдайда, бұған кінәлі тұлғалар заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.
Активтерді есептеу мүліктік объектілерге бөлініп, олардың сақталу орындары мен жауапты тұлғалар бойынша жүргізіледі.
Бөлек мүліктік объект деп барлық қосалқы және жанама жарақтарымен қоса, аяқталған жобалық құрылым немесе белгілі бір жеке міндетті орындауға арналған өзгеше жобалы зат немесе біріккен тұтастықты білдіретін және белгілі бір жұмысты бірге орындайтын, жобалы мүшелік заттардың кешені есептеледі.
"Ғимарат" қосалқы шоты бойынша мүліктік объект деп әрбір жеке тұрған ғимарат саналады. Ғимараттың құрамына оны пайдалану үшін қажетті ғимараттың ішіндегі: жылытуға арналған қазандық қондырғыны қоса, ғимарат ішіндегі жылыту жүйесі (егер ғимараттың өзінде болса), барлық құрылғыларымен қоса су-газ құбырларының және канализацияның ішкі торабы, барлық жарық беретін арматураларымен бірге қуат және жарық өткізгіштерінің ішкі торабы, ішкі телефондық және хабарлау тораптары, ортақ санитарлық мақсаттағы желдеткіш құрылғылар, көтергіштер (лифттер) тәрізді барлық коммуникациялар кіреді.
Егер ғимарат бірі біріне тиісіп тұрса және ортақ қабырғасы болса, бірақ әрқайсысы жеке жобалық тұтастықты құраса, олар бөлек мүліктік объектілер деп саналады.
Ауладағы құрылыстар, қоршаулар мен ғимаратқа қызмет көрсететін басқа да жайлар (қора, шарбақ, құдық ж.б.) онымен қоса бір мүліктік объектіні құрайды. Егер бұл құрылыстар мен жайлар екі және одан көп ғимаратқа қызмет көрсететін болса, олар дербес мүліктік объектілер деп есептеледі.
Ғимараттың сыртынан салынған, дербес шаруашылық маңызы бар құрылыстар, жеке тұрған қазандық ғимараты сондай-ақ ауладағы жобалы құрылыстар (қоймалар, гараждар және с.с.) дербес мүліктік объектілер болып саналады.
Есепті ұйымдастыру және активтердің сақталуын қамтамасыз ету үшін әрбір объектіге (затқа) кітапханалық қорлардан басқа, он белгіден тұратын мүліктік нөмір беріледі. Бірінші үш белгі-қосалқы шотты, төртінші-топты және соңғы алтауы-топтағы заттың рет санын білдіреді. Топтарға бөлінбеген қосалқы шоттар бойынша төртінші белгі нөлмен көрсетіледі. Мәселен, былай: 0101000001 мүліктік нөмірі 010 "Ғимарат" қосалқы шоты, 1 топ - өндірістік сипаттағы ғимарат, объектінің рет нөмірі - 000001 дегенді білдіреді; 0163000005 мүліктік нөмірі 016 "Құрал-жабдықтар, өндірістік (жабдықтарды қоса алғанда) және шаруашылық құралдар" қосалқы шоты, 3-топ - шаруашылық мүлік, заттың мүліктік нөмірі 000005 дегенді білдіреді.
Ондағы мүліктік нөмір осы бюджеттік ұйымда болған бүкіл кезеңінде сақталады. Шығып қалған немесе жойылған объектілердің мүліктік нөмірі басқа объектілерге берілуге тиісті емес.
Арендаға алынған активтер 01 "Арендаға алынған активтер" баланстық шотында оған арендаға алушы берген мүліктік нөмірмен есептеледі.
Сатып алынған активтердің құны - 01 шоттың тиісті қосалқы шотының дебетіне және "Ақшалай қаржылар" бөлімінің немесе "Есеп айырысу" бөлімінің тиісті қосалқы шоттарының кредитіне жазылады.
Пайдаланудан шыққан активтердің сомасына 01 шоттың тиісті қосалқы шоттарының кредиттері және 250, 020 қосалқы шоттардың дебеті бойынша жазу жүргізіледі.
Активтердің шығарылуы және ауыстырылуы жөніндегі операциялардың есебі н. 438 жинақтаушы ведомостында (9 мемориалдық ордер) жүргізіледі. Жинақтаушы ведомостқа жазулар енгізіледі. Бұл орайда "Жиынтығы" бағанында шығарылған және ауыстырылған материалдық құндылықтардың сомасы жазылады, ол қосалқы шоттардың дебеттері бойынша жазбалардың сомасына тең болуға тиіс. Ай аяқталған соң қосалқы шоттар бойынша қорытындылар "Бас журнал" кітабына жазылады.
Активтерді талдамалық есептеу нн. ОС-6, ОС-8 НОС-6 мүліктік карточкаларында жүргізіледі. Карточкалар әрбір мүліктік объект (зат) бойынша жүргізіледі. Біртекті заттар ОС-9 н. карточкаларында есептеледі.
Нн. ОС-6, ОС-8, ОС-9 НОС-6 мүліктік карточкалары активтердің н. ОС-10 есебі бойынша мүліктік карточкалардың тізімінде тіркеледі. Тізілім бір данада жасалады. Ондағы жазулар карточкалардың ашылған жылы көрсетіліп, активтердің топтары бойынша жүргізіледі. Әрбір топ үшін беттердің белгілі бір саны бөлінеді. Нөмірлеу 1-ші нөмірден бастап әрбір топ бойынша жүргізіледі. Орталықтандырылған бухгалтерияларда тізім қызмет көрсетілетін әрбір ұйым бойынша дәл осындай тәртіппен жасалады. Активтер шығарылған және ауыстырылған кезде тізімнің "Ескерту" бағанында мемориалдық ордердің уақыты (күні, айы, жылы) мен нөмірі көрсетіледі.
Мүліктік карточкалар бухгалтерлік қызметтің картотекаларында сақталады, ішінде олар - материалдық-жауапты тұлғалар бойынша, ал орталықтандырылған бухгалтерияларда - қызмет көрсетілетін ұйымдар бойынша бөлініп, тиісті қосалқы шоттар мен топтар бойынша орналастырылады.
Н. ОС-6 карточкасы ғимараттарды, құрылыстарды, ауыспалы құрылғыларды, машиналар мен жабдықтарды, аспаптарды, өндірістік (тиесілі заттарды қоса) және шаруашылық бұйымдарды, көлік құралдарын ж.б. Онда жазулар бастапқы құжаттардың: пайдалануға беру туралы қабылдау актілері, дайындаушы зауыттың техникалық паспорттары ж.б. құжаттардың негізінде жүргізіледі. Карточкаларда объектілердің (заттардың) өзгеше белгілері: сызбасы, үлгісі, нұсқасы, маркасы, зауыттық нөмірі, шығарылған (жасалған) уақыты, активтердің пайдалануға берілген уақыты мен нөмірі көрсетіледі.
Одан басқа объектінің (заттың) қысқаша жеке сипаттамасы жазылады. Жабдықтардың, аспаптардың, есептеу техникасының және с.с. құрамында қымбат бағалы металдар болған жағдайларда, "Объектінің қысқаша жеке сипаттамасы" бөлімінде құрамында қымбат бағалы металл бар тетіктердің тізбесі, тетіктің атауы мен металдың паспортында жазылған массасы көрсетіледі.
Активтерді бюджеттік ұйымның ішінде ауыстырған кезде осы карточканың арғы бетінде жазу жүргізіледі.
Н. ОС-8 карточкасы жұмыстық, өнімдік және асыл тұқымды малды, сондай-ақ көпжылдық өскіндерді және жерді жақсарту (құрылыссыз) жөніндегі күрделі шығындарды есептеу үшін қолданылады.
Карточкада малдың жасы, түрі, таңбасы, аты т.с.с. көрсетіліп, жеке сипаттамасы келтіріледі.
Көпжылдық өскіндер тұқымы, отырғызылған бірлік саны мен алаңы көрсетіліп, мүліктік объектілер бойынша есептеледі. Объектінің құнына, жұмыстың бүкіл кешені біткеніне қарамастан, пайдалануға қабылданған алаңдарға қатысты барлық шығындардың сомасы енгізіледі.
Жерді жақсарту жөніндегі күрделі шығыстардың есебі әрбір шара бойынша қамтылатын алаң мен орындалған жұмыстың құны көрсетіліп, шараларға: жер бөліктерін жоспарлауға, алқаптарды егістік үшін отауға, жабайы шөптерді, көлшіктерді тазартуға бөлініп жүргізіледі.
Н. ОС-9 карточкасы кітапханалық қорларды және сахналық-қойылым құралдарын топтап есептеуге арналған.
Карточкалардағы жазу сандық және сомалық тұрғыда жүргізіледі.
Кітапханалық топтар үшін жеке карточка ашылады. Ондағы есеп ақшалай түрде жалпы сомамен ғана жүргізіледі.
Сахналық-қойылым құралдары бойынша топтық есепке арналған карточкалар материалдық жауапты тұлғалар бойынша номенклатуралық нөмірі көрсетіліп, бір атаудың, көлемі, сапасы жөнінен жақын материалдың заттары мен бағаларына ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: |