Омаров С. Х. ҚАржы- бюджет ұйымдарының есебі және есеп беруі


Дәріс - 6. "Жергілікті бюджеттер бойынша рұқсаттар" шоты



жүктеу 2,19 Mb.
бет5/13
Дата01.01.2018
өлшемі2,19 Mb.
#6864
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Дәріс - 6. "Жергілікті бюджеттер бойынша рұқсаттар" шоты
     10 "Жергілікті бюджеттер бойынша рұқсаттар" шотында жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерге бөлінген рұқсаттар ескеріледі.

Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3337 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 469 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді қабылдауға рұқсаттар беру ережесінде анықталған тәртіппен, нысандар бойынша және мерзімде жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге рұқсаттар береді.

      10 "Жергілікті бюджеттер бойынша рұқсаттар" шотының дебетінде берілген рұқсаттардың сомасы, сондай-ақ кассалық шығыстарды қалпына келтіруге енгізілген сома, ал кредитте мақсатқа сай бюджеттік сыныптаманың кодтарына сәйкес жұмсалған қаражаттар көрсетіледі. 10 "Жергілікті бюджеттер бойынша рұқсаттар" шоты бойынша бухгалтерлік жазбалардың дұрыстығын салыстыру үшін мемлекеттік мекеме айдың соңғы күні үшін және Аумақтық қазынашылық органдарымен келісім бойынша мерзімде N 4-20 "Шығыстар бойынша жиынтық есеп" нысанын алады.
      Мемлекеттік мекемелердің бюджеттік шоттарындағы қаражаттар қозғалысы бойынша операцияларды есепке алу N 381 нысаны (2-мемориалдық ордер) бойынша жинақтау ведомосында жүргізіледі. Орталықтандырылған бухгалтерияларда кассалық шығыстардың талдамалы есебі ерекшеліктер бойынша шығыстарды көрсете отырып, әрбір бағдарлама, ішкі бағдарлама бойынша 294-б-нысанның кассалық шығыстардың талдамалы есебінің карточкаларында жүргізіледі.

Қаржыландыру жоспарларының орындалуын есепке алуды дербес жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелерде және орталықтандырылған бухгалтерияларда мемлекеттік мекемелер бойынша қаржыландырудың жалпы жоспарларын жасау кезінде берілген рұқсаттардың, кассалық және іс жүзіндегі шығыстардың талдамалы есебі бюджеттік сыныптаманың бағдарламалары, кіші бағдарламалары және ерекшеліктері бойынша 294-нысанның кітабында жүргізіледі. Жазба бір күн бұрын түскен әрбір құжат бойынша жүргізіледі.

10-шот мынадай қосымша шоттарға бөлінеді:

100 "Мемлекеттік мекеменің міндеттемелер қабылдауға және ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге рұқсаттар беру үшін рұқсаттары";

103 "Күрделі салымдарға рұқсаттар";

108 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде жергілікті бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша рұқсаттар.

Ұйымдардың шоттарына қаржылар түскен кезде 100, 103 тиісті қосалқы шоттардың дебетіне және тиісінше 230 немесе 140 қосалқы шоттардың кредитіне жазулар жазылады. 

Қаржылар пайдаланылған кезде бастапқы құжаттардың негізінде 10 - шоттың тиісті қосалқы шоттарының кредитіне және 06, 12 және басқа шоттардың тиісті қосалқы шоттарының дебетіне жазба жазылады. 


      Кассалық шығыстарды қалпына келтіру үшін бюджеттік шоттарға қаржылар түскен кезде 10-шоттың тиісті қосалқы шотының дебетіне және 12, 16, 17 және басқа шоттардың тиісті қосалқы шоттарының кредитіне жазба жазылады. 
      100 "Мемлекеттік мекеменің міндеттемелер қабылдауға және ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге рұқсаттар беру үшін рұқсаттары" қосалқы шотында мемлекеттік мекемелерді ұстауға рұқсаттар сомасы ескеріледі.

      103 "Күрделі салымдар жөніндегі рұқсаттар" қосалқы шотында бюджеттен шығыстарды экономикалық сыныптаудың 420 "Негізгі капиталды құру" сыныпшасы бойынша бюджеттен бөлінген күрделі салымдарды қаржыландыру жөніндегі қаражаттың қозғалысы есептеледі.


      108 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде жергілікті бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша рұқсаттар" қосалқы шотында тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде жергілікті бюджетке түсетiн түсiмдер есебiнен мемлекеттiк мекеменiң шығыстарына және басқа да iс-шараларға рұқсаттардың сомасы ескерiледi.

Жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелерде тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде жергілікті бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша қорытындылар рұқсаттың негiзiнде жергiлiктi бюджеттiң есебiнен қаржыландыру ретiнде көрсетiледi.

Бұл ретте, тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде жергілікті бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша оларда көрсетілген сома 098 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде жергілікті бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша рұқсаттар" қосалқы шотының дебетi бойынша және 230 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа іс-шараларды бюджеттен қаржыландыру", 140 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа іс-шараларды бюджеттен қаржыландыру бойынша есеп айырысулар" қосалқы шоттарының кредитi бойынша көрсетiледi. Бiр уақытта 158 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотының дебетi бойынша және 098 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде жергілікті бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша рұқсаттар" қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетiле отырып, екiншi жазба жүргізiледi. Қаржы жылы аяқталғаннан кейiн жүргiзiлген шығыстарды есептен шығару 230 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа іс-шараларды бюджеттен қаржыландыру", 140 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа іс-шараларды бюджеттен қаржыландыру бойынша есеп айырысулар" қосалқы шоттарының дебетi және 200 "Бекітілген қаржыландыру жоспарының шегінде мемлекеттік мекемелерді ұстауға және басқа іс-шараларға бюджет бойынша шығыстар" қосалқы шоттың кредитi бойынша жазбамен қорытынды айналымдармен жүзеге асырылады. 

"Арнайы шоттар және шетелдік
валютадағы шоттар"

11 "Арнайы шоттар және шетел валютасындағы шоттар" шоты мынадай қосалқы шоттарға бөлінеді:

110 "Демеушілік және қайырымдылық көмек шоты";

111 "Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны есепке алуға арналған шот";

112 "Депозиттік шот";

113 "Сыртқы қарыздар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты";

115 "Есеп айырысу шоты";

116 "Гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты";

118 "Шетел валютасындағы шот";

119 "Жолдағы ақша".

Мемлекеттік мекемелердің шоттары Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3333 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы N 447 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің шоттарын ашудың, жүргізудің және жабудың ережесінде анықталған тәртіппен ашылады және жабылады.

130. "Демеушілік және қайырымдылық көмек шоты" қосалқы шотында Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес заңды және жеке тұлғалардан демеушілік және қайырымдылық көмек түрінде алынатын ақша түсімі және оның жұмсалуы ескеріледі.

Демеушілік және қайырымдылық көмек шотына түскен сомаға 110 "Демеушілік және қайырымдылық көмек шоты" қосалқы шоты дебеттеледі және 176 "Демеушілік және қайырымдылық көмек шоты есебінен шығыстарға алынған ақша бойынша есеп айырысулар" қосалқы шоты кредиттеледі.
      Сатып алынған материалдық құндылықтар үшін берушiге демеушiлiк және қайырымдылық көмек шотынан қаражаттарды аударған кезде 178 "Өзге дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу" қосалқы шотының дебетi бойынша және 110 "Демеушілік және қайырымдылық көмек шоты" қосалқы шоттың кредитi бойынша жазба жүргiзiледi. Сатып алынған материалдық құндылықтарды кiрiске алу 01 "Активтер", 04 "Жабдықтар, құрылыс материалдары және ғылыми зерттеулерге арналған материалдар", 06 "Материалдар және тамақ өнімдері", 07 "Арзан және тез тозатын заттар" шоттарының тиiстi қосалқы шоттарының дебетi бойынша және 178 "Өзге дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу" қосалқы шотының кредитi бойынша көрсетiледi. Бiр уақытта активтерді, арзан және тез тозатын заттарды сатып алған кезде 213 "Демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен ақша және өзге қаражаттар есебінен шығыстар" қосалқы шоттың дебетi бойынша және тиiсiнше 250 "Активтердегі қор", 260 "Арзан және тез тозатын заттардағы қор" қосалқы шоттарының кредитi бойынша жазба жүргiзiледi. Жұмсалған материалдардың, ақша қаражаттарының және басқа да шығыстардың сомасына 213 "Демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен ақша және өзге қаражаттар есебінен шығыстар" қосалқы шотының дебетi және "Материалдық қорлар", "Ақша қаражаттары", "Есеп айырысулар" шоттарының тиiстi қосалқы шоттарының кредитi бойынша жазба жүргiзiледi.
      Ақша қаражаттарының қозғалысы бойынша операцияларды есепке алу N 381 нысаны (N 3 мемориалдық ордер) бойынша жинақтау ведомосында N 5-20 "Мемлекеттік мекеме шотынан көшірме" нысаны және оған қоса берілген құжаттар негізінде жүргізіледі

110 "Демеушілік және қайырымдылық көмек шоты" қосалқы шот бойынша талдамалы есеп демеушiлiк және қайырымдылық көмектiң кейбір түрлерi бойынша 292-а нысан карточкаларында (кітапта 292-нысан) жүргiзiледi. 

      131. 111 "Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны есепке алуға арналған шот" қосалқы шотында мемлекеттік мекемелердің иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден алынатын ақша түсімі мен оның жұмсалуы ескеріледі.
      Мемлекеттік мекеменің иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақша Бюджет кодексіне сәйкес және Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған тәртіппен пайдаланылады.
      Мемлекеттiк жалпы бiлiм беретін мектептердiң жанындағы Жалпыға бiрдей мiндеттi орта бiлiм беру қорына мемлекеттiк мекемелердiң бюджеттiк қаражаттарды және демеушiлiк және қайырымдылық көмек шоттардан ақшаны аударуға рұқсат етiледi.

Шотқа түскен сомалар 111 қосалқы шоттың дебетi және 03, 05, 10, 16, 17, 28 және 40 шоттардың тиiсті қосалқы шоттарының кредитi бойынша жазылады. 


      111 қосалқы шотының кредитi бойынша қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы шоттан төленген сомалар және мемлекеттiк мекеменiң кассасына қолма-қол алынған сомалар көрсетіледi. Бұл ретте 04, 06, 08, 12, 16, 17 және 21 шоттардың тиiстi қосалқы шоттары дебеттеледi. 
      Шоттан бюджет кiрiсiне аударылған сомалар 400 қосалқы шоттың дебетiне жатқызылады. 

Ақшалай қаражаттардың қозғалысы бойынша операцияларды есепке алу жинақтаушы ведомоста 381-н. (3 мемориалдық ордер) N 5-33 "Ақылы қызметтер жөніндегі шоттардағы қалдықтар туралы есеп" нысаны және оған қоса берілген құжаттар негізінде жүргiзiледi. 

      112 "Депозиттiк шот" қосалқы шоты мемлекеттік мекемелердiң уақытша иелiгiне ұлттық және шетел валютасында түскен және белгiлi бiр жағдайлар пайда болған кезде оны бюджетке аударған немесе аударатын тұлғаларға не өзге мақсатқа жұмсау құқығынсыз Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне сәйкес үшінші тұлғаларға қайтаруға тиесілі ақшаны есептеуге арналған.

Депозиттiк шотқа соманың түсiмі 112 "Депозиттік шот" қосалқы шотының дебетi және 174 "Депозиттік сома бойынша есеп айырысу" қосалқы шотының кредитi бойынша көрсетiледi, соманы иесiне қайтарған немесе тиiстi бюджетке депозиттiк шоттан соманы аударған кезде 112 "Депозиттік шот" қосалқы шотының кредитi және 174 "Депозиттік сома бойынша есеп айырысу" қосалқы шотының дебетi бойынша жазба жүргiзiледi.


      112 "Депозиттік шот" қосалқы шотында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қаржы орталығы" (бұдан әрі - Қаржы орталығы) мемлекеттік мекемесінің депозиттік шотына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің төлеуге шоттары негізінде мемлекеттік білімдік кредит және мемлекеттік студенттік кредит бойынша кредит ресурстарының түсімін есепке алу жүргізіледі, бұл ретте жазба 112 "депозиттік шот" қосалқы шотының дебеті бойынша және 174 "Депозиттік сома бойынша есеп айырысу" қосалқы шотының кредиті бойынша жүргізіледі. Қаржы орталығы жасалған үшжақты кредит келісіміне (Қарыз алушы, Жоғары оқу орны және Қаржы орталығы арасында) сәйкес жоғары білімі бар мамандарды даярлауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға мемлекеттік білімдік кредит және мемлекеттік студенттік кредит бойынша қаражатты аударады және 199 "Ішкі кредит беру жөніндегі есеп айырысулар" қосалқы шотының дебеті бойынша және 112 "Депозиттік шот" қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізеді.

Қаржы орталығының депозиттік шотына қайтару мерзімі болған кезде немесе игерілмеген кредит ресурстарын қайтарған жағдайда кредиттерді өтеу есебіне түскен қаражаттар бухгалтерлік есепте 112 "Депозиттік шот" қосалқы шотының дебеті бойынша және 199 "Ішкі кредит беру жөніндегі есеп айырысулар" қосалқы шотының кредиті бойынша жазба көрсетіледі.


      112 "Депозиттік шот" қосалқы шотында "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Алматы қаласы әкімінің бюджеттен тыс қорындағы қаражаттар да көрсетіледі, қорға түсім сомасы 112 "Депозиттік шот" қосалқы шотының дебеті және 272 "Өзге қорлар" қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
      Бұдан басқа, 112 "Депозиттік шот" қосалқы шотында түзету мекемелерінің сотталған адамдары орындаған жұмыстардан депозиттік шотқа түскен ақша ескеріледі, бұл ретте 112 "Депозиттік шот" қосалқы шоты дебеттеледі және 179 "Аванстық төлемдер тәртібінде есеп айырысулар" қосалқы шоты кредиттеледі.

112 "Депозиттік шот" қосалқы шоты бойынша талдамалы есеп N 292-а-нысан бойынша (кітапта N 292 нысан бойынша) карточкаларда жүргiзiледi. 

      Сыртқы заемдар (заем қаражаттары) бойынша қаражаттардың түсуі және жұмсалуы жөніндегі қаржы операциялары 113 "Сыртқы қарыздар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты" қосалқы шотында ескеріледі. Арнайы шотты тауарлар (жұмыстар, қызметтер) сатып алуға және халықаралық қарыз шартына сәйкес бюджеттік инвестициялық жобаны немесе бағдарламаны әкімшілендіруге шығыстардың үлесін үкіметтік сыртқы қарыз есебінен жабу үшін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ашады.

Сыртқы қарыздар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шотқа қаражат түскен кезде 113-қосалқы шоттың дебетіне және 249 "Сыртқы заемдар" қосалқы шотының кредитіне жазба жүргізіледі.  Сыртқы заемдар қаражат қозғалысы бойынша есеп 381-нысан (2 мемориалдық ордер) жинақтаушы тізімдемесінде жүргізіледі. Жазбалар N 5-20 "Мемлекеттік мекеме шотынан көшірме" нысанының және оларға қоса берілген құжаттардың негізінде жүргізіледі. 

113 қосалқы шот бойынша талдау есебі 294-а нысан карточкаларында шығыстардың бюджет жіктемесінің кодтары (Бюджеттiк сыныптама анықтамалығының шифрлары)бойынша жүргізіледі. 

      132-3. "Есеп айырысу шоты" 115 қосалқы шотында Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнен Қазақстанның елшiлiктерi мен басқа да ұйымдар алған бюджет қаражаттарының есебi жүзеге асырылады.


      Түскен сомалар 115 қосалқы шоттың дебеті және "Ұйымдардың және басқа да шаралардың шығыстарын бюджеттен қаржыландыру жөнiндегi есеп айырысулар" 140 қосалқы шотының кредитi бойынша көрсетiледi, жүргiзiлген шығыстарға 115 қосалқы шот кредиттеледi және 06, 07, 08, 12, 16, 17, 18 және 19 шоттардың тиiстi қосалқы шоттары дебеттеледi.
      115 қосалқы шот бойынша талдама есеп 292-а-н. карточкаларында 
жүргiзіледі.
      Шетел мекемесінің есептік шотына жолдағы есептелген сома түскен кезде 115 қосалқы шотының дебеті және 119 қосалқы шотының кредиті бойынша жүргізіледі.

115 қосалқы шотында сондай-ақ Ғылым қорының қаражаты көрсетіледі, қорға ақшаның түсуі 115 қосалқы шотының дебеті және 272 "Өзге де қорлар" қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі. 

      116 "Гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты" қосалқы шотында байланысы бар гранттар бойынша қаражаттардың түсімі мен оның жұмсалуы жөніндегі операциялар ескеріледі. Арнайы шотты тауарлар (жұмыстар, қызметтер) сатып алуға және байланысы бар грант туралы келісімге сәйкес бюджеттік инвестициялық жобаны немесе бағдарламаны әкімшілендіруге шығыстардың үлесін байланысы бар грант есебінен жабу үшін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ашады.
      Байланысы бар грант бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шотына қаражаттардың түсуі кезінде жазба 116 "Гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты" қосалқы шотының дебетіне және 245 "Гранттар" қосалқы шотының кредитіне жүргізіледі.
      Байланысы бар гранттардың қозғалысы жөніндегі операцияларды есепке алу 381-нысанының жинақ ведомосында (3-мемориалдық ордер) жүргізіледі.
      116 "Гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты" қосалқы шоты бойынша талдамалы есеп N 294-а нысанының карточкаларында жүргізіледі.

      134. Бюджеттік ұйымдар жүргiзетiн валюталық операцияларды есепке алу 118 "Шетелдік валютадағы шот" қосалқы шотында көрсетiледi.


      Шетелдік валютадағы шот бойынша операциялардың жасалу және ресiмдеу тәртiбi қолданылып жүрген заңдармен реттеледi. Шетелдік валютадағы шоттар қаражаттардың қозғалысы және шетелдiк валютамен операциялар бухгалтерлiк есепте ақша-есеп айырысу құжаттары жазылған күнi қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген анықталған валюта айырбасының рыноктық бағамы бойынша шетелдiк валютамен қайта есептеу арқылы алынған Қазақстан Республикасының валютасымен көрсетіледi. Осы операцияларды есепке алумен бiрге есеп айырысулар мен төлемдер валютамен жүргiзiледi. 118 қосалқы шот бойынша ақшалай қаражаттардың қозғалысы бойынша операцияларды есепке алу әрбiр шот бойынша 381 үлгiдегi (3 мемориалдық ордер) жинақтаушы ведомоста, ал операциялардың талдау есебi - әрбiр валюта бойынша н. 292-а карточкаларда немесе н. 292 кiтапта теңгемен жүргізіледі. 
      Бюджеттік қаражаттар есебiнен шетел валютасын сатып алу кезiнде 178 "Басқа дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысулар" қосалқы шотына дебеттеледi және 09, 10 шотына кредиттеледi. Шетел валютасы шетелдік валютадағы шотта түскен кезде 118 қосалқы шотына дебеттеледi және 178 кредиттеледi, сонымен бiрге екiншi жазба жазылады. Шетел валютасымен алынған сомаға 20 "Бюджет бойынша шығыстар" шотының дебетiне және 273 "Валюталық қаржылардың қоры" қосалқы шотының кредитiне және комиссиондық алым сомасына 178 "Басқа дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысулар". 

Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшаны есепке алуға арналған шотқа, демеушiлiк және қайырымдылық көмек шотқа және депозиттiк шотқа түскен сомалар есебiнен валюталарды сатып алу кезiнде 178 қосалқы шотқа дебеттеледi және 11 "Арнайы шоттар және шетелдік валютадағы шоттар" шотына кредиттеледi. Шетел валютасын шетелдік валютадағы шотта есептеу кезiнде 118 қосалқы шотына дебеттеледi және 178 кредиттеледi, сонымен бiрге екiншi жазба жасалады: шетел валютасымен алынған сомаға 21 "Басқа шығыстар" шотына дебеттеледi және 273 "Валюталық қаражаттар қоры" қосалқы шотына кредиттеледi және комиссиондық алым сомаларына 178 "Басқа дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысулар". 

Бухгалтерлiк баланста Шетелдік валютадағы шот бойынша қаржылардың қалдығы және шетелдiк валютамен көрсетiлген кредиторлық борыш есеп берiп отырған кезеңнiң соңғы күнiнде қолданылған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген анықталған валюта айырбасының рыноктық бағамы бойынша шетелдiк валютамен қайта есептеу арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасымен бейнеленедi. Сонымен бiрге аталған жазбалар есеп айырысулар мен төлемдер валютасымен жүзеге асырылады. 

     119 "Жолдағы ақша" қосалқы шотында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі шетмекемелердің шығыстарын қаржыландыруға аударған, бірақ шетмекеменің есептік шотына түспеген сома ескеріледі, бұл ретте 119 қосалқы шотының дебеті және 140 қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі;

шетмекеменің есептік шотына жолда есептелген соманың түсуі 115 қосалқы шотының дебеті және 119 қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Дәріс – 7. Кассалық және басқада қаражат есептері

12 "Касса" шоты

      120 қосалқы шотында бюджеттiк ұйымның кассасындағы ақшалай қаражаттардың қозғалысы және бар-жоғы есепке алынады. 


      Мемлекеттік мекемелердің кассаларында кассалық операцияларды жүргізу және қолма-қол ақшалардың лимитін анықтау тәртібі оларға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қоса алғанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 195 бұйрығымен бекiтілген Мемлекеттiк мекемелерде кассалық операцияларды жүргiзу ережесiнде анықталған. 
      Бюджеттiк ұйымның кассирi немесе оны ауыстыратын адам қолда бар ақшаларды қазынашылықтың атаулы чегi бойынша уәкiлеттiгi бар банкiден алады. 
      Банкiде алынған қолда бар ақшалар сол күнi кассалық кiрiс ордерi (н. N КО-1) бойынша кiрiске алады. Кiрiс және шығыс кассалық ордерлер кассаға берiлгенге дейiн бухгалтерияда кiрiс және шығыс кассалық ордерлерiн (КО-3а-н.) тiркеу журналында тiркеледi.

Бюджеттiк ұйымдардың кассалары қолда бар ақшаларды қабылдауды бас бухгалтер немесе оның уәкілеттігi бар адам қол қойған, кассирдiң мөрiмен (штампымен) куәландырылған соңғының және кассирдiң қолы қойылған түбiртектi бере отырып кассалық кiрiс ордерлерi бойынша жүзеге асырылады. 


      Кассадан нақты ақшаларды беру мақсатқа сай кассалық шығыс ордерi (КО-2-н.) немесе тиiстi ресiмделген басқа құжаттар бойынша кассалық шығыс ордерлерiнiң реквизиттерiмен қоса осы құжаттарға штамп басу арқылы жүзеге асырылады. 

Кассирдi жұмысқа тағайындау туралы бұйрық шығарылғаннан кейiн бюджеттік ұйымның басшысы кассирге қол қойғызып жоғарыда көрсетілген Ережемен таныстыруға мiндеттi, бұдан кейiн кассирмен немесе оны ауыстыратын адаммен оның толық жеке материалдық жауапкершiлiгi туралы шарт жасасады. 

Жұмыс iстейтiндер саны аз штатында кассир жоқ бюджеттiк ұйымдарда кассирдiң мiндеттерiн бюджеттік ұйымның басшысының жазбаша өкiмiмен толық материалдық жауапкершiлiгi туралы шарт жасасқан басқа қызметкер атқаруы мүмкін. 

Егер мемлекеттік мекемеде бюджет шоты, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны есебіне арналған шот, демеушілік және қайырымдылық шоты, депозиттік шоты және Алматы қаласы әкімінің бюджеттен тыс қорының шоты бойынша ақша операциялары болса, мемлекеттік мекемелерде кассалық операцияларды есепке алу КО-4-нысанының немесе 440-нысанының кассалық кітабында жүргізіледі.


      Кассир кассалық кiтапта әрбiр кассалық ордер немесе оны ауыстыратын басқа да құжат бойынша ақшаны алғаннан немесе бергеннен кейiн жазба жасайды. Кассир жұмыс күнiнiң аяғында күн сайын бiр күнгi операцияның қорытындыларын есептейдi, кассадағы келесi күнге қалдырылған ақша қалдығын шығарады және кассалық кiтапта қолхатпен кiрiс және шығыс құжаттарымен бiрге кассирдiң есеп беру ретiнде жыртылатын парақты (бiр күнгi кассалық кiтаптағы жазбалардың көшiрмесiн) бухгалтерияға өткiзедi. Сонымен бiрге кассир кассадағы қолда бар ақшалардың қалдығын қолда бар ақшалардың бар-жоғымен салыстырады. 

Кассалық кiтаптарды және 453-н. бойынша бюджет қаражаттары бойынша жеке-жеке және тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан, демеушiлiк және қайырымдылық көмек, депозиттiк сомалар және Алматы қаласы Әкiмiнiң бюджеттен тыс қорының қаражаттары түрiнде түскен қолма-қол ақшаларды нысаналы мақсаттарға пайдалануға бақылау жасау кiтабы 454-н. қаражаттар бойынша жеке-жеке нысаналы мақсаттар бойынша қолма-қол ақшаларды пайдалануды бақылау кiтаптарын дұрыс жүргiзуге бақылау жасау бюджеттiк ұйымдарда бухгалтерлiк есептi жүргiзудi қамтамасыз ететiн бас бухгалтерге немесе бөлiмшенi басқаратын адамға жүктеледi. 


      Уәкiлдiгi бар банкте қолда бар ақшаны алу үшiн аумақтық қазынашылықтың қолма-қол ақшаның өткiншi шотына (889) қаражаттар аударған кезде мынадай: 178 "Басқа да дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу" дебетiне 090, 100, 110, 111, 112 кредитiне бухгалтерлiк жазба жасалады. Қазынашылықтың атаулы шегi бойынша қолма-қол ақша алған кезде мынадай: 120 "Касса" дебетiне және 178 "Басқа да дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу" кредитiне бухгалтерлiк жазба жасалады.
      Атаулы чекпен қолда бар ақшаны алу кезiнде мынадай бухгалтерлiк жазба жазылады: Дт 120 "Касса" Кт 178 "Басқа дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысулар".
13 "Басқа да ақшалай қаражаттар" шоты

137. Осы шотта басқа да ақшалай қаражаттар есепке алынады

Бұл шот мынадай қосалқы шоттарға бөлiнедi:

130 "Аккредитивтер";

132 "Ақша құжаттары";

134 "Қаржылық жұмсалым".


      130 "Аккредитивтер" қосалқы шотында тауарларды бергенi үшiн ақы төлеу жөнiнде берушiнiң алдында туындаған мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелерiне сәйкес ашылған аккредитивтердiң сомасы ескерiледi.
      Аккредитивтi ашқан кезде 130-қосалқы шот дебеттеледi және 09, 10, 11 шоттардың тиiстi қосалқы шоттары кредиттеледi. 
      Аккредитивтiң пайдаланылған сомасына 130-қосалқы шоттың кредитi бойынша және материалдық құндылықтар 01, 04, 06, 07-шоттардың тиiстi қосалқы шоттарының дебетi бойынша жазба жүргiзiледi. 
      Аккредитивтiң пайдаланылмаған сомасы тиiстi бюджеттiк немесе 09, 10, 11-ағымдағы шоттарға есепке алынады. 
      130-қосалқы шот бойынша талдамалы есеп әрбiр ашылған аккредитив бойынша 292-а нысан карточкаларында (292-нысан кiтабында) жүргiзiледi. 
      Ескерту: 137-1-тармақпен толықтырылды, өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің 2001.05.18. N 260 бұйрығымен, 2004 жылғы 17 наурыздағы N 17 бұйрығымен.

      132 "Ақша құжаттары" қосалқы шотында әртүрлi ақша құжаттары: бензин мен майға, тамаққа төленген талондар, демалыс үйлерiне, санаторийлерге, турбазаларға төленген жолдамалар, пошта аударымдарына, пошта маркаларына және мемлекеттiк баж маркаларына алынған жазбаша хабарламалар, заем облигациялары (науқастардың сақтауға тапсырғаны және т.б.), еңбек кiтапшаларының бланкiлерi және оларға тiркелген тіркемелер және т.б. есепке алынады. 


      Бензинге арналған талон жүргiзушiге бюджеттік ұйым басшысының өкiмiмен есеп беру негiзiнде берiледi. Талондар бұрын алғандар үшiн есеп бергеннен кейiн барып берiледi. 
      Еңбек кiтапшаларының бланкiлерiмен оларға тiркемелерден басқа ақша құжаттарының талдау есебi олардың түрi бойынша н. 292-а карточкаларда (н. 292 кiтапта), еңбек кiтапшаларының бланкiлерiне және оған тiркемелердi есепке алу - н. 449 кiтапта жүргiзiледi. 

      134 "Қаржылық жұмсалым" қосалқы шотында мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшаның есебінен жүргiзiлетiн бюджеттiк ұйымдардың банк депозиттерiне, ұйымның бағалы қағаздарына, мемлекеттік және жергiлiктi заемдардың проценттiк облигацияларына жұмсаған қаржылары (инвестициялары) есепке алынады. Бұл орайда банк депозиттерiне салынған қаржылар, проценттік облигациялар және бағалы қағаздар 134 қосалқы шоттың дебетi және 11 шоттың кредитi бойынша көрсетiледi. 


      134 қосалқы шоты бойынша талдау есебi қаржылық салым түрлерi бойынша және н. 292 кiтабында немесе н. 292-а карточкасында бұл салымдар жүзеге асырылған объектiлер бойынша жүргiзiледi. Бухгалтерлiк есептегi облигациялар мен бағалы қағаздарды сатып алу: 134 қосалқы шотының дебетiнде және ақша қаражаттарының кредит қосалқы шоттарында көрiнiс табады. Сатып алу құны мен номиналды бағасының арасындағы есептен шығаруға (қосып есептеуге) кредит 134-тiң 410 дебетiне жазба жасалады. Қаржылық салымдардан алынған ақша қаражаттары қосалқы шоттарының дебетiне және 410 кредит шотына жазылады. Облигацияларды және басқа бағалы қағаздарды сату мен жабу ақша қаражаттарының қосалқы шот дебетi және 134 шотының кредит бойынша көрiнiс табады. 

жүктеу 2,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау