Өкілдігінің ресми көзқарасын білдірмейді



жүктеу 2,92 Mb.
Pdf просмотр
бет7/46
Дата23.12.2019
өлшемі2,92 Mb.
#24791
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   46

17
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік 
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер 
100
200
300
600
2002 2003 2004 2005 2006
2008 2009 2010 2011 2012 2013 2014 2015 2016 2017
0
400
500
700
800
900
1 000
1 100
1 200
2007
Сурет 1. Ұзақмерзімді келешектегі атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны
бар  кедей  және  ұрымтал  отбасылар  арасында 
қолдау  көрсетуге  қатысты  қосымша  талаптарды 
түсіну. Бұл ретте, осы зерттеу Қазақстан Үкіметіне 
балалары  бар  кедей  және  ұрымтал  отбасыларға 
әлеуметтік көмек жағынан да, арнаулы әлеуметтік 
қызметтер жағынан да үйлесімді қолдау көрсетудің 
біріктірілген  жүйесіне  көшу  жолында  ұсынымдар 
беретін болады.
Зерттеу  сұрақтарына  жауап  беру  үшін  екі 
бөліктен  тұратын  аралас  әдіс  қолданылды:  (i) 
кедей отбасылардан және өмірлік қиын жағдайда 
қалған отбасылардан тұратын іріктелім арасында 
үй  шаруашылығы  деңгейінде  сандық  сауалнама 
жүргізу;  және  (ii)  әлеуметтік  бағдарламалардың 
әкімшілерімен,  қызмет  көрсетушілермен  және 
қызмет  алушылармен  сапалық  сұхбаттар  жүргізу. 
Зерттеу  үш  аймақта  жүргізілді:  Астана  қаласы, 
Қызылорда облысы және Маңғыстау облысы.
Әлеуметтік төлемдер аясы
Балалы  отбасыларды  қамтитын  әлеуметтік 
төлемдердің үш санаты бар:
• 
Табысы  төмен  топтарға  арналған  атаулы 
әлеуметтік көмек;
• 
Әлеуметтік  эәне  экономикалық  қауіп-
қатерлерге шалдыққан ұрымтал топтарға арналған 
атаулы әлеуметтік көмек;
• 
Бала  тәрбиесіне  қатысты  мемлекеттік 
жәрдемақылар,  соның  ішінде,  барлық  балаларға 
арналған  жәрдемақылар  және  көп  балалы 
аналарға арналған төлемдер.
Осы  есептің  басты  назарында  –  бірінші 
санаттағы  тұрмысы  төмен  отбасыларға  арналған 
атаулы  әлеуметтік  көмек.  Осы  санатта  үш  төлем 
түрі  бар:  атаулы  әлеуметтік  көмек  (АӘК),  18 
жасқа  толмаған  балаларға  арналған  мемлекеттік 
жәрдемақы (МБЖ) және тұрғын үй жәрдемақысы.
АӘК  қазіргі  таңда  жан  басына  шаққандағы  ай 
сайынғы  табысы  ең  төменгі  күнкөріс  деңгейінің 
40%-нан  төмен  үй  шаруашылықтарына  беріледі. 
2002 жылы 1.2  миллион адаммен салыстырғанда, 
2017  жылы  осы  көмек  түрін  шамамен  20,100 
адам  алған  (Сурет  1).  Аталған  көмек  алушылар 
саны – үй шаруашылықтарының саны емес, көмек 
алуға  құқылы  үй  шаруашылығындағы  отбасы 
мүшелерінің саны.  
Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40%-нан төмен 
табысқа өмір сүретін 18 жасқа толмаған балалары 
бар үй шаруашылықтары қазір балаларға арналған 
мемлекеттік  жәрдемақы  (МБЖ)  алуға  құқылы. 
Аталмыш  жәрдемақы  үй  шаруашылығындағы 
әрбір  балаға  беріледі,  қазір  осы  көмек  түрін 
алатын шамамен 500,000 бала бар (олар 170,000 
үй  шаруашылықтарында  тұрады).  АӘК  жағынан 
мұқтаждығы  тексерілген  балалар  жәрдемақысын 
алушылар саны соңғы жылдары кедейшілік деңгейі 
төмендеуімен бірге қысқарған.
Егер  бала  түгелдей  мемлекетпен  қамтамасыз 
етілсе  немесе  баланың  еңбекке  жарамды, 
бірақ  жұмыс  істемейтін  және  жұмыспен  қамту 
органдарында  жұмыссыз  ретінде  тіркелмеген 
ата-анасы  болса;  күндізгі  оқу  бөлімінің  студенті 
болмаса;  немесе  әскерде  қызметін  өтемесе,  үй 
шаруашылықтары МБЖ ала алмайды. Бірақ, әкесі 
не  анасы  мүгедектігі  бар  тұлғаларға,  мүгедектігі 
бар  балаларға,  80  жастан  асқан  егде  адамдарға 
немесе  үш  жасқа  толмаған  балаларға  күтім 
көрсететін болса, ерекше жағдай ретінде танылып, 
МБЖ беріледі.
Әлеуметтік  көмек  саласы  сынама  жобаларды 
жүзеге  асыру  және  2018  жылдың  қаңтарынан 


18
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік 
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер 
Сурет 2. Ұзақмерзімді келешектегі арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылар саны  
450
2006
2007
2008
2009
2010  2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
500
550
600
650
700
750
800
бастап  бүкіл  ел  ауқымында  жүргізу  арқылы 
реформалау  жолына  түскен.  Осы  реформалар 
шеңберінде  МБЖ  және  көп  балалы  аналарға 
арналған  жәрдемақы  тоқтатылып,  табыс  деңгейі 
жоғарылатылған,  жетілдірілген  АӘК  енгізіледі. 
Осы АӘК алу үшін табыс деңгейі жаңа ең төменгі 
күнкөріс  деңгейінің  50%-на  тең  болады,  бұл 
қазіргі  күнкөріс  деңгейінен  баға  ауытқуларын 
ескергенде 9.1%-ға жоғары
7
 (Carraro et al., 2017). 
Әлеуметтік көмек реформалары, сондай-ақ, көмек 
алушылар  арасында  экономикалық  белсенділікті 
арттыруды  көздейді,  яғни,  көмек  алушылардан, 
мүмкін  жағдайларда,  әлеуметтік  белсенділік 
шартын  жасау  талап  етіледі,  шарт  аясында 
үй  шаруашылығының  мүшелері  белгілі  бір 
экономикалық  қарекет,  оңалту  жоспарын  немесе 
басқа  да  іс-әрекеттерді  жасауға  міндеттеледі, 
осылайша,  үй  шаруашылығы  кедейшіліктен 
шығу  үшін  белсенді  шаралар  қолдану  жолына 
аяқ  басады.  Мұндай  шарт  бойынша  6  ай  бойы 
жәрдемақы төленеді. Артынша шартты қосымша 6 
айға  ұзартуға  болады.  Егер  үй  шаруашылығында 
әлеуметтік  белсенділік  шартын  орындауға 
қабілетті  мүшелері  болмаса,  бірақ,  табыс 
деңгейіне  қатысты  талапқа  сай  келсе,  мұндай  үй 
шаруашылығы  әлеуметтік  белсенділік  шартына 
қол қоймай-ақ, жәрдемақы ала алады, әрі олардың 
талапқа  сәйкестігі  3  ай  сайын  тексеріліп  тұрады 
(Карраро Л. 2017).
Арнаулы әлеуметтік қызметтер аясы
Арнаулы  әлеуметтік  қызметтер  туралы  заңы 
(2008  жылғы,  2015  жылы  қайта  қаралған)  – 
Қазақстанда  балалардың  қажеттіліктерін  өтеуде 
қолдау көрсететін институционалдық құрылымды 
дамытуға  мүмкіндік  беретін  аса  маңызды  белес. 
Аталмыш  Заң  әлеуметтік  қызметтердің  мән-
маңызын  халықтың  әл-ауқаты  жүйесіндегі  орны 
ерекше  сала  деп  белгілейді;  сонымен  қатар, 
балаларда болуы мүмкін сан түрлі қажеттіліктерді 
өтеудің 
маңыздылығын 
мойындайды 
(An, 
2014).  Заң  белгілі  бір  ұрымтал  топтарға  қолдау 
көрсетудің  нақты  түрлеріне  қатысты  заңдарды 
және стандарттарды біріктіреді (Бокс 1 қараңыз).
Арнаулы  әлеуметтік  қызметтер  туралы  заңы 
бойынша  қызметтер  өмірлік  қиын  жағдайда 
қалған  белгілі  бір  ұрымтал  топтарға  көрсетіледі. 
7
     Аталмыш көрсеткіштің артуы ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымын қайта қарауға байланысты, яғни, себеттегі азық-түлік үлесі 60%-
дан 55%-ға қысқарып, азық-түлікке жатпайтын қажеттіліктердің маңыздылығы жоғарырақ екені мойындалады.


жүктеу 2,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау