13
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке
және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге
қол жеткізудегі кедергілер
бастан-ақ табыс көлеміне байланысты көмек алуға
құқығы жоқ бола тұра, құжат жинауға және өтініш
беруге көп уақыт жоғалтады. Ақпарат жетіспейтін
негізгі тұстардың бірі болып басқа да әлеуметтік
көмек түрлерінің, яғни, мүгедектік жәрдемақысы,
шәкіртақылар және балаларға бір жасқа толғанға
дейін берілетін жәрдемақылар табыс ретінде
ескерілетіні табылады.
Зерттеу нәтижелері 5:
Қызметтерге қол жеткізудегі
ала-құлалық
Жер көлемі ұлан-байтақ Қазақстан сияқты елде
адамдардың арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсетушіге орналасу жақындығы әртүрлі болып
келеді. Дегенмен, зерттеуге қатысқан, әрі арнаулы
әлеуметтік қызметтерге мұқтаждығы бар екенін
жеткізген респонденттердің басым көпшілігі
өздеріне керек қызмет өздері тұратын ауылда
немесе қалада екенін айтты: Маңғыстау және
Қызылорда облыстарында - 56% және Астана
қаласында - 61%. Алайда, осыған қарамастан,
әлеуметтік көмекке өтініш бермегендердің 30%-
ы көмек көзінен шалғай орналасуды себептердің
бірі ретінде атады.
Барлық арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерінің
әрбір географиялық ауданда қолжетімді болуы
мүмкін емес. Бұл көлік мәселесін басқасынан
маңыздырақ етеді. Қызылорда және Маңғыстау
облыстарындағы
ауылдық
жерлердегі
сұхбаттасушылар арнаулы әлеуметтік қызметтер
алу үшін облыс және аудан орталықтарына
жетудегі қиындықтар туралы айтты. Балалар және
оларға күтім көрсетушілер көлікпен қамтамасыз
етілмейтіндіктен, отбасылар қызметтерге қол
жеткізуде бірқатар қиындықтарға тап болады.
Ауылдық жерден жету үшін көлік тасымалына
ақы төлеу үй шаруашылықтарының қаражатының
түгесілуіне себепші болады. Сонымен қатар,
мүгедектігі бар балаларды қоғамдық көлікпен
алып жүру де қиын.
Инватакси
қызметі
көлікке
қатысты
қиындықтарды еңсеруі тиіс болатын, бірақ, сапалық
зерттеу осы қызметке қатысты кемшіліктер бар
екенін анықтады. Олардың арасында мұндай
қызмет атаулының жоқтығы, қызмет көрсетудің
тұрақсыздығы және инватакси қызметіне алдын-
ала, көп уақыт бұрын тапсырыс беру керек
екеніне қатысты қолайсыздықтар бар. Инватакси
қызметінде ұсыныстың тапшылығы бәсекелестікке
негізделген
тендер
арқылы
қызметкер
көрсетушілерді тартуға кедергі келтіреді (Астана)
және жанар-жағармайға жеткілікті қаражат
қарастырылмайды (Маңғыстау облысы).
Осыған қатысты тағы бір мәселе – кейбір
аудандарда құрал-жабдықтың және мамандардың
тапшылығы. Бұл кейбір балалар үшін қажетті
арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуда, тіпті
өтініш беріп, комиссиядан өткеннен кейін де
тікелей кедергі тудырады. Кейбір респонденттер
қызметтерге қол жеткізу, жөргектер, мүгедектер
арбасы немесе ортопедиялық аяқ-киім сияқты
негізгі құралдар тағайындалса да, оларды алу ұзақ
уақытқа созылып кететінін айтты. Ал мамандардың
жетіспеушілігі білікті әлеуметтік қызметкерлер,
массаж жасаушылар және мүгедектігі бар
балаларды үйде оқытатын арнайы дайындықтан
өткен мұғалімдер жоқ екеніне қатысты айтылды.
Жалақысы аз және жұмыс сипаты бірнеше саланы
қамтитындықтан, жоғары білікті мамандарды
жалдау және даярлау ерекше қиындық тудырады.
Әлеуметтік қызметкерлер де көлікпен қамтамасыз
етілмеген, ал олардың жұмыс аймағына бірнеше
ауыл кіруі мүмкін.
Балаларды шипажайға жіберуге қатысты
да бірнеше тосқауылдар бар, себебі, ондай
шипажайларда
ата-аналар
жататын
орын
қарастырылмаған. Кейбір ата-аналар балаларын
ұзақ уақытқа қараусыз қалдыра алмайды,
сондықтан, шипажайда емделу мүмкіндігі, тіпті
тағайындалған болса да, пайдаланылмаған.
Зерттеу нәтижелері 6:
Қоғамдық стигма
(таңба тағу, бетіне басу)
Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қол жеткізудегі
кедергілердің тағы біреуі – балаларының
мүгедек болуына байланысты кейбір ата-
аналардың қоғамда жаман атаққа қалатындай
сезінуі. Мүгедектігі бар балаларға қатысты
стигма кейбір жағдайда кейбір ата-аналардың
баласының мүгедектігі бар екенін мойындағысы
келмейтініне немесе тіпті мойындаудан бас
тартуына итермелейді. Бірнеше жағдайда баланың
мүгедектігі тек мектепке барғанда ғана анықталған,
өйткені, ата-анасы баланың мүгедектігі бар екенін
мойындауға және балаға көмектесу үшін қажетті
жәрдемге жүгінуге қымсынған. Кейбір арнаулы
әлеуметтік қызметтерді алушылар балалары
арнаулы әлеуметтік қызметтер алғанда қоғам
тарапынан жақтырмаушылықты сезінеді екен.
Алайда, әлеуметтік көмек алғандықтан стигмаға
тап болу әлеуметтік көмекке қол жеткізудегі
кедергі ретінде көп айтылған жоқ.
14
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер
Зерттеу нәтижелері 7:
Әлеуметтік көмек алу тәжірибесі
Әлеуметтік көмекке және қызметтерге қол
жеткізудегі
кедергілерге
қоса
зерттеуіміз
бізге әлеумет көмек алу сапасын да анықтауға
мүмкіндік берді. Атап айтқанда, қызметтерге қол
жеткізуді бағалау кезінде адамдардың жай ғана
қол жеткізуіне немесе қол жеткізе алмауына
емес, сонымен қатар, өтініш беру кезінде ешбір
қиындыққа тап болмауына және қосымша
қаржылай немесе басқа да шығын көтермеуіне
мән берілді.
Қазақстанда куәландыру комиссиядан өту
жүгінушілердің
айтарлықтай
шығындануын
талап етеді. Нәтижесінде олар алыс жол жүруі
(мысалы, жұмыссыздық анықтамасын алу үшін
жұмыспен қамту орталығына баруы) керек, жолға
шығын шығарады, күш-қуатын жұмсайды. Қажетті
құжаттарды алу кезінде әйел адамдарға артылатын
жүк ерекше ауыр. Атап айтқанда, әйелдер алимент
туралы анықтама және ажырасу туралы куәлік
алуы тиіс, ал аталғандарды алуға уақыт пен күш
кетеді.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерге өтініш беру
тәртібінің жалпы күрделілігі өтініш берушілерге
қолайсыздықтар, уақыт пен қаржы шығынын
тудырады, ал оның ұзақтығы әлеуметтік
қызметтерге қол жеткізуді созып жібереді. Бұл,
әсіресе, мүгедектікті тіркеу және қайта растау үшін
МӘСК және ПМПК бару кезінде айқын көрінеді.
Осы зерттеуден аталмыш саладағы саясатқа
қатысты төрт түрлі ұсыным жасалды:
Тұрмысы төмен отбасыларға арналған
атаулы әлеуметтік көмек тағайындау
тәртібін қайта қарау
Табыс көлемін есептеу кезінде мүгедектік
жәрдемақысы сияқты өзге атаулы әлеуметтік
көмек түрлерін ескеру қаншалықты орынды
екенін қайта қарау керек. Яғни, түрлі әлеуметтік
көмектің саясат тұрғысынан мақсаттары ашық
талқылануы керек - мысалы, атаулы әлеуметтік
көмек адам өміріндегі белгілі бір жағдайларда
немесе уақыттарда (мысалы, балалы болу кезінде)
қосымша шығындарды өтеуге арналған ба, әлде
өмір сүру стандарттарын көтеруге арналған ба?
Егер біріншісі болса, онда оларды көмек беру үшін
белгіленген табыс деңгейі аясында қосып қарау
қисынсыз, сондықтан табыс көлемін есептеуден
шығарып тастау керек.
Мұқтаждықты тексеру кезінде толық емес
жұмыс күні бойы істелетін жұмысты, кездейсоқ
(тұрақты емес) табысты қосып есептеуге қатысты
айқын және анық ережелер болуы тиіс, әрі оларды
өтініш берушілерге түсінікті етіп жеткізу керек.
Мұндай ережелер кездейсоқ кіріс жалпы табыс
көлемін есептеуде қашан және қалай ескерілетінін
анықтауы тиіс. Олар өтініш берушілерге толық
және түсінікті етіп жеткізілуі тиіс. Дәл сол сияқты
мал ұстаудан және ауыл шаруашылығындағы
жұмыстан түскен кірісті есептеу де бағаға қатысты
соңғы мәліметтерге, жергілікті жағдайға және
сенімді әдістемелерге сүйенуі тиіс.
Реформаны қажет ететін тағы бір тұс –
жұмысқа тұру шарттары мен әлеуметтік көмек
арасындағы өзара байланыс. Әлеуметтік көмек
және жұмыспен қамту саясаттарының мақсаттары
бірін-бірі толықтырып тұруы үшін оларды бірге
үйлестіру қажет. Атап айтқанда, жұмысқа алу
шарттары адамдар, әсіресе, ауылдық жерде, бос
жұмыс орындарына орналасқысы келуі үшін
қаржылай ынталандыру, сонымен қатар, жалпы
лайықты жұмыс орындарының болуы мәселесі
ескерілетіндей етіп қайта қаралуы тиіс. Оған
қоса, аталмыш шарттар еңбек етудегі гендерлік
ерекшеліктерді және әйел адамдардың бала
күтуші ретінде рөлімен байланысты ұрымталдығын
есеп алу үшін сәйкесінше бейімделуі тиіс. Бұл
ретте жалғызбасты ата-аналарға жұмыссыздық
анықтамасын тапсырудан босатуды ұсынуға
болады.
Енгізу процедураларын және
тәжірибелерін жетілдіру
Адамдардың
хабардарлығы
мен
түсінігін
ақпараттық науқандар және мақсатты топтар
арасында хабардарлықты арттыру көмегімен
мектептер, денсаулық сақтау және полиция арқылы
жақсартуға болады. Мақсатты топтарды қамтумен
қатар қажет болғанда әлеуметтік көмекке өтініш
беруге қатысты ақпарат бере алатын бірыңғай
ақпараттық-анықтамалық бекеттер болуы қажет.
Жалпы екі ақпарат көзі де әлеуметтік көмекке
және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қатысты
толығырақ ақпаратты өтініш беруді бастарда
беріп, келесі тұстарды қамтуы тиіс: (i) әлеуметтік
көмек алу құқығы; (ii) өтініш беру үшін қандай
құжаттар қажет және оларды қалай алуға болады;
және (iii) өтінішті қайда беру керек.
Зерттеу, сонымен қатар, қолданыстағы озық
тәжірибе туралы да, соның ішінде, әлеуметтік