Өкілдігінің ресми көзқарасын білдірмейді


Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік  қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер  Зерттеу нәтижелері 1



жүктеу 2,92 Mb.
Pdf просмотр
бет4/46
Дата23.12.2019
өлшемі2,92 Mb.
#24791
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46

11
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік 
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер 
Зерттеу нәтижелері 1:
Тұрмысы төмен отбасыларға
арналған атаулы әлеуметтік көмек
туралы жеткілікті білмеу
 
Әлеуметтік  көмек  туралы  жеткілікті  түрде 
хабардар болмау – осы зерттеу анықтаған басты 
мәселе,  аталмыш  мәселенің  ауқымы  туралы 
ақпарат  қолда  бар  дереккөздерде  жеткілікті 
дәрежеде айқын келтірілмеген. Зерттеуге қатысқан 
респонденттердің тек 24% ғана АӘК туралы және 
тек  29%  ғана  МБЖ  туралы  естіген.  Аймақтар 
арасында 
хабардарлық 
деңгейі 
бойынша 
айырмашылықтар бар, мәселен, АӘК туралы Астана 
қаласында 41%, Қызылорда облысында 33% және 
Маңғыстау  облысында  тек  15%  халық  естіген 
болып  шықты.  Бұл  мемлекетпен  ұсынылатын 
әлеуметтік көмектің белгілі бір түрлерінен жалпы 
хабардарлық  деңгейі  төмен  екенін  көрсетеді. 
Мысалы,  Маңғыстау  облысында  көмекке  аса 
мұқтаж  табысы  төмен  үй  шаруашылықтары 
әлеуметтік  көмек  бар  екенінен  хабардар  болуы 
мүлдем екіталай.
Хабардарлық 
деңгейіндегі 
аймақтық 
айырмашылықтарды  адамдардың  әлеуметтік 
көмек  туралы  қалай  білетінімен–  негізінен, 
ауызша,  соның  ішінде,  әлеуметтік  көмекті  алып 
жүргендерден  білетінімен  ішінара  түсіндіруге 
болады.  Маңғыстау  облысына  барғанда  көрген 
елді мекендер сияқты шалғай аудандарда мұндай 
бейресми  хабар  тарату  тетіктерінің  тиімділігі 
төмен болуы мүмкін.
Зерттеу нәтижелері 2:
Ақпарат жетіспеушілігі
Үй шаруашылықтарын зерттеу барысында жалпы 
әлеуметтік  көмектен  хабары  бар  және  өздерін 
тұрмысы  төмен  отбасыларға  арналған  атаулы 
әлеуметтік көмекке құқылы деп санайтын арасында 
67%  АӘК  және  80%  МБЖ  беру  туралы  өтініш 
берген.  Осындай  респонденттердің  жартысынан 
көбі  ақпарат  жетіспеушілігі  әлеуметтік  көмекке 
өтініш бермеудің себептерінің бірі екенін жеткізді. 
Нақты  қандай  ақпарат  жетіспейтінін  ашып  айту 
туралы сұрақ қойылғанда үштен екісі әлеуметтік 
көмек  туралы  ешбір  ақпарат  жоқ  екенін  айтты. 
Үштен  бірі  дерлігі  әлеуметтік  көмекке  құқылы 
болуға  қатысты  ақпарат  жоқтығын  ерекше  атап 
өтті  және  аздаған  бөлігі  (14-23%)  өтініш  беру 
тәртібі туралы ештеңе білмейтінін мәлімдеді.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж екенін 
айтқандар  арасында  басым  көпшілігі  өздерін 
сондай  қызметтер  алуға  құқылы  деп  санайды, 
бірақ,  сол  үй  шаруашылықтарының  өте  аз  бөлігі 
ғана, қызмет түріне қарай 10-15% ғана, көмек алу 
туралы  өтініш  беріп  көрген.  Әлеуметтік  көмекке 
келетін  болсақ,  өтініш  берудегі  басты  кедергі  – 
өтініш беру сатылары туралы ақпараттың жоқтығы, 
респонденттердің  үштен  екісі  ақпарат  мүлдем 
жоқ дейді. Қызметтердің кейбір түрлері бойынша 
өтініш  беру  тәртібіне  қатысты  (респоденттердің 
36% әлеуметтік-психологиялық қызметтер туралы) 
және  көмек  алу  құқығын  анықтау  ережелеріне 
қатысты 
(әлеуметтік-медициналық 
және 
әлеуметтік-психологиялық қызметтер туралы) көп 
түсінбестік бар сияқты.
Сапалық зерттеу аясында респонденттер дұрыс 
ақпарат  алуда  кедергіге  тап  болған  үш  саланы 
сипаттады.  Біріншісі,  ықтимал  көмек  алушылар 
мемлекеттік  қызметкерлерден  әлеуметтік  көмек 
туралы ешбір ақпарат алмайды, себебі, сұратылған 
ақпарат  берілмейді  немесе  олар  басынан-ақ 
ақпарат сұрауға қатты қорқады.
Екіншісі,  өтініш  беруге  қажетті  құжаттар 
туралы  ақпарат  жетіспеушілігі.  Яғни,  өтініш 
берушілер  қандай  құжаттар  жинау  қажет  екенін 
білмейді  немесе  бірінші  рет  өтініш  берерде 
қандай  мемлекеттік  органдарға  жүгінерін 
білмейді.  Негізі,  бұл  мәселе  біз  сұхбаттасқан 
респонденттердің әлеуметтік көмек алуына үлкен 
кедергі келтірмейді, басты қиындық – өтініш беру 
тәртібі  көптеген  түсінбестік  пен  қателіктерден 
кейін  ғана  түсінікті  бола  түседі.  Дәл  осындай 
жағдай  арнаулы  әлеуметтік  қызметтерге  де 
қатысты  туындайды,  сапалық  зерттеу  барысында 
жүргізілген сұхбаттасуға қатысқандар өтініш беріп 
көргендердің  өтініш  беру тәртібіне  және  қажетті 
құжаттарға қатысты әбігерге түскенін атап өтті.
Үшіншісі, 
әлеуметтік 
қызметкерлердің 
рөліне 
қатысты 
ақпараттың 
жетіспеушілігі 
немесе  түсінбестік.  Сапалық  зерттеуде  сұхбат 
берушілер  жалпы  әлеуметтік  қызметкерлердің 
жұмысына  көңілі  толатынын  жеткізді.  Олар 
әлеуметтік  қызметкерлерді  бірқатар  міндеттер 
атқарады,  мысалы,  ана  атанған  әйелдерге  құжат 
жинауға  көмектеседі,  олармен  МӘСК  және 
ПМПК  комиссияларына  бірге  барады,  жөргектер 
алып  келеді  және  жаңа  ақпарат  беріп  отырады 
деп  сипаттады.  Бірақ,  бірнеше  сұхбаттасушы 
әлеуметтік  қызметкердің  рөлін  жақсы  түсінбейтін 
болып  шықты,  әрі  олардың  баламен  жұмыс 
жасамайтынына  қатысты  қынжылады  екен. 
Нақтырақ  айтқанда,  әлеуметтік  қызметкерлердің 
рөлі ата-аналарға ақпарат беру және құжат жинауға 
көмектесу  арқылы  қолдау  көрсету  немесе  балаға 


12
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік 
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер 
күтім көрсету екені айналасында түсінбестік бар.
Ақпарат жетіспеушілігін дәлелдейтін ортақ жайт 
–  адамдардың  әлеуметтік  көмек  алуға  құқылы 
екенін  және  оның  қалай  алу  керек  екені  туралы 
ауыздан ауызға таралатын әңгіме арқылы немесе 
тіпті  кездейсоқ,  өзге  адамдардың  әңгімесінен 
естіп қалу арқылы білетіні.  
Зерттеу нәтижелері 3:
Өтініш беру рәсімі
Өтініш  беру  рәсімінің  күрделілігі  көмектің 
не 
қызметтің 
пайдаланылуына 
әсерін 
тигізеді,  себебі,  адамдардың  өтініш  беруге 
деген  ынта-құлшынысын  азайтады.  Сандық 
зерттеуде  әлеуметтік  көмек  беру  туралы  өтініш 
бермегендердің  (бірақ,  өздерін  құқылы  деп 
санайтындардың)  10-13%  қажетті  құжаттарды 
жинай  алмағандықтан,  өтініш  беруді  кейінге 
қалдырған.  Сонымен  қоса,  өтініш  беріп,  бірақ, 
өтініштері 
қабылданбаған 
респонденттер 
арасында  өтініштердің  12%-ы  құжаттар  дұрыс 
тапсырылмағандықтан 
қабылданбаған. 
Дәл 
осындай жағдай арнаулы әлеуметтік қызметтерге 
де  қатысты;  үй  шаруашылықтарының  шамамен 
10%-ы  өздерін  көмек  алуға  құқылы  деп  санаса 
да, тым көп уақыт алатындықтан, өтініш бермеген. 
Зерттеу  анықтағандай,  адамдар  өтініш  беруге 
31-120  күн  жұмсап,  өтініш  беретін  орынға  алты 
ретке дейін барған.
Әлеуметтік  көмек  беру  туралы  өтініш  беруді 
кейінге  қалдыруға  қажетті  құжат  ала  алмағаны 
себепші болды деген респонденттер жұмыссыздық 
туралы  анықтаманы  тапсыра  алмаған.  Кейбір 
адамдардың  осы  құжатты  тапсырудағы  қиындық 
деп  санауының  басты  екі  себебі  келесілер:  (i) 
жұмыспен қамту орталықтарының алыс орналасуы 
(аудан  орталықтарында  орналасқан);  және  (ii) 
жұмыспен  қамту  саясатының  шарттары  дұрыс 
әзірленбеуі.  Атап  айтқанда,  жұмыспен  қамту 
шарттарында  қоғамдық  жұмыс  саласындағы  бос 
қызмет  орындарына  орналасуға  ынталандыру 
жеткіліксіз, әрі жұмысқа орналасу кезінде қолдау 
көрсетілмейді. Оған қоса, кішкентай балалары бар 
аналардың  қажеттіліктерін  ескермейді,  ал  олар 
балалары  үш  жасқа  толғанға  дейін  жұмыс  табуы 
керек,  бірақ,  икемді  жұмыс  кестесі  бар  жұмыс 
орындары және балабақшалар жоқ болғандықтан, 
жұмыс табу қиынға соғады. 
Арнаулы  әлеуметтік  қызметтерге  келетін 
болсақ,  респонденттер  қызметке  еш  кедергісіз 
қол  жеткізген  күннің  өзінде  қызметтердің 
қолайсыздығын,  атап  айтқанда,  өтініш  берушілер 
көп  уақыт  пен  ақша  жұмсайтынын  және 
қызметтерге  қол  жеткізу  кешіктірілетінін  тілге 
тиек  етті.  Сонымен  қоса,  балалардың  басты 
қамқоршысы  болып  табылатын  әйелдер  үшін 
жағдай тіптен қиын.
Арнаулы  әлеуметтік  қызметтерді  алушылар 
үшін өтініш беру тәртібінің қолайсыз немесе көп 
уақыт  жұмсалуын  талап  ететін  нақты  тұстары 
келесілер:  (i)  медициналық  диагностика,  мұндай 
диагностика  баланың  ауруханада  жөнсіз  ұзақ 
уақыт  бойы  жатуын  талап  етеді  және  екі  жыл 
сайын  қайталанып  отырады  –  ата-аналардың 
ойынша, бала ауыр мүгедектік түріне шалдыққан 
жағдайда  мұндай  диагностиканың  ешбір  қажеті 
жоқ; және (ii) куәландыру комиссияларына (МӘСК, 
денсаулық  сақтау  секторы  арқылы  басқарылады 
және ПМПК, білім секторы арқылы басқарылады) 
өзі  және  баласы  баруы  қажет.  Бұл  кейбіреулері 
үшін өте қиын болған, олар медициналық диагноз 
қойылғаннан кейін МӘСК өткізудің еш қажеті жоқ 
деп санайды.
Зерттеу нәтижелері 4:
Тұрмысы төмен отбасыларға
арналған атаулы әлеуметтік көмек
алу құқығының шектеуші талаптары
Қолданыстағы 
тым 
қатал 
талаптар 
әлеуметтік  көмекке  шын  мәнінде  мұқтаж  үй 
шаруашылықтарының    қолжетімділігін  шектейді. 
Үй  шаруашылықтарын  зерттеу  барысында 
әлеуметтік  көмек  алуға  жүгінгендердің  70%-
ның  өтініші  қабылданбаған,  сол  қабылданбаған 
өтініштердің  95%-ның  себебі  өтініш  берушінің 
табысы  әлеуметтік  көмек  алу  үшін  белгіленген 
табыс  деңгейінен  асып  түсуі  болған.  Жалпы 
тұрмысы  төмен  отбасыларға  арналған  көмекті 
алу  үшін  белгіленген  шекті  талаптар  тым  төмен. 
Сонымен  бірге,  өтініші  қабылданбағандар 
кейбір табыс  және  мүлік түрлерін табыс  көлемін 
есептеуге  қосу  әділетсіз  және  орынсыз  деп 
санайды. 
Мысалы, 
мүгедектерге 
берілетін 
жәрдемақы және үйде енді тұрмайтын балаларға 
берілетін шәкіртақы мұқтаждықты тексеру кезінде 
ескеріліп, көбінесе үй шаруашылығын әлеуметтік 
көмек алу құқығынан айырады. Оған қоса, тұрақты 
емес  жұмыстан  тапқан  табысты  да  ескеру  көмек 
алғысы  келетіндердің табысын  асырып  көрсетеді 
деп есептейді. 
Тағы  бір  маңызды  жайт,  респонденттер  табыс 
ретінде  ненің  ескерілетіні  туралы  мүлдем  аз 
білетін болып шықты. Осының кесірінен олар әуел 


жүктеу 2,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау