15
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке
және арнаулы әлеуметтік
қызметтерге
қол жеткізудегі кедергілер
қызметкерлерді және жылжымалы әлеуметтік
орталықтарды құжат жинау үшін пайдалану туралы
баяндайды. Жылжымалы әлеуметтік орталықтардың
және әлеуметтік қорғау органдарының құжат жинау
және алу қызметтері пайдалы болғанға ұқсайды,
сондықтан, бүкіл елде кеңінен қолданылуы және
институттандырылуы тиіс. Әлеуметтік қызметті
күшейту
және
әлеуметтік
қызметкерлерді
өтініш берушілерге ақпарат беру және қажетті
құжаттарды жинауда көмектесу арқылы қолдау
көрсетуге тағайындау маңызды. Әрі, өтініш беру
тәртібін оңайлату, өтініш берушілер үшін қажетті
құжаттарды алуды оңай және қарапайым ету өте
маңызды.
Институционалдық әлеуетті күшейту
Бұл шара қызмет сапасы сақталуын және адамдар
әлеуметтік көмекке де, арнаулы әлеуметтік
қызметтерге де қол жеткізе алуын қамтамасыз
ету үшін керек. Қаражатты арнаулы әлеуметтік
қызметтер бүкіл ел аумағында жеткілікті көлемде
қолжетімді болуын қамтамасыз ету үшін сол
арнаулы әлеуметтік қызметтерді қолдауға тікелей
жұмсалуы тиіс. Бұл, әлбетте, бір күнде бола
қалмайды, қадам-қадаммен орын алуы керек.
Ұзақмерзімді келешекте білікті қызметкерлерді
жалдауға және даярлауға, ауылдық жерлерді
инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге қомақты
қаржы мен көп күш керек. Қызметтерге
қолжетімділікті күтім көрсетушілердің жолға
кететін шығындарын көтеріп алу үшін қаражат
бөлу арқылы және инватакси қызметтері торабы
мен қолжетімділігін кеңейту арқылы арттыруға
болады.
Стигма сипатындағы мінез-құлық пен
көзқарас туралы халық арасында ағарту
жұмыстарын жүргізу
Осы зерттеу нәтижелері қоғамның мүгедектік
мәселелерінен
хабардарлығы
жоқтығын
және мүгедектігі бар адамдар мен олардың
отбасыларына қатысты жағымсыз көзқарасқа
бой алдыруын көрсетті. Әлеуметтік қызметкерлер
қоғамдағы стигмаға байланысты ата-анасы
мүгедектігі бар деп мойындамаған мүгедек
балаларды анықтауда маңызды рөл атқара алады.
Кеңірек ауқымда қоғамдағы көзқарастарды
өзгерту үшін және мүгедектікті жақсырақ түсінуге
көмектесу үшін ағарту жұмыстарын жүргізу керек.
Қорытындылай келе зерттеу әлеуметтік көмекке
және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қол
жеткізуге тосқауыл болатын бірқатар кедергілерді
анықтады, олар келесілермен байланысты: АӘК
және МБЖ алуға қойылатын шектеуші талаптар
(табыс көлемінің тым төмен шекті деңгейі;
еңбекке қатысты жоқ табысты қоса есептеу; табыс
көлемін есептеу ережелері және әдістері); көмекті
және қызметтерді аз пайдалану (адамдардың
қандай көмек не қызмет бар екеніне қатысты
хабары және ақпараты болмауы; адамдарды
өтініш беруден тартыншақ ететін өтініші беру
тәртібі мен құжаттарға қатысты талаптар,
сонымен қатар, мүгедектігі бар балаларға қатысты
стигма салдары); қызметтердің тиісті көлемде
ұсынылмауы және оларға қол жеткізу қиындығы.
Зерттеу осында алуан түрлі кедергілерді қалай
еңсеруге болатынына қатысты ұсынымдар береді,
осылайша табысы төмен және ұрымтал болып
келетін балалы отбасылардың қолжетімділігін
арттыруға және толығырақ қамтылуына септеседі.