Өкілдігінің ресми көзқарасын білдірмейді



жүктеу 2,92 Mb.
Pdf просмотр
бет3/46
Дата23.12.2019
өлшемі2,92 Mb.
#24791
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46

Суреттер
Сурет 1. 
Ұзақмерзімді келешектегі атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны........................................17
Сурет 2. 
Ұзақмерзімді келешектегі арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылар саны............................18
Сурет 3. 
Атаулы әлеуметтік көмек алуға шын мәнінде құқылы 
               адамдар және өздерін құқылы деп санайтын адамдар.............................................................36
Сурет 4. 
Арнаулы әлеуметтік қызметтер алуға шын мәнінде 
                 құқылы адамдар және өздерін құқылы деп санайтын адамдар.................................................36
Сурет 5.
Өтініш берудің барлық сатыларына кеткен күндер саны, 
                            арнаулы әлеуметтік қызметтердің түрлері бойынша...................................................................70
Сурет 6.
Әлеуметтік көмектен хабардарлық, әл-ауқат квинтильдері бойынша, Қызылорда облысы......109
Сурет 7. 
Әлеуметтік көмектен хабардарлық, әл-ауқат квинтильдері бойынша, Маңғыстау облысы....... 109
Сурет 8.
Әлеуметтік көмектен хабардарлық, әл-ауқат квинтильдері бойынша, Астана қаласы..............110
Кірістірме
Кірістірме  1
:  
Нақты ұрымтал топтарға қызметтер көрсетуге қатысты заңдар және стандарттар....................19
Кірістірме  2
:  
Әлеуметтік көмек беру туралы өтініш бергендер тап болған қиындықтар.................................20
Кірістірме  3
:  
Мүгедектігі бар балалалар тап болған қиындықтар...................................................................23
Кірістірме 4

Тиімді ақпараттандыру ережелері....................................................................................... 26
Кірістірме 5

Тұрмысы төмен отбасыларға арналған әлеуметтік көмекке 
                       қол жеткізудегі бюрократиялық мәселелер...........................................................................38
Кірістірме 6:
 
Тұрмысы төмен отбасыларға арналған әлеуметтік 
                     көмек беру туралы өтініш беруге қажетті құжаттар...............................................................41
Кірістірме 7 :        
  
Шаруашылықты және бейресми кірісті қоса есептеу..................................................................44
Кірістірме8:
       
Халықаралық тәжірибеде кірісті ескермеу...............................................................................57
Кірістірме 9:          
   
Арнаулы әлеуметтік қызметтер аясындағы нақты қызметтер.....................................................59
Кірістірме10:
Мүгедектігі бар балаларға арналған арнаулы әлеуметтік 
                     қызметтер көрсету туралы өтініш беру рәсіміне шолу...........................................................60
Кірістірме11:
Білікті әлеуметтік қызметкерлерді жұмысқа қабылдаудағы 
Кірістірме12:
Инватакси қызметтерін көрсетуші іздеу, келісім-шарт 
                   жасау және ағымдағы шығындарын өтеу..............................................................................77


8
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік 
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер 
Алғыс
Осы зерттеу - жергілікті сапалық зерттеу жүргізумен айналысқан «Халықаралық 
дамыту  институты»  аналитикалық  орталығы  мен  «Сандж»  зерттеулер  орталығы 
және үй шаруашылықтарында сандық зерттеу жүргізумен айналысқан Қазақстан 
Республикасы  Ұлттық  экономика  министрлігінің  Статистика  комитетінің 
Ақпараттық-есептеу орталығы (АЕО) арасындағы бірлескен жұмыс жасау нәтижесі. 
Осыған орай, біз осы зерттеу үшін мәлімет жинаған аталған қос ұйымның барлық 
қызметкерлеріне  алғыс  айтамыз.  Атап  айтқанда,  біз  сапалық  зерттеу  жүргізу 
тобына  жетекшілік  еткен  «Сандж»  зерттеулер  орталығының  қызметкерлері 
Наталья  Байтүгеловаға  және  Айнагүл  Шәріпбаеваға,  сонымен  бірге,  сапалық 
зерттеу жүргізу тобына жетекшілік еткен АЕО қызметкерлері Нұрлыбек Жексенұлы 
Рахметовқа, Әсем Ғабдуллинаға және Марина Писоцкаяға алғыс айтқымыз келеді.
Сонымен  қатар,  біз  осы  зерттеуді  қаржыландырған  және  зерттеу  жүргізу 
барысында  ақыл-кеңесі  мен  үлесін  қосқан  Қазақстандағы  ЮНИСЕФ  Өкілдігінің 
бағдарламаларды үйлестіру ұжымына алғысымызды білдіреміз.


9
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік 
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер 
Қысқартулар
ҮШБЗ
АЕО  
ХӘАИ  
ТГ
ІІМ
ЕӘҚМ  
БҒМ
МӘСК  
OPM
Үй шаруашылықтары бюджетін зерттеу
Қазақстан Респбликасы Ақпараттық-есептеу орталығы 
Халықаралық әл-ауқат индексі 
Қазақстан теңгесі
Ішкі істер министрлігі
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі 
Білім және ғылым министрлігі
Медициналық-әлеуметтік сарапшылық комиссия 
Oxford Policy Management (даму мәселелері жөніндегі халықаралық 
консалтинг фирмасы)
Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация
Атаулы әлеуметтік көмек
Балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы
ПМПК
АӘК
МБЖ


10
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік 
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер 
Соңғы  жиырма  жыл  ішінде  Қазақстан 
халқының  экономикалық  және  әлеуметтік 
жағдайын 
жақсартуда 
айтарлықтай 
жетістіктерге  жетті.  Солардың  ішіндегі 
ең  елеулісі  –  1998-2011  жж.  аралығында 
кедейшілікті  он  есеге  жуық  қысқарту. 
Алайда,  елде  табысы  төмен  және  ұрымтал 
топтарды  әлеуметтік  көмекпен  және 
арнаулы  әлеуметтік  қызметтермен  ішінара 
қамту  мәселесі  сақталып  келеді
1
.  Осы 
зерттеу  табысы  төмен  және  ұрымтал 
болып  келетін  балалы  отбасылар  тұрмысы 
төмен  отбасыларға  арналған  әлеуметтік 
көмекке  (Атаулы  әлеуметтік  көмек,  АӘК 
және  Балаларға  арналған  мемлекеттік 
жәрдемақы, МБЖ
2
 ) және арнаулы әлеуметтік 
қызметтерге  қол  жеткізуде  тап  болатын 
кедергілерді  зерделейді.  Зерттеу  түрлі 
мекемелерге  орналастырылған  балаларға 
қарағанда  үй  шаруашылықтарында  өмір 
сүретін  балаларға  көбірек  көңіл  бөледі 
және  арнаулы  әлеуметтік  қызметтер 
тұрғысынан 
ең 
алдымен 
мүгедектігі 
бар  және  қимыл-қозғалысы  шектелген 
балаларды  қамтиды.  Зерттеу  2018  жылдың 
қаңтарына  жоспарланған  әлеуметтік  көмек 
саласындағы  жалпы  ұлттық  реформаларға 
дейін жүргізілді
3
.
Зерттеу үш аймақта сандық және сапалық 
зерттеу  жүргізуді  қарастырады:  Астана 
қаласы,  Қызылорда  облысы  және  Маңғыстау 
облысы.  Зерттеудің  сандық  компоненті  үш 
облыстың  әрқайсысында  1100  және  1700 
балалары бар үй шаруашылықтары арасынан 
кездейсоқ  іріктелген  үй  шаруашылықтарын 
қамтиды. 
Жалпы, 
іріктелімге 
3,982 
респондент 
(47,195 
үй 
шаруашылығы 
атынан)  кірді.  Үй  шаруашылықтарын  зерттеу 
Маңғыстау  мен  Қызылорда  обылстарындағы 
табысы  ең  төмен  аудандарындағы  балалы 
үй  шаруашылықтарының  және  Астана 
қаласындағы  табысы  ең  төмен  топтардың 
тіршілігінен 
көрініс 
береді. 
Сапалық 
компонент  құрамына  24  әлеуметтік  көмек 
алушымен,  тұрмысы  төмен  отбасыларға 
арналған атаулы әлеуметтік көмекті алмайтын 
33  табысы  төмен
4
  үй  шаруашылықтары-
мен  және  30  арнаулы  әлеуметтік  қызметті 
пайдаланушымен  жартылай  құрылымдалған 
сұхбат  жүргізу  кіреді.  Сонымен  бірге,  біз, 
қажет  болған  кездерде,  үкіметтегі  негізгі 
ақпарат  берушілермен,  техникалық  бағалау 
комиссияларының мүшелерімен, әрі арнаулы 
әлеуметтік қызметтер көрсететін бейүкіметтік 
ұйымдармен кеңестік.   
Зерттеу табысы төмен және ұрымтал болып 
келетін  балалы  отбасылар  тұрмысы  төмен 
отбасыларға  арналған  атаулы  әлеуметтік 
көмекке  қол  жеткізуіне  және  әлеуметтік 
көмек  беру  өтінішімен  жүгінуіне  ықпал 
ететін  жеті  топқа  жіктелген  факторларды 
анықтайды.        
Қысқаша шолу
 1       
Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңға сәйкес (2008 жылғы, 2015 жылы қайта қаралған) Қазақстан Үкіметі он бір түрлі ерекше 
жағдайда өмір сүретін отбасыларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге міндеттеледі.
2       
Тұрғын үй жәрдемақысы да тұрмысы төмен отбасыларға арналған атаулы әлеуметтік көмекке жатады, бірақ, осы зерттеуде қарасты-
рылған жоқ.
3     
 Осы реформалар бойынша МБЖ және көп балалы аналарға жәрдемақы төлеу тоқтатылады. АӘК те қайта қаралады. Жаңа, жетілдірілген 
АӘК аясында қазіргі АӘК-ке қарағанда шекті табыс деңгейі жоғарырақ болады. АӘК алу үшін табыс деңгейі жаңа ең төменгі күнкөріс деңгей-
інің 50%-на тең болуы тиіс болады; қайта қаралған ең төменгі күнкөріс деңгейі қазіргісінен баға ауытқуын ескергенде 9.1%-ға жоғарырақ 
болады (Carrarao et al. 2017). 
4     
 Табысы төмен отбасылар келесі көрсеткіштер негізінде анықталды: үй шаруашылығының басшысы ауыл шаруашылығында немесе көлең-
келі экономикада еңбек етеді; үй шаруашылығының басшысы созылмалы ауруға шалдыққан немесе мүгедектігі бар; үй шаруашылығында 
көп бала бар және тұрғылықты жері елді мекен орталығынан алыста орналасқан. Сондықтан, төмен табыс ұғымы Қазақстан Үкіметі ең төменгі 
күнкөріс деңгейі тұрғысынан кедейшілік деп анықтаған ұғымнан де кеңірек.


жүктеу 2,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау