Өкілдігінің ресми көзқарасын білдірмейді



жүктеу 2,92 Mb.
Pdf просмотр
бет9/46
Дата23.12.2019
өлшемі2,92 Mb.
#24791
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46

21
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік 
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер 
көп  жұмсалады.  Адамдар  өздерінің  көші-қонға 
қатысты мәртебесіне және аудан орталығына жол 
жүруге  байланысты  қажетті  құжаттарды  жинау 
қиын деп санайды (Carraro et al., 2016). АӘК және 
МБЖ  алу  үшін  өтініш  беру  тәртібі  басқа  көмек 
түрлерін  алуға  қарағанда  әлдеқайда  күрделі, 
нәтижесінде кейбір респонденттер тек көп балалы 
отбасыларға берілетін жәрдемақыны ғана алатын 
болып шықты, себебі, оларда басқа көмек түрлері 
туралы  жеткілікті  ақпарат  болмаған  және  олар 
барлық бірдей құжаттарды жинауға қиналған (сол 
дереккөзде).
•    Көптеген  өтініш  берушілер  көмек  алудан  бас 
тартқан, себебі, тұрғылықты мекен-жайы бойынша 
тіркелуге қатысты қиындықтары болған (Карраро 
Л.  және  т.б.  2017).  Тіркелген  мекен-жайында 
тұрмайтын отбасылардың өтініші қабылданбайды.
•  Оңалту орталығында әлеуметтік қызметтер алу 
үшін  өтініш  берушілер  емханада тексеруден  өтуі 
тиіс,  ал  емханада  кезек  ұзын-сонар,  тексеруден 
толығымен өту үшін 15 күн кетуі мүмкін. Сондықтан, 
ата-аналар  көбінесе  мұндай  қызметтер  алуға 
өтініш бере бермейді (Ковалевский A. 2012).
•  1,204  үй  шаруашылығында  жүргізілген 
сауалнама барысында олардың 67% (804) атаулы 
әлеуметтік  көмек  алуға  жүгінбеген,  ал  6%  (74) 
өтініш  бергенімен,  қабылданбаған.  Осы  өтініші 
қабылданбаған  топта  40%-ның  өтініші  толық 
құжаттар  топтамасын  тапсыра  алмағандықтан 
қабылданбаған,  ал  17%-ның  табыс  деңгейі 
белгіленген шектен асып түскен. Өтініш бермеген 
респонденттер  басты  себеп  ретінде  көмек  ала 
алатынына  сенімді  болмағанын  (54%)  атады,  ал 
16%-ның  табысының  көлемі  белгіленген  шектен 
асып түсетініне сенімді болған. Респонденттердің 
бір  бөлігі  өтініш  беру  барысында  жүктелетін 
шығындарды  сөз  етті.  Осылайша,  10%-ға 
жуығы  жәрдемақы  көлемі  оны  алуға  жұмсалған 
күшті  ақтамайды  деп  есептейді,  ал  тағы  10%-
ы  қажетті  құжаттар  жинауға  уақыт  пен  күш 
жұмсауға  құлықсыз  болған  («Сандж»  зерттеулер 
орталығының  Дүниежүзілік  банк  үшін  жүргізген 
зерттеуі, 2012).
АӘК  немесе  МБЖ  алу  құқығын  анықтау  үшін 
әкімшілер бірден жан басына шаққандағы отбасы 
табысын есептейді, нәтижесінде өтініш берушілер 
барлық керекті құжаттарды жинау қажет не қажет 
емес екенін бірден біледі. Халыққа қызмет көрсету 
орталықтарында мұндай есеп-қисап жасалмайды, 
олар  тек  құжаттарды  жинап,  жолдай  алады. 
Сол  себепті,  өтініш  берушілер  нәтижесі  қандай 
болатынын  білместен  құжат  жинауға  уақыт  пен 
қаражат жұмсауға мәжбүр.
Аталған  мәселелер  адамдардың  өтініш  беру 
тәртібін күрделі деп санайтындықтан қызметтерді 
және  көмекті  аз  пайдалануына,  сонымен  қатар, 
талаптарға  сай  келмейтін  өтініштер  берілуіне 
байланысты  болуы  мүмкін.  Осы  (және  басқа  да) 
факторлар  әлеуметтік  көмекке  және  әлеуметтік 
қызметтерге  қол  жеткізуге  әсерін  қаншалықты 
тигізетінін анықтау үшін көбірек ақпарат керек. 
Әлеуметтік көмек алу құқығының
шектеуші талаптары
Шектеуші  талаптар  қолданыстағы  әлеуметтік 
көмек  беру  жүйесінің  басты  кемшілігі  ретінде 
тіркелген.  2009  жылғы  әлеуметтік  төлем-
дер  туралы  мәліметтерге  жасалған  таладу 
көрсеткендей,  ең  төменгі  табыс  квинтиліндегі  үй 
шаруашылықтарының 70 пайызы ешбір әлеуметтік 
көмек  түрін  алмайды  екен  (Бабаджанян  Б.  және 
т.б.  2015).  Бұл  айтарлықтай  дәрежеде  әлеуметтік 
көмек  алу  үшін  белгіленген  шекті  табыс  деңгейі 
төмен болуымен байланысты, осының салдарынан 
кедей  топтар  арасында  атаулы  әлеуметтік  көмек 
алуға құқығы жоқ қосалқы топ түзіледі.
Көмекке  мұқтаждықты  анықтау  барысында 
еңбек  етуден  түскен  табыс  (жұмыс  жасаудан 
түскен  кіріс)  және  түрлі  әлеуметтік  төлемдер 
(жұмыс  жасаусыз  тапқан  табыс)  қоса  есептеледі. 
Осылайша 
негізгі 
мемлекеттік 
мүгедектік 
жәрдемақысы  және  мүгедектігі  бар  балаларды 
асыраушы  ата-аналарға/қамқоршыларға  беріле-
тін  жәрдемақы  үй  шаруашылығының  көмекке 
мұқтаждығын  анықтау  барысында  жалпы табысы 
ретінде есептеледі. Әлеуметтік төлемдер алатын үй 
шаруашылықтарының табысы белгіленген (төмен) 
шектен асып түседі де, отбасылар атаулы әлеуметтік 
көмек  алу  құқығынан  қағылады  (Бабаджанян  Б. 
және  т.б.  2015).  Нәтижесінде  осындай  отбасылар 
өздеріне  төленетін  жәрдемақыларды  қарапайым 
күнелтуге  қажетті  мұқтаждықтарына  жұмсауға 
мәжбүр  болып,  балаларының  мүгедектігіне 
байланысты  қажеттіліктерін  өтеуге  қаражаты 
жетпей қалады (сол дереккөзде).
Әлеуметтік көмекпен қамту мәселесін қарастыру 
кезінде  есте  сақтайтын  тағы  бір  жайт  бар,  АӘК 
ақшалай  түрде  жергілікті  бюджеттер  есебінен
8
  
беріледі.  Ал  жергілікті  бюджетте  қаражат 
жетіспесе,  АӘК  өтініштің  тіркелген  уақытына 
қарай  хронологиялық  тәртіппен  беріледі.  АӘК 
8
      Мемлекеттік әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу шарттары. 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 ЕӘҚМ бұйрығымен 
бекітілген. http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011426


22
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекке және арнаулы әлеуметтік 
қызметтерге қол жеткізудегі кедергілер 
тағайындау  кезінде  осы  тәртіпті  бұзып,  кейбір 
өтініштерге басымдылық беруге тыйым салынады.
Жоғарыда  айтылып  кеткендей,  келешектегі 
әлеуметтік көмек реформасы АӘК, МБЖ, төрт және 
одан  көп  балалы  (4+B)  үй  шаруашылықтарына 
берілетін 
жәрдемақының 
орнына 
жаңа, 
жетілдірілген  АӘК  түрін  енгізеді.  Сонымен 
бірге,  ең  төменгі  күнкөріс  деңгейі  (ЕТКД)  баға 
ауытқуын  ескере  отырып,  9.1  пайызға  ұлғаяды 
(Carraro et al., 2017). Жаңа жәрдемақы (жаңа АӘК) 
жаңа  ЕТКД  деңгейінен  50  пайызға  төмен  шекте 
бекітіледі.  ЕТКД  ұлғайтылғандықтан,  АӘК  көлемі 
қолданыстағы  МБЖ  шегіне  жақындайды  (сол 
дереккөзде).  Осының  арқасында  бұрынғы  АӘК 
қамту  аясымен  салыстырғанда  ең  кедей  топтар 
әлдеқайда ауқымдырақ қамтылатын сияқты.
Бұл  шара,  алайда,  атаулы  көмектің  тиімділігін 
және  қамту  аясын  ұлғайту  тұрғысынан  болмашы 
ғана әсерге ие болады. Табысы ең төменгі күнкөріс 
деңгейінің  50%-нан  жоғары  кедей топтар  көмек-
қолдаусыз  қалады.  Олар  басқа  атаулы  көмек 
(мысалы,  мүгедектігі  бар  балаларға  арналған 
жәрдемақы)  ала  алады,  бірақ,  негізгі  күнкөріске 
қажетті  қолдаудан  шеттетіледі. Тәжірибе  жүзінде 
табысы  ең  төменгі  күнкөріс  деңгейінің  50%-нан 
төмен  адамдар  мен  табысы  ең  төменгі  күнкөріс 
деңгейінен  сәл  ғана  төмен  адамдар  арасындағы 
айырмашылық  олардың  сатып  алу  қабілетінде 
айтарлықтай  айырмашылыққа  айналмайды.  Ең 
төменгі  күнкөріс  деңгейінен  аз  табыс  табатын 
адамдардың  барлығы  экономикалық  және 
әлеуметтік  оқшаулауға  жан-жақты  тап  болады. 
Бұл,  шын  мәнінде  солай,  себебі,  Қазақстанның 
статистика агенттігі қолданатын баламалық шәкілі 
күнкөріс деңгейінің тым төмен деңгейін белгілеп, 
кедей  халық  топтарының  үлесін  жасанды  түрде 
азайтады, ал нақты есептелетін болса, кедейшілік 
деңгейі үш есе жоғары болар еді (Карраро Л. және 
т.б.2017).
Олқылыққа толы көмекке
мұқтаждықты тексеру
Көмекке  мұқтаждықты  тексеру,  яғни,  үй 
шаруашылығының  табысы  қаншалықты  екенін 
анықтау  және  растау  ережелері  мен  рәсімдері 
көмек  беру  және  бермеуге  қатысты  қателіктерді 
анықтауда 
аса 
маңызды 
рөл 
атқарады. 
Зерттеулердің  пайымдауынша,  мұқтаждықты 
анықтау 
барысында 
үй 
шаруашылығының 
табысы  асыра  есептелуі  мүмкін.  Біріншіден, 
ауыл  шаруашылығынан  тсүкен  табысты  есептеу 
кезінде  сонау  2005  жылдан  бері  жаңартылмаған 
өндірістік  шығындар  қолданылады  (Карраро  Л. 
және т.б. 2016). Нәтижесінде кіріс жасанды түрде 
көтермеленіп,  үй  шаруашылықтары  әлеуметтік 
көмектен  қағылады.  Соның  салдарынан  кейбір 
жағдайларда  үй  шаруашылылықтары  әлеуметтік 
көмек  алу  үшін  ауыл  шаруашылығында  жұмыс 
жасамауды жөн көреді.
Екіншіден,  өтініш  берушінің  табысын  растай 
немесе  есептей  алмағанда,  әлеуметтік  көмек 
әкімшілері олардың табысын ең төменгі жалақыға 
теңестірген  жағдайлар  да  тіркелген  (Карраро  Л. 
және т.б.  2016). Табыс  көлемін  нақты,  әрі  сенімді 
растау мүмкін болмаған жағдайда оны осылайша 
есептеу  үй  шаруашылығының  табысын  асырып 
көрсетуге, осылайша әлеуметтік көмектен айыруға 
алып келуі мүмкін.
Қызметтердің бар-жоғы және
қолжетімділігі
Осы  тұстағы  қиындықтарды  бірі  -  қызметтерді 
жеткілікті  көлемде  көрсетпеу,  соның  салдарынан 
ел ішінде қызметтердің тапшылығы және ішінара 
ғана қолжетімді болуы. Сонымен қоса, білікті және 
толық  даярлаудан  өткен  мамандар  да  тапшы. 
Қызметтерге қол жеткізу үшін аудан орталығынан 
алыс тұратын адамдарға өте жиі ұзақ жол жүруге 
тура  келеді,  ал  жолдың  нашар  сапасы  мен  жол 
ақысының  қымбаттығы  керекті  қызметтерді 
пайдаланудан  тартыншақтауға  себепші.  Жалпы 
зерттеу  барысында  түрлі  облыстарда  әлеуметтік 
көмекке қолжетімділік әр-алуан екені анықталды, 
мұндай жағдай негізінен қажетті қызметтердің бар-
жоғына және тұрғындардың соларға қаншалықты 
оңай  қол  жеткізе  алатынына  байланысты  болып 
келеді.
Арнаулы  оқыту-коррекция  мекемелері  де 
жетіспейді, бұл жұмыс жасап тұрған мекемелерден 
шалғай  жатқан  шағын  елді  мекендердің 
тұрғындары үшін қиындық туғызады (Ковалевский 
A.  2012).  Олар  басқа  қызметтер  болмағандықтан, 
балаларының  білім  алуын  қамтамасыз  ету  үшін 
интернатқа  жіберуге  мәжбүр.  Сондай-ақ,  ақыл-
ойында  кемістігі  бар  және  аутизмге  шалдыққан 
балаларға күтім көрсететін мекемелер де тапшы. 
Әлеуметтік  қорғау  орталықтарының  бар-жоғы 
да түйіткілді мәселе болуы мүмкін. Сандық зерттеу 
анықтағандай,  Астана  және  Семей  қалаларында 
мүгедектігі  бар  балаларға  арналған  оңалту 
орталықтарының  саны  тым  аз,  ал  сұраныс  тым 
жоғары  болғандықтан,  ондағы  орындар  саны 


жүктеу 2,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау