|
Руководство для Центров занятости
|
Дата | 14.02.2018 | өлшемі | 24,97 Kb. | | #9652 |
| - Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа форматтағы бірыңғай жәрдемақы − атаулы әлеуметтік көмек енгізілетін болады. Жәрдемақы өзіне табысы аз отбасыларға арналған қолданыстағы үш әлеуметтік төлемді біріктіреді, олар: төрт және одан да көп баласы бар отбасыларға арналған арнаулы мемлекеттік жәрдемақы, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек (АӘК).
-
- Жаңа форматтағы АӘК табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-нан төмен отбасыларға отбасында еңбекке қабілетті мүшелерінің болуын ескере отырып, сондай-ақ олардың міндетті түрде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің шараларына қатысуы шартымен көрсетілетін болады.
- АӘК-тің жаңа форматы еліміздің өңірлерінде «Өрлеу» пилоттық жобасы аясында 2014 жылдан бастап шартты ақшалай көмекті көрсету түрінде жүзеге асырылуда.
- АӘК-тің жаңа форматын енгізуде негізгі рөл табысы аз отбасыларды анықтау мен ақпараттандыру және АӘК-тің жаңа форматына тарту, табысы аз отбасылардың белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау және осындай отбасыларды әлеуметтік қолдау міндеттері жүктелген Жұмыспен қамту орталықтарына беріледі.
- Аталған міндеттерді орындау үшін 2018 жылдан бастап жұмыспен қамту орталықтарының штаттарына әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистенттердің және консультанттардың қосымша лауазымдары енгізіледі.
1. Жан басына шаққандағы айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 %-нан төмен жеке тұлғалар немесе отбасылар жобаның қатысушылары бола алады. - 1. Жан басына шаққандағы айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 %-нан төмен жеке тұлғалар немесе отбасылар жобаның қатысушылары бола алады.
- 2. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасасу «Өрлеу» жобасына қатысудың міндетті шарты болып табылады.
- 3. «Өрлеу» жобасына қатысушы отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға міндетті.
- 4. Ақшалай көмекті тағайындау заңнамада айқындалған жағдайларда қосымша тағы 6 айға созу мүмкіндігімен 6 ай жүзеге асырылады.
- Халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, кедейлік ауқымын қысқарту, әлеуметтік масылдықтың алдын алу.
- Халықты «Өрлеу» жобасының шарттары туралы ақпараттандыру.
- Жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60%-нан төмен, құрамында еңбекке қабілетті азаматтары бар, табысы аз отбасыларды «Өрлеу» жобасына барынша тарту.
- Табысы аз отбасылардың барлық еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамту.
- Табысы аз отбасылардың мүшелеріне әлеуметтік бейімдеу шараларын көрсетуге ықпалдасу.
- Азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру және жұмысқа орналастыру
1. Жұмыспен қамту орталықтарының атынан «Өрлеу» жобасы бойынша Ассистенттер басқа мемлекеттік органдармен (халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, білім бөлімдерімен, ауылдық округ әкімдерімен және т.б.) бірлесе отырып, табысы аз мұқтаж отбасыларды анықтайды. - 1. Жұмыспен қамту орталықтарының атынан «Өрлеу» жобасы бойынша Ассистенттер басқа мемлекеттік органдармен (халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, білім бөлімдерімен, ауылдық округ әкімдерімен және т.б.) бірлесе отырып, табысы аз мұқтаж отбасыларды анықтайды.
- Мұқтаж отбасыларды анықтау үшін Ассистент отбасыларға мынадай критерийлер бойынша талдауды жүргізеді :
- - тұрмыстық жағдайы (жеке тұрғын үйдің, жеке қосалқы шаруашылықтың, автокөліктің болуы және т.б.);
- - отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің саны, оның ішінде еңбекке қабілеттілер, балалар, мүгедектер, зейнеткерлер, студенттер, күтім жасап отырған адамдар және т.б.);
- - отбасы табысы (отбасы мүшелерінің табысы, отбасының жан басына шаққандағы табысы);
- - отбасы мүшелерінің әлеуметтік деңгейі (жұмыс істейтіні, жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, зейнеткер, студент және т.б.).
- 2. Отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін «Өрлеу» жобасына тарту үшін Жұмыспен қамту орталығы Ассистентті өзектілігін жоғалтпаған бос орындар тізімімен, кәсіптік даярлау бағдарламасымен, сондай-ақ микрокредит беретін ұйымдардың тізбесімен және оны алу шарттарымен қамтамасыз етеді.
- 3. Ассистенттер ауыл әкімдерімен бірлесе отырып, тұрақты негізде азаматтарды «Өрлеу» жобасы туралы ақпараттандыру жұмысын:
- үлестірме материалдарды тарату (плакаттар, буклеттер және парақшалар);
- мектептегі ата-аналар жиналыстарына қатысу;
- ауыл әкімдері ұйымдастырған ауылдық жиындарда сөз сөйлеу;
- БАҚ-та сөз сөйлеу;
- азаматтарды жеке қабылдау барысында;
- елді мекендердің тұрғындарын аралау арқылы жүргізеді.
- Еңбек етуге әлеуметтік жұмылдыру
- Табысы аз отбасыларды анықтау
- және ақпараттандыру
4. Отбасы «Өрлеу» жобасына қатысуға келісім берген жағдайда Ассистент өтініш берушіні (отбасыны) өтініш толтыру және құжаттар топтамасын қабылдау үшін ауылдық округ әкіміне шақырады. - 4. Отбасы «Өрлеу» жобасына қатысуға келісім берген жағдайда Ассистент өтініш берушіні (отбасыны) өтініш толтыру және құжаттар топтамасын қабылдау үшін ауылдық округ әкіміне шақырады.
- 5. Жұмыспен қамту орталығы ауыл әкімінен құжаттарды алғаннан кейін өтініш берушіні:
- - қажетті көмек түрін анықтау;
- - отбасына көмек көрсетудің жеке жоспары мен отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасау;
- - отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік келісімшартқа қол қою үшін шақырады.
- 6. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі шешім шығарғаннан кейін Ассистент немесе ауылдық округ әкімі өтініш берушіні «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
- 7. «Өрлеу» жобасының тиімді іске асырылуы мақсатында Ассистент отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартының мерзімі аяқталғанға дейін жоба қатысушысына қолдау көрсетеді және отбасының белсенділігін арттырудағы әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуына мониторинг жүргізеді.
-
- Еңбек етуге әлеуметтік жұмылдыру
Органдардың/ұйымдардың ведомствоаралық өзара жұмысы мынадай нысандарда жүзеге асырылады: - Органдардың/ұйымдардың ведомствоаралық өзара жұмысы мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
- жұмыспен қамту мәселелер жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия;
- бірлескен қимылдарды іске асыру (іс-шаралар, акциялар, рейдтер). Мысалға, мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін шалғай орналасқан елді мекендерге мобильді топтардың шығуы);
- қажетті мәліметтермен ақпараттық алмасу;
- өзара іс-қимыл туралы келісімшартты жасасу, бірлескен нормативтік құқықтық актілерді шығару ;
- Өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларды кешенді түрде қолдау;
- Өмірлік қиын жағдайды еңсеру, мұқтаж адамдарды және олардың отбасыларын әлеуметтендіру және ықпалдастыру, әлеуметтік көмектің қажетті шараларын алуда олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қажетті жағдайлар жасауға жәрдемдесу.
- «Өрлеу» жобасын іске асыру аясында денсаулық сақтау, білім беру органдарымен және ұйымдарымен, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдармен (отбасылармен) жұмыс істеуге уәкілетті басқа да ұйымдармен тиімді ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
- Азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру және жұмысқа орналастыру
1. Жұмыспен қамту орталығы «Өрлеу» жобасы аясында ведомствоаралық өзара іс-қимылды үйлестіруші болып табылады. - Еңбек етуге әлеуметтік жұмылдыру
- Өзара іс-қимылды үйлестіру
- 1. Жұмыспен қамту орталығы «Өрлеу» жобасы аясында ведомствоаралық өзара іс-қимылды үйлестіруші болып табылады.
- 2. Жұмыспен қамту орталығы аудан (қала) әкімдіктерінің қаулы жобаларын әзірлейді, оларда мыналар:
- - ведомствоаралық өзара іс-қимылға қатысатын мемлекеттік органдардың/ұйымдардың (лауазымды адамдардың) және олардың қызмет түрлерінің тізбесі;
- - ведомствоаралық өзара іс-қимыл тәртібі мен нысандары және ақпаратпен алмасу шарттары;
- - ортақ іс-шараларды іске асыру тетігі және олардың іске асуына бақылау жасау тәртібі айқындалды.
- 3. Ведомствоаралық өзара іс-қимылқатысушыларының негізгі қызметтері:
- халықты ақпараттандыру;
- мұқтаж отбасыларды анықтау;
- өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларға көмек көрсету.
- 4. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ҚР қолданыстағы заңнамасында белгіленген өкілеттіктері шегінде жүзеге асырылады.
5. Жұмыспен қамту орталығы өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларға қажетті көмекті көрсету бойынша өкілеттігі болмаған жағдайда қажетті мәліметтерді немесе көмек түрлерін алу үшін «ЫНТЫМАҚ» жобасының қатысушыларына электрондық сұрау салу жолдайды. - Еңбек етуге әлеуметтік жұмылдыру
- «ЫНТЫМАҚ» жобасы аясында
- өзара іс-қимыл жасау регламенті
- 5. Жұмыспен қамту орталығы өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларға қажетті көмекті көрсету бойынша өкілеттігі болмаған жағдайда қажетті мәліметтерді немесе көмек түрлерін алу үшін «ЫНТЫМАҚ» жобасының қатысушыларына электрондық сұрау салу жолдайды.
- 6. Жоба қатысушылары Жұмыспен қамту орталығына өз құзіреті шегінде түрлі көмек шараларын көрсету мүмкіндігі туралы сұрау салуға жауап жолдайды.
- 7. Жұмыспен қамту орталығы отбасына көмек көрсетудің жеке жоспарын әзірлеу кезінде органдардың/ұйымдардың әлеуметтік көмек және бейімдеу шараларын көрсету бойынша ұсыныстарын қосады.
- 8. Орталық отбасын қолдауды және әлеуметтік келісімшарттың іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады.
- 9. «Ынтымақ» жобасының іске асырылу барысы жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық/қалалық комиссиялардың отырыстарында тұрақты түрде қаралады.
- 10. Жоба қатысушыларының үлгілік тізбесі:
- 1) Аудан (қала) әкімі;
- 2) Жұмыспен қамту орталығы;
- 3) Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
- 4) Білім бөлімі;
- 5) Медициналық ұйым;
- 6) Жергілікті полиция бөлімшесі;
- 7) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бөлімшесі»;
- 8) Ауылдық округ әкімдері;
- 9) Өзге ұйымдар (қажет болған жағдайда).
11. Іс-әрекет түрлері: - Еңбек етуге әлеуметтік жұмылдыру
- «ЫНТЫМАҚ» жобасы аясында
- органдардың/ұйымдардың іс-әрекетері
- Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің іс-әрекеті
- әкімнің (ауданның, қаланың, облыстық маңызы бар, республикалық маңызы бар қаланың және Астананың) іс-әрекеті
- жалпы жетекшілік және бақылау, сондай-ақ жоба аясында органдардың/ұйымдардың өзара іс-қимылын үйлестіру.
- ауылдық округ әкімінің іс-әрекеті
- - халықты ақпараттандыру;
- - көмекке мұқтаж отбасыларды анықтау;
- - «Өрлеу» жобасына қатысуға құжаттар қабылдау;
- - отбасының материалдық жағдайын зерттеу;
- - жеке қосалқы шаруашылық туралы мәліметтер ұсыну.
- - халықты ақпараттандыру;
- - көмекке мұқтаж отбасыларды анықтау;
- - «Өрлеу» жобасына қатысуға құжаттар қабылдау;
- - жұмысқа орналастыру.
- - халықты ақпараттандыру;
- - көмекке мұқтаж отбасыларды анықтау;
- - АӘК, МБК, ТК, ШАК, ЖАО шешімі бойынша әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу;
- - арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну.
- Еңбек етуге әлеуметтік жұмылдыру
- білім бөлімінің іс-әрекеті
- халықты ақпараттандыру;
- көмекке мұқтаж отбасыларды анықтау;
- білім беру жүйесі аясында әлеуметтік көмек көрсету (мектепте тамақтану, мектеп формасымен және кітаптармен қамтамасыз ету, жеткізу, жазғы демалысты ұйымдастыру және т.б.);
- білім алуға ықпалдасу (мектепке дейінгі, қосымша, орта және т.б.);
- балалардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар.
- медициналық ұйымдардың іс-әрекеті
- - халықты ақпараттандыру;
- - көмекке мұқтаж отбасыларды анықтау;
- - жүкті әйелдерді есепке қою;
- - әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету және скрининг өткізу.
- жергілікті полиция бөлімшесінің іс-әрекеті
- - халықты ақпараттандыру;
- - көмекке мұқтаж отбасыларды анықтау;
- - құқық бұзушылықтардың алдын алу (балалар қараусыздығы, тұрмыстық зорлық-зомбылық және т.б.).
- Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің іс-әрекеті
- - халықты ақпараттандыру;
- - көмекке мұқтаж отбасыларды анықтау;
- - әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу мемлекеттік қызметін көрсету үшін құжаттар қабылдау.
- «ЫНТЫМАҚ» жобасы аясында
- органдардың/ұйымдардың іс-әрекетері
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|