«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»



жүктеу 249,2 Kb.
Дата11.12.2017
өлшемі249,2 Kb.
#4025

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы 28 сәуірдегі

№ 279 бұйрығына

18 қосымша

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3.Мемлекеттік қызметті Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);

2) көрсетілетін қызметті беруші;

3) тұрғылықты жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші болмаған жағдайда – кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға жүгінген кезде – құжаттардың топтамасын көрсетілетін қызметті берушімен тіркеген сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні;

ауылдық округтің әкіміне құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 22 (жиырма екі) жұмыс күні;

ХҚО-ға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;

2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде – www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған;

2) ауылдық округ әкімінде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі;

3) ХҚО-да – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша, жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібінде көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы «броньдауға» болады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін жүгінген кезде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және мынадай құжаттарды ұсынады:

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсетілген қызметті берушіге, ауылдық округ әкімдігі немесе ХҚО-на ұсынылған жағдайда:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес отбасы құрамы туралы мәліметтер;



2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес адамның (өтініш берушінің отбасы мүшелерінің) алған табыстары туралы мәліметтер;

3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы мәліметтер;



4) көрсетілетін қызметті алушының (отбасы мүшелерінің) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (селолық немесе ауылдық әкімнен мекенжай анықтамасы);

5) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары аясында әлеуметтік келісімшарт жасаған жағдайда.



Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) – 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың бланкілері мемлекеттік қызметті көрсету орындарында көрсетілетін қызметті алушыларға беріледі және олар өздері толтырады. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген құжат салыстырып тексеру үшін түпнұсқа мен көшірмеде беріледі, содан кейін түпнұсқасы көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Көрсетілген құжаттарда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелер растаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты, тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты ұсыну талап етілмейді.

Көрсетілетін қызметті беруші, ауылдық округ әкімі, ХҚО қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

көрсетілетін қызметті берушіде, ауылдық округ әкімінде – тіркелген күні мен мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны;

ХҚО-да:
      1) өтініштің нөмірі мен қабылданған күні:

      2) сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;

      3) қоса беріліп отырған құжаттардың саны мен атауы;

      4) құжаттардың берілетін күні (уақыты) және орны;

      5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

      6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және олардың байланыс телефондары көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.



3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе)

олардың қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының не Астана және Алматы қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің (бұдан әрі – әкім) атына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Астана және Алматы қалалары, аудандар және облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің (бұдан әрі – әкімдік) кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні), оның қабылданғанын растау болып табылады.

ХҚО қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым ХҚО басшысының атына беріледі. ХҚО кеңсесіне қолма-қол да, почта арқылы да келіп түскен шағымды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады), оның қабылданғанын растау болып табылады.

Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), почта мекенжайы көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып

қойылатын өзге де талаптар
13. Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушылар «1414» Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгінгенде мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды ХҚО қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің – www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде;

2) ХҚО-ның – www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету статусы туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы «1414» арқылы алу мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91.

Мемлекеттік атаулы

әлеуметтік көмек

тағайындау және төлеу

қағидаларына

1-қосымша
Нысан
______________________________________________

(елді мекені, ауданы, облысы)


уәкiлетті органға

______________________________________________

(елді мекені, ауданы)

______________________________________________

(көше, үй және пәтер №, телефон)

мекенжайы бойынша тұратын

______________________________________________

(өтінiш берушінің тегi, аты, әкесінiң аты (ол болған кезде))


жеке куәлік № ___________________________________

берiлген күнi ____________________________________

ЖСН ___________________________________________

жеке шотының № _______________________________

қызмет түрі ______________________________________
Өтініш
Менiң отбасыма атаулы әлеуметтiк көмек тағайындауды сұраймын.

Менiң отбасым _____________ адамнан тұрады.

Өтінішке белгіленген үлгідегi құжаттарды − 3 данадағы 2 − 4-қосымшаларды қоса ұсынамын.

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтік көмектi тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

Өзгерiстер пайда болған жағдайда олар туралы он жұмыс күні ішінде хабарлауға мiндеттенемiн.

Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауапқа тартылатыным туралы ескертілді.

Менің табыстарымды (менің отбасымның табыстарын) Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының базасындағы деректермен салыстырып тексеруге, сондай-ақ ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын мәліметтерді қолдануға келісемін.
20 __ жылғы «___»_____________ _____________________

(Өтiнiш берушінің қолы)


Құжаттар қабылданды
20 __ жылғы «___»__________ ________________________________________

(құжаттарды қабылдаған адамның тегi, аты,

әкесінiң аты (ол болған кезде) және қолы)
Отбасының тiркеу нөмiрi _______________________________________

Өтініш қоса берілген құжаттармен учаскелік комиссияға 20___жылғы «__» _________ берілді.

20___жылғы «___»________ қабылданды.

Құжаттарды қабылдаған учаскелік комиссия мүшесінің тегi, аты, әкесінiң аты (ол болған кезде) және қолы _________________________________________;

уәкілетті органның ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күні туралы белгісі 20__жылғы «__» _______, құжаттарды қабылдаған адамның тегi, аты, әкесінiң аты (ол болған кезде), лауазымы, қолы_______________________________________________________________;
__ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ _

(қию сызығы)

Өзгерiстер пайда болған жағдайда олар туралы он жұмыс күні iшiнде хабарлауға мiндеттенемiн.

Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауапқа тартылатыным туралы ескертілді.

Менің табыстарымды (менің отбасымның табыстарын) Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының базасындағы деректермен салыстырып тексеруге, сондай-ақ ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын мәліметтерді қолдануға келісемін.

Өтiнiш берушінің қолы ___________________

Азамат _______________ өтiніші қоса берiлген _____ данадағы құжаттармен, отбасының _________ тiркеу нөмiрiмен 20 __ жылғы «___»_____________ қабылданды.
Құжаттарды қабылдаған адамның тегi, аты, әкесінiң аты (ол болған кезде), лауазымы, қолы________________________________________________________
Мемлекеттік атаулы

әлеуметтік көмек

тағайындау және төлеу

қағидаларына

2-қосымша

Нысан
Отбасының тіркеу нөмірі ____________


Отбасы құрамы туралы мәліметтер
_________________________________ ____________________________ (Өтініш берушінің тегі, аты, (мекенжайы, тел.)

әкесінің аты (ол болған кезде))





Р/с№


ЖСН

Отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты

(ол болған кезде)



Мекенжайы

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Туған күні және жылы

тіркелуі бойынша тұрғылықты жері

нақты тұрғылықты жері











































Өтініш берушінің қолы ______________ Күні _____________


Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтерді тексердім және 20__ жылғы «__»_______ жүргізілген Өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру актісі негізінде расталады.

Учаскелік комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) ____________________________________________________________________

(қолы)

Мемлекеттік атаулы



әлеуметтік көмек

тағайындау және төлеу

қағидаларына

3-қосымша

Нысан

Отбасының тіркеу нөмірі ____________


Өтініш берушінің отбасы мүшелерінің 20__ жылғы ___ тоқсанда тапқан

табыстары туралы мәліметтер


____________________________ _______________________________

(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)) (мекенжайы, тел.)




Р/с№

Отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты

(ол болған кезде)



Жұмыс орны (жұмыссыздар тіркелу фактісін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның анықтамасы-мен растайды)

Құжаттық расталған табыстардың сомасы*

Өзге де мәлімделген табыстар

Еңбек қызме -тінен түскен табыс

Зейнет-ақы, жәрдем-ақы

Кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс

Шәкірт-ақы

Алимент

Өзге де табыс түрлері












































































































Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауапқа тартылатыным туралы ескертiлдi.

* Табыстардың сомасын растайтын құжаттар (жұмыс орнынан берілген еңбекақы туралы анықтама, зейнетақы немесе жәрдемақы алушының куәләгінің көшірмесі, немесе әлеуметтік төлемдер туралы анықтама, келісімшарт көшірмесі немесе табысының сомасы көрсетілген атқарылған жұмыстар туралы акт; ұйымның алименттер, шәкіртақылары және басқа да бөлінгені туралы анықтама) өтініш берушінің отбасы мүшелерінің алған табыстары туралы анықтамалар қоса беріледі.

Өтініш берушінің қолы _______________________

Күні _______________________________________

Мемлекеттік атаулы

әлеуметтік көмек

тағайындау және төлеу

қағидаларына

4-қосымша

Нысан
Отбасының тіркеу нөмірі ____________
Жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер

(табыстарды есептеу үшін)


______________________________ _______________________

(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)) (үйінің мекенжайы, тел.)




Жеке қосалқы шаруашылық объектісі

Өлшем бірлігі

Үй малы

Жасы


Саны

Саяжай




Ірі қара мал:

сиыр, бұқа









Бақша




Жылқы:

бие, айғыр









Жер учаскесі, оның ішінде үй іргесіндегі жер учаскесі




Түйе, іңген







Шартты жер үлесі




Қой, ешкі







Мүліктік пай (берілген жылы)




Тауық, үйрек, қаз












Шошқа






Өтініш берушінің қолы _____________________________

Күні ______________________
Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі немесе

жеке қосалқы шаруашылықтың көлемі

туралы мәлімметтерге қол қоюға уәкілетті

органның өзге де лауазымды адамның тегі,

аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

_______________ ___________________

(қолы) (тегі)

Мемлекеттік атаулы

әлеуметтік көмек

тағайындау және төлеу

қағидаларына

5-қосымша

Нысан
______________________________________________

(елді мекені, ауданы, облысы)


уәкiлетті органға

_____________________________________________

(елді мекені, ауданы)

______________________________________________

(көше, үй және пәтер №, телефон)

мекенжайы бойынша тұратын

______________________________________________

(өтінiш берушінің тегi, аты, әкесінiң аты (ол болған кезде))


жеке куәлік № ___________________________________

берiлген күнi ____________________________________

ЖСН __________________________________________

жеке шотының № _______________________________

қызмет түрі ______________________________________
Өтініш
(Қағидалардың 7-тармағында көзделген жағдайдаларда)
Менiң отбасыма атаулы әлеуметтiк көмек тағайындауды сұраймын.

Менiң отбасым _____________ адамнан тұрады.

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтік көмектi тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

Мен бұдан бұрын Қағидаларға 2 − 4-қосымшаларда көрсеткен өткен тоқсанға мәліметтерде өзгерістер болған жоқ.

Өзгерiстер пайда болған жағдайда олар туралы он жұмыс күні ішінде хабарлауға мiндеттенемiн.

Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттарды бергенім үшін жауапқа тартылатыным туралы ескертілді.

Менің табыстарымды (менің отбасымның табыстарын) Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының базасындағы деректермен салыстырып тексеруге, сондай-ақ ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын мәліметтерді қолдануға келісемін.
20 __ жылғы «___»_____________ _____________________

(өтiнiш берушінің қолы)


Құжаттар қабылданды
20__ жылғы «___»_____________ _________________________________

(құжаттарды қабылдаған адамның

тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде))

Отбасының тiркеу нөмiрi _________

Өтініш учаскелік комиссияға

20_ жылғы «_____» _________ берілді.

20_жылғы «_____»________ қабылданды

Құжаттарды қабылдаған учаскелік комиссия мүшесінің тегi, аты, әкесінiң аты (ол болған кезде) және қолы _______________________________;

уәкілетті органның ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күні туралы белгісі 20__жылғы «__» _______, құжатты қабылдаған адамның тегi, аты, әкесінiң аты (ол болған кезде), лауазымы, қолы________________________________________________________________;

__ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ __ _

(қию сызығы)
Мен бұдан бұрын Қағидаларға 2 − 4-қосымшаларда көрсеткен өткен тоқсанға мәліметтерде өзгерістер болған жоқ.

Өзгерiстер пайда болған жағдайда олар туралы он жұмыс күні iшiнде хабарлауға мiндеттенемiн.

Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттарды бергенім үшін жауапқа тартылатыным туралы ескертілді.

Менің табыстарымды (менің отбасымның табыстарын) Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының базасындағы деректермен салыстырып тексеруге, сондай-ақ ақпараттық жүйедегі заңмен қорғалатын құпияларды қамтитын мәліметтерді қолдануға келісемін.

Өтiнiш берушінің қолы ___________________

Азамат _______________ өтiніші қоса берiлген _____ данадағы құжаттармен, отбасының _________ тiркеу нөмiрiмен 20 __ жылғы «___»_____________ қабылданды.


Құжаттарды қабылдаған адамның тегi, аты, әкесінiң аты (ол болған кезде), лауазымы, қолы_______________________________________

Мемлекеттік атаулы

әлеуметтік көмек

тағайындау және төлеу

қағидаларына

6-қосымша

Нысан
Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық

жүйелеріне сұрау салу


Уәкілетті орган немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы өтініш берушіден атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға құжаттарды қабылдаған кезде өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің ЖСН-і бойынша «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне мынадай:

1) жеке басын куәландыратын құжатты;

2) өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің тұрақты және бірге тұратын жері бойынша тіркелгені туралы;

3) барлық балалары Қазақстан Республикасында туған жағдайда (2007 жылғы 13 тамыздан кейін туған балалары бойынша) өтініш беруші балаларының ЖСН-і бойынша тууын тіркеу туралы;

4) өтініш берушінің (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылғы 1 маусымнан кейін тіркелгендер) неке қиюын (некені бұзуын) тіркеу туралы;

5) табыстары туралы (жалақы және әлеуметтік төлемдер);

6) шәкіртақының бар-жоғы және оның мөлшері туралы;

7) балаға қамқоршылықты (қорғаншылықты) белгілеу туралы;

8) жеке қосалқы шаруашылықтың бар-жоғы және саны туралы;

9) кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар туралы;

10) дара кәсіпкердің мәртебесі туралы мәліметтерді алу үшін сұрау салуды қалыптастырады.

Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-дан және ЕДБ АЖ-дан сұрау салынған мәліметтерді растайтын электрондық құжаттар тиісті мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың электрондық-цифрлық қолтаңбасымен, ЕДБ-мен, сондай-ақ уәкілетті органның атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға сұрау салуды жүзеге асырған Орталық бөлімі немесе Халыққа қызмет көрсету орталығы маманының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

Ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуы:


      1. АЖ-ақпараттық жүйе;

      2. ЕСБ АЖ – екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйе;

      3. ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмері

Мемлекеттік атаулы

әлеуметтік көмек

тағайындау және төлеу

қағидаларына

7-қосымша

Нысан

ХҚО


қабылдаған құжаттарды қайтару туралы

№ ______ хабарлама


20__ жылғы «___»_____________
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)________________

Құжаттар:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

_____________________________________________ себебі бойынша қайтарылды. (себебін көрсету)
Хабарлама жауапты адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған

_________________________________________ _________________



(жауапты адамның лауазымы) (Тегі, аты, әкесінің аты

(ол болған кезде))
жүктеу 249,2 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау