Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) – 45 сағат


Тақырып: ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы педагогиканың дамуы



жүктеу 2,88 Mb.
бет15/20
Дата25.05.2018
өлшемі2,88 Mb.
#17267
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Тақырып: ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы педагогиканың дамуы.

Дәрістің мазмұны:

  1. Ж.Аймауытовтың педагогикалық көзқарастары

  2. Х.Досмұхамедұлының педагогикалық көзқарастары

Ж.Аймауытов – ақын, ағартушы ұстаз, драматург, сыншы, публицист, аудармашы. Өзінің қоғамдық саяси, ғылыми педагогикалық еңбегімен тарихымызда өшпес мұра қалдырған, патшаның отарлау саясатына қарсы күресте бүкіл өмірін қазақ халқының ұлттық мүдделеріне арнаған, сол үшін жазықсыз жапа шегіп, құрбан болған қоғамдық қайраткер, әнші, добырашы, сегіз қырлы бір сырлы, тума талант, педагогика, психология ғылымының тұңғыш ғалымы.

Жас буынның жақсы білім алып, дұрыс тәрбиеленіп өсіп-өнуін, адам болуын арман еткен Жүсіпбектің оқу-ағарту саласында қалдырған мұрасы бай. Жас ұрпақты жаңа рухта тәрбиелеуді, олардың ғылымының әр саласыңда жан-жақты білім алуын көздеген еңбектер мен оқу құралдарын жазды. Бұған 1924 жылы жарық көрген "Тәрбиеге жетекші", 1926 жылы "Психология", 1926 жылы "Жан жүйесі және өнер таңдау" атты елеулі кітаптары дәлел бола алады. Бұл еңбектері педагогика мен психология әдіснамасы тұрғысынан әлсіз көрінсе де, өз дәуірі үшін аса пайдалы болды. Қазақ жастарына осы ғылымдар негізінде алғашқы мәлімет берді, ғылыми терминдердің шығуына негіз болды.

Қазақ мектептерінде оқыту жүйесінің қазақ тілінде жазылған ең алғашқы құралының бірі — 1929 жылы «Қазақ" баспасынан жарық көрген "Комплекспен оқыту жолдары" атты еңбегі. Өзі айтқандай, "мұғалімдерге, қайталама курстарға, тербие техникумдарына көмекші құрал" ретінде жазылған еңбекті Жүсіпбектің қазақ этнопедагогикасына қосқан игі үлесі деп тану керек. Олай дейтін себебіміз, сол уақыттарда кеңестік идеологияның әлі де қалыптасып үлгермеген білім беру жүйесіне, оқыту әдістеріне үлгі боларлық бұл дүние, шындығында, қазақтың ұлттық мектептерінің зор мұқтаждығынан туған еді.

Жүсіпбек Аймауытов бұрынғы Семей губерниясы, Кереку уезі, Қызылтау болысының бірінші ауылында 1889 жылы дүниеге келеді. Бес-алты жасьнан бастап ауыл медресесінде оқып, одан соң екі кластық (4 жылдық) орыс-қазақ училищесінде оқиды. Училищені жақсы оқып бітіргеннен кейін, Жүсіпбек Семей қаласына келеді.

Ақьндық қуаты ерте дамыған Жүсіпбек он жасында өлең жаза бастаған. Алғашқы бір шығармасы 1913 жылы «Қазақ" газетінде жарияланады. Семинарияда оқып жүрген жылдары жазған мақала, әңгіме жөне өлеңдері осы кезде Семейде шығып тұратын "Сарыарқа" газетінде (1917) "Абай" журналында жарияланады. 1916-1917 жылдары үш-төрт пьеса да жазады. Осы пьесалары кейінірек жарық көреді.

1917 жылы Семейде оқушы жастардың кеші болып, Жүсіпбектің "Ескі тәртіппен бала оқыту" деген комедиясы мен "Рабиға" атты драмасы қойылды. Онда басты рольдерде жас Мұхтар Әуезов пен Әміре Қашаубаев ойнаған екен. Мүндай орта Ж.Аймауытовтың қабырғалы қаламгер ретінде қалыптасып, өсуіне игі әсерін тигізсе керек.

Сөйтіп Жүсіпбек 1914 жылдан бастап 1919 жылға дейін Семей мұғалімдер семинариясына оқушы-семинарист болды. Ақпан буржуазиялық революциясьшың мәнін жете түсінбей, албырт көңілімен қабылдаған жас жазушы 1917-19 жылдары Алаш партиясында болды. Қатесін дер кезінде сезіне білген қаламгер көп ұзамай Кеңес өкіметі жағына өтіп, өзінің белсенді қоғамдық-саяси, өдеби шығармашылық және жемісті педагогикалық қызметін бастайды.

Жүсіпбек Аймауытов — бүкіл бітім табиғатымен, бар қабілетімен ерекше ұстаздығын аңғартқан педагог, жазушы. Ол жастайынан ескіше білім алып, молдалық еткен. 1908-10 жылдары бай-манап, байларға жалданып бала оқытқан. Ол Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқып жүргенде де жазғы демалыс айларында елге келіп ұстаздық етеді.

1920 жылы Ж.Аймауытов Қазақстанның үкімет құрамына еніп, Орынборға шақыртылады.

Оқу-ағарту халық комиссары Ахмет Байтұрсыновтың орынбасары болып жұмыс жасайды.

Жүсіпбек жауапты қызмет ете жүріп, жазу жұмысынан бір сәтте қол үзбеген. Жазушы, журналист, публицист ретінде түрлі тақырыпта жазғандары "Қазақ тілі" газетінде жарияланып тұрған. Семейде Кеңес өкіметі орнай сала 1919 жылдың желтоқсанның 15-нен бастап шыға бастаған тұңғыш Кеңес газетін ұйымдастыруға ат салысқандардың бірі. Сол газеттің, "Қазақ тілінің" алғашқы редакторының бірі де — Ж.Аймауытов. Ол оқу-ағарту, мәдени-тәрбие жұмысының қабілетті ұйымдастырушысы, терең білімді, мәдениетті, өнерлі, өнегелі, мәдениет қайраткері болған.

Оқуы мен қызмет бабына байланысты 1914 жылдан бастап, он жылдай Семейде болған кезінде Жүсіпбектің жақсы қарым-қатынас жасаған достарының қатарында жоғары аттары аталғандардан басқа Шәкәрім, Кекпай, Жұмат Шанин, Майра, Әміре сияқты әдебиет, өнер қайраткерлері бар.

Ол 1922-23 жылдары Қарқаралы мектептерінде үлгілі мұғалім ретінде танылады. 1924 жылы Ташкентке келіп, қазақ халық ағарту институтында дәріс береді. Келесі жылы Орынбордағы Қазақстан Атқару Комитеті атындағы әскери қызметкерлер дайындайтын мектепте сабақ береді. 1927-28 жылдары Шымкент педтехникумында қызмет атқарады.

Жалпы Жүсіпбек Аймауытов қаламгерлік соқпағын көсем сөзден бастайды. Оның бүл жоддағы шығармашылығы ұлт баспа сөзінің туу, қалыптасу кезеңдерімен тығыз байланысты. Өзінің алғашқы мақаласы турасында: "Ең алғаш басылған сезім, 1913 жылы болса керек, бір ақымақ алып сатардың болыс болам деп, елге месте шай апарып, елдің қулары болыс қоямыз деп, шайларын алдап алып, бос қайтқанын жазып едім, бұл хабар "Қазақ" газетінде басылды. Сол хабардың басылуы қалам ұстауыма үлкен себеп болды",-дейді С.Садуақасовтың анкетасына жауабында. Осыған қарап жас Жүсіпбек ұлт бостандығы үшін басын бәйгеге тіккен Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов сынды қайраткерлердің ісін ілгерілетуде азаматтығын танытты деуге толық негіз бар.

Ж.Аймауытов көсемсөз шебері ретінде жалаң үгіт, жалағай ұраннан бойын аулақ ұстады. Сондықтан да оның көсемсөздік шығармаларында салиқалылық, біліктілік анық байқалады. Ол "Абай" журналыңда "Сарыарқа", "Қазақтілі", "Ақ жол", "Еңбекші қазақ" газеттерінде қызмет жасаған. 20-жылдары ол атсалыспаған қазақ басылымы кем десек, артық айтқандық болмайды. "Жас қазақ", "Әйел теңдігі", "Жаңамектеп", "Сана", "Лениншілжас", "Жаңа әдебиет" журналының қаз-қаз басуына да Ж.Аймауытов қал-қадірінше еңбек сіңірді. 1923 жылы Мәскеуден шыққан "Темірқазық" журналы өзінің келешек авторларын жазғанда Ж.Аймауытов есімін де үлкен құрметпен атап өткен екен.

Жүсіпбектің мақалаларында 20-жылдардың ең көкейтесті мәселесін көтере білген. Айтарлық, көркем өнер, тіл, әдебиет, мектеп ісі, денсаулық жөніндегі көркем сөзді жазушының бұл мәселелерді тереңінен қозғағандығын, ұлттық үшін жанын ауырта білгендігін көрсетеді.

Ел басына қалың қасіретті ауыр күн туған кезде, Ж.Аймауытовтың адамгершілік мінезін, адал азаматтық қызметін теріске шығарып, Ишанов секілді әзімшіл, күншілдер қасақана жала жабады. Олар Аймауытовтың соңына жарық ала түседі. 1923 жылы басталған пәле-жала онан сайын асқындап, өрлей түседі. Ақыры Жүсіпбек тұтқынға алынып, 1926 жылы сотқа тартылады. Сот тергеуі үстінде жабылған жаланың беті ашылып, Аймауытов ақталып шығады.

1926 жылдан кейін Шымкент қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы педтехникум директоры қызметін атқарып жүрген кезінде, енді саяси айып тағылып, 1929 жылы Ж.Аймауытов тағы да тұтқынға алынады. Абақтыға қамалып, тас қамал, тар қапасқа ауыр азап шегіп, тарыққан аяулы адам Аймауытовқа енді қайтып жарық дүниені көру нәсіп болмайды.

Жүсіпбек 1930 жылы Москваға апарылып, Бутырка түрмесіне қамалған екен. Бұл түрме сонау XIX ғасырдағы Александровский централдан кейінгі "Барса келместің" нағыз өзі. Оған бір кірген адам жарық дүниеге шығуы неғайбыл.

Архив деректеріне сүйенсек, жазушы отбасында бес жан бар. Алайда, олардың тағдырлары бізге беймәлім.

Ж.Аймауытовтың 1926 жылы жазған аса бағалы, төл туындысы - "Қартқожа" романы. Осы романды оқи отырып ерекше бір сезімге бөленесіз. XX ғасыр басындағы қазақ даласындағы аласапыран, адасу — Қартқожа бейнесінде, сол

Халел Досмұхамедұлының педагогикалық көзқарастары (1983-1939)

Қазан төңкерісіне дейін оқыған, білімді қазақ зиялыларының қатарынан шыққан әмбебап ғалым-педагог, әрі дәрігер Халел Досмұхамедұлын ерекше атауға болады. Ол — Ресейдің сол кездегі ең ірі ғылым мен мәдениетінің орталығы Петербургтің әскери медициналық академиясын алтын алқамен үздік бітірген халқымыздың санаулы перзеттерінің бірі.

Қазақстанның өзінің жоғары оқу орындарының болмауы, арнаулы білім беретін мектептердің аздығы педагогикалық кадрларды даярлауды шешуде айтарлықтай қиындықтар туғызды. Қазақ ішінде сол жылдары педагогикалық жоғары оқу орындарын ұйымдастыруда ешқандай да мәдени және материалдық жағдай жоқ еді. Шамасы келгендер ғана жоғары оқу орындарына бара алатын.

Міне, осындай қиын кезде Қазақ Республикасына жоғары оқу орнын ашу ауадай қажет болды. Сондықтан да республика үкіметі алдына жоғары педагогикалық оқу орнын ашу туралы мәселе алғаш қойылғаннан бастап Досмұхамедұлы осы мәселенің басы-қасында больп, оны ұйымдастыруда орасан зор еңбек сінірді. Жоғары оқу орны республика астанасында ашылуы қажет еді. Алайда оқу үйінің болмауы мен маман ғылыми қызметкерлердің жетіспегендігінен, Қазақстанға жақын орналасқан сол кездегі ірі мәдени орталық Ташкенг қаласында уақытша ашуға тура келді.

1926 жьлдың 15 тамызынан бастап Ташкент қаласында "Қазақтың жоғары педагогикалық институты" (Казпедвуз) деген атпен ашылып, жұмыс жасауға кіріскен болатынды. Енді бұл педагогикалық институтының оқу жоспарын жасау үшін арнайы комиссия құрылып, оның құрамына Ташкент қаласындағы белгілі әдіскерлер мен профессор ғалымдар шақырылды. Х.Досмұхамедұлы, профессор Н.А.Димо, профессор А.Э.Шмидт, профессор В.И.Романовский, профессор Н.Н.Фиолетов, доцент Д.М.Барбаткин, профессор Н.Л.Лаппо-Данилевский және басқалар болды.

Халел жетекшілігімен жұмыс істеген комиссия Ташкенттегі Қазақтың жоғары педагогикалық институтының оқу жоспарының жобасын жасағанда РСФСР педагогикалык институтынан өзгеше жасалынды. Мұндағы басты қағида пәндер бағдарламаларында жергілікті ұлтгық ерекшеліктерді ескеру.

Ол қазақ мектептері мен жоғары оқу орындарына арналған бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Әсіресе, оның I және II сатыдағы мектептерге арналған "Әлі табиғат" оқулығы (1921 жыл); "Зоология" I бөлім; омыртқалық II сатыдағы мектептерге арналған (1922 ж); "Зоология" I бөлім; омырталық II сатыдағы меткептерге арналған (1922 ж); "Зоология", III белім (1926 ж); "Оқушылар гигиенасы" (1925ж) қазақ тілінде жарық көрді. Сонымен қатар "Қырғыз тіліндегі сингармонизм" (1923 ж), "Аламан" атты халық әдебиетінің жинағы (1926 ж) шықты.

Бұл ғылыми еңбектері негізінен медицина мен биология, қазақ тарихы мен мәдениеті, тілі мен әдебиеті, фольклористика мен этнография саласында жазылған. Сондықтан да бұл еңбектер әр салада жан-жақты зерттеуді қажет етеді.

Ташкентте Орта Азия университетінде, Қазақтың халық ағарту институтында студенттерге дәріс беріп, үлкен тәжірибе мектебінен өтті. 1927 жылдан бастап халық ағарту институтының негізінде Қазақтың мемлекеттік университетін ашуға дайындық жұмысы жүргізілді. Болашақ университеттің оку жоспары мен бағдарламасын, университетті ұйымдастыру жұмысының ұсынысын жасау жөнінде құрылған арнаулы комиссияның төрағасы болып Х.Досмұхамедұлы тағайындалды да, мүшелеріне Ташкештегі қазақ педагогикалық институтының оқу-ғылым бөлімінің меңгерушісі М.И.Слонима, профессор Наславский және ассистент Әлімхан Ермеков енгізілді.

Архив материалдары дәлелдегендей, Халелдің қоғамдық, ғылыми-педагогикалық және шығармашылық тұрғыдан жемісті еңбек еткен жылдарына Ташкенттегі кезеңі жатады. Бұл кезеңде ол өзінің дәрігерлік мамандығы бойынша әр түрлі емдеу мекемелерінде, жоғары оқу орындарында, Түркістан республикасының Денсаулық сақтау халық комиссариаты мен халық ағарту комиссариатының жауапты жұмыстарында ерен еңбегімен танылды.

Атап айтқанда, 1920 жылдың 28 маусымынан сол жылдың шілдесіне дейін Ташкент қаласындағы емдеудің физикалық әдістері институтының ординаторы қызметінде, 1921 жылға дейін Орта Азия университетінің хирургиялық клиникасының ординаторы қызметі бойынша жұмыс істеді. Түркістан республикасы Денсаулық сақтау халық комиссариатының коллегия мүшесі болып 1924 жылға дейін Орта Азия республикасының ұлттық-территориялық жағынан бөлінгенге дейін еңбек етті. Сол кездің өзінде ол Түркістан республикасында қазақ зиялыларының бірі болды.

Ол 1920 жылдан бастап белгілі ғалым, қоғам қайраткері, әрі ағартушы-педагог, әрі дәрігер ретінде танымал Ташкенттегі Қазақтың халық ағарту институтында (бұрынғы Казинпрос) санитарлық дәрігер және оқытушылық қызметті қатар атқарады. Сонымен бірге осы негізгі жұмыстарын атқара жүріп, Түркістан республикасы халық ағарту комиссариатының жанындағы Қазақ ғылыми комиссиясының төрағасы, Түркістан халық ағарту комиссариаты жанындағы Мемлекеттік Ғылыми Кеңестің (ГУС) төрағасы болып 1923 жылдың 15 қыркүйегінен 1924 жылдың 1 маусымына дейін жұмыс атқарды.

Қазақ мемлекеттік баспасының шығыс бөлімін басқарды, Қазақтың мемлекеттік баспасы меңгерушісінің орынбасары сияқты бірнеше жауапты қызметтерді атқара жүріп ғылыми-педагогикалық, әдеби, тарихи-этнографиялық еңбектерін жазды. Әсіресе, бұл кезеңде бірнеше мектеп оқулықтарын жазуға өзі белсене араласумен бірге қазақтың белгілі ғылым қайраткерлерін А.Байтұрсыновтың, М.Жұмабаевтың, Ж.Аймауытовтың, М.Әуезовтың, М.Дулатовтың т.б. оқулықтарының жарық көруіне мүмкіншілік жасады.

Жан-жақты ғалым, педагог, қоғам қайраткері ретінде Халел Досмұхамедұлы — халқымыздың тарихи мәдени өмірінде өзіндік із қалдырған бірқатар перзенттерінің бірі. Күні бүгінге дейін кейінгі ұрпақ оны "Алашорданың" көрнекті қайраткерлерінің бірі ретінде ғана танып, оның ғылыми-ағартушылық, педагогикалық мұрасы туралы білмей келді. Кезінде жеке адамға табыну мен заңсыздықтың құрбаны болған Х.Досмұхамедұлы аз өмірінің ішінде артына орасан зор сарқылмас мұра қалдырды.

1994 жылы 23 мамырдағы Министрлер Кабинетінің шешімімен Атырау университетіне ғұлама ғалымның есімінің берілуі Атырау облысы жұртшылығының мәдени өмірінде ерекше оқиға болып табылады.

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Халелді тануда және оның ғылыми мұрасын жан-жақты зерттеуде және насихаттауда біршама жұмыстар атқарылды.

2002 жылдан бастап, I курс студенттеріне арнап, "Халелтану" курсын университеттің барлық мамандықтарының оқу жоспарына университеттің Ғылыми Кеңесінің шешімімен енгізілді.

Бірінші республикалық Досмұхамедов оқуларының ұсыныстарының негізінде университетте жалпы және халықтық педагогика кафедрасының жанынан «Халелтану" ғылыми-педагогикалық зерттеулер зертханасы ашылды. Зертхана биылғы оқу жылынан бастап, ғылыми-педагогикалық зерттеушілер ортасына айналды. Х.Досмұхамедовтың тағылымдық мұрасын болашақ мамандар даярлау жүйесінде кеңінен пайдалану және университеттің оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жоспарлануда.

Халқымыздың біртуар алып тұлғаларының бірі, жан-жақты ғұлама ғалым, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері X. Досмұхаметов аз ғұмырының ішінде өзінен кейінгі ұрпаққа сарқылмас бай мұра қалдырды.

24 дәріс



Тақырып: ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы педагогиканың дамуы.

Дәрістің мазмұны:

  1. Қ.Бітібаева –ұлттық тіліміздің тәлімгері

  2. Н.Құлжанова мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесі туралы.

1. Бітібаева Қанипа Өскемен қаласы Жамбыл атындағы мектеп интернаттың қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Қ.Бітібайқызы әдебиетті өмір сабағы, өнер сабағы, ой сабағы, ойлану сабағы деп біледі. Ол өзінің әр сабағын кішігірім өнер туындысы дәрежесіне көтеруді мұрат еткен ұстаз. Қанипа өткір ойы, батыл пікірі, оқу-тәрбие процесін жетілдіруде тың серпіні бар, шығармашылық тәжірибесі қалыптасқан өте іскер жаңашыл мұғалім. Бітібаева Қанипа әр сабағын оқушылардың өзіндік ойлау қабілетін, таным белсенділігін дамыту негізінде өткізеді. Қ.Бітібаева оқушылардың өзіндік ойлау белсенділігін, творчествосын дамытуды әрбір баланың пікіріне жауапкершілікпен қарауды оқу-тәрбие процесінің негізіне алады. Оқушылары ассистент, лаборант-оқушы, дублер-мұғалім ролін атқарады. Олар кабинет жабдықтыруға, көрнекелік жасауға, техникалық оқу құралдарды көрсетуде, жұптық, топтық жұмыстар кезінде зерттеу әдісіне негізделген тапсырмаларды орындауға, үй тапсырмаларын тексеруге, бағалауда, семинар, конференция, практикум, сынақ сабақтарда, реферат қорғау, пікір қорғау сабақтарында да, сабақ ішіндегі микросабақтарды өткізуге де көмектеседі.

Қ.Бітібаева-«қазіргі кезде мұғалімді шығармашылық адамы ретінде бағалап отырғанда мұғалімге барлық еркіндік, ізденіске жол ашылып тұрғанда енді тағы жоғары жаққа алақан жайып, дайын дүние күтіп тұрмыз деген дұрыс па? Жоқ дүниені өзіміз жасайық. Қайта дайын оқулықты жаттатқызудан, оқу бағдарламасына қатып қалған заңдай жалтақтай қараудан білімділік те, тәрбиелік те құны жоқ диафильм, таблицаларға табынудан қол үзіп өз еңбегімізге жол ашайық»,- деп әр мұғалімнің еңбегінде өз қолтанбасы болуға шақырады. Талапкер ұстаздардың еңбегіне ғылыми-педагогикалық талдау жасау арқылы озат тәжірбиені көпшіліктің игілігіне ұсыну қажет. Бірақ «Жаңашылдық» кезекті науқанға айналмауын ескертеді. Қ.Бітібаева оқыту процесінің баланың рухани жан дүниесін, ой еңбегінің күрделі процесінің заңдылықтарын, жеке адамның қалыптасуы ерекшеліктерін зерттеуші ұстаз.

Қанипа өзінің мол жұмыс тәжірибесін шэкірттерге қазақ тілі мен әдебиетінің білім, тәрбие беруден түйген пікірлерін,ортаға салып, республикалық жэне орталық басылымдарда мақалалар жариялап отырады. Мәселен: Қ.Бітібаеваның «Құттықтаймыз» (Қазақстан мектебі, №1, 1990), «Жаңашыл еңбекке ұмтылайық» (Қазақстан мектебі №12, 1989), «Оұушылар твочествосын дамыту» (Қазақстан мектебі №10, 1989), «Я сделала свою карьеру» (Беседу вел Л.Красновский, «Народное образование», №5, 1990 стр.32-38) т.б мақалалары оқушы қауымға кеңінен таныс,

Сонымен республикаларымыздың мектептерінде бүгінгі күн талабына сай мол тәжірбие жинақтаған, әдістемелік шеберліктерін үнемі жетілдіріп, өздерінің күнделікті еңбектерімен, шәкірттерін де, әріптестерін де дән риза етіп жатқан ұстаздарымыз халық мақтанышы.

Өзінің жаратылысынан педагогтік еңбек - нағыз шығармашылық еңбек, ғылыми-зерттеу жұмысына бейім, етене жақын. Сондықтан мамандығым-мақтанышым деп санайтын ұстаздар ондаған жылдар ішіндегі еңбектерінде құнды тәжірбие жинақтағандарына қарамастан, әр күнгі 45 минутта өткізілетін сабақтарына, сыныптан тыс жүмыстарына да жан-жақты дайындалады. Олар бүгінгі сабақ оқушылардың ойлау қабілетін дамытатын, өздігінен жұмыс жасауға ізденуге жетелейтін, жеке пәндерге құштарлығын туғызатын түрлі әдіс-тәсілдермен өткізілетін сабақ болуын әдістемелік, педагогикалық заңдылық деп есептейді.

Сонымен мұғалім – өзінің барлық болмысынмен, мамандығына деген ыстық ықыласымен, ұстаздық еңбегіне жан кештілігімен, балаға деген шынайы махаббатымен көрінетін ең үлгілі, өнегелі адам. Мүғалім – әрбір қоғамның тұтас ауқымына айналған қайта құру, революциялық жаңару процесінде оң өзгерістер, жаңаша ойлау, шығармашылық іс-қимыл арқылы танылатын басты түлға. Міне,Қ.Бітібаева осындай үлгілі ұстаз, танымал тұлға, қажырлы, қайтпас педагог.

2. Нәзипа Құлжанова қазіргі Торғай облысының, Жангелдин ауданының көшпелі қазақ жанұясында дүниеге келген. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарындаөзінің тәлім-тәрбиелік ойларымен ерекше, қазақ әйелдерінің арасынан әлеумет өмірінде алғаш көрінген кісінің бірі - Нәзипа Құлжанова. Ол өткір журналист-публицист, педагог–тәлімгер, екі тілде де сауатты аудармашы, Шығыс еңбекші әйелдердің І-съезін ұйымдастырушылардың бірі, орыс жағрапия қоғамының Семей бөлімшесінің мүшесі еді.

Н.Құлжанованың белсенді араласуымен сонау 20-жылдардың өзінде-ақ мектепке дейінгі қазақ педагогика ғылымының іргетасы қалана бастады. 1924жылы Орынборда «Мектепке дейінгі педагогика: балаларды тәрбиелеу» атты педагогикалық жинақ, нұсқау кітабы жарық көрді. Кейіннен «Әйел теңдігі» журналында осы ізгілікті іс әрмен қарай жалғастырылды. Журнал беттерінде қазақ балабақшаларының озат тәрбиешілері, онда жүргізіліп жатырған түрлі тәрбие жұмыстарының жай-жапсары, мақсат-міндеттері жайлы көптеген мақалалар жарық көрді. Осы журналдың мектепке дейінгі тәрбие бөлімін басқарған Н.Құлжанова осынау көшпелі Қазақ елінде бұрын соңды болып көрмеген бала тәрбиесінің жаңа түрін аяғынан тәй тұрғызуға себепші болды. Нәзипаның тәлім-тәрбиелік пікірлері медицина ғылымымен сабақтасып жатады. Бұл жайт автордың «Бала күтімі», «Баланың өміріне күннің сәулесі, таза ауа аса қажет», «Баланың аурулары» т.б. мақалаларынан жақсы байқалады.

Н.Құлжанованың ұстаздық тәлімгерлік тұлғасын таныта түсетін екі еңбегі бар. Оның алғашқысы 1923жылы Орынборда шыққан «Мектептен бұрынға тәрбие» атты еңбегі еді. Кеңес үкіметінің алғашұы кезеңдерінде жаңа қоғамның иегерін тәрбиелеудің қажетті міндеттері, мұны іске асыру жолдары әлде де болса айқындала қоймаған. Мектеп жасына дейінгі балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізетін қоғамдық орындар мен әдістемелік құралдар жоқтың қасы еді. Н.Құлжанованың осынау тың жатқан істі өзіне зор міндет, басты проблема етіп көтеруі – оның асқан батылдығы да, бала тәрбиесінің сан-сапалы шараларын көрсете алатын біліктілер еді. Аталмыш еңбектерінде автор мектепке дейінгі балалар мекемелерінің тарихын, олардың отандық және шетелдік үлгілерін сөз етумен бірге қоғамдық ортадан тәрбие алатын баланың жас ерекшелігіне орай, оның қоршаған ортасының ықпал-әсерінен туындайтын психологиялық өзгерістерді кеңінен баяндайды.

Н.Құлжанова ХХғасыр басындағы орыстың аса ірі ғалымдарының мектепке дейінгі тәрбиеге байланысты көптеген еңбектерінің маңызды тұстарын бағдарда ұстап, қазақ қоғамындағы ағартушылық идеяларын, тәрбиенің ең бір түйінді саласын әліппелік дәрежесінде оқырманға ұсынған. Атам қазақтың көне заманнан бергі бала тәрбиесі мен аналық қасиетке қатысты ойларын ескере отырып, оқулық іспетті тағылымды еңбекті жазған.

25 дәріс

Тақырып: ХХ ғасырдың 40-90 жылдары Қазақтандағы педагогикалық теорияның дамуының негізгі мәселелері.

Дәрістің мазмұны:


  1. Республикада бастауыш, орта және білім беретін кәсіби жоғары мектептің дамуы

  2. 50-90 жылдарда республикада педагогика және психология ғылымдарының дамуы

Ұлы Отан соғысына дейінге жылдарда елімізде қалыптасқан мектеп жүйесі соғыстан кейінгі жылдарда да негізінен сақталды.

1945-1960 жылдары мектептердің, оларда оқитындардың саны кұрт өсе бастады. 1960 ж. Жалпы білім беретін 10363 мектеп жұмыс істеді ,онда 1млн.814 мыңнан астам оқушы оқып, білім алады.

1954 жылы тың игеру қозғалысы кезінде елде жаңа 360 совхоз орнап, жүздеген мектеп салынды.

1956 жылдан бастап мектептің жаңа түрі мектеп интернаттар ашыла бастады. Мектептің бұл түріне жалғыз ана тәрбиесіндегі балалар,мүгедек адамдардың балалары,ата-анасыз балалар алынады.Ата-анасыз балалар, көп балалы отбасындағы және аз жалақы алатын отбасындағы балалар түгелдей мемлекет қаржысына тәрбиеленеді.

Отбасына көмек көрсету мақсатында мектептерде балалар күні бойы болатын ұзартылған бөлімдер ашылды. Мектептің бұл түрі көпшілік тарапынан зор қамқорлыққа ие болды. Мұндай мектептерді ашуға колхоз, совхоздар, өндіріс орындары және ата-аналар белсене араласты. Бұл мектептердің жағымды жағы балалар сабақтан бос уақыттарында ұйымдасқан түрде жұмыстар жүргізіп, үй тапсырмасын орындап отырды. Мұғалімдердің бақылауымен орындалған тапсырмалар оқушылардың түсінбей қалған тақырыптарын қайта пысықтауға көмектесті. Сондай-ақ, мұндай мектептер нашар үлгіретін оқушыларға, жағдайсыз отбасындағы балаларға мектепті тастап кетпеуге ықпал етіп отырды.

1958 жылғы мектеп туралы заңға сәйкес 7 жылдық мектептер 8 жылдық мектептерге айналдырылды. Сегіз жылдық мектептерде балалар жалпы біліммен қатар, политехникалық дайындық алды.

1958 жылғы мектеп туралы заңға сәйкес 7 жылдық мектептер 8 жылдық мектептерге айналдырылды. Сегіз жылдық мектептерде балалар жалпы біліммен қатар, политехникалық дайындық алды.

1960 жылы республикада бюджетінен оқу-ағарту ісіне 2 миллиард сомға таяу қаржы жұмсалды. Сондай-ақ, осы жылдары Қазақстанда төл оқулықтар жасау мәселесі мықтап қолға алынды. Бұл іспен Е.Бекмаханов, Н. Сауранбаев, С. Аманжолов, І.Кеңесбаев, А. Ысқақов Т. Қордабаев, Ш, Шәкірбаев сияқты республикаға белгілі көрнекті ғалымдар айналысты.

1960 жылдардан бастап орта мектептердің өсе бастады. 1965-1966 оқу жылында республикада жалпы білім беретін 9500 мектеп болды.

1960-1970 жылдар арасында оқу мазмұнына ірі өзгерістер енгізілді. Мектептерді 7 жылдықтан 8 жылдыққа көшіру ісі 1962-1963 оқу жылында аяқталды. Оқушыларды емтихандар алу арқылы сыныптан сыныпқа көшіру, орта мектепті үздік бітірген оқушыларды алтын және күміс медальдармен марапаттау сияқты шаралар іске асырыла бастады.

Қазақстан мектептерінің құрылуында және дамуында республикалық педагогикалық баспасөздің ролі ерекше. Қазақтың мемлекеттік «Мектеп» баспасының оқу-тәрбие жұмысындағы елеулі еңбегі ерекше атап айтуды керек етеді. Бұл баспа жыл сайын мыңдаған тиражбен мектептерге арнап оқулықтар мен оқу құралдарын,оқытушыларға арналған методикалық және көмекші құралдарды дайындап шығарды.

Республикамызда «Мектеп» баспасы, Қазақстан мектебі журналы, «Қазақстан мұғалімі» газет» озат тәжірибенің таралуына сонымен қатар, педагогикалық идеяларды насихаттауда зор еңбек етті.

Алайда бұл жылдары оқу-ағарту саласында жаңа проблемалар туындады.

Тың игеру кезіндегі оңды өзгерістермен қатар,қазақ мектептеріне зиянды әрекеттер де болды.Мысалы осы жылдары республикада 700ден астам қазақ мектептері жабылып, олар орыс-қазақ мектептеріне немесе таза орыс мектептеріне айналды.Осы жылдары қазақша басылымдардың саны да кұрт азайып кетті.

Хрущевтік «жылымдық» пен Брежневтік тоқырау жылдарында қоғамдық прогрестің өрескел іркілістері кеңес халқының санасына жалпы адамзаттық абстрактілі мінез-құлық ережелерін барынша сіңіріп бақты.

Осыған байланысты Қазақстан үкіметі орыс тілін 1-сыныптан бастап оқытуды енгізді Ол ана тілінің мемлекеттік дәрежедегі рөлінің төмендеуін туғызды.

70-жылдары республикада жалпыға бірдей міндетті 8жылдық білім беру жүйесі жасалғанмен,мектеп өміріндегі кемшіліктер де аз емес еді.Оқу бағдарламаларын тым күрделі,қажетсіз, қосалқы материалдардан арылту проблемасы туды.

Жалпыға бірдей міндетті 8жылдық білім оқудың сапасына да кері әсер етті,өйткені «толық үлгерім» беру үшін жүргізілген науқанның желеуімен саналы оқуға талап қою төмендеп кетті. Оқушылардың білімге ынтасы кеміді. Арнаулы орта және жоғарғы оқу орындарында оқу орыс тілінде жүргізілгендіктен, қазақ мектептеріндегі оқушылардың саны кұрт төмендеп кетті.Ата-аналар арасында «орынша оқымасаң, дұрыс маман бола алмайсың, жоғары білім ала алмайсың»деген теріс түсінік кең етек жайды.

1980-1990 жылдары елімізде жаппай халыққа орта білім беру саласында біраз жұмыс жүргізілді. Соның бірі оқуға 6 жастан бастап алу мәселесі. Сондай – ақ, ауылдық жерлердегі шағын комплектілі мектептер проблемаласын шешу, бастауыш мектеппен балабақша комплексін ашу, баланы мектепке алдын ала даярлау, жаппай орта білім беруге көшу, мектепаралық оқу шеберханаларын ашу мәселелеріне ерекше көңіл беру.

Ы.Алтынсарин атындағы қазақтың білім проблемалары атындағы қазақ білім проблемалары институты оқу құраладрын жетілдіру, тілдерді тереңдете оқыту, компьютерлік ткхниканы қолдану арқылы білімді тереңде тиянақты меңгеру, бастауыш мектепте пәндерді интеграциялау, халық педагогикасының озық үлгілерін ұлт мектептерінің оқу-тәрбие процесіне батыл енгізу мәселелерімен айналысуда.

Оқуды өнермен байланыстыру, оқушыларды білімді өз бетемен іздене, дербес игеруіне баса көңіл бөлу қажеттілігі туындай бастады. Өйткені мұғалімдер көп жағдайжа процент қуалап, шәкірттерге сапасыз білім беруге бой ұрды. Мектеп бітірген оқушылардың көпшілігі теориялық білімді күнделікті өмірде қолдана алмайтын халге жетті.

1977ж Қазақстан Коммунистік партиясынның Орталық Комитеті мен Қазақ Министрлер совентіеің қалысына сәйкес оқушыларды оқулықтармен тегін қамтамасыз ету қолға алынды. 1981 жылы «Халық ағарту жүйесін одан әрі дамытуды, елімізді мамандар және маман жұмысшыларымен қамтамасыз ету қажеттілігін толығымен орындау» міндеті қойылды.

Оқушыларға еңбек, моральдық эстикалық тәрбие берудің формалары мен әдістерін жетілдіре түсуге ерекше көңіл бөлу мәселелері күн тәртібінде тұрды. Жалпы білім беретін мектептердің даярлық кластарына балаларды 6 жастан бастап оқытуға көшудің негізін жасау қажет деп көрсетілді. Мектептің ұзартылған күн топтарының санын 1986 жылы 13-14 миллионға жеткізу талап етілді.

Мектеп жанындағы интернаттар мен мектеп интернаттардың өсуіне жете көңіл бөлінді. Жеке пәндерді тереңдете оқытатын мектептермен қатар, Алматы қаласында физика-математика мектебі осы пәндерден жүйелі білім беру ісін жүзеге асырды.

Республика мектептерінде оқушылардың еңбекке баулу мәселесіне де көңіл бөлінді. Осы мақсатта мектеп аралық оқу-өндірістік комбинаттар ашылды, оқушылардың оқу-өндірістік бригадаларының саны көбейді.

Осы жылдары республикада 18 педагогқа институты және 26 педагогика училищелері мұғалімдер даярлау ісімен шұғылданды. Мұғалімдердің білімін жетілдіру институттары қалалық, облыстық, республикалық деңгейде қызмет жасады.

Ы. Алтынсарин атындағы қазақ білім академиясында оқу стандарттарын жасау қолға алынды. Академияның теориялық және пәндерді оқыту лабраториясында білім стандарттаудың төрт обьектісі қатар қолға алынды.

26 дәріс



Тақырып: ХХ ғасырдың 40-90 жылдары Қазақтандағы педагогиалық теорияның дамуының негізгі мәселелері.

Дәрістің мазмұны:

  1. Ә.Сембаевтың педагогикалық мұрасы

  2. Қ.Бержановтың педагогикалық мұрасы

  3. Н.Д.Хмельдің педагогикалық ойлары

Сембаев Әбдіхамит Ібнияұлы – қазақ мектебінің тарихын тұңғыш зерттеген ғалым (1905-1989жж)

1905 жылы Жезқазған облысы, Шет ауданында, Қарабұлақ аулында туған.

1931 жылы Абай атындағы Қазақтың Мемлекеттік Педагогикалық институтының химия факультетің бітірді. Педагогикалық жұмысты 1925 жылы мектепте мұғалімдіктен бастады. Одан кейінгі жылдары қазақ ССР Оқу Министрлігінің әдіскері, Қазақтың ауыл шаруашылық институтының оқытушысы, әрі директоры болды.Қазақ ССР-ы Оқу Министрі, Әл-Фараби атындағы Ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі және проректоры қызметін атқарды. Қазақ ССР Оқу Министрлігі жанындағы Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылыми-зерттеу институтының директоры және институт жанындағы үйлестіру Кеңесінің меңгерушісі болды.

1966 жылы Ғылым докторы дәрежесін,1967 жылы профессор атағын алды.

Ол ССР Педагогикалық ғылымдар академиясының мүше-корреспонденті болып сайланды. Сембаев Ә.І. Қазақ Совет мектебінің қалыптасуын зерттеуге үлкен еңбек сіңірген ғалым. Оның 30-дан астам ғылыми еңбегі жарық көрді.

Ол үлкен қоғам қайраткерлері бола жүріп,Қазақстандағы педагогика ғылымының өркендеп өсуіне қазақ-ұйғыр, орыс-қазақ мектептеріне байланысты К.Д.Ушинскийдің,Н.К.Крупскаяның пеғдагогикалық мұраларын жан-жақты зерттеген ғалым.

2. Педагогика ғылымының докторы, профессор Қ.Бержанов артына үлкен педагогикалық мұра қалдырған,Қазақстандағы педагогика ғылымының дамуына қосқан өзіндік үлесі бар көрнекті ғалым.

1947жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтының тарих факультетін бітірісімен институт қабырғасындағы қоғамдық және педагогикалық іске қызу араласып, студенттерге тәлім-тәрбие береді. Кейіннен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтында проректор әрі педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарған ол 1967 жылдан өмірінің соңына дейін Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі болды.

Қ.Бержанов бірнеше оқулық пен монографиялық еңбектің, 200-ге тарта мақаланың авторы. Оның бірі «Қазақстан мұғалімдерінің (1917-1941) қоғамдық және мәдени ағартушылық ісі тарихынан» атты монографиясы Қазақстандағы тұңғыш жазылған еңбектерінің қатарынан орын алады.

Ғалым туындыранының негізгі өзегінің педагогика тарихының мәселелері болып саналады. Ол оқу ағарту және жалпы мәдениет саласындағы халықтар ынтымағы мен достығын өз еңбегіне ұдайы арқау етіп отырады. Оның «Оқу ағартудағы халықтар достығы» атты ғылыми педагогикалық туындысы осы тұрғыда жазылған маңызды еңбек.

Ол 19 ғасырдың бірінші ширегінде орыс-қазақ қатынастарын даму тарихында Қазақстанның ағарту ісімен мәдениетіне оның тарихы мен табиғы байлықтарын зерттеуге ықпал етіп, белгілі із қалдырғандар - декабристердің Қазақстан жерінде зор маңызы бар деген тұжырымға келеді.

Орыс мәдениеті мен оқу ағарту ісінің Қазақстанның оқу ағарту ісіне тигізген тағы бір ықпалы ұйымдастырылған кадет корпустары. Сонымен бірге, Россияның ұлт аймақтарында, соның ішінде Қазақстанда орыс білімінің таралуына ықпалын тигізген 1789 ж Орынбордағы Меновой двор мешітінің жанынан қазақ баладарына арналған мұсылман мектебінің ашылуы қазақ жастарының орыс тілін үйренудегі алғашқы қадам болғанын баяндайды.

Қазақ жерінде тұңғыш ашқан дала қоңырауы атанған Ы.Алтынсаринның ұлы ағартушылар Абай мен Шоқанның орыстың озық мәдениетімен сусындап, оның оқу ағарту саласындағы озық идеаларын қазақ жеріне тұңғыш таратушы екенін түйіндей отырып ол бүгінгі Қазақстан мектептеріндегі үлкен өзгерістер ұлы орыс мәдениеті және орыс-қазақ достығының нәтижесінде қол жеткен теңдесі жоқ табыс екенін дәлелдейді.

3. Надежда Дмитриевна Хмель Украинада, Полтава облысының Варваровка селосында 1928 жылы дүниеге келген.

Дидактика саласында белгілі ғалым, ұлағатты ұстаз. 1965 жылы Н.Д.Хмель "Жоғары сынып оқушыларының жан-жақты қызғуын қалыптастырудағы жұмыстар" тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады, ал 1986 жылы "Мұғалімді кәсіби даярлаудың теориялық негіздері" тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. Кандидаттық диссертациясын көрнекті ғалым, профессор Р.Г. Лембергтің ғылыми жетекшілігімен орындады.

Әр түрлі жылдарда оның көптеген еңбектері жарық көрді. "Жоғарғы сынып оқушьшарының мәдени қызығулары" (1964 жыл), "Студенттердің өз бетімен жұмысын ұйымдастыру" (1969 ж), "Педагогикалық мәдениет және педагогикалық шеберлік" (1974ж), "Педагогикалық үрдіс мұғалімнің қызметінің нысаны" (1979 ж), "Мұғалімді кәсіптік даярлаудың теориялық негіздері" (1998 ж), "Педагогика ғылымының әдіснамалық негіздерін магистранттарға арналған арнаулы курстың бағдарламасы, "Теория и технология реализации целостаого педагогического процесса" (учебное пособие, 2002), "Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық үрдіс" (2002). Бүл еңбектердің барлығы да негізгі ойға біріккен мұғалімнің қызметін жетілдірудің теориялық және практикалық негіздері туралы ізденістері.

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Н.Д.Хмельдің ғылыми ізденістерінің негізгі бағыттары мектеп пен жоғары оқу орнының тұтас педагогикалық үрдісінің ерекшеліктері мен оны іске асыруға педагогтың даярлығының мазмұны арасыңдағы өзара байланысын анықтау. Бұл мәселе және оның жекеленген қырлары Н.Д.Хмельдің басшылығымен орындалған жұмыстарда өз шешімін тапты.

Бүгін де бұл — 60-тан астам каңдидаттық, және докторлық диссертациялар және ондаған зерттеуші жатқан жұмыстар. Бұл жұмыстардың барлығы да мұғалімді кәсіби даярлаудың әртүрлі аспектілеріне байланысты тақырыптарға арналған.

Зерттеу міндеттерін шешуге шығармашылықпен қарау және ғылыми-педагогикалық жұртшылықтың тарапынан өз бағасын алуы 1976 жылы профессор Н.Д.Хмельдің жетекшілігімен кафедрада "Жоғары педагогикалық оқу орындарында оқу-тәрбие үрдісінің ғылыми негіздері" атты зертхананы ұйымдастыруға негіз болды.

Н.Д.Хмельдің 5 монография, 150 ден астам ғылыми еңбегі жарық көрді. Көп жылдар диссертациялық кеңестің ғалым-хатшысы, докторлық кеңестің мүшесі, кейін төрайымы болды.

Республикада педагогика ғылымын дамытудаға қызметі мен белсенді шығармашылық ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін "Қазақстан Республикасыңда педагогика ғылымын дамытуда ерекше еңбегі үшін" белгілерімен марапатталды.

27дәріс



Тақырып: ХХ ғасырдың 40-90 жылдары Қазақтандағы педагогиалық теорияның дамуының негізгі мәселелері.

Дәрістің мазмұны:

  1. Г.А.Умановтың педагогикалық ойлары

  2. А.П.Сейтешовтың педагогикалық мұрасы

Григорий Абрамович Уманов - Абай атындағы қазақтың Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы ғылымына еңбек сіңірген қайраткер.

Григорий Абрамович - Әл-Фараби атындағы қазақтың Ұлттық университетінің тарих факультетінің түлегі. Университетті 1954 жылы бітірген Григорий Абрамович еңбек жолын Алматы медицина училищесін де тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеуден бастайды. Кейіннен Алматы қаласындағы еңбек колониялары мектептерінде ұстаздық қызымет атқарады, кейін сол мектепте директоры болып жұмыс істейді.

Григорий Абрамович Уманов сол кездің өзінде «қиын" балаларды төрбиелеудің ерекшеліктерін зерттеумен айналысты. Бұл зерттеу жұмыстарының негізінде 60-жылдардың бас кезінде "СССР-де кәмелетке жетпеген балалардың қылмыс жасау себептері" атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын ойдағыдай қорғап шықты.

Г.А. Уманов 1975 жылдан бастап, Абай атындағы Қазақтың Ұлттық педагогикалық университетінің педагогика кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. Оның кафедраға келуімен кафедра қызметкерлерінің ғылыми мүмкіншіліктері мен іскерлік диапазоны ұлғая түсті.

Г.А. Уманов педагогика кафедрасын 22 жыл басқарды. Педагогика кафедрасында оның іскерлік-кәсіби сапаларымен қатар, ұйымдастырушылық қабілеті мен ғалым ретінде қасиеттері қалыптасты. Кафедраны басқаруда ол профессор Р.Г.Лембергтің және доцент Джумагазиевна Райхан Иржанованың дәстүрін одан әрі жалғастырды.

Кафедраны басқарған кезінде Григорий Абрамович кафедра мүшелерімен бірлікке біршама жаңашылдық істерді іске асырды. Сондай жаңашылдық істердің қатарына 1988 жылы қала мектептерінің базасында ғылыми-оқу-әдістемелік кешендерді құру идеясын жатқызуға'болады. Ғылыми - оқу-әдістемелік кешендердің базасында студенттердің тәжірибесі іске асыруды, аспирантардың, мұғалімдердің ғылыми-зерттеу жұмыстары мен кафедра оқытушьларының зерттеу нәтижелері сынақтан өткізілді. Мектептің педагогикалық ұжымымен байланыстың екіжақты пайдасы болды. Ол – бірнеше ғьлыми еңбектердің авторы. Атап айтқаңда, "Жеке оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысының мәселелерін (1968), "Кәсіптік-техникалық училищедегі тәрбие жұмысының жүйесі" (1969) атты монографиялары жарық көрді.

1970 жылы Г.А. Уманов "Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім беруді дамытудың педагогикалық проблемалары" тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.

Г.А.Уманов - Қазақстанда ғана белгілі Ғылым емес, сонымен қатар ТМД елдерінде де танымал. Ол республикада педагогика ғылымын дамытуда ерекше еңбек сіңірді. Көп жылдар кандидаттық жөне докторлық кеңестердің төрағасы және мүшесі болды. Г.А.Уманов аспиранттардың, ізденушілердің кандидаттық және докторлық диссертацияларына ғьшыми жетекшілік етті.

Григорий Абрамовичтің ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыттарына Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім берудің қалыптасу және даму тенденциясының тарихы, шет елдерде білім берудің жөне педагогикалық кадрларды даярлаудың даму тарихы, орта жөне жоғары мектеп дидактикасының ғылыми негіздері, сонымен қатар "қиын" жасөспірімдерді тәрбиелеудің теориясы мен тәжірибесі жатады. Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері Григорий Абрамовичтің жарық көрген 116 еңбегінде көрініс тапты.

Григорий Абрамович Уманов халықаралық деңгейде таяу шетелдермен қатар, алыс шетелдермен ғылыми-педагогикалық байланысы бар.

Педагогика ғьлымын дамытудағы ерекше еңбегі және белсенді шығармашылық ғылыми-зерттеу жұмысы үшін Григорий Абрамович "Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі", "СССР денсаулық сақтау ісінің үздігі" белгілерімен, Н.К.Крупская және Ыбырай Алтынсарин атындағы медальдармен жөне "Қазақ ССР Жоғары мектебіне еңбегі сіңген қызметкер" құрметті атағымен мараптталды.

Ажес Петрович Сейтешев Кәсіптік педагогиканың негізін салушы педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасы ғылыми еңбек сіңірген қайраткер Ажес Петрович Сейтешев 1929 жылы қазан айының 9-ші жұлдызында бұрынғы Гурьев облысы, Еспол ауданында (қазіргі Атырау облысы, Индер ауданы) дүниеге келді. Әке-шешесінен 3 жасында жетім қалған Ажес 1932 жылы Өрлік елді мекеніндегі балалар үйіне тапсырьшады да, сонда 1938 жылға дейін тәрбиеленеді.

Гурьев қаласына өз бетімен келіп, жастайынан жетімдіктің, жоқшылықтың тауқыметін тартады. Соғыс жылдарында Гурьев қаласында әр түрлі мекемелерде слесарлық қызмет атқарады. Соғыс аяқталғаннан кейін 1946 жылы қаладағы қолөнер училищесіне оқуға түсіп, оны 1948 жылы токарь мамандығы бойынша, үздік бітіріп шығады. Сол жылы жолдамамен Ташкент қаласындағы индустриялық педагогикалық техникумға оқуға түседі. Техникумда оқып жүргенінде армия қатарына алынып, 1953 жылға дейін әскери борышын өтейді. Әскери борышын өтеп болғаннан кейін техникумда оқуын жалғастырады. Қырғызстанның Фрунзе қаласына мамандығы бойынша жолдама алады.

Фрунзе қаласындағы 3 техникалық училищеде өндірістік оқу шеберінің қызметін атқара жүріп, кешкі политехникалық институтқа оқуға түсіп, оны 1962 жылы уздік дипломмен бітіріп, осы училищеде оқу-өндіріс жөніңдегі директордың орынбасары және директоры қызметін атқарады.

Кәсіптік-техникалық училищеде жұмыс атқарған кезінде ол 380 жас жұмысшы кадрларын даярлады, оның түлектерінің бірі Мемлекетгік сыйлықпен марапатталды.

1969 жылдан 1974 жылға дейін Қырғыз педагогикалық ғылыми-зертгеу институтының аға ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді. 1975 жылдан 1980 жылдарға дейін жоғарыда аты аталған институттың кәсіптік-техникалық педагогика бөлімін басқарды.

1980 жылдан бастап, Қазақтың ауылшаруашылық институтында инженерлік-педагогикалық факультетінде еңбек етті.

А.П.Сейтешев кәсіптік-техникалық училищелерде оқушы жеке тұлғасын кезеңмен қалыптастырудың теориялық тұжырымдамасы негізінде Қырғызстан және Қазақстан мектептерінде оқу-тәрбие үрдісін интенсификациялау бойынша 20 жылдан астам тәжірибе жұмысын жүргізді.

1964 жылы кандидаттық диссертациясын ойдағыдай қорғаса, 1973 жылы болашақ жас жұмысшаларды даярлаудың әлеуметтік-психологиялық жене педагогикалық мәселелері бойынша докторлық диссертация қорғады.

Қазақтың ауылшаруашылық институтының кәсіптік педагогика кафедрасының меңгерушісі, профессоры, лаборатория меңгерушісі қызметтерін атқарды.

Профессор Ажес Петрович Сейтешев бұрынғы Орта Азия және Қазақстанда, қала берді Ресейде кәсіптік-техникалық педагогика саласында көрнекті маман, ғалым болды. Оның 42 монографиялық еңбегі, 24 оқулығы, 80 кітабы, мыңнан астам ғылыми-әдістемелік мақалалары жарық көрді.

А.П.Сейтешев көп жылдар жас болашақ жұмысшы тұлғасын қалыптастырудың тұтас үрдісін зерттеу мәселесімен айналысты. Осы тақырыпта бірнеше монографиялық еңбектері мен кітаптары жарияланды.

А.П.Сейтешев Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі және бұрынғы КСРО Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі секілді ғылыми атақтарға ие. Ғылыми зерттеу жұмысының негізгі бағыттары:

1. А.П.Сейтешевтің ғылыми жұмысы кәсіби педагогиканың жан-жақты мәселелерін қамтиды, жоғары мектеп педагогикасының мәселелері, кәсіптік оқытудың психологиялық мәселелері, жастарды кәсіби даярлау жүйесінің ғылыми тұжырымдамасы мен әдіснамасын жасау; кәсіптік бағдар беру жүйесін құрудың әдіснамалық қағидалары; кәсіби педагогикада жобалау зерттеулерінің негізгі бағыттары (жастарды кәсіптік даярлау жүйесінде педагогикалық жобалаудың әдіснамалық негіздері).

2. А.П.Сейтешевтің ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі, басты бағыты, болашақ жас жұмысшының жеке тұлғасын тұтас үрдісте қалыптастырудың ғылыми тұжырымдамасын жасау.

А.П.Сейтешевтің "Оқушылардың техникалық қызығуын дамыту", "Кәсіптік-техникалық училищенің оқушылар мен жас жұмысшалардың кәсіптік бағыттылығын тәрбиелеу жолдары", "Оқушыларды жұмысшы мамандығына бағдарлаудың педагогикалық негіздері", «Болашақ жас жұмысшының жеке түлғасын қалыптастыру жолдары" жөне т.б. еңбектері мектеп мұғалімдері, кәсіптік-техникалық училищелердің шеберлері мен оқытушылары үшін қолдан-қолға түспейтін кітаптары болып есептеледі.

Ол әр уақытта да халықаралық, республикалық аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, педагогикалық оқуларға белсене қатысып отырды, Фрунзе, Ташкент, Киев, Харьков, Минск, Москва, Свердловск, Алма-Ата, Шымкент және т.б. қалаларда өткен халықаралық конференцияларда ғылыми баяндамалар жасады.

А.П.Сейтешев докторлық диссертациясы елімізде кәсіптік педагогикалық негізін салушы, белгілі ғалым, Кеңестер Одағының батыры, КСРО Педагогикалық ғылым академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, СЯ.Батышевтің ғылыми жетекшілігімен қорғаған болатынды.

28 дәріс



Тақырып: Егеменді Қазақстандағы педагогика және мектеп.

Дәрістің мазмұны:

  1. Білім беру жүйесінің жалпы сипаттамасы.

  2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту.

  3. Жалпы орта білім беру.

  4. Жоғары кәсіптік білім беру.

  5. Жоғары оқу орынан кейінгі кәсіптік білім.

Дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен білім беру үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізілуде. Республиканың жоғары оқу орындарына енгізіліп жатқан түрлі өзгерістер мен эксперименттер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, оқытушы іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды көздейді.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі өзара іс-қимыл жасайтын:

1) білім беру деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының және білім беретін оқу бағдарламаларының;

2) меншік нысандарына, үлгілері мен түрлеріне қарамастан, білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының;

3) білім беруді басқару органдары және тиісті инфрақұрылымдар, оның ішінде білім сапасы мониторингін жүзеге асыратын ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету ұйымдарының жиынтығын білдіреді.



Білім беру жүйесінің міндеттері:

1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.

2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;

3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүр­лерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;

4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажет­тігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту;

6) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәрте­бесін арттыруды қамтамасыз ету;

7) білім беру ұйымдарының еріктілігін, дер­бестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру;

8) қоғам мен экономиканың қажеттеріне жауап беретін білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;

9) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технология­ларды енгізу және тиімді пайдалану;

10) жалпы оқытудың, жұмыс орны бойынша оқытудың және еңбек нарығының қажеттері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге өзінің білімге негізделген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін өмір бойы дамыту;

11) білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциясы;  

12) білім алушылардың кәсіптік бағдарлануын қамтамасыз ету;

13) жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен белсенді өзара іс-қимыл арқылы техникалық және кәсіптік білім берудің озық қарқынмен дамытылуын қамтамасыз ету болып табылады.



Білім беру деңгейлері

Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі білім беретін оқу бағдарламаларының үздіксіздігі және сабақтастығы принципі негізінде мынадай білім беру деңгейлерін:

1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды;

2) бастауыш білім беруді;

3) негізгі орта білім беруді;

4) орта білім беруді (жалпы орта білім беруді, техникалық және кәсіптік білім беруді);

5) орта білімнен кейінгі білім беруді;

6) жоғары білім беруді;

7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қамтиды.

2. Ғасырдан астам тарихы бар және өлемдік қоғамдастықта балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі нысаны ретінде сыннан еткен балалар бақшасы бүл күвдері де үздіксіз білім берудің бірінші сатысьшың және балалардың ерте бастан өлеметтенуінің тиімді үлгісі болып қалып отыр.

Балалардың мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиелеу қүқығын қамтамасыз ету мақсатында 5-6 жасар бүлдіршіңдердің балабақшадағы екі жьщдық міндетті әрі тегін мектепке дейінгі даярлығы енгізілді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дейінгі сапалы білім бағдарламаларына қол жететіндігін арттыру нысандарының бірі мектепалды институты болады, ол балаларды балалар бақшасыңца, жалпы білім береіін мектепте жөне отбасында мектепалды даярлануды барлық жерде үйымдастыруды қамтамасыз етеді. Мектепалды институт — бүл мектепке дейінгі ересек жастағы, негізінен бүрын балалар бақшаларына бармаған балалар үшін оқу-тәрбиелі үрдісті мақсатты бағытта үйымдастыру институты.

Мектепадды даярланудың қызметі мыналар:

— балалардың төн сүлулығы мен психикалық саулығын сақтау әрі нығайту;

— балалардың интеллектуалдық және түлға ретіндегі дамуын қамтамасыз ету, олардың эмоционалдық салауаттылығы жөнінде қамқорлық;

- балалардың дамуындағы кемістіктерді түзету;

- баланың толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен өзара өрекет ету.



3. Үздіксіз білім беру жүйесінің ең негізгі буыны Қазақстан Республикасы Конституациясының 30-бабына сәйкес барлық азаматгар үшін міңдетіі болып саналатын орта білім жүйесіңце елеулі өзгерістер бар. Бүрынғы үлгідегі кәсіптік-техникалық білім саласы арнаулы орта білім ретінде енгізілді. Осыған орай колледждерге түсу базасы өзгертідді. Егёр осы уақытқа дейін қодданылып келген білім үлгісі бойьшша колледждерге тек 11-сынып бітіргендер ғана түсе алатын болса, еңді жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбьш бігіргендер қабылданатъш болады. Колледжге қабылданған 11-сынып бітіргендердің оқу мерзімі олардың жалпы білім беретін немесе кәсіптік мектептердегі алған білімдеріне сәйкес қысқартылады.

Жалпы бүл деңгей жаңа үлгіде үш сатыдан: бастауыш мектеп (1-4-сьшыптар), негізгі мектеп (5-10-сьшыгггар) және орта мектеп (11-12 сыныптар) сатыларынан түрады.

Жаңадан қабылданған білім беру жүйесінің түжырымдамасында 1997 жылғы қабылданған Лиссабон конвенциясы бойынша әлемдік білім кеңістігіне интеграциялануды, дипломдарымыз бен аттесттарымызды мойыңцау үшін, отавдық білім жүйесі білім берудің үзақтығы факторын орындауы керек, демек жаңа білім мен ақпаратты алу жағдайында интеллектуалдық мүмкіндіктерді дамытуда 12 жылдық орта білім беруге кезеңмен көшуді іске асыру қажеттілігін ерекше күн тәртібіне қойып отыр 12 жылдық оқытуға көшу:

- жоғары сыныптарда оқыту үрдісін мамандықтарга бағьптау арқылы шөкіртгердің дара қабілеттерін д амыту ү 111 і 11 жағдай жасауға мүмкіншілік береді;

— шәкіртгердің даралық қажетгіліктерін, өз бетімен жүмыс істеу дағдыларын қалыптастыруды ескере отырып, оқу бағдарламаларын тиімді үйымдастыру үшін жағдайлар жасайды;

— Лиссабон конвенцияларының үсыныстарына сәйкес халықаралық деңгейде оқытудың жөне білімдік бағдарламалардың үзақтығы бойынша университетке дейінгі білім беруді салыстыруды қамтамасыз етеді;

— сонымен қатар Қазақстандық қоғамның дамуы ерекшелігін, оның ішінде жастарды қалыптастырудың білімдік, түлғалық түрғыдан жоғары қарқынын, өз тарихы, мөдениеті, менталитеті мен білімдік базасын, 12 жылдық оқытудың балалар мен жосеспірімдердің әлеуметтену үрдістеріне өсерін ескеруді қажет етеді.

Жалпы білім беретін мекемелер негізінен мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер болып табьшады, сонымен қатар жаңа түрпатты оқу орындары гимназиялардан лицейлерден түрады.

4. Жоғары кәсіптік білім берудің мақсаты - жоғары білімді мамандарды даярлау және қайта даярлау, жеке тұлғаның білімін орта (толық) жалпы, орта кәсіптік білім берудің базасында терендету және кеңейту қажеттілігін қамтамасыз ету. Жоғары білімді жоғары көсіби білім беру мекемелерінде (жоғары оқу орыңдарыңда, университетгерде, академияларда, институттарда, колледждерде) алуға болады. Бастауыш және орта кәсштік білімі бар жастар мамандықтарына сөйкес жоғары кәсіптік білімді қысқартылған, жеделдетірілген бағдарлама бойынша ала алады.

Жоғары білім беруді дамытудың негізгі тенденциясы мамандарды даярлаудың сапасын арттыру, инновациялық білім беруді дамыту, жоғары оқу орындарындағы ғылыми зерттеулердің елеуметтік сала мен экономикалық қажеттіліктерімен тығыз байланысына, білімдік жөне ақпараттық технологияны жетіддіруге алып келеді.

Қазіргі жағдайда жоғары білім беру жүйесіне жаңа сапалық және қоғамдық мәртебе беру қажет. Оның бірінші кезектегі міндеті—жоғары сапалы мамандарды жедеддете дайындау, икемділік жөне бейімділік.

Жоғары білім берудің мақсаты — сапалы жоғары білім алуда қоғамның, мемлекеттің жөне жеке тұлғаның қызығушылығын қамтамасыз ету, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, түрлерін және мерзімін таңдауға жан-жақты мүмкіншіліктер жасау.

Жоғары білім берудің міндеттері:

- жан-жақты іргелі білім негіздерімен қаруланған, белсенді, еңбек нарқы мен технологияның өзгермелі талаптарьша бейімделген, комавдада жүмыс істей білетін және формациядағы мамандарды даярлау;

— жоғары оқу орындарын халықаралық аккредитациядан өтуге даярлау. Тавдаулы жоғары оқу орыңдарын дамыту үшін объективтік жағдай жасау;

— жоғары оқу орындарын басқарудың жаңа принциптері мен тәжірибесін қалыптастыру, стратегиялық жоспарлаудың жүйесін енгізу;

- сапалы білім алуға студенттердің қүқығын нығайту.

Жоғары базалық білім беру (бакалавриат) арқылы іске асады.

Бакалавр дипломы барлық мамандықтар үшін ортақ даярлық бағьпы бойынша терең де іргелі, жан-жақты кәсігаж даярлықтың аяқталғаңдьпъш біддіреді. Осыңдай даярлық жас маман - бакалаврларға бағыты көлемінде көптеген ғылым саласында жене қосымша мамандықтар бойынша еңбек нарқының қажеттілігіне байланысты еркін бағдарлауға мүмкіншілік береді.

5. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру үздіксіз білім беру жүйесінің жоғары деңгейі болып табылады және оның қүрамына магистратура және докторантура (РҺД) кіреді.

Бүл деңгейдің мақсаты қоғамды, экономиканы, өңцірісті, ғылымды, жетілдірудің проблемаларьш шешуге қабілетгі білім мен ғылымның интеграциясы негізінде ғылыми, ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлаудың тиімді жүйесін жасау болып табьшады.

Міңдеттері:

- магистратураны жоғары оқу орнынан кейінгі деңгейге ауыстыру жөне докторлық бағдарламаны (РҺД) енгізу;

— жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелердің базасында жүмыс істейтін магистратурада ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлаудың жаңа үлгісін енгізудің механизмін жасау;

— оқытудың кредиттік технологиясына негізделген Болон үрдісіне сәйкес кәсіптік кадрларды даярлаудың біртұтас жүйесін ендіру (бакалавр — магистр - РҺД);

— еңбек нарқы сүраныстарына сәйкес жаңартьшған білім бағдарламасы негізінде мамандарды мақсатты даярлауды қамтамасыз ету;

— шетелдің белгілі жоғары оқу орындарымен байланыста бірнеше Қазақстандық университетгердің базасында докторлар РҺД даярлау бойынша орталықтар үйымдастыру.

Магистратурада даярлық 3 бағытта жүргізіледі:

1) іскерлік басқару — менеджмент және т.б. салада мамандарды терендетілген бейімдік даярлық;

2) ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызмет үшін ғьшыми-зерттеу даярлығы;

3) аралас бейімдікдаярлық.

Магистрларды даярлау оқытудың ғылыми-өдіснамалық бағыттьшығын және белгілі салада терендетілген арнайы даярлықты қамтитын білімдік бағдарламаларға негізделеді.

Магистратураны бітіргендерге магистр академиялық дөрежесі беріледі, олардың докторантурада оқуын жалғастыруға қүқы бар.

Докторантура Қазақстан білім беру жүйесінде ең соңғы білімдік деңгей болып есептеледі.

Докторлық бағдарламаның негізгі ерекшеліктеріне мыналар жатады:

— оқьггу мен ғылыми-зертгеу жүмысының арасьщда тиімді тепе-теңдікті қамтамасыз ету;

— кең көлемде ғылыми, білімдік және әдіснамалық даярлықты меңгеру.

Докторлық бағдарламаны және докторлық диссертация қорғаған ғалымдарға философия докторы (РҺД) академиялық дәрежесі беріледі, ал бейімдік докторантураны меңгергендерге бейімдік бағыты бойынша доктор дәрежесін береді.

Докторлық бағдарлама бойынша оқу мерзімі 3 жылдан кем болмайды.

Әлемдік білім кеңістігіне интеграциялану талаптарына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі көсіптік білім беру қүрылымын халықаралық талаптарға сәйкес келтіру мақсатында кадр даярлауды болашақта үш деңгейлі жүйеге толық көшу қарастырлып отыр: бакалавриат — жоғары базалық білім беру; магистратура, докторантура (РҺД) — жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Магистратура мен бакалавриатга оқу үрдісін үйымдастыру кредитгік технология негізінде іске асуы тиіс. Бүрынғы аспирантура жүйесі халықаралық стандартқа жауап бермегендіктен, болашақта жойылады.

29 дәріс

Тақырып: Егеменді Қазақстандағы педагогика және мектеп.

Дәрістің мазмұны:


  1. Қазіргі оқу-тәрбие орындары.

  2. ҚР Конституциясының, ҚР Білім туралы Заңының, ҚР Жоғары білім туралы Заңының, білім берудің мемлекеттік стандарттарының білім беру мәселесіне қатысты жақтары.

“Бiлiм туралы” Заң - білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы аядағы мемлекеттік саясатының негізгі принциптерін белгілейді және Қ.Р. азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған құжат. 2007-ші жылы қабылданды.

Заңның тараулары: 1 – жалпы ережелер; 2 – білім беру жүйесін басқару; 3 – білім беру жүйесі; 4 – білім беру мазмұны; 5 – білім беру қызметін ұйымдастыру; 6 – білім беру қызметінің субъектілері; 7 – педагог қызметкердің мәртебесі; 8 – білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу; 9 – білім беру жүйесін қаржылық қамтамасыз ету; 10 – білім беру саласындағы халықаралық қызмет; 11 – ҚР білім беру саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық.

Заңдағы жаңалық – педагог қызметкерлердің мәртебесі туралы норманың негізделуі.

Заңда 12 жылдық білімнің құрылымы анықталды. Ол: бастауыш білім – 4 жыл, 1-4 сыныптар; негізгі орта білім – 6 жыл, 5-10 сыныптар; жалпы орта білім – 2 жыл, 11-12 сыныптар.

Кредиттік технологияға негізделген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің үш деңгейлі моделі (бакалавриат – магистратура – докторантура PhD) заңнамасымен бекітіліп отыр.

Білім беру процесіне қатысушылардың жауапкершілік шараларын күшейтуге бағытталған принцип өзгерістер мен толықтырулар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне енгізілді. Ол 5-тен 50 есеге дейінгі айлық есептік көрсеткіштегі айыппұл қарастырылған мынадай жаңа 20-1 тараумен толықтырылды. Олар: педагог қызметкерлердің педагогикалық этика нормаларын бұзуы; білім беру саласындағы заңнамада қарастырылған ата-аналар орындауға жатпайтын міндеттер; білім беру ұйымдары басшыларының оқушылар мен қызметкерлердің денсаулығына жеңіл залал келген жағдайда орындауға жатпайтын міндеттері; лицензиялық талаптар деп мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын бұзушылық.

ҚР «Білім туралы» заңына сәйкес Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне кіру міндеті: білім берудің құрылымы мен мазмұнын жаңарту; оның технологиясын жетілдіру; білім беру сапасының ұлттық бағалау жүйесін дамыту жолдары арқылы шешіледі.

30 дәріс



Тақырып: Егеменді Қазақстандағы педагогика және мектеп.

Дәрістің мазмұны:

  1. Тәрбие мен оқытудың қазіргі педагогикалық технологиялары және олардың жіктелуі.

  2. Тұлғаға бағдарланған технологиялар.

  3. Мұғалімдер дайындаудағы, өзгермелі жағдайда үздіксіз білім берудің ұлттық жүйесін дамыту мәселелерін анықтап, дайындаудағы жоғары оқу орындарының қызметі.

Білім беру практикасында «педагогика технология» ұғымы үш өзара бағынышты деңгейде қолданылады;

  1. Жалпыпедагогикалық (дидактикалық) деңгей: жалпыпедагогикалық (жалпы дидактикалық, жалпытәрбиелік). Технология белгілі бір аймақтағы, оқу орнындағы, оқытудың білім деңгейіндегі тұтас білім беру үрдісін сипаттайды. Мұнда педагогикалық технология педагогикалық жүйе ұғымымен мағыналас: оған оқытудың мақсаты, мазмұны, құрал,ғ әдістер жиынтығы, үрдістің объект, субъектісінің іс-әрекеттік алгоритмі енеді.

  2. Жеке әдістемелік (пәндік) деңгей: бұл «жеке әдістеме», яғни бір пән, сынып, шеберхана аясында оқыту мен тәрбиенің белгілі бір мазмұнын жүзеге асыру да қолданылатын әдіс, құралдар жиынтығы (мысалы, оқу пәндерін оқыту әдістемесі және т.б.)

  3. Модульдік деңгей: бұл оқу-тәрбие үрдісінің кейбір бөліктерінің технологиясы, жеке дидактикалық және тәрбиелік міндеттерді шешу (іс-әрекеттің бір түрінің технологиясы, ұғымдарды қалыптастыру, жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру, сабақ технологиясы, жаңа білімді меңгеру технологиясы және т.б.)

Педагогикалық техънологияның негізгі құрылымдық бөліктері:

    1. Тұжырымдамалық негізі;

    2. Оқытудың мазмұндық бөлігі:

  • оқытудың мақсаттары – жалпы және нақты;

  • оқу материалының мазмұны;

    1. үрдістік бөлік – технологиялық үрдіс:

  • оқушылардың оқу әрекетінің әдістері мен формалары;

  • мұғалім жұмысының әдістері, формалары;

  • материалды меңгеру үрдісін басқарудағы мұғалім әрекеті;

  • оқу үрдісін диагностикалау.

Кез-келген педагогикалық технологияға қойылатын негізгі әдіснамалық талаптар:

  1. тұжырымдамалық негіздің болуы. Кез-келген педагогикалық технологияға белгілі білім ғылыми тұжырымдама тән. Оған білім беру мақсаттарына жетудің философиялық , психологиялық, дидактикалық және әлеуметтік-педагогикалық негіздемесі енеді.

  2. Жүйелілік. Педагогикалық технология жүйеге тән барлық қасиеттерге ие болуы тиіс: үрдістің логикасы, барлық бөліктерінің өзара байланысы, тұтастығы.

  3. Басқарушылық сипаты. Оқу үрдісін жобалау, жоспарлау, диагностикалық мақсаттар қою, нәтижені түхзетук мақсатында әдіс-тәсілдерді, құралдарды өзгерту.

  4. Тиімділік. Қазіргі педагогикалық технологиялар бәсекелестік жағдайында өмір сүргендіктен, нәтижесі бойынша тиімді, шығындары бойынша үнемді, оқытудың белгілі білім стандарттарына жетуді қамтамасыз ететіндей болуы тиіс.

  5. Қайта өндірілуі. Педагогикалық технологиялар білім беру орындарында түрлі субъектілердің қолдана алу (қайталау, қайта өндіру) мүмкіндігі.

Педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасалады. Жоғарыда келтірілген ғалымдардың еңбектерін және басқа еңбектерді зерттей отырып, педагогикалық технологияларды атқаратын мақсат-міндеттеріне және олардың іс-әрекетіне қарай жүйелеп бір кестеге келтірдік (кесте 1).

жүктеу 2,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау