Сабақтың тақырыбы: Дала академигі



жүктеу 96,96 Kb.
Дата28.11.2017
өлшемі96,96 Kb.
#2088
түріСабақ

Асанбекова Шолпан Амиркешовна

Сабақтың тақырыбы: Дала академигі

Мақсаты: Н.Алдабергеновтың өмірі мен еңбек жолы туралы тереңірек білуге. Елін, жерін сүюге,оны қадірлеуге, бабалар ерлігін ұрпақтан – ұрпаққа жалғастыруға үйрету, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Кіріспе: Н. Алдабергеновтың артына өшпес еңбек үлгісі қалды. Ол салған жол, ол қалдырған дәстүр, ол тәрбиелеген ұрпақтар бейнесінде кеңінен қолдау тапты. Н. Алдабергеновтың өмірі үлкен бір роман немесе поэма. Бұл адам болашақ ұрпақтар үшін есте қалуға лайықты жан. Ол туралы кітаптар жазылды да, М.Байысов атындағы орта мектептің мұғалімі М.Мырзақұлов Алдабергенов туралы"Өмір дастаны"повесін, жазушы С.Бақбергенов "Адам және көлеңке" романын жазды. Ал қазақтың көрнекті жазушысы Сәбит Мұқанов оған " Алдабергенов туралы аңыз " поэмасын, жазушы Ұ.Доспанбетов "Шың мен шыңырау" романын, Ілиясұлы Сұлтан Жангөбектегі " О, Аманат " ( Н.Алдабергенов туралы ақиқат) естелік деректі повесть арнады. Бұл әдеби шығармаларда Н. Алдабергеновтың образы талантты басшы ретінде жарқын бейнеленген. Н.Алдабергеновтың балалық шағы күншілікпен өтті. Революцияға дейінгі елде ата-анасыз қалған жеті жасар баланың тағдырын ойлаған ешкім болмады.Ол бұғанасы қатпай жатып, еңбекке араласып, қара жұмыс істеді. Иә,осы бір еңбекке деген құлшынысын өзінің бүкіл өмір бойы жалғастырып, жарқын да мағыналы өмір сүрді. Қазақ даласына Ұлы Октябрь соцалистік революциясы жаңа өмір әкелді. Осы бір күрделі кезеңнен өмірі өксумен өткен Нұрмолда Алдабергенов те сырт қалған жоқ. Колхоз өндірісінің көрнекті басшысы және қоғам қайраткері, екі мәрте Еңбек Ері Нұрмолда Алдабергеновтың туғанына міне биыл 110 жыл.

1-оқушы: Нұрмолда Алдабергенов Кербұлақ ауданындағы Малайсары селосында кедей шаруа семьясында 1906 жылы желтоқсанның 20-шы жұлдызында дүниеге келді. Ата-анасынан ерте айырылған ол жеті жасынан бастап кедейліктің барлық ауыртпалығы мен тауқыметін көріп өсті.

2-оқушы: Ұлы Октябрь революциясы қазақ даласына жаңа леп әкеліп, қазақ кедейлерінің өмірін түбегейлі өзгертті. Одан Нұрмолда Алдабергенов сырт қалған жоқ. 1928 жылы қолындағы шопан таяғын бай алдына атып ұрып, Түрксиб құрылысына аттанды.

3-оқушы: С.Мұқанов Нұрмолда ата туралы былай деп жырлайды: Нұраға ауырлыққа қарамастан, Еңбекке араласты бала жастан. Сезімтал сол кезден - ақ жас жүрегі, Халықпен ақ ниетпен араласқан. Темір жолда жүк тасып алыс шеттен, Он екіде көтерді ауыр кетпен, Қайысып қабырғасы қиналса да, Ел үшін ол осындай еңбек еткен!

4-оқушы: 1930 жылы "Жаңа талап" колхозына мүше болып кірді. Алғашқыда ол мұнда бақташы, бригадир болып еңбек етті. Өзінің еңбексүйгіштігімен,істі білгірлігімен колхозшылардың арасында құрметке бөленді. 1936 жылы Н.Алдабергенов колхоз председательдігіне сайланды.

5-оқушы: Осы кезде колхоз ері « Жаңа талап» Мүше боп жас қарлығаш қақты қанат. Еңбегі елге жақсы көрінген соң, Сайлады бастық етіп халқы қалап.

6-оқушы: Нұраға жұмысты кім жақсы істесе,соны жақсы көретін.1940 жылы колхоз егістік жердің әр гектарынан 12,4 ц.астық, 311ц.тәтті түбір жинап,жоспарды артығымен орындады.

7-оқушы: Жаңадан құс фермасын ашып,мал басын: қойды 354-ке,жылқыны 58-ге, ірі қараны 176-ға жеткізді. Нұраға осы жылы партия қатарына қабылданып,алғаш рет ауылдық кеңеске депутат болып сайланды.

8-оқушы: Халық сенімі де күшейіп, колхоз жұмысы да көбейіп,Нұрағаның жар құлағы жастыққа тимей, жұмыс-жұмыс деп күндіз-түні шапқылап жүргенде соғыс басталып кетті.

9-оқушы: Колхоздың көп шаруасын алды оңдап, Алты жыл ел басқарған ақыл толғап. Соғыс бұлты төнгенде туған жерге, Жауға аттанды жас түлек Отан қорғап. Жауға шапты атайлап,топты жарып. Жайратты,жайғастырды талайларды. Жауды жеңіп,бейбіт күні туған шақта, Елге қайтты бес медаль қатар тағып.

10-оқушы: 1942 жылы майданға аттанып одан жеңіспен бірақ оралды.Ауылға аман-сау келгеннің ертеңіне колхозшылар оны бастық етіп сайлады.Нұраға жұртты бірден жұмысқа жұмылдырды.Үш жылдың ішінде колхозының аты аудан,облысқа белгілі болды.

11-оқушы: Колхозшылардың осындай ерең еңбегі жоғары бағаланып 1948 жылы қызылшашылар Саумал Ноғайбаева,Зәріш Дайырова, Сара Әлімбекова,Тәшенбала Айдарбекова егіс бригадирі Аппақ Мүсәпіров, колхоз бастығы Н.Алдабергенов кеңес елінің ең жоғарғы наградасы - Еңбек ері атағына ие болды.

12-оқушы: Шұбарым өскен колхоз кеңге тартып, Он тоғыз Еңбек Ері шыққан артып. Еңсесі көтеріңкі кеңсесі бар, Өлкенің көркі емеспе тұрған шалқып.

13-оқушы: 1952 жылы қуаты шағын үш ауыл шаруашылығы артельдері "Жаңа талап" ,"Қызыл ту","Жаңалық" бір колхозға біріктірілді. Нұраға оның тұңғыш председателі болып сайланды.

14-оқушы: Шұбарым,абыройың артық сенің, Атақты құтты қоныс тұрған жерін. Алыстан көз сүйсінте жайқалады, Көкмайса ой мен қырға салған егін. Бір жылда төрт миллион пұт астық бердің, Қажырлы қайратымен ерлеріңнің.

17-оқушы: Бұл жерде ол 1961 жылға дейін жұмыс істеді.1962 жылдан 1964 жылға дейін халық депутаттарына Еркін селолық советінің председателі болды. Бұдан соң артта қалған шаруашылықты Киров ауданындағы (қазіргі Балпық би) Карл Маркс атындағы колхозды басқарды. Ол қысқа мерзім ішінде колхоздың экономикасын көтеріп, оны озаттар қатарына алып шықты.

18-оқушы: Кең өлке Жетісудың арасында, Көксу мен Қараталдың жағасында. Еңбек сүйген ерлердің туған жері, Асқарлы Алатаудың сағасында. Екі рет Ер атанған Ер Нұраға, Халыққа көпке басшы үлгі болды Еңбектің түсінген соң бағасына.

19-оқушы: Атақты халық жазушысы,академик С.Мұқанов өзінің Алдабергенов туралы аңыз атты дастанында : " Әліп биді аңғарады, Нұрмолда өзі кешірек. Танысқан ғалым таң қалады, Профессор осы"-деп, Нұрмолданың көзі тірісінде анықтап,қалай жазып кеткен!!

Екінші айғақ: Нұрмолда «қара деп хат танымаса» Қазақ Совет Энциклопедиясының бірінші томының кімнің кім екенін айтатын 260 бетінде, Н.Алдабергеновты 1958 жылы баспадан шыққан «Сталин атындағы колхоздың жетістіктері» туралы кітаптың авторы деп неге жазады.! Бұл энциклопедия 1972-1978жылдардың арасында белгілі оқымыстылыр,жазушылар,журналистер және тағы басқа ұйымдасқан зиялылардың зерттеп,тексеріп,цензурадан өткен,топтастырылған еңбектерінен 12 том болып шыққан.

Үшінші дерек: Нұрмолданың өз толғауының арнасымен жазылып,1975 жылы басылған « Өмір дастаны» кітабын да Нұрекеңнің әр минуты санаулы,не істеп, кіммен кездесу керектігін қойын дәптеріне жазып отыратыны,ал көпшілік алдында жасайтын баяндамасының қысқаша текстін өзі жазатыны айтылған. Колхоз шаруашылығын өркендетуге, жыл бойында түр – түрімен қанша құрылыс материалдары пайдаланып, қанша мөлшерде қаражат жұмсалғанын,қанша электр қуаты шыққанын, қанша еңбек күн жазылғанын колхозшылар жиналысында кей жерін жатқа, кей жерін қойын дәптерінен қарап, жаңылмай есеп берген Нұрмолданың білгірлігіне, біліктігіне таң қалған журналист, ертеңіне бухгалтерияға барып салыстырғанда дұрыс шыққанын айтатын жазушы – журналистке неге сенбеске.!!

Төртінші дәлел: Қазақ Советтік Социалистік Республикасының еңбегі сіңген артисі,тыңдаушысын аузына қаратқан майталман әнші,кезінде екі рет қатарынан Қазақ ССР-нің Жоғарғы Советінің депутаты болып сайланған Семей облыстық драма театрының ірге тасын қаласқан,ескі көз Сакиева Күләштің айтуынша халық жазушысы,драматург Шахмет Құсайыновтың «Күншуақ» атты пьесасындағы ұжым бастығы Байсал,Нұрмолданың өзі құрыштай шынықтырған прототипі.

20-оқушы: С.Мұқановтың Нұрмолда Алдабергеновке арнаған өлеңі.

21-оқушы: Ақжарқын әжеміздің айтуы бойынша атамыздың адамгершілігінің, парасаттылығының куәсі ретінле жеті « өмір тірегі » атты қағидасы: Олар: 1.Жүрген ортаңда жарасымды,жұғымды болу; 2.Өткендегі ата-бабалардың тәжірбисі мен өсиетіне сүйену; 3.Өзгелердің ісінен жақсыны үйрену; 4. Көптің пікірін тыңдау,өзіңнен бұрын солардың қамын ойлау; 5. Ақыл мен санаға жүгініп сөйлеу; 6. Не шаруаны болса да ұқыпты, жан-тәніңмен беріле,сапалы істеу; 7. Жүректі жылы ұстау.

22-оқушы: Осылар тәріздес Нұрмолданың жоғары талғамынан,өзгеше пайымдаушынан,мол танымынан,терең ойы мен заңғар ақылынан туған « Жеті Өсиет » секілді асыл сөздері баршылық деп, 1987 жылдың 2 қыркүйегінде Нұрекеңнің көп жылдар орынбасары болған Сейдақ Нысанбаев, облыстық арқару комитетінің төрағасы Шауқаманов пн кәсіподақ комитетінің бастығы Мұқашев Сиязбек қатысқан жиында былай деген еді.

Бірінші: Үйіңнің шаңырақ астындағы төбесі қаншалықты биік болып, бойың соншалық аласа болса да, табалдырықтан аттап, кіргенде бойыңды иіп кір, иіліп тәжім ет, сәлем бер. Екіншіден: Ата – анаңды тыңда, сыйла. Өйткені, олардың алғысы мен қарғысы Тәңірдің алғысы мен қарғысынан төмен емес, бірдей « Тәңірдің қарғағыр, немесе ата – анаңның қарғысына жолық » - деп айту осыдан шыққан. Үшіншіден: Бетіңнің ұятын сақта. Ұяттан Тәңірдің қорыққандай қорық. Ұятыңды иманыңды қорғағандай аяла. Кімнің жүзінің ұяты болса, оның иманы жоғары, әрі сүйкімді, жарасымды, жұғымды көрінеді. Беттің ұятын кетіру – арсыздық. Ал , арсыздан барша жаман нәрсе туады. Төртінші: Өтірік айтып, жалған сөйлеме дейтін Лұқпан Хәкім 3000 – ға (үш мыңға) тарта өсиетті сөз айтқан адам. Бірақ, оның ішінде жазып қалдырғаны 3(үш - ақ) көрінеді. Ол – құдайды ұмытпа, өлімді ұмытпа, адамдарға жақсылық істеуді ұмытпа – дегендері. Біз сөйлей береміз. Артымызда жазып қалдырған бір сөзіміз де жоқ – деп өкінетін еді. Бесіншіден: Қазақта « жыл деген – ат басын бұрғанша, ай деген – аунап тұрғанша өтеді » деген сөз бар. Ол істер ісіңді, сөйлер сөзіңді кейінгіге қалдырма, тездеп, үзіп – созба деген өсиет. Алтыншы: Әкеден артық орман жоқ. Әкеден артық қорған жоқ.Әкеден артық дана жоқ. Әкеден артық пана жоқ – деп кетіпті бабаларымыз. Менің осыған қосарым, әкеден артық арман жоқ. Ақ жүрек әкең – күншуақ. Ана жүрек анаң – бұлақ – деп өзі бірнеше баланың әкесі болған Нұрекең әкесін – анасын сағынып, әкені іздеп, жастармен сөйлескенде жиі – жиі айтып отырушы еді. Жетінші: Нұрмолда атаның Ақық, Ыдырыш, Базарбай, Сейдақ секілді серіктері айтқан танымы мен талғамынан сөз қозғағанда әр кезде, әр жерде айтып кеткен, ел аузында аңыз бен ақиқат ретінде айтылып жүрген теңіз түбінде жатқан маржандай сүзілген, сәтті шыққан, ойға оралып тұратын елеулі жамбы сөздерін еске түсірмеу дұрыс болмас.

23-оқушы:Нұрмолда ата өзінің адамгершілік қасиеті мен сөзге шеберлігі арқасында көптеген нәрлі,өсиетті сөздер айтып кеткен көрінеді.Ол ел арасында сақталып қалған.

24-оқушы:Табиғат туралы

25-оқушы:Үй іші мен қоғам туралы

26-оқушы:Тәлім мен тәрбие туралы

27-оқушы: Кезінде республикамыздың халық ақыны атанған Манап Көкенов музейді аралап көріп, ризашылығын білдіре келіп,мынадай қолтаңбасын қалдырған еді. Еңбектің ерлікпенен шамын жаққан, Ер болып еңбегімен бақыт тапқан. Нұреке аруағыңнан айналайын, Мәңгілік ұрпағыңа болған мақтан. Ақын ағамыз айтса айтқандай,бұл күнде Нұр атаның есімі,оның туған халқы үшін сіңірген ерең еңбегі ұрпақтан - ұрпаққа өрісті өнегесімен мұра болып келеді.

28-оқушы: Г.Мұқаева "Орындалған арман" ( Н.Алдабергеовке)

Қортынды сөз: Айта берсе Нұрмолда аталары Нұрғалидай,Аппақтай,Ақықтай,Базарбайдай,Саумалдай,Тәшенбаладай, Дәуітәлі мен Мырзақұлдай,Қалдыбаладай,Сарадай,Әбдіқадырдай,Хатшадай, Зәріштей өз колхозының адамдарымен жанасып қойған жоқ. Екі мәрте Социалистік еңбек Ерлері Жазылбек Қуанышбаев, Ыбырай Жақаев басқа облыстарда тұратын халық ақыны Кенен Әзірбаев, Еңбек Ері қызылшашы Тұрсын Қайназарова секілді халқымыздың азаматтарымен кездесіп хат жазысып, хабарласып тұрды. Еліміздің, халқымыздың атақты ақын – жазушылары, артистері Сәбит Мұқанов, Қанабек Байсеитов, Шара Жиенқұлова, Мұхтар Әуезов, Ғабиден Мұстафиннен бастап, үкімет басшылары Жұмабай Шаяхметов, Нұртас Оңдасынов, Жұмабай Тәшенов, Дінмұхамед Қонаев, халық батырлары Бауыржан Момышұлы,Қасым Қайсенов,Рақымжан Қошқарбаев,заң қызметкері Мырзақадыр Нұрбаевтармен тағы-тағы жүздеген ел азаматтарымен қойын қолтық араласты. Нұрмолда атамен дастархандас болған осы азаматтар қабілеті, жастар тәрбиесі,ауыл шаруашылық барысы,өндіріс,өнер,мәдениет,оқу салаларында сан саққа жүгіртіп ой қозғап,терең толғаулар айтатын.Одан басқа өмір туралы да ойланып,сөз тербететін. «Мен бір жұмбақ адаммын,соқтықпалы,соқпақсыз жерде өстіп...» - деп өмірі өксікпен өткенін жырлаған Абайдай болмаса да менің қайнаған еңбек қазанымда өткен өмірімде қиналған,соқтықпалы, соқпақсыз кезеңдерде кездескен шақтарымның "жұмбақ" жолдары көп болады,- деп Нұратаның өзі айтқан. - Нұрмолда ата туралы шексіз айта беруге болады.
жүктеу 96,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау