6.2 Қажетті материалдар.
Стигма мен дискриминацияны азайту
Кіріспе:
Адам құқығы мемлекет пен жеке адам арасындағы өзара әрекетті кең мағынада анықтайды.
Халықаралық адам құқығының қарастыруы бойынша мемлекет адамға деген қарым-
қатынасында ешқандай физикалық қысымға жүгінбеу керек, оны бостандығынан және
ресмилігінен айырмауы керек. Мемлекет барлық адамдардың тамақпен қамтамасыз етілуіне,
денсаулықтарын сақтауға және алғашқы білімділігін алуларына кепілдік беру керек.
АҚТҚ /ЖҚТБ-ның адам ресурсына және көптеген елдің экономикасына қатар АҚТҚ-ның
таралу жылдамдығының артуына, адам құқығына және экономикаға кері әсерін тигізуде.
Адамдар 1980 жылдың соңына қарай АҚТҚ/ЖҚТБ эпидемияларының адам құқықтарына
тигізген зардаптарын түсіне бастады. Адам құқығына берілген кепілдік, үкіметтің өз азамат-
тарының алдындағы міндеттемесі, бұл міндеттеменің қатарына қоғам денсаулығы да кіреді.
Ұлт денсаулығын сақтау үшін, мемлекет өз тарапынан ұтымды саясат және озық бағдарла-
маларын нығайтуды, адам құқығының қатарында қарастыру керек. 1980 жылдардағы адам
құқығы мен АҚТҚ/ЖҚТБ арасындағы байланысты ерекше атауға болады. Адам құқығының ұзақ
тарихына қарамастан АҚТҚ жұқтырған не АҚТҚ-ға деген әлсіз әйел, еркек, балаларға қарсы
дискриминация әлемінің бар түпкірінде өте күшті болды.
1948 жылдың 10 желтоқсанында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы адам құқықтары жөнінде
декларация қабылдаған. Осыдан кейін декларациядағы адам құқықтары жөніндегі конвенцияға
мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
Азаматтық және саяси құқық жөнінде халықаралық келісім.
Экономикалық, әлеуметтік мәдени құқық жөніндегі конвенция.
Нәсілдік дискриминацияның барлық формаларын қамтыған конвенция.
Барлық форма қамтылған әйел дискриминациясының конвенциясы.
Сәби құқығы туралы конвенция.
1. АҚТҚ/ЖҚТБ аспектісіндегі адам құқығы.
Бүкіл әлемдік қоғамда, бір нақты адамға қатысты АҚТҚ/ЖҚТБ-ның таралуын немесе әсерін
адам құқығымен байланыстыру өте қиын. Адам құқығына құрметтің жоқтығы аурудың жаппай
таралуына ықпалын тигізеді. Осы тұста АҚТҚ/ЖҚТБ-дан ауыратындар адам құқықтарының
алға басуын бұзады. Бұл байланыс жағдайлары нашар әйелдер, балалар ЕЖЕ этникалық
топтар мен адамдарға таралатын әлеуметтік, құқықтық, экономикалық шарттарға және
эпидемияға тәуелді, АҚТҚ инфекциясының таралу жылдамдығы мен диспропарационалды
қамтылуы белгілі бір қауіпті топтар арасындағы байланыста қаралады. Дамушы елдерде
ЖҚТБ пен кедейшілік қазіргі таңда АҚТҚ эпидемиясының тез тарауына әкеп отыр.
2. АҚТҚ/ЖҚТБ-ға қатысты стигма мен дискриминацияның азайуы
Тек ЖҚТБ ауруы ғана дисприминацияланбайды. Бұның қатарына эпилепсия, жүйке
жүйесінің ауруын, түберкулез, лепра және әлеуметтік стигмаға душар болған ЖЖБИ ларды
жатқызуға болады.
Дискриминацияның тамыры тереңде жатыр. Стигматизацияның алғашқы белгісі
АҚТҚ/ЖҚТБ-ның жыныстық қарым-қатынасы, инъерциялық есірткі болып табылады. АҚТҚ-дан
қиналатындар, өздерінің девианттық жүріс-тұрыстан, адамгершілік әрекеттері әшкерлейтініне,
қоғам сене бастаған. АҚТҚ жұқтырған адамдар көбіне өздеріне баспана жалдай алмайды,
оларға ешқандай қызмет көрсетілмейді. (медициналық) Осының нәтижесінде олар қарапайым
тіршілікте дұрыс өмір сүре алмайды. Адам құқығын дискриминациядан қорғайтын заң аз мөл-
шерде болып отыр, қоғам құруға мүмкіндігі бар, осы аспектіні қарайтын білім, дискриминацияны
азайта алуы мүмкін. Жағымды жаңалықтың таралуында, көпшілікке жаппай ақпарат тарату
әдісі үлкен орын алуы мүмкін. Осындай амалдармен біз АҚТҚ жұқтырғандарға көп көмек көрсете
аламыз.
106
АДАМ
ҚҰҚЫҚТАРЫ
ЖӘНЕ
АҚТҚ/ЖҚТБ
3. АҚТҚ/ЖҚТБ және адам құқығы.
Қай жерде болмасын азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер өз құқықтарын жүзеге асыра
алуы айқын факт бола алады. Білім алу құқығы, ақпарат алуда біріктірілу, ең негізгі дискри-
минацияға жол бермеу, АҚТҚ-ның жеке және қоғамда таралуына жол бермейтіні анық. АҚТҚ
жұғуының жаппай жойылуы және әлеуметтік экономикалық пондемия ықпалының азаюы үшін,
адам құқығын жоғарлату және қорғау ажырамайтын фактор болып табылады. Мұны үш себеп
деп қарастыруға болады.
Адам құқығын жоғарлату және қорғау адамның АҚТҚ-ға деген әлсіздігін азайтады. АҚТҚ-ға
душар болған адамға қамқорлық пен оны қорғау, қоғам бірлестіктерімен жекеленген адам-
дардың пандемияға қарсы тұруына көмектеседі.
Пандемияға тиімді халықаралық жауап азаматтық қоғамға құрметке негізделіп, мәдени,
экономикалық, әлеуметтік құқық және халықаралық адам құқықтары нормасы мен
стандарттары, принциптері есепке алынуы тиіс.
Адам құқығын қорғау және өрлету мемлекет міндеттемесі болып табылатынын оның ішінде
АҚТҚ эпидемиясына қатыстысы, адам құқығы туралы халықаралық конференцияда
анықталған. АҚТҚ эпидемиясын жұқтырғандар өмір сүруге құқылы, психикалық физикалық
денсаулығын ең жоғарғы дәрежеге көтеруге құқылы, дисприминацияланбауға құқылы, көшу
бостандығына құқылы, ойын толық білдіруге құқылы, еркін ақпарат алуға құқылы, неке және
отбасын құруға құқылы, ғылыми жетістіктер қолдануға құқылы, әлеуметтік қорғаумен көмекке
құқылы, тең дәрежелі білім алуға құқылы, қоғамдық және мәдени шараларға қатысуға құқылы,
бостандыққа құқылы, қалмаудан қорғануға міндетті. БҰҰ адам құқығын, АҚТҚ-мен
зақымданғандарды ескере отырып, заңды түрде нормативтелген адам құқығын бұзбауға
кепілденген инструмент немесе механизм деп қарастырады.
БҰҰ бөлімі адам құқығын, оның ішінде АҚТҚ жұқтырғандардың құқығын қорғайтын
конвенцияның жүзеге асуын, мемлекет тарапынан бақылау мен кепілдеме алуларына нұсқау
беріп отырады.
Адам құқығы туралы арнайы процедура комиссиясы АҚТҚ жұқтырғандардың қатысуымен,
адам құқығын сақтау мониторингісін өткізеді, бұған тақырыптық және аймақтық
баяндамашылар, өкілдер, мәжіліс арқылы жұмысшы топтардан құралғандар қатыса алады.
12 бап. 1. тармағы. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары
мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.
12 бап 2 тармағы. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумасынан жазылған, олар
абсолютті деп танылады, оларды ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік
құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.
17 бап. 1. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.
1. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық
қадір-қасиетін жазалауға болмайды.
29 бап. 1.Қазақстан Ресупбликасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
2. Республика азаматтары заңымен белгіленген кепілді медициналық көмек көлемін тегін
алуға хақылы.
Келесі құқықтың қайнар көзінің бірі Қазақстан Ресубликасының 1997 жылдың 16
мамырында қабылданған: Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау
туралы заң.
Осы заң Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтаудың құқықтық,
экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді, мемлекеттік органдардың, меншік
нысандарына қарамастан жеке және заңды тұлғалардың денсаулық сақтау жөніндегі құқығын
іске асыруға қатысуын реттейді оның ішінде 16 бап бойынша; Әлеуметтік жағынан елеулі
аурулардан және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардан зардап шегетін
азаматтарға медициналық -әлеуметтік жәрдем, диспансерлік қадағалау тегін және жеңілдікті
жағдаймен жасалады.
Қазақстан Республкасының 1994 жылы 5 қазан №174-ХІІІ ЖҚТБ ауруының алдын алу
туралы заңы.
5 бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ
адамдарды ЖҚТБ-ға медициналық куәландырудан өту құқығы қарастырылған.
107
АДАМ
ҚҰҚЫҚТАРЫ
ЖӘНЕ
АҚТҚ/ЖҚТБ
Достарыңызбен бөлісу: |