Оқытушыларына арналған әдістемелік нұсқау Алматы, 2006 жыл



жүктеу 9,69 Kb.
Pdf просмотр
бет36/71
Дата20.05.2018
өлшемі9,69 Kb.
#14265
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   71

Сіз  бірінші  рет  есірткіге  тәуелділік  терминін  қашан  және  кімнен  естідіңіз?
Егер  сіз  біреудің  есірткі  қолданатынын  естісеңіз  не  істейсіз?
Есірткіге  тәуелділік  термині  туралы  естідіңіз  бе?
7.  Қатысушылардан  шеңбер  жасап  отыруларын  сұрау.  Топтық  пікір  талас  кезінде 
қойылатын  сұрақтар:
Жастар  неге  есірткі  қолданады?
Жастардың  есірткіні  күре  тамыр  арқылы  қолдануларына  қандай  факторлар  әсер 
етеді?
ПБЗ-  ты  қолданудың  зардаптары  қандай?
ЖЖБИ  арасында  және  жыныстық  қатынастағы  жұптар  арасында  АҚТҚ 
эпидемиясы  қалай  жұғады?
ЖЖБИ  арасындағы  АҚТҚ-ның  жұғу  себептері?
Есірткіні  қолдану  жағдайлары  соның  ішінде  есірткіні  күре  тамырлары  арқылы 
қолдану  жастарға  және  олардың  қатарларына  тигізетін  қысымы  мен  рөлдері.
Жастар  арасындағы  шприц,  инені  бірігіп  қолданудың  және  сақтанбаған  жыныстық 
қатынастың  нашақорлыққа  байланысы  қандай?
Залалды  азайтудың  қандай  бағдарламалары  бар?
8.  Ресурстық  материалға  сүйене  отырып,  пікірталас  соңында;  «тәуекелділік»,  «төзімділікке» 
түсінік  беру,  АҚТҚ  -ның  есірткіні  ине  арқылы  қолданғанда  жұғу  жолдарын  айту,  АҚТҚ 
инфекциясының  өсу  және  қауіп  қатерін  айту,  жауапты  жүріс-тұрыс  қалыптастыру,  есірткіге  жол 
«жоқ»  деп  айта  алу,  есірткіге  қарсы  бағдарламаны  орындау  керектігін  түсіндіру.
Қорытынды  жинақтау
Қорытынды  жасауда  оқушыларға  мынадай  сұрақ  қоюға  болады.
1.  Сіздер  өздеріңіз  есірткі  қолданбау  үшін,  қандай  дағды  қалыптастырдыңыз?
2.  Сіздер  өздеріңіздің  жақындарыңызға  есірткі  қолданбау  үшін,  қандай  кеңес  бере 
аласыз?
3. Жас  өспірімдерді  есірткі  қолданудан  сақтап  қалу  үшін,  «Тепе  -    тең»  бағдарламасы 
қағидасын  жүргізетін  тренердің  рөлі  қандай?
Күтілетін  нәтиже:
1. Оқу  қортындысы  бойынша  оқушылар  заңсыз  есірткі  қолдануды  және  есірткіге  қатысты 
термин  сөздерді  анықтап  бере  алулары  керек.  Мысалы:  ЖЖБИ  «залалды  азайту».
2. Қазақстандағы  жастар  арасындағы  есірткі  қолдану  себебін,  жағдайын,  есірткіге 
тәуелділік  және  нашақорлық  себебін  білу.
3. Алдын  алу  бағдарламаларындағы  есірткі  қолдануға  жол  бермеуге  және  есірткіні  күре 
тамыр  арқылы  қолданғанда,  АҚТҚ-ның  қауіп  қатерге  әкеп  соғатыны  туралы,  қатарластардың   
рөлін  түсіндіру.
4. Залалды  азайту  бағдарламасының  мақсатын  және  тапсырмаларын  айту. 
“Сыйлық”  және  “Қуыршақ”  ойындарының  сипаттамасы
“Сыйлық”  ойыны
Мақсаты:  Алғаш  рет  есірткі  қолданудың  себебін  ашу  және  талдау.
Осы  тұста  жүргізуші  қатысушыларға  қорапқа  деген  әркім  өз  қалаулары  бойынша  ойларын 
білдіруге  болатынын  жеткізеді.  Қатысушылардың  жартысынан  көбі  көп  жағдайда  әуестіктеріне 
бой  беріп,  қораптың  ішіне  қол  сұғады.  Жүргізуші  қорап  ішіндегі  затты  алуға  болмайтынын  және 
рұқсат  етілмейтінін,  бәрінің  есіне  қайталап  түсіреді,  бірақ  қатысушылардың  көбі  мұны  елемей, 
өздерінің  әуестігін  қанағаттандырады,  ойын  соңында  мақсатқа  сәйкес  мынадай  қортынды 
шығаруға  болады;  жас  өспірімдердің  көбі  есірткіні  алғаш  рет  әуестікпен  қолданады.
Есірткіге  тәуелділік  туралы  материалдың  алдында,  мақсатқа  сәйкес  «марионет»  ойынын 
өткізу  керек.
“Қуыршақ”  ойыны
89
АҚТҚ/ЖҚТБ
 ЖӘНЕ
 НАШАҚОРЛЫҚ
 ЕСІРТКІ


Мақсаты:  Адам  біреуге  кіріптар,  тәуелді  болғанда,  ол  өзін  қалай  сезінетінін  анықтау.
Қатысушылар  үш  үштікке  бөлінеді  Әр  үштікке  тапсырма  беріледі.  Екі  қатысушы  қуыршақ 
басқарушының  рөлін  ойнайды.  Әр  үштікке  1,5-3  метр  арақашықтықта  он  орындық  қойылады. 
Басқарушылардың  мақсаты  қуыршақты  бір  орындықтан,  екінші  орындыққа  ауыстыру.  Осы 
тұста  қуыршақ  рөлін  ойнаушы  адам,  қуыршақ  басқарушыларға  еш  қарсылық  көрсетпеу  керек. 
Өйткені,  ол  соларға  бағынышты,  әр  қатысушының  қуыршақ  орынында  болғаны  өте  маңызды.
Талқылау:  Қатысушыларға  ойын  барысындағы  қуыршақ  рөлі  қалай  әсер  етті.  Осы  әсер 
оларға  ұнады  ма,  өздерін  қолайлы  сезіне  алды  ма  ?  Сол  сәтте  өзінің  бірнәрсе  атқарғысы  келді 
ме?
5.2.  ЖАТТЫҒУ
  «Есірткі  туралы  шындық  пен  аңыз»
Уақыты:  2  академиялық  сағат.
Талқылау: 
1. «Шындық  пен  аңыз»  және  ақпарат,  бекіту  флипчартқа  арналған  қағаз,  маркерлер,  кіш-
кене  қорапша.
2. «Шындық  пен  аңызды»  бекітуге  дайындық,  жергілікті  жерде,  аймақтарда,  елдерде. 
Шындық  жағдайын  орнықтыру.
Тапсырмалар:
Оқушыларды  үйрету:
1. «Залалды  азайту»  бағдарламасындағы  нашақорлық,  есірткі  қолдану  туралы  шындық 
деректері  мен  аңыздарын  ажырату.
2. Есірткінің  жыныстық  қатынас  негізіндегі  АҚТҚ/ЖҚТБ-ға  арақатынасын  анықтау.
3. Оқушылардың  есірткіні  әр  түрлі  жолмен  қолдану  туралы  хабарларын  сараптау.
4. Жас  өспірімдердің  есірткіні  қолданудан,  нашақорлықтан  сақтау  жолдарын  және 
әдістерін  түсіндіру.
Мазмұны:
1. Есірткі  және  нашақорлық  туралы  «Шындық  пен  аңыз».
2. Жасөспірімдердің  есірткі  мен  нашақорлықтан  қашуларына  көмектесетін  қорғаушы 
факторлар.   
Өткізу  барысы:
1. Қатысушылардан  шеңбер  жасап  отыруларын  талап  ету.
2. Жүргізу  барысында  олардың  есірткі  туралы  біршама  деректер  білетінін  жеткізу.
3. Қатысушыларға  әр  дұрыс  жауап  үшін  10  балл  алатынын,  қате  жауапқа  0  балл  алатынын 
айту.
4. Топ  қарсыласы  топтың  жауап  бере  алмаған  сұрағына  дұрыс  жауап  берсе  20  балл 
алаты-нын  жеткізу.  (яғни,  қарсылас  топтың  жауап  таба  алмай  қиналған  сұрағына  топтың  еш 
қинал-мастан  жауап  беруі).
5. Филипчартқа  балл  қортындысын  ілу.
6. Сұрақты  топтың  талдауы  үшін  командаларға  уақыт  беру.
7. Әр  раундтан  соң,  пікірталас  ұйымдастыру.  Қатысушылар  қандай  негізге  сүйене  отырып, 
осындай  жауапқа  келгенін  сұрау.
8. Жетекшілік  негізінде  келесі  сұрақтарды  пайдалана  отырып,  қатысушы  үш  топты 
пікірталасқа  ынталандыру.
Аталған  ойыннан  бір  нәрсе  біле  алдыңыз  ба?  Егер  «иә»  болса,  онда  нені?
Ойын  барысында  не  нәрсеге  ренжідіңіз  немесе  қуандыңыз?  Не  сізді  ренжітті,  не 
қуантты?  Неге?
Сіз  қалай  ойлайсыз?  Есірткі  қолдануға  қатысты  аңыздар  неге  көп?
Есірткі  қолдану  туралы  не  ойлайсыз?
Жастардың  есірткі  қолдануы  не  үшін  әбігерге  әкеп  отыр?
90
АҚТҚ/ЖҚТБ
 ЖӘНЕ
 НАШАҚОРЛЫҚ
 ЕСІРТКІ


жүктеу 9,69 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   71




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау