Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы


Қазақстан Республикасы шағын және моноқалаларының тізбесі



жүктеу 3,05 Mb.
бет10/10
Дата17.11.2017
өлшемі3,05 Mb.
#890
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Қазақстан Республикасы шағын және моноқалаларының тізбесі

Р/с №

Атауы

Мәртебесі

2016 жылғы 1 қаңтарға халық саны (алдын ала деректер бойынша), мың адам

Мамандануы (орналасуы)

Экономикалық даму әлеуеті

1

2

3

4

5

6

Ақмола облысы

1.

Ақкөл қ.

шағын қала

13,5

ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу (агломерация аймағы)

жоғары

2.

Атбасар қ.

29,7

ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу (магистраль бойы)

орташа

3.

Державинск қ.

6,2



төмен

4.

Есіл қ.

10,7

ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу (магистраль бойы)

орташа

5.

Ерейментау қ.

9,8

өңдеу өнеркәсібі (магистраль бойы)

орташа

6.

Макинск қ.

17,7

өңдеу өнеркәсібі (магистраль бойы)

орташа

7.

Степняк қ.

3,7



төмен

8.

Щучинск қ.

46,0

туризм, рекреация (магистраль бойы)

жоғары

9.

Степногор қ.

моно-қала

47,6

тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі

орташа

Ақтөбе облысы

1.

Алға қ.

шағын қала

20,2

ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу (агломерация аймағы)

орташа

2.

Жем қ.

1,9



төмен

3.

Қандыағаш қ.

33,7

көлік торабы

жоғары

4.

Темір қ.

2,4



төмен

5.

Шалқар қ.

28,1

көлік торабы

орташа

6.

Ембі қ.

11,8

көлік торабы

орташа

7.

Хромтау қ.

моно-қала

25,5

тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі

жоғары

Алматы облысы

1.

Есік қ.

шағын қала

39,2

туризм (агломерация аймағы)

жоғары

2.

Жаркент қ.

43,4

ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу (шекара маңы)

орташа

3.

Қаскелең қ.

66,4

ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу (агломерация аймағы)

жоғары

4.

Қапшағай қ.

45,4

рекреация (агломерация аймағы)

жоғары

5.

Сарқант қ.

13,7

ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу (магистраль бойы)

орташа

6.

Талғар қ.

48,4

ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу (агломерация аймағы)

жоғары

7.

Үшарал қ.

17,9

ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу (шекара маңы)

орташа

8.

Үштөбе қ.

24,5

ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу (магистраль бойы)

орташа

9.

Текелі қ.

моно-қала

31,3

тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі

орташа



Атырау облысы

1.

Құлсары қ.

моно-қала

57,4

өңдеу өнеркәсібі

орташа

Шығыс Қазақстан облысы

1.

Аягөз қ.

шағын қала

38,1

көлік торабы

орташа

2.

Зайсан қ.

16,0

ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу (шекара маңы)

орташа

3.

Шар қ.

7,4

көлік торабы

орташа

4.

Шемонаиха қ.

18,1

ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу (шекара маңы)

орташа

5.

Зыряновск қ.

моно-қала

37,1

тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі

орташа

6.

Курчатов қ.

12,3

орташа

7.

Риддер қ.

49,7

жоғары

8.

Серебрянск қ.

8,8



орташа

Жамбыл облысы

1.

Шу қ.

шағын қала

35,9

көлік торабы

жоғары

2.

Жаңатас қ.

моно-қала

21,9

тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі

төмен

3.

Қаратау қ.

28,8

орташа

Батыс Қазақстан облысы

1.

Ақсай қ.

моно-қала

33,6

тау-кен өндіру өнеркәсібі

орташа

Қарағанды облысы

1.

Қарқаралы қ.

шағын қала

8,4

рекреация (туризм)

орташа

2.

Приозерск қ.

13,3

рекреация (магистраль бойы)

орташа

3.

Балқаш қ.

моно-қала

71,9

тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі

орташа

4.

Жезқазған қ.

86,4

5.

Қаражал қ.

9,2

6.

Саран қ.

43,9

7.

Сәтбаев қ.

61,6

8.

Теміртау қ.

178,4

жоғары

9.

Шахтинск қ.

38,7

орташа

10.

Абай қ.

28,5

Қостанай облысы

1.

Арқалық қ.

моно-қала

29,7

тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі

төмен

2.

Жітіқара қ.

35,1

орташа

3.

Лисаковск қ.

36,8

орташа

4.

Рудный қ.

116,0

жоғары

Қызылорда облысы

1.

Арал қ.

шағын қала

32,1

өңдеу өнеркәсібі (магистраль бойы)

орташа

2.

Қазалы қ.

6,8

ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу (магистраль бойы)

орташа

Маңғыстау облысы

1.

Форт-Шевченко қ.

шағын қала

5,6

ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу (агломерация аймағы)

орташа

2.

Жаңаөзен қ.

моно-қала

113,4

тау-кен өндіру өнеркәсібі

орташа

Павлодар облысы

1.

Ақсу қ.

моно-қала

43,2

тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі

жоғары

2.

Екібастұз қ.

134,1

Солтүстік Қазақстан облысы

1.

Булаево қ.

шағын қала

7,6

ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу (шекаралас)

орташа

2.

Мамлютка қ.

7,0

орташа

3.

Сергеевка қ.

7,3

ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу

төмен

4.

Тайынша қ.

11,5

ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу (магистраль бойы)

орташа

Оңтүстік Қазақстан облысы

1.

Арыс қ.

шағын қала

43,0

көлік торабы

орташа

2.

Жетісай қ.

27,9

ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу (шекара маңы)

орташа

3.

Леңгір қ.

24,1

өңдеу өнеркәсібі (агломерация аймағы)

жоғары

4.

Сарыағаш қ.

39,7

рекреация (шекара маңы)

орташа

5.

Шардара қ.

30,2

электр энергиясы өндірісі шекара маңы)

орташа

6.

Кентау қ.

моно-қала

67,1

тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі

орташа



ЖИЫНЫ:



2 362,3





Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары, орташа және төмен шағын және моноқалаларды айқындау өлшемшарттары

Р/с


Шағын және моноқала перспективалылығының өлшемшарттары

Шағын және моноқала перспективасыздығының өлшемшарттары




1.

Қаржы-шаруашылық қызметінің оң көрсеткіші, тұрақты табиғи-шикізат факторы бар (кен базасының сарқылу қаупі жоқ, шығарылатын өнімге тұрақты сұраныс және т.б.) ірі немесе негізгі (қала құраушы) кәсіпорынның болуы:
өндірудің ағымдағы деңгейінде 25-30 жылғы перспективада пайдалы қазбалар қорларының болуы;
ірі не негізгі (қала құраушы) кәсіпорынның өніміне тұрақты сұраныстың болуы және өндіріс көлемін төмендетуге қабілетті факторлардың болмауы

Қаланың ірі не негізгі (қала құраушы) кәсіпорнында өндіріс көлемінің азаюы және оның өнімінің бәсекеге қабілетсіздігі:
қаланың ірі не негізгі (қала құраушы) кәсіпорнында өндіріс көлемінің соңғы 10 жылда айтарлықтай азаюы




2.

Қаланың облыстық немесе республикалық маңызы бар ірі қалаға жақын, агломерация құрамында, сондай-ақ шекара маңындағы аумақта (мемлекеттік шекара сызығына тікелей жақын) орналасуы

Ірі қалалардан, агломерациялардың ықпал ететін аймағы мен халықаралық және республикалық деңгейдегі негізгі көліктік дәліздерден шалғайлығы (радиусы 75 км-ден немесе 1 сағаттық қолжетімділіктен алыс): шағын қаланың тұйықта орналасуы (республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының және теміржолдардың болмауы);
қаланы басқа қалалармен және өңірлермен байланыстыратын көлік инфрақұрылымы өте тозған күйде




3.

Қаланың логистикалық инфрақұрылымды (теміржол станциялары, қоймалар) ұйымдастыру мүмкіндігі бар ірі көлік дәліздерінің қиылысында (республикалық маңызы бар темір және автомобиль жолдарының бойында) орналасуы






4.

Қалада бірегей әлеуеттің (табиғи-ресурстың, географиялық, тарихи):
қалаға тікелей жақын орналасқан, игеру және қайта өңдеу перспективасы бар пайдалы қазбалар қорларының;
әлеуеттердің басқа да түрлерінің (туристік, рекреациялық, бірегей қорық аймақтарының), ғылыми және инновациялық әлеуеттің болуы

Сарқылған минералды-шикізат базасы:
кенде пайдалы құрамдауыштың азаюы;
ағымдағы өндіру қарқыны
10 жылдан аспай сақталған жағдайда, шикізат қорларының болуы




5.

Дамыған әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылым болған кезде қаланың мемлекеттік, инфрақұрылымдық, көліктік-логистикалық, қаржы-делдалдық және өзге сервистік көрсетілетін қызметтердің кең спектрін, оның ішінде іргелес ауылдық аумақтарға көрсету қабілеті

Әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылымның апатты тозуы: авариялық тұрғын үйдің жоғары үлесі;
су, электр, жылу инфрақұрылымының тозуы 80 %-дан асады




6.

Белсенді жұмыс істейтін шағын кәсіпорындардың үлесі:
қалада дамыған шағын және орта кәсіпкерліктің болуы (қызметтер көрсету саласында, өңдеу өнеркәсібінде және басқалары), бұл қала бюджеті кірістерінде оның үлесінің тұрақты ұлғаюынан көрінеді






7.

Кадрлық әлеует:
қалада жоғары білікті техникалық, оның ішінде ірі не негізгі (қала құраушы) кәсіпорында жұмыс істеп жатқан мамандардың болуы

Қала халқының сыртқа кетуінің тұрақты болуы (санының қысқаруы): соңғы 10 жылдағы көші-қон сальдосының теріс серпіні (халық санының азаюы негізінен еңбекке қабілетті жоғары білікті халықтың сыртқа кетуі есебінен орын алады)




8.

Қолайлы экологиялық жағдай: экологиялық апат аймақтарынан тыс экологиялық нормалардан жоғары ластағыш көздердің болмауы

Қолайсыз экологиялық жағдай:
қала аумағының экологиялық апат аймағында орналасуы және экологиялық нормалардан жоғары ластағыш көздердің болуы




9.

Қала халқының жалақысы – республикалық орташа деңгейден төмен емес

Халықтың жалақысы облыстық орташа көрсеткіштерден төмен




 

Өңірлерді дамытудың
2020 дейінгі бағдарламасына
3-қосымша

Электрмен, жылумен, газбен, сумен жабдықтау және су бұру желілерін дамыту тетіктері

      1. Электрмен, жылумен, газбен жабдықтау желілерін және сағатына 100 Гкал дейінгі қазандықтарды қаржыландыру тетігі

      Электрмен, жылумен, газбен жабдықтау жүйелерінің тозуын азайту, сондай-ақ жылу өндіру қуаттарын жөндеу және ауыстыру проблемасын шешу үшін тұрғын үй-коммуналдық секторды жаңғырту (реконструкциялау және салу) жөніндегі шаралар кешені қабылданады.

      Ол үшін орталықтандырылған техникалық зерттеп-қарау жүргізіліп, жылумен жабдықтау жүйелерін дамытуға инвестициялар тарту орындылығының негіздемелері әзірленуде, сондай-ақ жобаларды іріктеу өлшемшарттары бойынша жобаларды өңірлерде іске асырудың басымдылығы айқындалатын болады. Жылумен, электрмен, газбен жабдықтау жүйелері мен сағатына 100 Гкал дейінгі қазандықтарды жаңғырту (реконструкциялау және салу) жөніндегі жобаларды қаржыландыру басымдығына қарай іріктеу өлшемшарттары.

      1. Әлеуметтік фактор

      Халықтың сапалы коммуналдық көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілуі (халықтың санына байланысты), халық көп қамтылатын жоба қаржыландырылады.

      2. Заманауи энергия үнемдейтін материалдарды, жабдықтар мен технологияларды қолдану

      Нұсқаларды салыстыру арқылы неғұрлым сапалы материалдарға басымдық беріледі. Көрсеткіштер бірдей болған жағдайда, қазақстандық тауар өндірушіге артықшылық беріледі.

      3. Жылу көздері:

      1) блокты-модульді қазандықтарды пайдалану;

      2) өз ресурсы сарқылған қазандықтарды жаңа жоғары пайдалы әсер коэффициенті (бұдан әрі – ПӘК) бар қазандықтарға ауыстыру;

      3) когенерациялық жүйелерді қолдану;

      4) химиялық су дайындауды міндетті енгізу;

      5) қазандықтар үшін құнарлылығы кемінде 4 мың Гкал көмір сатып алуды және жеткізуді пайдалану.

      4. Жылумен жабдықтау желілері

      Қолданыстағы жылу магистральдарының жылу құбырларын жедел диспетчерлік басқаруға арналған деректерді жинау және бақылау жүйелерімен жарақтандырылған тиімді жылу оқшаулау құбырларына ауыстыру;

      құбыржолдың мақсаты (магистральдық, орамішілік).

      5. Газбен жабдықтау желілері

      Құбыржолдың мақсаты (магистральдық, орамішілік).

      6. Электрмен жабдықтау желілері

      АОС қолдану.

      7. ТКШ бағдарламасында көзделген нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу. Жаңғыртылған желілердің ұзындығы индикаторын барынша ұлғайтатын жобаларға басымдық беріледі (желілердің тозу деңгейін төмендету).

      8. Өтпелі жобаларды аяқтау.

      Облыс бойынша бірінші кезекте өтпелі жобалар қаржыландырылады.

      9. Жоғарыда көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келген жағдайда жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмасы бойынша жобалар

      Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары, Парламент депутаттарының сауалдары.

      10. Жобаның құны

      Жылумен жабдықтау секторын дамытудың негізгі мақсаттары:

      1. негізгі қорларды жаңғырту (жекелеген жылумен жабдықтау объектілерінің физикалық тозуы шекті деңгейден асты);

      2. жеке капитал үшін саланы тартымды ету мақсатында инвестициялар қайтарымдылығының нарықтық тетіктерін жасау;

      3. технологиялар мен стандарттарды біріздендіру, бірыңғай техникалық саясатты қалыптастыру;

      4. тарифтік саясат, жылумен жабдықтауда шекті тарифтер қағидаттарын қолдану.

      Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:

      1) нормативтік құқықтық және техникалық базаны жетілдіру;

      2) жылумен жабдықтау секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) және жеке инвестицияларды ынталандыру мәселелерін пысықтау;

      3) жылу энергиясына тариф белгілеу жүйесін жетілдіру. Жылумен жабдықтауға шекті тарифтерді енгізу жұмысы жалғасады. Жылумен жабдықтауға шекті тарифтерді енгізу, оның ішінде екі мөлшерлемелі тарифке көшу жұмысы жалғасатын болады. Барлық өңірлерде жылу энергиясына сараланған тарифтерді, оның ішінде тұтынушылар санаттарының (топтарының) өлшемшарттарын белгілеу;

      4) жылумен жабдықтау секторында ресурсты үнемдеу технологияларын, энергиялық тиімді жабдықтарды және материалдарды (алдын ала оқшауланған құбырлар, жиілікпен реттелетін сорғылар және басқалары) пайдалану;

      5) қазандықтардың пайдалы әсер коэффициентін 85 %-дан жоғарылату. Суды химиялық дайындау жабдығын қамтамасыз ету, ол қазандық агрегаттарының техникалық сипаттамаларын қанағаттандыратын тазартылған суды пайдалануға мүмкіндік береді;

      6) бақылау-өлшеу жабдықтарын және деректерді жинақтаудың кең көлемді жүйесі мен жедел диспетчерлік басқаруды енгізу арқылы көрсетілетін қызметтер сапасын бақылауды қамтамасыз ету;

      7) Қазақстан Республикасының қалалары мен елді мекендерінде жылумен жабдықтаудың ашық жүйесінен жабық жүйесіне кезең-кезеңмен өту.

      Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйесін үдемелі жаңғырту мақсатында қаржыландыру Ұлттық қордан бөлінетін нысаналы трансферт қаражаты есебінен республикалық бюджетті 150 млрд. теңге, оның ішінде 2015 жылы 60 млрд. теңге, 2016 жылы 90 млрд. теңге және одан әрі жыл сайын кемінде 100 млрд. теңге мөлшерінде бюджеттік кредиттеу тетігі арқылы жүргізілетін болады.

      Жергілікті атқарушы органдарды (бұдан әрі – ЖАО) халықаралық қаржы ұйымдарының қаражатын тартуға ынталандыру, сондай-ақ бюджет қаражатын тиімді пайдалану үшін 2016 жылдан бастап жобаларды бюджеттік субсидиялау тетігі арқылы нысаналы трансферттер есебінен қаржыландыру басталды.

      Осы Бағдарлама шеңберінде жылу ысырабын қысқарту мақсатында көп пәтерлі тұрғын үйлерге терможаңғырту жүргізіп, "ТКШҚазОрталығы" АҚ автоматтандырылған жылыту пункттерін, жылуды есептеу аспаптарын кең ауқымда орнату қажет, бұл нақты тұтынылған жылу энергиясын есептеуге өтуге мүмкіндік береді. Есепке алу аспаптарымен қамтамасыз етілмеген тұтынушылар үшін жылу энергиясын өңірлер бойынша тұтыну нормаларының негізінде нақтылау қажет.

      Аталған іс-шаралар бюджет қаражатын жұмсау тиімділігін арттыруға, жылумен жабдықтау желілерінің 100 км-де техникалық бұзушылықтардың санын 200-ден 30-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді.

      2. Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту тетіктері

      Халықты сапалы ауызсумен және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету өңірлердің негізгі даму факторларының бірі болып табылады.

      Ауызсумен қамтамасыз етудің белгілі бір дәрежеде жақсарғанына қарамастан, бүгінгі таңда республика халқының едәуір бөлігі әлі де тиісті сападағы сумен және толық көлемде қамтамасыз етілмей отыр. Көптеген тазарту құрылыстары өзінің пайдалану ресурстарын сарқыған және жөндеуді талап етеді, басқалары – артық жүктемемен жұмыс істейді, бұл сарқынды суларды тазалау технологияларының жобалық деректеріне сәйкес келмеуіне әкеп соқтырады.

      Ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру секторы проблемалар кешенімен сипатталады.

      Осыған орай сумен жабдықтау және су бұру секторында елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану, жобалау, салу және реконструкциялау жөніндегі бірыңғай операторды құру мәселесі қаралатын болады.

      Елді мекендерде сумен жабдықтау көздері жерүсті, жерасты сулары болып табылады.

      Бағдарлама шеңберінде жерасты суларының әлеуетін барынша пайдалану үшін жоғары сапалы ауызсудың барынша қорғалған және сенімді көзі ретінде жерасты тұщы суларының кен орындарын шаруашылық айналымға тарту бойынша жұмыс жандандырылатын болады.

      Геологиялық-барлау жұмыстарының талап етілетін көлемі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту мен жаңғырту бойынша талап етілетін жұмыс көлемін негізге ала отырып, жерасты сулары бөлігінде жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті орган коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органмен және су ресурстарын басқару саласындағы уәкілетті органымен бірлесіп жыл сайын айқындайтын болады.

      Жерасты сулары бөлігінде жер қойнауын пайдалануды мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті орган пайдалану мерзімі аяқталған қолданыстағы су жинағыштар бойынша жерасты сулары қорының болуы туралы уақытша қорытындылар беретін болады.

      Сумен жабдықтаудың жерасты көздері жоқ жерлерде сумен жабдықтаудың жерүсті көздері пайдаланылатын болады.

      Су ресурстарын басқару саласындағы уәкілетті орган топтық су тартқыштарын салу және реконструкциялау жөніндегі іс-шараларды жүргізетін болады.

      Сондай-ақ, ауылдық сумен жабдықтау секторында жергілікті сумен жабдықтау көздерін барынша пайдалану, блокты тазарту құрылыстарын қолдана отырып, үлгілік жобаларды әзірлеу және халық саны аз елді мекендерде кеңінен қолдану қажет.

      Бюджет қаражатын тиімсіз және ұтымсыз пайдалану фактілерін болдырмау, 2020 жылға дейінгі алдағы кезеңге арналған халықты ауызсумен және су бұрумен қамтамасыз ету бойынша баламалы және үнемді шешімдерді іздеуді кеңейту мақсатында сумен жабдықтау мен су бұру секторын дамыту мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:

      1) сумен жабдықтау мен су бұрудың жаңа объектілерін салу және қолданыстағыларын реконструкциялау кезінде жүйелі тәсілді енгізу;

      2) сумен жабдықтау және су бұру су шаруашылығы секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру және сумен жабдықтау мен су бұру объектілерін қаржыландыруға жеке капиталды барынша тарту. Қалалық және ауылдық жерлердегі сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорындарын мемлекеттік-жекешелік әріптестік моделіне кезең-кезеңмен көшіру;

      3) сумен жабдықтау мен су бұру саласында нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық базаны жетілдіру, үлгілік жобаларды және үлгілік жобалық шешімдерді әзірлеу, сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерін құрудың және пайдаланудың бірыңғай техникалық саясатын енгізу;

      4) халықты ауызсумен қамтамасыз ету үшін жерасты суларының әлеуетін барынша пайдалану;

      5) сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерін жобалау сапасын арттыру және сумен жабдықтау мен су бұру саласында қазақстандық қамтуды дамыту;

      6) саланы кадрлық қамтамасыз ету.

      Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту кезінде Бағдарламаның міндеттерінде көрсетілген басымдықтар (агломерацияларды, "екінші деңгейдегі" қалаларды, "үшінші деңгейдегі" қалаларды, ауылдық аумақтарды, шекара маңындағы аумақтарды дамыту) және Бағдарламаның негізгі ережелері қабылданады.

      1. Қалалық жерлерде жүйелі тәсіл мынаны:

      1) коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның сумен жабдықтау және су бұру желілерін салуды және реконструкциялауды қажет ететін елді мекендердің алдын ала тізімін қалыптастыруын;

      2) 53 қалалық сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің инвестициялар негіздемелерін әзірлеудің аяқталуын (басталуы 2011 жылдың екінші жартыжылдығында және аяқталуы 2015 жылы) көздейді.
      Қалаларды дамытудың перспективалық көрсеткіштері (халық саны, өнеркәсіп және т.б.) сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне инвестициялардың негіздемелерін әзірлеу үшін негіз болып табылады, олардың негізінде тиісті деректер қалыптастырылады (су тұтынудың және су бұрудың жалпы көлемі, сарқындының сапалық және сандық сипаттамалары болжанады және т.б.).

      Жергілікті атқарушы органдар бекіткен бас жоспарлары жоқ қалалар бойынша инвестициялардың негіздемелерін бекітуді кемінде есептік 2020 жылға дейінгі мерзімге арналған қалаларды дамытудың перспективалық көрсеткіштерінің негізінде жүргізеді;

      3) ЖАО-ның жобалау-сметалық құжаттама (бұдан әрі – ЖСҚ) әзірлеу жоспарланып отырған объектілердің тізбесін Бағдарлама басымдықтарының деңгейлеріне сәйкес коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органмен және су ресурстарын басқару саласындағы уәкілетті органмен келісуі;

      4) коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның сумен жабдықтау және су бұру жобаларының бірыңғай тізбесін қалалық сумен жабдықтау және су бұру жүйелері инвестицияларының негіздемесіне сәйкес қалыптастыруы;


      5) сумен жабдықтау және су бұру жобаларының алдын ала тізбесін өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиямен (бұдан әрі – ВАК) келісу. ВАК-та келісілген сумен жабдықтау және су бұру жобаларының тізбесіне қаржы жылының ішінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, нақтыланған тізбені ВАК-қа келісуге енгізу қажет.

      Сумен жабдықтау және су бұру жобаларының алдын ала тізбесін қалыптастыруды коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган ЖАО-ның жоспарланған қаржы жылының алдындағы жылдың бірінші тоқсанында алдағы қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімдерінің негізінде жүзеге асырады.

      Бұл ретте, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ЖАО тарапынан міндетті қоса қаржыландыру ескерілуі тиіс. ЖАО тарапынан қоса қаржыландыру деңгейі ВАК-та әрбір өңір бойынша жеке, оның ішінде алдағы жоспарланған бюджеттік кезеңге капиталды көп қажет ететін объектілер бойынша жыл сайын қаралатын болады.

      Мынадай құжаттары бар жобаларды қаржыландыруға рұқсат етіледі:

      1) электрондық және қағаз жеткізгіштерде ЖСҚ-ның болуы;

      2) санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық сараптаманың болуы;

      3) жерасты сулары бөлігінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті органның келісімі, оның ішінде пайдалану мерзімі аяқталған қолданыстағы сумен жабдықтау көздері бойынша уақытша қорытынды;

      4) жоба ЖСҚ-сының кешенді ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысы;

      5) салалық мемлекеттік органның салалық сараптамасы;

      6) түсіндірме жазба;

      7) жобаны бекіту туралы бұйрық;

      8) пайдаланушы кәсіпорынның болуы туралы кепіл хат.

      Басым бюджеттік инвестициялық жобаларды (бұдан әрі – БИЖ) іріктеу мынадай өлшемшарттар бойынша жүзеге асырылатын болады:

      1) пайдалану кезінде сенімділік, жөндеуге жарамдылық, техникалық және экономикалық тиімділік талаптарына сәйкес келетін заманауи материалдарды, жабдықтарды және технологияларды қолдану көзделген жобалар;

      2) аяқталмаған (ауыспалы) сумен жабдықтау және су бұру жобалары.

      Уақтылы пайдалануға беру, сумен жабдықтау және су бұру жобаларының қымбаттауын болдырмау мақсатында аяқталмаған (ауыспалы) жобаларды міндетті қаржыландыруды қамтамасыз ету қажет;

      3) Мемлекет басшысының және Үкіметтің тапсырмалары бар қалаларды және елді мекендерді дамытудың кешенді жоспарларына енгізілген жобалар;

      4) жаңа сумен жабдықтау жүйелерін салуға бағытталған жобалар;

      5) қалалық сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің ең авариялық учаскелерін реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі жобалар;

      6) құрылыс құны кемінде 100 млн. теңге, өңірдің жергілікті проблемаларын шешуге бағытталған, жалпы өңір бойынша Бағдарламада көзделген индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізуге елеулі әсер етпейтін жобалар жергілікті бюджеттердің есебінен қаржыландырылады.

      Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің инвестиция негіздемелерін әзірлеу кезеңінде (2011 – 2015 жылдар) қалалық жерлердегі сумен жабдықтау және су бұру жобаларының бірыңғай тізбесіне жобаларды іріктеу жоғарыда көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес жүзеге асырылатын болады.

      Кейін қалалық жерлердегі сумен жабдықтау және су бұру жобаларының бірыңғай тізбесін қалыптастыру қалалық сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің инвестиция негіздемелеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.

      2. Ауылдық сумен жабдықтау және су бұру объектілері үшін жүйелі тәсіл мынадай:

      1) коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның Бағдарламаның басымдықтарына сәйкес сумен жабдықтау және су бұру желілерін салуды және реконструкциялауды талап ететін елді мекендердің алдын ала тізімін қалыптастыруы;

      2) ЖАО-ның Бағдарлама басымдықтарының деңгейлеріне сәйкес ЖСҚ әзірлеу жоспарланып отырған объектілердің тізбесін коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органмен және су ресурстарын басқару саласындағы уәкілетті органмен келісуі;

      3) коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның мынадай өлшемшарттар бойынша сумен жабдықтау және су бұру жобаларының бірыңғай тізбесін қалыптастыруы:

      пайдалану кезеңінде сенімділік, жөндеуге жарамдылық, техникалық және экономикалық тиімділік талаптарына жауап беретін заманауи материалдар, жабдықтар және технологиялар салынған жобалар;

      аяқталмаған сумен жабдықтау және су бұру (ауыспалы) жобалары;

      уақтылы пайдалануға беру, сумен жабдықтау жобаларының қымбаттауына жол бермеу мақсатында аяқталмаған (ауыспалы) жобаларды міндетті қаржыландыруды қамтамасыз ету қажет;

      ауылдық елді мекендерді, әсіресе суды шеттен тасып әкелетін елді мекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтаумен және су бұрумен қамтамасыз етуге бағытталған жобалар;

      бұл ретте, осы мақсатқа аса тиімді қол жеткізу үшін халықтың барынша көп санын орталықтандырылған сумен жабдықтауды қамтамасыз ету қажет. Осыған байланысты, халқының саны жоғары, орта деңгейдегі елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетіне ерекше мән беріледі;

      ең авариялық учаскелерді реконструкциялауға бағытталған жобалар;

      жалпы өңір бойынша жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландырылатын, Бағдарламада көзделген индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізуге елеулі әсер етпейтін, өңірдің жергілікті проблемаларын шешуге бағытталған, құрылыс құны кемінде 100 млн. теңге болатын жобалар.

      Бұл ретте, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдар тарапынан міндетті бірлесіп қаржыландыру ескерілуі тиіс. ЖАО тарапынан бірлесіп қаржыландыру деңгейі ВАК-та жыл сайын жеке әрбір өңір бойынша, оның ішінде капиталды көп қажет ететін объект бойынша қаралатын болады.

      Жобаларды іріктеу кезінде мынадай құжаттардың болуы қажет:

      1) электрондық және қағаз жеткізгіштердегі ЖСҚ;

      2) экологиялық сараптама;

      3) бекітілген сумен жабдықтау көзіне жер қойнауын мемлекеттік басқару саласындағы уәкілетті органның келісімі, оның ішінде пайдалану мерзімі аяқталған қолданыстағы сумен жабдықтау көздері бойынша уақытша қорытынды;

      4) жоба ЖСҚ-сының кешенді ведомстводан тыс сараптамасының қорытындысы;

      5) салалық мемлекеттік органның салалық сараптамасы;

      6) түсіндірме жазба;

      7) жобаны бекіту туралы бұйрық;

      8) пайдаланушы кәсіпорынның болуы туралы кепіл хат.


 

Өңірлерді дамытудың
2020 дейінгі бағдарламасына
4-қосымша

Тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру тетігі

      Ескерту. 4-қосымша алып тасталды – ҚР Үкіметінің 31.12.2016 № 922 қаулысымен.




 

Өңірлерді дамытудың
2020 дейінгі бағдарламасына
5-қосымша

Тұрғын үй қорын жаңғырту тетігі

      Бағдарлама шеңберінде кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу (бұдан әрі – жөндеу) ғана жүзеге асырылатын болады.

      Терможаңғырту элементтерімен күрделі жөндеуді жүргізу нәтижесінде жылу тұтынуды үнемдеу 30 пайызға дейін қол жеткізіледі.

      Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің қайтаратын қаражаттары есебінен жұмыстардың ең аз және ең көп түрлерінде көзделген күрделі жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

      Жалпы жиналыстарда тағайындалатын үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері қатарынан жауапты тұлғалармен келісім бойынша жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйесін міндетті түрде орнатумен үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің қайтаратын қаражаттары есебінен ортақ мүлікті күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге жол беріледі.

      Ғимаратты (объектіні) күрделі жөндеу – қажет болған жағдайда конструкциялық элементтері мен инженерлік жабдық жүйелерін ауыстыра отырып, оның ресурсын қалпына келтіру, сондай-ақ пайдалану көрсеткіштерін жақсарту мақсатында ғимаратты жөндеу.

      Тұрғын ғимараттарды күрделі жөндеу ұйымдастыру-технологиялық жобалау құжаттамасына – жобаға (жұмыс жобасына), күрделі жөндеуді ұйымдастыру жобасына және жұмыстарды жүргізу жобаларына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

      Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері келісімдерінің және жөндеу жүргізу туралы шешім қабылдаған үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің барлығы қол қойған шарттардың болуы көп пәтерлі тұрғын үйде жөндеу жүргізу үшін негіз қалаушы факторлардың бірі болып табылады.

      Ортақ мүлікті күрделі жөндеу жұмыстары мыналарды көздейді:

      1) жұмыстардың ең аз түрлері – бұл жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйесін және үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын міндетті түрде орнатумен тұрғын үйдің шатырын, кіреберісін және жертөлесін жөндеу;

      2) жұмыстардың ең көп түрлері – бұл жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйесін және үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарын міндетті түрде орнатумен шатырды, кіреберісті, жертөлені, қасбетті жөндеу, лифті жабдығын (болған жағдайда) жөндеу (ауыстыру).

      Үйдің шатырын, қасбетін және кіреберісін жөндеу талап етілмеген жағдайда жертөлені (инженерлік желілерді қоса алғанда) жөндеу жоғарыда баяндалғанға жатпайды.

      Ғимаратты терможаңғырту жөнiндегi кешендi жұмыстар кезiнде тұтынылатын жылуды реттеудiң автоматтандырылған жүйесi (орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған) және үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары орнатылады, оларды қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін болады.

      Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне жөндеу жүргізу тетігі республикалық бюджеттен жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО) бюджетіне нысаналы трансферттер бөлуді көздейді, олар жарғылық капиталына мемлекет қатысатын мамандандырылған уәкілетті ұйымдарды капиталдандыруға бағытталатын болады.

      ЖАО мамандандырылған уәкілетті ұйымды ұстауды қаржыландыруды және жергілікті бюджет есебінен жөндеу жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуді қамтамасыз етеді.

      Мамандандырылған уәкілетті ұйымды капиталдандыру үшін бюджеттік өтінімді қалыптастыру экономикалық сараптаманың қорытындысы мен кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін техникалық тексеру актілерін қоса берілген қаржы-экономикалық негіздеменің (бұдан әрі – ҚЭН) негізінде жүргізіледі.

      Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеуге қаржы қаражатын бөлген кезде жеке өңірлердің ортақ тұрғын үй қорында күрделі жөндеу жүргізуді талап ететін көп пәтерлі тұрғын үйлердің үлесі ескерілетін болады.

      ЖАО қажет болған кезде аталған тетікті жүзеге асыру үшін жергілікті бюджет қаражатын пайдаланады.

      Кондоминиум объектісін басқару органы мен оператор (бас мердігер) болып табылатын мамандандырылған уәкілетті ұйым және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері арасында кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеуге шарт жасалады.

      Мамандандырылған уәкілетті ұйым қосалқы мердігерлерді тарту мүмкіндігімен ортақ мүлікке жөндеу жүргізеді.

      Кондоминиум объектісін басқару органының екінші деңгейдегі банктерде (бұдан әрі – ЕДБ) әр кондоминиум объектісіне ашылған жинақ есепшоты болады.

      Шартта белгіленген мерзім ішінде үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері ЕДБ-дегі жинақ есепшотына ай сайынғы жарналарды төлейді.

      Жинақталған қаражат ЕДБ-дегі есепшоттан мамандандырылған уәкілетті ұйымға орындалған жұмыстар үшін бөліп ақы төлеу ретінде аударылады.

      Мамандандырылған уәкілетті ұйым тұрғындар қайтарған соманы кондоминиумның басқа объектілерін жөндеуге жұмсайды.

      Аталған тетікті іске асыру үшін оның қатысушылары мынадай іс-әрекеттерді орындайды.

      ЖАО:

      1) үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің өтінімдері бойынша жөнделуі тиіс үйлердің тізбесін қалыптастырады;

      2) тұрғын үй инспекцияларының тиісті актілерді беруімен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне техникалық тексеру жүргізуді ұйымдастырады;

      3) тұрғын үйге энергетикалық аудит жүргізуді ұйымдастырады;

      4) мамандандырылған уәкілетті ұйымның жарғылық капиталын ұлғайту үшін ҚЭН әзірлейді;

      5) ҚЭН-ге экономикалық сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді;

      6) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органға растау құжаттарын қоса бере отырып, бюджеттік өтінімді жолдайды;

      7) жөндеу жұмыстарының жүргізілу барысын бақылауды және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінен орындалған жұмыстар үшін қаражаттың қайтарылуына мониторингті қамтамасыз етеді;

      8) аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді ұйымдастырады;

      9) кондоминиум объектілері басқару органдарымен және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерімен жөндеу жұмыстарын орындауға шарттар жасаған кезде үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің 8-ден 15 жылға дейін (күрделі жөндеу жұмыстары түрлеріне байланысты) қаражатты қайтару мерзімін сақтауын қамтамасыз етеді;

      10) қабылдау комиссиясын мамандандырылған уәкілетті ұйымдардың, мердігер ұйымның, кондоминиум объектісін басқару органдарының, тұрғын үй инспекциялары және (немесе) тиісті бюджеттік бағдарламаға жетекшілік ететін бөлімдердің, сондай-ақ техникалық қадағалаудың (үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің келісімімен авторлық қадағалаудың), мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарының басшылары, жалпы жиналыста тағайындалатын жөнделетін объектілердің үй-жайлары (пәтерлері) меншік иелерінің (жеті адамнан кем емес) арасынан жауапты тұлғалар қатарынан қалыптастырады.

      Бұл ретте, қаражатты қайтару кестелерін жасау қажет, оларды одан әрі жөндеу үшін пайдалануды болжауға мүмкіндік береді.

      Мамандандырылған уәкілетті ұйым:

      1) кондоминиум объектілерін басқару органдарымен және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерімен жөндеу жұмыстарын орындауға шарт жасасуды;

      2) шартқа сәйкес жөндеу жұмыстарын орындауды;

      3) қажет болғанда қосалқы мердігерлік ұйымдармен шарттар жасасуды;

      4) жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында жіберілген кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдауды;

      5) үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінен – шартқа қатысушылардан берешектерді сот тәртібімен өндіріп алуды ұйымдастыруды;

      6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманы (бұдан әрі – ЖСҚ) және шығыстар сметасын әзірлеуді қамтамасыз етуді және оны үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерімен келісуді жүзеге асырады.

      Кондоминиум объектісін басқару органы:

      1) кондоминиум объектісін тіркеуді жүзеге асырады;

      2) екінші деңгейдегі банктерде кондоминиум объектісіне ағымдағы және жинақ есепшоттарының ашылуын қамтамасыз етеді;

      3) мамандандырылған уәкілетті ұйым әзірлеген ЖСҚ, шығыстар сметасының, ақаулар ведомостерінің келісілуін ұйымдастырады;

      4) мамандандырылған уәкілетті ұйыммен жасалған шартқа қол қоюды қамтамасыз етеді;

      5) орындалған жұмыстарды қабылдауға қатысады;

      6) жалпы жиналыстың шешімін орындаудан бас тартқан және шартқа қатыспайтын үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы талап арыз беруді жүзеге асырады.

      Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналысы:

      1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне жөндеу жүргізу туралы шешім қабылдайды;

      2) қосалқы мердігер ұйымды таңдауды келісуді жүзеге асырады (оны тарту қажет болған кезде);

      3) ЖСҚ немесе кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеуге шығыстар сметасын келіседі;

      4) әрбір пәтерге (үй-жайға) жүктелетін кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеуге жұмсалатын шығындар сомасын бекітеді, ол жеке (бөлек) меншіктегі тұрғын және (немесе) тұрғын емес алаңдардың пайдалы алаңының осы кондоминиум объектісіндегі үй-жайлардың барлық тұрғын және тұрғын емес алаңдарының пайдалы алаңдарының сомасына қатынасы бойынша айқындалады;

      5) орындалған жұмыстарды қабылдауға қатысу үшін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің қатарынан жауапты тұлғаларды таңдауды жүзеге асырады.

      Орындалған жұмыстарды қабылдауға мамандандырылған уәкілетті ұйымдардың, мердігер ұйымның, кондоминиум объектісін басқару органдарының, тұрғын үй инспекциялары және (немесе) тиісті бюджеттік бағдарламаға жетекшілік ететін бөлімдердің, сондай-ақ техникалық қадағалаудың (үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің келісімімен авторлық қадағалаудың) басшылары, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары, жалпы жиналыста тағайындалатын, жөнделетін объектілердің үй-жайлары (пәтерлері) меншік иелерінің (жеті адамнан кем емес)қатарынан жауапты тұлғалар қатысады.

      Сондай-ақ, 2014 жылдан бастап ЖАО-ға кейіннен жөндеу жұмыстары жүргізілетін үйлерде энергетикалық аудит жүргізуге трансферттер бөлінеді.

      Кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн жөндеу аяқталып, жылыту маусымы өткеннен кейін жергілікті атқарушы органдар осы жөндеудің энергия тиімділігін бағалау үшін қайта энергетикалық аудит жүргізеді.

      Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеу жөніндегі жобаларды іске асыру сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізілуге тиіс.

      Секторды технологиялық дамыту үшін кемінде 5-10 жылда бір рет барлық нормативтік-техникалық құжаттаманы қайта қарау қажет, бұл осы саладағы қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарды қайта қарауды, бекітуді және жаңаларын әзірлеуді көздейді.

      Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға жұмсалатын шығындарды төлеу үшін тұрғын үй көмегі көрсетіледі.

      Пәтерлердің (үй-жайлардың) меншік иелерін тұрғын үй қорын терможаңғырту процесіне тарту мақсатында халық арасында энергия үнемдеуді насихаттау шараларын жүргізу қажет. Халықтың қалың бұқарасына, кондоминиум объектілерін басқару органдарына, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (бұдан әрі – ТКШ) мамандарына және білім алатын жастарға энергия үнемдеу саясатын насихаттау бойынша қызметтер көрсетілетін болады. Энергия үнемдеуді насихаттау жөніндегі іс-шаралармен қамтылған қала халқының үлесі іс-шараларды жүргізу нәтижесінде жыл сайын ұлғаятын болады.

      Халық арасында энергия үнемдеуді насихаттау Бағдарламаны табысты іске асырудың негізі болып табылады және мынадай негізгі іс-шараларды қамтиды: ағартушылық және арнайы әдебиетті тираждау және тарату, өңірлік семинарлар, көрмелер және конференциялар ұйымдастыру, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамдық акциялар мен жарнамалық науқандар өткізу.

      Саланы кадрлық қамтамасыз ету шеңберінде практикалық оқыту үлесін ұлғайту, ТКШ саласы үшін ғылыми кадрлар даярлау, ТКШ саласы мамандарының біліктілігі мен құзыретін арттыру жүйесін дамыту арқылы жоғарғы, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында кадрлар даярлау жүйесін жетілдіру қажет.

      Нәтижесінде көп қабатты тұрғын үйге өзінің жеке меншік тұрғын үй ретіндегі иелік ету қатынасы және энергияны үнемдеу қалыптасуға тиіс, жалпы осы іс-шаралардың барлығы тиімді меншік иесін қалыптастыруға және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің энергияны тұтынуын азайтуға бағытталатын болады.

      Терможаңғырту бірінші кезекте осы қалалар халқының қолайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталады.

      Бағдарлама шеңберінде күрделі жөндеуді қажет ететін көппәтерлі тұрғын үйлер көрсеткіштерінің тұрақты мониторингі жүзеге асырылады, бұл жерде респонденттер ретінде жергілікті атқарушы органдар болуы мүмкін, ал кейін респонденттер ретінде кондоминиум объектісін басқару органдарын және сервистік қызмет субъектілерін тарту шаралары қаралатын болады.

      Бұрын 2011 – 2012 жылдары Бағдарламаны іске асыру бойынша оператордың бірі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (бұдан әрі – ӘКК) болып табылған. Оларда үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің қайтарымды қаражатын жинау әлі де жүзеге асырылатын ӘКК рөлін ескере отырып, жөндеу жүргізу үшін ӘКК-ге қайтарылатын ақша қаражатын пайдалану бойынша жұмысты жалғастыру, сондай-ақ осы қаражатты мамандандырылған уәкілетті ұйымдар арқылы тікелей пайдалану тетіктерін қарау қажет.

      Перспективада мамандандырылған уәкілетті ұйымның рөлін кәсіпкерлік құрылымдар, ал оларды қаржыландыруды мамандандырылған қаржы институттары (агенттіктер) және ЕДБ өзіне алады.


 

Өңірлерді дамытудың
2020 дейінгі бағдарламасына
6-қосымша

"Жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылай қолдау" басымдығы бойынша Бағдарламаны іске асыру кезінде қаржыландырудың және қатысушылардың өзара іс-қимыл жасауының тетігі

      1. Қаржыландыру лимитін бөлу:

      1) облыс әкімі әрбір ауданға және облыстық маңызы бар қалаға қаржыландыру лимитін ауылдық округтерде, сондай-ақ ауылдық округтің құрамына кірмейтін ауылдарда және кенттерде тұратын халықтың санына байланысты жеткізеді;

      2) аудан әкімі және облыстық маңызы бар қала әкімі әрбір ауылдық округке қаржыландыру лимитін әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары және орташа әр ауылдық округте, сондай-ақ ауылдық округтің құрамына кірмейтін ауылда, кентте тұратын халықтың санына байланысты жеткізеді.

      Бұл ретте аудан әкімі және облыстық маңызы бар қала әкімі қаржыландыру лимитін бөлген кезде ауылдық округтің құрамына кірмейтін даму әлеуеті төмен ауылдар мен кенттерді алып тастайды және оны ауылдық округтерге, әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары және орташа ауылдық округтің құрамына кірмейтін ауылдарға және кенттерге қайта бөледі;

      3) ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері барлық ауылдарға, кенттерге және ауылдық округтерге есептелген қаражат көлемін жергілікті қоғамдастық жиынының шешіміне сәйкес бөледі.

      2. Іріктеу рәсімі:

      1) жергілікті қоғамдастықтың жиналысында аудан әкімі, облыстық маңызы бар қала әкімі жеткізген қаражат көлемінің шеңберінде іс-шаралар айқындалады және жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен ресімделеді;

      2) мақұлданған іс-шаралар бойынша ұсыныс (жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі) ауылдық округтің әкіміне, сондай-ақ ауылдық округтің құрамына кірмейтін ауылдың және кенттің әкімдеріне түседі;

      3) ауылдық округтің әкімі, ауылдық округтің құрамына кірмейтін ауылдың және кенттің әкімдері мақұлданған іс-шаралар бойынша ұсыныстарды (жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімін) аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдігіне жібереді;

      4) аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдігі бағытты ескере отырып, ұсынылған іс-шаралардың тізбесін қалыптастырады және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес әзірленген құжаттарды қоса бере отырып, Бағдарламаның үйлестірушісіне жібереді;

      5) Бағдарламаның үйлестірушісі іс-шаралар бойынша ұсынылған құжаттарды қарайды және олар бойынша қорытынды қалыптастырады;

      6) Бағдарламаның үйлестірушісі іс-шараларға берілген қорытындылардың нәтижесін аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдігіне жолдайды.

      Өз кезегінде аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдігі Бағдарлама үйлестірушісінің қорытындысын ауылдық округтердің, сондай-ақ ауылдық округтің құрамына кірмейтін ауылдардың және кенттердің әкімдеріне жібереді.

      Ауылдық округтердің, сондай-ақ ауылдық округтердің құрамына кірмейтін ауылдардың, кенттердің әкімдері жергілікті қоғамдастықтың жиналыстарында қолдау көрсетілген және қолдау көрсетілмеген іс-шаралар туралы ақпаратты жеткізеді.

      3. Бағдарлама үйлестірушісі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген мерзімдерде бюджеттік жоспарлау саласындағы жергілікті уәкілетті органға бюджеттік өтінімді ұсынады.

      4. Бюджет қаражатын пайдаланудың мониторингі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражатын және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін пайдалану мониторингін жүргізу әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.


 

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 28 маусымдағы
№ 728 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011–2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 473 қаулысы.

      2. "2011 – 2020 жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы № 570 қаулысы.

      3. "Өңірлерді дамыту бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 862 қаулысы.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.

      5. "Өңірлерді дамыту" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 862 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 1485 қаулысы.

      6. "Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуiрдегi № 473 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі № 501 қаулысы.

      7. "2011 – 2020 жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы № 570 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 621 қаулысы.

      8. "Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 683 қаулысы.

      9. "Қолжетімді тұрғын үй – 2020" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысы.

      10. "Қолжетімді тұрғын үй – 2020" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қыркүйектегі № 1189 қаулысы.

      11. "Өңірлерді дамыту" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 862 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 қазандағы № 1258 қаулысы.

      12. "Қолжетімді тұрғын үй – 2020" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1777 қаулысы.

      13. "Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 30 сәуiрдегi № 473 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 28 ақпандағы № 200 қаулысы.

      14. "Қолжетімді тұрғын үй – 2020" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 мамырдағы № 560 қаулысы.

      15. "Қолжетімді тұрғын үй – 2020" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 қыркүйектегі № 1022 қаулысы.

      16. "Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 683 және "Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" 2012 жылғы 16 қарашадағы № 1449 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 7 қарашадағы қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.

      17. "Өңірлерді дамыту" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 862 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1492 қаулысы.

      18. "Қолжетімді тұрғын үй – 2020" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 286 қаулысы.

      19. "Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 473 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 410 қаулысы.




© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
жүктеу 3,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау