Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы


"Екінші деңгейдегі" қалалар (облыс орталықтары, Семей және Түркістан қалалары)



жүктеу 3,05 Mb.
бет3/10
Дата17.11.2017
өлшемі3,05 Mb.
#890
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
"Екінші деңгейдегі" қалалар (облыс орталықтары, Семей және Түркістан қалалары)

      Қазіргі уақытта Қазақстанда "екінші деңгейдегі" қалаларға 14 қала жатады, оның ішінде 12 қала 12 облыстың әкімшілік орталықтары болып табылады (Көкшетау, Талдықорған, Атырау, Орал, Тараз, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Ақтау, Павлодар, Петропавл, Өскемен), 2 қала облыстық маңызы бар қала (Семей, Түркістан) болып табылады.

      "Екінші деңгейдегі" қала халқының саны 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 3 795,2 мың адамды құрады, бұл республикадағы жалпы халық санының 21,5 %-ын немесе елдің қала халқы санының шамамен 37,7 %-ын құрайды. Қаралып отырған кезеңде барлық "екінші деңгейдегі" қалаларда халық санының өсуі байқалады, бұл халықтың табиғи өсуінің оң мәндерімен және қалыптасқан халық көші-қонының оң сальдосымен байланысты.

      Осы қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін салыстырмалы талдау көптеген қалалар өз өңірлерінде өндірістік, қаржылық және еңбек ресурстарының тартылыс және шоғырлану орталықтары болып табылатынын көрсетті.



      3-кесте. "Екінші деңгейдегі" қалалардың 2015 жылғы қаңтар-желтоқсандағы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері (алдын ала деректер)

Р/с №

Қалалық әкімшіліктің атауы

Халық саны (2016 жылғы
1 қаңтарға)

Нақты жалақы

Өнеркәсіптік өнімнің көлемі

мың адам

үлес, %

мың тг

облыс бойынша орташа, мың тг.

млн. тг.

үлес, %

1.

Көкшетау

159,5

21,4

99,2

89,2

82 158,10

26,3

2.

Талдықорған

165,3

8,5

97,1

90,7

46 892,5

8,5

3.

Атырау

302,2

50,8

229,6

225,1

149 143, 4

3,03

4.

Орал

288,4

45,3

116,8

99,4

103 918,6

8,2

5.

Тараз

363,0

32,7

92,6

85,3

182 200,1

66,4

6.

Қарағанды

498,1

36

116,9

113,9

259 467,2

19,0

7.

Қостанай

232,0

26,3

96,3

92,0

150 201,4

34,8

8.

Қызылорда

277,8

36,3

119,3

106,3

488 548,5

80,7

9.

Павлодар

358,9

47,3

111,3

108,6

437 589,4

42,4

10.

Петропавл

216,2

38

97,6

87,3

109 083,1

64,7

11.

Өскемен

333,4

23,9

117,7

103

640 793,7

62,7

12.

Семей

343,5

24,6

95,1

103

125 136,2

12,2

13.

Түркістан

256,9

9,0

78,2

85,7

11 697,0

1,8



Р/с №

Қалалық әкімшіліктің атауы

Бөлшек сауда

Негізгі капиталға инвестиция

Тұрғын үйлердің жалпы алаңын пайдалануға беру

млн. тг.

үлес, %

млн. тг.

үлес, %

шаршы метр

үлес, %

1.

Көкшетау

97 495,8 (2014)

53,6

26 483

14,6

105 900

39,5

2.

Талдықорған

39 407,4

12,7

51 946,3

10,6

122 700

10,8

3.

Атырау

13 292,4

86

647 662,5

44,5

366 309

66,6

4.

Орал

170 818,8

78,8

56 647,4

16

156 857

59,9

5.

Тараз

153 752,5

83,9

49 497,1

21,8

128 231,0

43,9

6.

Қарағанды

447 191,2

75,9

88 523,9

24,9

155 750,0

48,6

7.

Қостанай

127 076,4

61,9

37 229,1

22,3

157 210

63,2

8.

Қызылорда

148 518,7

86,0

127 341,3

53,8

312 195,0

67,0

9.

Павлодар

178 707,8

70,4

132 393

29,54

123 314,0

74,9

10.

Петропавл

113 687,6

67,1

51 187,9

33,1

86 103,0

66,9

11.

Өскемен

309 117,3

51,9

81 968,7

19,9

140 909,0

44,3

12.

Семей

138 455,3

23,3

44 208,4

10,8

80 394,0

25,3

13.

Түркістан

13 984,9

4,4

19 749 ,0

4,7

38 679,0

8,7

      "Екінші деңгейдегі" қалалардағы өнеркәсіптік өндірістің көлемі 2015 жылы 2,52 трлн. теңгені құрады, бұл өнеркәсіптік өндірістің жалпы республикалық көлемінің шамамен 17 %-ын құрайды.

      2008 – 2015 жылдары "екінші деңгейдегі" қалалардағы өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемі 39,7 %-ға ұлғайды.

      "Екінші деңгейдегі" қалаларда өңдеу өнеркәсібінің салалары жақсы дамыған. Айталық, осы қалалардың өнеркәсіп өндірісінің құрылымын талдау көбінесе өңдеу өнеркәсібінің үлесі өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінің 55 %-ынан асатынын көрсетті.

      Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде өңдеу саласының үлес салмағы 2015 жылы Атырауда – 62 %, Қарағандыда – 59 %, Ақтауда – 72 %-ды құрады.

      Су құбыры, кәріз, жылу және электр желілерінің, автомобиль жолдарының тозу дәрежесінің жоғары болуы "екінші деңгейдегі" қалалардың инженерлік инфрақұрылымының негізгі проблемалары болып табылады.

      4-кесте. Коммуналдық инфрақұрылымның тозу дәрежесі



Р/с №

Қалалардың атауы

Су құбыры желісі, %

Кәріз желілері, %

Жылу желілері, %

Электр желілері, %

Автомобиль жолдары (қанағаттанарлықсыз жағдайда), %

1.

Көкшетау

45

15

53

62

31

2.

Талдықорған

60

72

65

60

50

3.

Атырау

31

38,5

74

30

28,1

4.

Орал

69

67

55

95

41

5.

Тараз

68

74

70,9

72

25

6.

Қарағанды

78

74

75

60

73

7.

Қостанай

63,3

73,2

51

73

42

8.

Қызылорда

54

60

62

70

68

9.

Павлодар

46,4

41,6

71,2

53

29

10.

Петропавл

81,3

63,6

71

68,5

48

11.

Өскемен

72

75

59

61

27

12.

Семей

77

75

77

66

47

13.

Түркістан

92

40

75

61

67,4

      "Үшінші деңгейдегі" қалалар (шағын және моноқалалар)

      Қазіргі уақытта Қазақстанда 41 шағын қала бар, олардағы халық саны 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 947,2 мың адамды құрайды. Бұл ретте 33 шағын қала тиісті ауылдық аудандардың әкімшілік орталықтары болып табылады, 8 шағын қала ауылдық аудандардың орталықтары болып табылмайды. Географиялық орналасу бойынша қалалардың мынадай типтерін бөліп көрсетуге болады:

      1) агломерациялардың ықпал ету аймағында – Ақкөл, Алға, Қандыағаш, Есік, Қапшағай, Қаскелең, Талғар, Леңгір;

      2) республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль және теміржол магистральдары бойында – Ақкөл, Атбасар, Ерейментау, Есіл, Макинск, Щучинск, Алға, Қандыағаш, Шалқар, Жаркент, Қапшағай, Қаскелең, Сарқанд, Аягөз, Шу, Приозерск, Арал, Ембі, Үшарал, Үштөбе, Зайсан, Шар, Шемонаиха, Арыс, Сарыағаш, Булаево, Мамлютка, Тайынша;

      3) шекара маңындағы аумақтарда – Жаркент, Үшарал, Зайсан, Сарыағаш, Шардара, Шар, Шемонаиха, Мамлютка, Булаево.

      Моноқалалардың тізбесіне 27 қала енгізілген, олардағы халық саны 1,447 млн. адамды немесе елдің қала халқының 16,8 %-ын құрайды, оның ішінде 16 моноқала тиісті аудандардың әкімшілік орталығы болып табылады. Моноқалаларда Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетінің басым бөлігі шоғырланған.

      Көліктік орналасу бойынша моноқалаларды екі топқа бөлуге болады: теміржол желілерінің бойында орналасқан қалалар (20 қала) және теміржолдан алыс не теміржол тұйығында орналасқан қалалар (7 қала).

      Елдің 27 моноқаласының ішінен халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында – 7, республикалық маңызы бар – 14, жергілікті маңызы бар – 7 қала орналасқан.

      1999 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 41 шағын қаладағы халықтың жалпы санының өсуіне қарамастан, көптеген шағын қалаларда халық саны 14,3 %-ға азайды. Сондай-ақ онжылдық кезеңде моноқалалардағы халықтың 4 %-ға жалпы өсуіне қарамастан, олардың 11-інде халық саны 11,8 %-ға2 азайды.

      Шағын қалалар халқының жан басына шаққандағы ақшалай кірісі орташа республикалық деңгейдің 65 %-ын ғана құрайды, ал көптеген моноқалалардың жан басына шаққандағы кірістері орташа облыстық деңгейге жетпейді. Айталық, Арқалық, Кентау, Балқаш, Саран қалаларында жан басына шаққандағы орташа ақшалай кіріс орташа облыстық деңгейдің 80-85 %-ын құрады.

      Елдің көптеген шағын және моноқалаларында негізінен бұрынғы қала құраушы кәсіпорындардың немесе басым саланың жай-күйіне байланысты проблемалар кешені пайда болды.

      Проблемалардың бірі – инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымның қанағаттанғысыз жағдайы. Су құбыры, кәріз, жылу және электр желілерінің жоғары дәрежеде тозуы айтарлықтай қаржылық салымды қажет етеді. Мәселен, моноқалалардың жартысында (11 қалада) электр және жылу желілерінің тозуы 70 %-ға дейін жетті.

      Шағын және моноқалалардың дамуын тежейтін негізгі проблемалардың бірі өндірістік инфрақұрылымның қанағаттанғысыз жағдайы болып табылады. Әсіресе, көлік жолының шалғайлығы және автомобиль жолдарының нашар жағдайының проблемасы өте өзекті.

      Қазақстанның шағын және моноқалаларын дамыту бойынша тиімді шараларды әзірлеу үшін ұқсас елді мекендерді дамытуда шет елдердің табысты мысалдары зерттелді.

      Шағын қалаларда қалыптасқан жағдайдың сипаты мен ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан үшін АҚШ, Швеция, сондай-ақ тұтас Еуропалық одақ (бұдан әрі – ЕО) тәжірибесін бейімдеуге және қолдануға болады.

      Мысалға, көмір өндіруді және тоқыма өнеркәсібі өндірісінің көлемін азайту нәтижесінде Биг Стоун Гэп (АҚШ) қаласы күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайға тап болды. Қала экономикасын қайта құрылымдау және табиғат пен рекреакциялық орындарға жақындығы артықшылықтарын пайдалану арқасында жұмыссыздық деңгейін тұрақтандыруға және қала халқының санын ұлғайтуға қол жеткізілді.

      Басқа мысал: Фармвилль қаласының темекі саласына тәуелділігі шағын және орта бизнесті (бұдан әрі – ШОБ) белсенді қолдау және "бизнесті" үлкен қаладан "тарту" жолымен қаланың экономикасын әртараптандыру арқылы жойылған болатын. Бұл жерде үлкен қаланың, 2 теміржол желісі мен тасжолға жақындығының артықшылықтары пайдаланылды.

      Кемшіліктерді артықшылықтарға айналдырудың табысты мысалдарының бірі Кируна (Швеция) қаласы болды. Темір өндіру көлемін азайту және жұмыспен қамтылғандарды қысқарту нәтижесінде қала банкротқа ұшырау алдында тұрды. Қала экономикасын әртараптандыру үшін қала құраушы кәсіпорын ғылыми-зерттеу тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерді (бұдан әрі – ҒЗТКӘ), аэроғарыш саласын және туристік индустрияны дамытуға ауқымды инвестициялар салды.

      Хелмонд (Нидерланды) қаласында технологиялық құрылыстың ауысуы өнеркәсіптің дәстүрлі салаларында жұмыспен қамтылғандарды жаппай қысқартуға (тоқыма өнеркәсібінде – жартысынан көбін, металл өңдеу саласында – үштен бірін) және жұмыссыздықтың 27 %-на әкеп соқты. Билік қабылдаған шаралардың нәтижесінде "пулмен", ғылыми-техникалық прогресті кеңінен қолдануға және халықаралық нарықта белсенді жұмыс істейтін кәсіпкерлікке бағдарланған технологиялық жаңалықтармен сипатталатын көптеген отандық және шетелдік компаниялар тартылды. Қала халқының саны 48-ден 70 мың адамға дейін өсті, ал жұмыссыздық 27-ден 6,8%-ға дейін қысқарды.

      Жапонияда да моноқалалардың проблемаларын шешуді мемлекет пен қалақұраушы кәсіпорын бірлесіп жүзеге асырды. Бұл жерде қызметкерлердің бір бөлігін компанияның басқа қалалардағы өндірістік қуаттарына ауыстыру ұйымдастырылды.

      Бұл ретте қала құраушы кәсіпорын экономиканың әртүрлі салаларында жаңа шағын кәсіпорындар (электроника және ақпараттық жүйелер, өмірге қажетті тауарлар мен тамақ өнімдерін өндіру, технопарк құру) құрды.

      Бирмингем қаласының (АҚШ) тәжірибесі моноқаланың экономикасын әртараптандырудың табысты мысалдарының бірі саналады. Қаланың табиғи артықшылықтарын және инвестициялар тарту бойынша үкіметтің ойластырылған саясатын (мысалы, шағын өндірушілерге бос өндіріс алаңдарын беру, жоғары білім инфрақұрылымын дамыту және басқа шаралар) пайдалана отырып, қала металлургиялық қала құраушы кәсіпорындардың жабылуына байланысты проблемаларды шеше алды.

      Әлемдік практика көрсеткендей, мемлекет тарапынан да, қала құраушы кәсіпорын тарапынан да бірлескен жоғары мүдделілік болған қалалар өздерінің проблемаларын шешуде неғұрлым табысты болды.

      Қайта даярлау курстарын, бизнес-инкубаторларды ұйымдастыру, қалақұраушы кәсіпорынның жаңа өндірістерді құруы, салық жеңілдіктері сияқты негізгі күштер кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған моноқалаларда едәуір алға басу байқалады.

      Ауылдық аумақтар

      Әлеуметтік-экономикалық даму мониторингінің қорытындылары бойынша 6672 АЕМ бар, онда 7,7 млн. адам тұрады. АЕМ жалпы санының

      1229 – жоғары, 4938 – орташа, ал 478 – төмен даму әлеуетіне сәйкес келеді. Бұл ретте АЕМ-нің жартысынан көбінде халық саны аз және онда ауыл халқының небәрі 8,9 % тұрады.

      Орталықтандырылған сумен жабдықтауға ауыл халқының 79 %-ы қол жеткізген, ал жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының 27 %-ы күрделі жөндеуді қажет етеді.

      Ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерін шешу әртүрлі бағдарламалық құжаттар шеңберінде көзделген, алайда осы бағытта кешенді тәсілдің болмауы күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік бермейді.

      Осыған байланысты, ауылдық аумақтарды дамытудың ортақ проблемаларын шешумен қатар, ауыл халқының анағұрлым жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз ете отырып, тірек АЕМ-ді кешенді дамытудың жаңа кезеңін бастау қажет.

      Тірек ауылдарды дамыту үшін Беларусь Республикасының ауылдық аумақтарының даму тәжірибесі зерделенді.

      Беларусь Республикасында Ауылды жаңғырту мен дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы іске асырылды, ол ауылды басым әлеуметтік-экономикалық дамыту және агроөнеркәсіптік кешен жұмысының тиімділігін арттыру үшін жағдай жасауға бағытталған.

      Бұл Мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаттары мен міндеттері:

      1) Беларусь ауылдарының әлеуметтік және өндірістік саласын жаңғырту және дамыту, ауыл шаруашылығы өндірісін орнықты жүргізу үшін жағдайларды қамтамасыз ету;

      2) ауыл халқының табысын жоғарылату, ауылдық жерде тұру беделдігі және ауылда демографиялық жағдайды жақсарту үшін негіздер құру;

      3) ауыл шаруашылығы өнімін және азық-түлікті ішкі нарыққа және экспорттық ресурстарды қалыптастыру үшін жеткілікті көлемде тиімді өндіруді қамтамасыз ету болды.

      Агроқалашықтар ауылдағы әлеуметтік стандарттардың жүргізушілері болып айқындалды.

      Осы құжатта агроқалашық ауыл кенттерінің сапалы түрде жаңа түрі ретінде айқындалған: агроқалашық – халқының саны, әдетте, мың адамнан аз абаттандырылған елді мекен, онда тұрып жатқан халықты және іргелес аумақтардың тұрғындарын әлеуметтік стандарттармен қамтамасыз ету үшін өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым құралатын болады.

      Агроқалашықтар аумағы тарихи қалыптасқан әкімшілік құрылым болып табылатын базалық деңгейдегі әкімшілік-аумақтық бірліктердің негізінде құрылады. Бағдарламаны іске асыру барысында агроқалашықтар екі топқа бөлінген. Біріншісі – толыққанды қонысты құру бағыты, бұрыннан алынып, жүйелі түрде іске асырылып жатқан қоныстар. Бұл жерде әртүрлі түрлендіру мен жетілдіру жоспарлы сипатқа ие және төтенше, радикалды болып қабылданбайды. Агроқалашық мәртебесіне ие болу үшін басқа қоныстар көптеген аспектілер бойынша айтарлықтай өзгеруі тиіс. Бұл жағдайда елеулі қаржылай салымды талап ететін айқын көрінетін және түбегейлі жаңалықтар қажет.

      Беларусь Республикасында қол жеткізілген оң нәтижелер Қазақстан Республикасының жаңа өңірлік саясатын іске асыру шеңберінде тірек АЕМ-ді дамытуда ұқсас тәсілдер мен құралдарды қолдануды өзекті етеді.

      Шекара маңындағы аумақтар

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының құрлықтағы жалпы ұзындығы 13383 км құрайды. Республикада 12 шекара маңындағы облыс, 62 шекара маңындағы аудан және олардың аумақтарында орналасқан 1268 елді мекен бар.

      Бұл мән-жайлар даму және осындай жағдайға байланысты барлық артықшылықтарды пайдалану өзектілігінің жоғары деңгейін және осыдан туындайтын кемшіліктерді ескеру және алдын алу қажеттілігін болжайды.

      Еліміздің оңтүстік өңірлерінде іргелес елдердің шекара маңы аумақтарының тығыз қоныстануына, сондай-ақ дамыған инфрақұрылымның, көліктік қолжетімділікпен шекара маңы саудасының болуына байланысты елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің серпінді өсуі үшін барлық алғышарттар бар.

      Экономикасы өтпелі елдер үшін шекара маңында "әлеуеттері әртүрлі" елдердің орналасуы – жұмыс күші мен көлік шығасылары неғұрлым төмен инфрақұрылым жағдайында бәсекелес артықшылықтары бар аумаққа өндірістің бір бөлігін көшіруге мүдделі болатын анағұрлым дамыған көршімен шекаралас орналасуы (мысалы, АҚШ-пен шекарада Мексиканың Сонора штаты, ЕО байырғы елдерімен Чехия, Мажарстан шекаралары) экономикалық тұрғыдан өте тиімді. Алайда дамыған елдермен шекаралас болғанның өзінде егер институционалдық орта инвестициялар үшін қолайсыз болса, шекара маңы әсері нашар болады (мысалы, Ресейдің солтүстік-батыс шекарасы және ЕО).

      Қазақстан мен Ресей шекарасында "әлеуеттің әртүрлілігі" жоқ, Ресейдің көршілес өңірлерінде де Қазақстан өңірлері сияқты дамудың анық артықшылығы жоқ. Қазақстанның батыс облыстарында және Тюмень облысында жан басына шаққандағы жоғары ЖӨӨ статистикалық шама болып қалуда, мұнай-газ кірістерінің басым бөлігі орталық бюджетке орталықтандырылады, бұл жылдам дамуға және өңірлердің өзінде жаңа жұмыс орындарын құруға кедергі жасайды. Орташа немесе нашар дамыған өңірлердің шекара маңы өзара іс-қимылы көп емес немесе алмасудың аз номенклатурасына, көлеңкелі сауданың қомақты үлесіне ие.

      Айталық, 2000 жылы Қытайда "Батысты кең ауқымды дамыту стратегиясы" бағдарламасы қабылданды. Қытайдың алдағы жылдарға арналған экономикалық дамуының ресми ұраны "Тұрақты Шығыс, дамып келе жатқан Батыс" деп жария етілді. 2000 – 2009 жылдары Батыс Қытайда ЖІӨ жыл сайын орташа есеппен 11,9 %-ға өсті, бұл ел бойынша орташа деңгейден артты. 2009 жылы ел әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында қиын кезеңдерді бастан өткізген кезде қарқынды даму үрдісі сақталды. Батыс Қытайда елдің шығыс бөлігіне3 қарағанда, ЖІӨ 2,8 %-ға жоғары болды. Бұл ретте, Шығыс Қазақстан облысында халық санының депопуляциясы байқалады, 2005 жылы 1442 мың адамды құраса, 2016 жылдың басына қарай халық саны 1395 мыңға дейін төмендеді.

      Сонымен қатар, Қытаймен серпінді дамып келе жатқан тауар айналымы, халықаралық шекара маңындағы сауда орталықтарын құру, басқа елдерге шығу мүмкіндігімен республиканың ішкі аумағына қарай көлік байланыстарын дамыту бойынша қабылданған шаралар, үлкен туристік әлеует осы өңірлердің экономикасын дамыту үшін алғышарттар жасайды.

      Көліктік қолжетімділік жоғары болғандықтан, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының 12 ресейлік және 7 қазақстандық өңір орналасқан шекара маңындағы аумақтарының жоғары интеграциясы байқалады.

      Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша даму деңгейі жоғары шекара маңындағы өңірлерге Шығыс Қазақстан (шекара маңындағы ресейлік аймақ) және Атырау облыстары, дамыған өңірлерге – Оңтүстік Қазақстан облысы, орташа дамыған өңірлерге – Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан (шекара маңындағы қытайлық аймақ), Жамбыл, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары, даму деңгейі төмен өңірлерге – Қызылорда облысы жатады.

      Осыған байланысты, ауылдық аумақтарды дамытудың жалпы проблемаларын шешумен қатар, әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенділігі мен үйлесімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін шекара маңындағы аумақтарды кешенді дамытудың жаңа кезеңін бастау қажет.

      


жүктеу 3,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау