3. Ағымдағы ахуалды талдау
Қазіргі кезеңде Қазақстанның өңірлік саясаты ұлттық экономиканың маңызды экономикалық өсу нүктелері болып табылатын урбандалу процестерін ынталандыруды және агломерацияларды реттеп дамытуды, экономикалық және демографиялық әлеуеті бар перспективалы елді мекендерді дамытуды және қолдауды қамтитын ұтымды аумақтық ұйымдастыруды қалыптастыруды қамтамасыз етуге арналған.
Қазақстанда урбандалу деңгейі шамамен 56,7 %-ды құрайды, бұл Орта Азия елдері үшін ең жоғары коэффициент болып табылады, алайда дамыған елдерден тым артта қалуда. Өсіп жатқан қалалар, халық ұтқырлығының артуы және өндірістің мамандануының өсуі дамудың ажырамас серіктері болып табылады. Аустралия, Канада және АҚШ сияқты елдердің Қазақстанмен салыстырылатын урбандалу коэффициенттері 75 – 80 % аралығында.
Аумақты дамытудың оңтайлы саясатын жүргізу үшін Мемлекет басшысының 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығында баяндалған Елді аумақтық кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасымен (бұдан әрі – Болжамды схема) Қазақстан Республикасы өңірлерінің мынадай сыныптамасы қабылданды.
Макроөңірлер – өздерінің экономикалық, табиғи және әлеуметтік-демографиялық сипаттамалары бойынша ұқсас өңірлер топтамасы.
Хаб-қалалар – ұлттық және өңірлік өзара іс-қимыл орталықтары: сауда-логистика және көлік, қаржы және кадр орталықтары, ақпарат пен технологияларды жеткізушілер.
Агломерация – бір (моноорталықты) немесе бірнеше (көпорталықты) орталық қалалардың айналасына жақын орналасқан, өзара тұрақты өндірістік, мәдени-тұрмыстық және өзге байланыстармен біріккен, сондай-ақ аумақтық бірігу үрдісі бар елді мекендердің урбанизациялық топталуы.
Болжамды схемада урбандалған экономикалық өсу орталықтарының мынадай санаттары да бөліп көрсетіледі:
1) "бірінші деңгейдегі" қалалар (агломерациялар, хаб-қалалар);
2) "екінші деңгейдегі" қалалар (облыс орталықтары, облыстық маңызы бар ірі қалалар);
3) "үшінші деңгейдегі" қалалар (шағын және моноқалалар).
Бұдан басқа, Болжамды схемаға сәйкес тірек ауылдық елді мекендер, шекара маңындағы аумақтар экономикалық өсу орталықтарына жатады.
Макроөңірлер
Қазақстанда өңірлер ұқсас экономикалық, табиғи және әлеуметтік-демографиялық сипаттамаларға негізделе отырып, төрт макроөңірге топтастырылған – Солтүстік (Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары), Орталық-Шығыс (Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары), Оңтүстік (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары) және Батыс (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары). Макроөңірлердің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен айрықша мәртебесіне ұқсас болғандықтан, Астана және Алматы хаб-қалалары да бөліп көрсетіледі.
Қазақстанның макроөңірлері әртүрлі әлеуетке ие және елдің экономикалық дамуына әртүрлі үлес қосуда.
1-кесте. Қазақстан Республикасы макроөңірлерінің қысқаша сипаттамасы
|
ЖІӨ-дегі үлесі, %
|
Қазақстан Республикасының жалпы халық санындағы халықтың үлесі, %
|
Урбандалу деңгейі, %
|
Орталық-Шығыс
|
18,3
|
20,0
|
69,7
|
Солтүстік
|
8,6
|
12,4
|
48,6
|
Оңтүстік
|
17
|
37,7
|
38,0
|
Батыс
|
23,8
|
15,2
|
52,9
|
Алматы қаласы
|
21,2
|
9,6
|
100,0
|
Астана қаласы
|
11,2
|
4,9
|
100,0
|
Айталық, мұнайлы Батыс макроөңірі ел халқының 15,2 % үлесімен ұлттық экономикаға үлес қосу (23,8 %) бойынша көшбасшы болып табылады. Ал аграрлы Оңтүстік макроөңірі ел халқының 37,7 % үлесімен (Алматы қаласын есептемегенде) елдің жалпы ішкі өнімінің (бұдан әрі – ЖІӨ) 17,0 %-ын ғана өндіреді.
Бұл бірінші кезекте макроөңірлер экономикасының құрылымына байланысты. Батыс макроөңірі жалпы өңірлік өнімінің (бұдан әрі – ЖӨӨ) 90 %-дан астамын өндіру өнеркәсібі – құрылатын жұмыс орындарының саны шектеулі жоғары өнімді сектор қамтамасыз етеді. Сонымен бірге экономикасының құрылымы әртараптандырылған Алматы қаласы (ел халқының 9,6 %) ел экономикасына Батыс макроөңірімен салыстыруға болатын үлес қосуда. Сонымен бірге Оңтүстік және Солтүстік макроөңірлерінің дамуы құрылатын жұмыс орындарының саны шектеулі ауыл шаруашылығының төмен өнімді секторларына негізделген. Тиісінше, ел халқының үлесі жоғары болғанымен, олардың елдің ЖІӨ-ге үлесі төмен.
Бұдан екінші қорытынды шығады – макроөңір қаншалықты урбандалса, оның экономикасы соншалықты әртараптанады. Осылайша, Орталық-Шығыс макроөңірі салыстырмалы жоғары урбандалу деңгейіне және тиісінше, орташа республикалықпен салыстыруға болатын жан басына шаққандағы орташа табыс көрсеткішіне ие. Жан басына шаққандағы орташа кірістің ең жоғары көрсеткіші Астана және Алматы қалаларында байқалады. Сонымен бірге, жан басына шаққандағы орташа кірістің ең төмен көрсеткіші – аграрлы Солтүстік және Оңтүстік макроөңірлерінде. Батыс макроөңірі өндірістің мономамандануымен ерекшеленеді және сондай-ақ өндіру секторы шегінен тысқары жан басына шаққандағы орташа кірістің шамалы көрсеткіштеріне ие.
Макроөңірлердің теңгерімді дамуы үшін инвестициялық және еңбек ресурстарының өндіру өнеркәсібінен және өнімділігі төмен ауыл шаруашылығы секторларынан экономиканың өңдеу өнеркәсібіне және өнімділігі жоғары сервис секторларына көшуін қамтамасыз ету арқылы олардың экономикасын әртараптандыру саясатын жүргізу қажет, ол ел халқының жан басына шаққандағы орташа кірісін арттырады.
Заманауи технологиялардың, бизнес-процестерді автоматтандырудың және өндірісті ақпараттандырудың дамуына орай өндіру өнеркәсібі мен аграрлық сектор жұмыс орындарының жеткілікті санын құруға қабілетті емес.
Қазіргі кезеңде көрсетілетін қызметтер секторында жұмыс орындарының жеткілікті саны ұсынылуы мүмкін. Экономиканың сервистік секторлары урбандалған аумақтарда дамиды.
Осылайша, өңірлік саясат тұрғысында бұл елдің шикізаттық емес ЖІӨ арттыратын басқарылатын урбандалу саясатын білдіреді.
Экономиканың құрылымында және урбандалу деңгейінде айырмашылықтар болғандықтан, елдің макроөңірлері үшін инвестициялық бағдарламаларды әзірлеудің әртүрлі тәсілдері қажет.
Оңтүстік макроөңір
Халық саны – 6,7 млн. адам (Алматы қаласын қоспағанда).
Урбандалу деңгейі – 37,7 %.
Макроөңірде екі хаб-қала – Алматы мен Шымкент, сондай-ақ "екінші деңгейдегі" 4 қала, "үшінші деңгейдегі" 20 қала, 71 тірек АЕМ бар.
Басым мамандандырылу – ауыл шаруашылығы. Сонымен бірге өнеркәсіптің жекелеген түрлері: өндіру – Қызылорда облысында, уран және химия – Оңтүстік Қазақстан облысында, фосфор өнімінің өндірісі – Жамбыл облысында дамыған.
Макроөңір халықтың жоғары тығыздығымен, бірақ урбандалудың төмен деңгейімен сипатталады. Осыған орай урбандалу процестері міндетті түрде болады, ауыл халқы қалаларға белсенді көшуде.
Макроөңір іске асырылған "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" (Қорғас – Алматы – Тараз – Шымкент – Түркістан – Қызылорда) жобасының арқасында басқаларға қарағанда барынша интеграцияланған болып табылады.
Батыс макроөңір
Халық саны – 2,7 млн. адам.
Урбандалу деңгейі – 52,9 %
Макроөңірде бір хаб-қала – Ақтөбе, сондай-ақ "екінші деңгейдегі" 3 қала, "үшінші деңгейдегі" 11 қала, 62 тірек АЕМ бар.
Макроөңірдің урбандалуы салыстырмалы түрде төмен болып табылады. ЖӨӨ-нің басым бөлігін мұнай және газ өндіру секторы құрайды. Өңдеу өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарында дамыған. Осы екі өңір макроөңір үшін ішінара азық-түлік базасы болып табылады.
Макроөңір аумағында елдің жалғыз теңіз қақпасы – Ақтау теңіз порты орналасқан.
Маңғыстау облысында (Жаңаөзен) халықтың шамадан тыс қоныстану проблемасы бар, мұнда табиғи-климаттық жағдайларға байланысты жаңа жұмыс орындарын құру мүмкіндігі шектеулі.
Орталық-Шығыс макроөңір
Халық саны – 3,5 млн. адам.
Урбандалу деңгейі – 69,7 %.
Макроөңірде бір хаб-қала – Өскемен, сондай-ақ "екінші деңгейдегі" 3 қала, "үшінші деңгейдегі" 20 қала, 81 тірек АЕМ бар.
Макроөңірде урбандалу деңгейі жоғары, жоғары қайта өңдеуді дамытуды қажет ететін салыстырмалы дамыған өнеркәсіп бар. Макроөңірдің ірі қалалары Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Семей болып табылады.
Макроөңір Астана хаб-қаласымен және Солтүстік макроөңірмен тығыз байланысты. Атап айтқанда, елді мекендердің (Теміртау, Саран, Абай, Шахтинск қалаларымен) Қарағанды агломерациялық жүйесі Астана агломерациясымен байланысты. Бұл ретте екі макроөңір салалық құрылымы бойынша – Солтүстік макроөңірдің аграрлы мамандануы және Орталық-Шығыс макроөңірдің өнеркәсіптік мамандануы өзара бір-бірін толықтырады.
Аумақ жерінің кеңдігін ескерсек, макроөңір үшін, әсіресе, тірек қалалардан туристік әлеуеті бар аумаққа дейін (Баянауыл, Қарқаралы, Алтай және басқалары) жылдамдығы жоғары көліктік қолжетімділікті қамтамасыз етудің маңызы өте зор.
Солтүстік макроөңір
Халық саны – 2,2 млн. адам.
Урбандалу деңгейі – 48,6 %.
Макроөңір үшін Астана хаб-қала болып табылады.
Макроөңірде "екінші деңгейдегі" 3 қала, "үшінші деңгейдегі" 17 қала, 99 тірек АЕМ бар. Макроөңірдің урбандалуы төмен, сонымен қатар халықтың көшіп кетуі байқалады.
Негізгі мамандану – астық өндірісі. Өңірлерде жекелеген өнеркәсіп түрлері (Солтүстік Қазақстан облысындағы ПАМЖЗ, Қостанай облысындағы ССТӨБ және Агромашхолдинг, Ақмола облысындағы КамАЗ-Инжиниринг және уран кендерін өндіру) дамыған, яғни Қостанай, Петропавл, Көкшетау, Степногорск қалалары салыстырмалы әртараптандырылған болып табылады.
Макроөңірдің белгілі бір туристік әлеуеті бар (Шучинск-Бурабай курорттық аймағы, Зеренді, Сандықтау, Бұланды және басқалары).
"Бірінші деңгейдегі" қалалар (агломерациялар)
Қалалық агломерациялар әлемнің көптеген елдерінде заманауи қоныстандырудың объективті түрде негізгі нысандары болуда.
АҚШ-та бүкіл халықтың 76 %-дан астамы агломерацияларда тұрып жатыр, олардың ең ірісі Нью-Йорк (11,3 мың шаршы км, 23,3 млн. адам) және Лос-Анджелес (5,8 мың шаршы км, 18,6 млн. адам) агломерациялары.
Еуропада әлемдік деңгейдегі агломерациялар Лондон (11 мың шаршы км, 13,4 млн. адам) және Париж (12 мың шаршы км, 12 млн. адамнан астам) агломерациялары.
Қытайда – Шанхай (7,1 мың шаршы км, 18,6 млн. адам), Бразилияда – Рио-де-Жанейро (4,6 мың шаршы км, 12,1 млн. адам), Аргентинада – Буэнос-Айрес (2,7 мың шаршы км, 14,6 млн. адам), Үндістанда – Колката (1,8 мың шаршы км, 15,6 млн. адам) және басқа да дамушы елдерде урбандалған аумақтар жылдам қарқынмен қалыптасып жатыр.
Дамушы елдерде агломерациялардың дамуы өзіндік ерекшелікке ие. Оларға кейбір жетекші және ірі орталықтарда халық пен экономиканың барлық салаларының өсіп келе жатқан шоғырлану үлгісі тән. Халықтың ауылдық жерден ірі және аса ірі орталықтарға келуі жоғары қарқынмен жалғасатын болады.
Егер қалалық орталықтардың дамуы "өз бетінше" жүзеге асырылса, ауылдық жерден халықтың бақыланбайтын көші-қон процестері тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым қуатына шамадан тыс жүктеменің қалыптасуына, шеткері қала қоныстарында әлеуметтік-экономикалық маргиналдану аймақтарының пайда болуына әкеп соғуы, өңіраралық үйлеспеушілікті одан әрі нығайтуға ықпал етуі және экономиканы әртараптандыруға кедергі болуы мүмкін.
Осындай үрдістер Латын Америкасы мен Африка елдеріндегі көптеген қалалық агломерацияларға тән, олар экономикалық артта қалушылық пен теңсіздікті консервациялауға ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік тұрақсыздыққа да ықпал етеді.
Қытай Халық Республикасы Ғылым академиясының География ғылымдары мен табиғи ресурстар институты ұсынған "Қытайдың қалалық агломерацияларын дамыту – 2010" баяндамасына сәйкес Қытай 23 қалалық агломерация құрады.
Қалалық агломерациялар Қытайдың экономикалық дамуының болашақ құрылымында ең перспективалы аудандар болып табылады. 10 – 20 жылдан кейін Қытай әлемдік деңгейдегі ең бәсекеге қабілетті және инновациялық ілгерілетілген агломерациялардың топтарын құруға тиіс, ал әрбіреуінің халық саны кемінде 20 млн. адам болуға тиіс.
Қазіргі уақытта Қазақстанда орталықтары Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары болатын агломерациялар "бірінші деңгейдегі" қалалар болып айқындалды. Қалыптасып келе жатқан қалалық агломерациялар елдің барлық халқының үштен бір бөлігінен астамын шоғырландырады.
Олардың ішінде неғұрлым ауқымдысы (халық санын және қала маңымен бірге орталық қаланы қамтитын агломерациялар құрылымының күрделілігін ескере отырып) Алматы мен Шымкент айналасында дамып келеді. Қарқынды өсуі қоныстандыру жүйесіндегі жаңа елорданың рөлін арттыруға бағытталған мемлекеттің саясатына негізделген Астана әлі дамыған қала маңы аймағын қалыптастырып үлгерген жоқ. Республиканың батысында Ақтөбе қаласында орталығы бар болашақ агломерация перспективалы болып табылады.
Бұл ретте Астана агломерациясының құрамына бірыңғай агломерациялық құрылым жасауға қабілетті Қарағанды қаласы және оның маңындағы елді мекендер (серіктес қалалар, кенттер) тартылады.
Қазақстанда агломерациялар қалалық агломерацияларды қалыптастырудың және дамытудың негізгі өлшемшарттары бойынша айқындалады:
1) демографиялық сыйымдылық, өңір халқының жоғары тығыздығын, көші-қон ағынын, ресурстық базаны (жер, су, азық-түлік ресурстарын) қамтиды (2-кесте).
2-кесте. 2016 жылдың басындағы агломерациялардың халық саны мен демографиялық сыйымдылығы бойынша ақпарат
Р/с№
|
Атауы
|
Халық саны
|
Демографиялық сыйымдылық (орталықтың халық тығыздығы), мың адам
|
агломерациялар
|
орталық қалалар
|
мың адам
|
үлесі, %
|
мың адам
|
үлесі, %
|
1.
|
Астана
|
1 025,4
|
5,8
|
872,6
|
8,7
|
2 460
|
2.
|
Алматы
|
2 815,9
|
15,9
|
1 703,5
|
16,9
|
10 087
|
3.
|
Шымкент
|
1 594,2
|
8,4
|
886,3
|
8,8
|
4 074
|
4.
|
Ақтөбе
|
614,1
|
3,2
|
397,4
|
4,5
|
1 331
|
|
Барлығы
|
6 049,6
|
34,2
|
3 912,4
|
38,9
|
|
2015 жылы "бірінші деңгейдегі" қалалар (агломерациялар) халқының саны 6 049,6 мың адамды құрады, бұл Қазақстан Республикасы халқының жалпы санының 22,1 %-ын құрайды. Бұл ретте Астана, Алматы және Шымкент қалалары халқының саны Қазақстанның жағдайында агломерациялық әсер (500 мың адам) іске асырылатын деңгейден асып отыр.
2) логистикалық әлеует, бұл ыңғайлы географиялық орналасуды, халықаралық көлік дәліздерінің өтуін, көлік торабы мен инфрақұрылымның болуын білдіреді.
Қазіргі уақытта агломерациялардың және агломерациялардың ықпал ету аймағына кіретін (серіктес қалаларды, көршілес қалаларды, кенттерді, ауылдарды қоса алғанда) елді мекендердің шекаралары белгіленді. Агломерация ареалын делимитациялау (шекара белгілеу) үшін изохрон әдісі пайдаланылды, ол агломерация орталығына бару үшін қажет уақыт шығыны негізінде агломерация шекараларын айқындаудан тұрады. Агломерация шекарасы ретінде 1,5 сағаттық изохрон қабылданды. Аталған әдістің көмегімен агломерация аумағының шегінде қоныстар сәйкестендірілген:
Астана агломерациясының құрамына Ақмола облысының Ақкөл, Аршалы, Целиноград, Шортанды аудандарының бөліктері кіреді;
Алматы агломерациясының құрамына қала маңындағы аймақтың елді мекендері кіреді, оларға Алматы облысының бес әкімшілік ауданы: Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, сондай-ақ Қапшағай қалалық әкімшілік аумағы кіреді. Алматы қаласының ықпал ету аймағы қала мен қала маңының тығыз байланысының негізінде (күнделікті еңбек маятниктік көші-қоны шамамен 250 мың адамды құрайды) айқындалды және қалыптасқан серіктес қалалар Қапшағай, Қаскелең, Талғар, Есік қалаларының, Ұзынағаш ауылының және жоспарланып отырған Gate City (қаржы орталығы), Golden City (мәдени орталық), Growing City (өнеркәсіптік орталық), Green City (туристік орталық) төрт жаңа серіктес қалалардың орналасуын ескереді;
Шымкент агломерациясының құрамына Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласы, Бәйдібек, Түлкібас, Қазығұрт, Төлеби, Ордабасы және Сайрам аудандары кіреді;
перспективалы Ақтөбе агломерациясының құрамына Ақтөбе облысының Хромтау, Алға, Қандыағаш қалалары, Алға, Қарғалы, Мәртөк, Мұғалжар, Қобда мен Хромтау аудандарының бірқатар ауылдық елді мекендері кіреді.
Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Астана қалалары арқылы өтетін халықаралық көлік дәліздерін салуға байланысты агломерациялардағы логистикалық әлеуетті ұлғайту болжануда.
Сонымен бірге, қазіргі уақытта жолаушылар айналымы бойынша статистикалық деректердің болмауы орталық қала мен серіктес қалалардың арасындағы көліктік қолжетімділікті анықтауды қиындатады.
3) экономикалық әлеует, яғни орталық қаланың дамығандығы (өнеркәсіптік, сервистік, еңбек, қаржылық, ғылыми әлеует);
Астана – республиканың астанасы, елдің әлеуметтік-экономикалық даму көшбасшыларының бірі болып табылатын қала. Астананы көшіру туралы шешім қаланың, жақын орналасқан облыстардың және жалпы елдің кеңістік құрылымының серпінді дамуына бірден-бір ықпалын тигізді. Тиімді экономикалық-географиялық орналасудың көп көлемді материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарымен үйлесімде болуының агломерациялық даму әлеуеті әлі іске асырылмаған Астана қаласын агломерация орталығы ретінде қалыптастыру үшін зор маңызы бар.
Республика көлемінде Астана қаласының ЖӨӨ үлесі 11,2 %-ды құрайды (2015 жылғы деректер). Қала экономикасының негізін мыналар құрайды: көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу (24,7 %), жылжымайтын мүлікпен операциялар (11,2 %), құрылыс (10,1 %), көлік және қоймалау (8,2 %), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтер (7,8 %).
Қала халқының өмір сүру деңгейін талдау қаралатын барлық көрсеткіштер бойынша оң серпінді анықтады. Астана қаласының экономикалық тұрғыдан белсенді халқының саны 2015 жылы 488,8 мың адамды құрады және 2000 – 2015 жылдар аралығында 2,7 есе өсті.
Алматы – агломерациялық орталық ретінде белсенді қалыптасып келе жатқан елдің ең ірі мегаполисі. Алматы қаласының тартылыс аймағына Талғар, Есік, Қаскелең, Қапшағай қалалары және олармен тығыз экономикалық, еңбек және әлеуметтік байланыстары бар іргелес кенттер мен ауылдар жатады. Алматы қаласы ұлттық және әлемдік нарықтармен байланысты қамтамасыз ететін адами, қаржылық ресурстардың, білім беру және ғылыми әлеуеттің, дамыған инфрақұрылымның жоғары шоғырлануымен ерекшеленеді.
Алматы қаласының 2015 жылғы ЖӨӨ-сінің салалық құрылымын талдау қаланың экономикалық базасын көрсетілетін қызметтер секторы құрайтынын көрсетеді. Үлестік салмақ бойынша бірінші позицияны көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу (31,3 %), одан кейін жылжымайтын мүлікпен операциялар (10,6 %), қаржы және сақтандыру қызметі (9,1 %), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет (6,8 %) алады.
Қаланың экономикалық тұрғыдан белсенді халқы 2015 жылы 885,1 мың адамды құрады және 2000 – 2015 жылдар кезеңінде 1,4 есе өсті.
Қазіргі уақытта Алматы қаласының қала маңындағы аймағын дамыту Алматы қаласының қала маңындағы аймағы аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың қабылданған кешенді схемасы шеңберінде жүзеге асырылады.
Шымкент – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, білім беру және мәдени орталығы. Бұл ретте экономикалық әлеуеті бар қала елдің оңтүстігінің агломерациялық орталығы бола алады. Сонымен қатар, оның "жалған урбандалу" форматында дамуына жол бермеу мақсатында аталған процесті реттеу қажет.
2010 – 2015 жылдар аралығында Шымкент қаласы халқы санының жыл сайын орта есеппен 2,9 %-ға өсуі байқалған.
Ақтөбе қаласы Ақтөбе облысының әкімшілік орталығы болып табылады. Ақтөбе қаласының аумағы, әкімшілік тұрғыдан бағынысты бес ауылдық округті (Благодарный, Қарғалы, Құрайлы, Новый, Сазды) қоса алғанда, 2,3 мың шаршы км тең. Облыс көлемінде өнеркәсіптік өндірістің үлесі 26,2 %-ды, яғни 265,4 млрд. теңгені құрайды (2015 жылғы деректер бойынша);
4) орталық қаланың (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімшілік мәртебесі, бұл Қазақстанның жағдайында маңызды, себебі бюджет ресурстарын бақылауды көздейді.
Қазақстанда агломерациялар дамуының SWOT-талдауы
Мықты тұстары
|
Әлсіз тұстары
|
білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және бос уақыт өткізу салаларында қызметтер көрсетудің жоғары деңгейі (елдің басқа өңірлерімен салыстырғанда);
халықтың табиғи және көші-қон өсімінің оң көрсеткіштері;
шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар;
кадрлық базаның болуы
|
қоныстанудың төмен тығыздығы, 2 млн. адамнан астам халқы бар орталық қалалардың болмауы;
орталық қалалардың және іргелес аумақтардың (елді мекен жүйелерінің) ортақ жүйелі инфрақұрылымының болмауы;
орталық қалалар ішінде тиімсіз көліктік инфрақұрылым (көлік кептелістері);
ірі қалалардағы жағымсыз экологиялық жағдай (газдану, "жасыл экономиканың" смарт-технологияларын қолданбау, қоғамдық көліктің дамымауы, қалалардың ішінде экологиялық емес және энергияны қажетсінетін өндірістердің болуы);
қалаларда рекреациялық аймақтардың және жасыл аймақтардың жеткіліксіз дамуы;
елдің ірі қалаларында тартымды брендтердің (танымал халықаралық имидждің) болмауы;
елдің ірі қалаларының жаһандық және өңірлік нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі;
орталық қала мен қала маңындағы елді мекендердің бірыңғай заманауи қала құрылысы құжаттамасының болмауы
|
Мүмкіндіктер
|
Қатерлер
|
экономиканың толық қайта құрылуы (индустрияландырудан кейінгі даму);
халық саны көп және әртараптандырылған еңбек нарығының қалыптасуы;
тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізудің сыйымды нарығының тартымдылығын арттыру;
"инфрақұрылымдық әсер" құру (қуатты көлік кешендері, мультимодальды тораптар, ақпараттық коммуникациялар);
ірі орталықпен көрші болу әсері, яғни барлық агломерация тұрғындарына агломерациялардың әртүрлі аймақтарының еңбек, сауда және басқа да мүмкіндіктеріне кең ауқымды қолжетімділік беру
|
біліктілігі төмен еңбек ресурстарының бақылаусыз жаппай келуінің салдарынан "жалған урбандалу";
тұрғын үй тапшылығы;
жоғары жұмыссыздық;
қалалық әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымға шамадан тыс жүктеме;
қала шетінде ретсіз құрылыс салу;
келетін халықтың маргиналдануы мен бейәлеуметтенуі (қылмыстың көбеюі)
|
Достарыңызбен бөлісу: |