«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасу үшін
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары
С-О-3 санаты үшін:
жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;*
4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
5) ғылыми дәрежесінің болуы.*
С-О-5 санаты үшін: жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;*
4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
5) ғылыми дәрежесінің болуы.*
С-R-4 санаты үшін: жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;*
4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
5) ғылыми дәрежесінің болуы.*
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
-
Санаты
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
|
min
|
max
|
С-О-3
|
123257,48
|
166564,16
|
С-О-5
|
83282,08
|
112430,81
|
C-R-4
|
73 288,23
|
99 105,68
|
I. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаменті, 070019, ШҚО, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 87/2, байланыс телефоны 8 (7232) 26-17-33, электронды мекенжайы: g.kudaskina@minfin.gov.kz бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасу үшін мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды.
1. Төлемдерді алдын ала бақылау және өткізу басқармасының басшысы, С-О-3 санаты, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Басқарма қызметіне жалпы басшылық ету; мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне сапалы қызмет көрсетілуін бақылау; құжаттарды қабылдау, ұсынылған құжаттардың жинақтылығын тексеру, оларды өзге басқармаларға уақтылы тапсыру ісін бақылау; чектер қозғалысының есебін жүргізу, чектер тізілімімен жұмыс істеу, мемлекеттік мекемелердің чектер мен корпоративтік төлем карточкалары арқылы қолма-қол ақшаны пайдалану лимитін бақылау; аталған жұмыстарды орындауда басқарманың қызметін ұйымдастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: экономика және бизнес саласында (экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару). Негізгі қызметі бойынша мерзімді қайта даярлау курстарынан өткені туралы сертификаттардың болғаны жөн. Заңнамалық және нормативтік актілерді, Бюджет кодексін білу, компьютерде жұмыс істей білу.
2. Мемлекеттік бюджетті атқару басқармасы бюджетке, мемлекеттік мекемелердің шоттары және басқа шоттар бойынша түсетін түсімдер бөлімінің бас маманы-бас қазынашысы, С-О-5 санаты, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Жүйедегі төлем пакеттерін күнделікті бақылау; квазимемлекеттік сектор субъектілерінен түскен сомаларды бақылау; 902 шот бойынша өткізілген операцияларды бақылау; мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің кассалық шығыстарын қалпына келтіру; 908 шотпен жұмыс істеу; бюджетке түсетін түсімдерді есепке алу, бюджетке артық төленген сомаларды қайтару; түсімдерді қайтарғанда ақша алушыны енгізуге арналған құжаттарды дайындап, беру; түсімдер бойынша шығыс нысандарын қалыптастыру және беру; шығыс нысандарын файлдарға өзгерту; күн құжаттарын қалыптастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: экономика және бизнес саласында (экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару). Негізгі қызметі бойынша мерзімді қайта даярлау курстарынан өткені туралы сертификаттардың болғаны жөн. Заңнамалық және нормативтік актілерді, Бюджет кодексін білу, компьютерде жұмыс істей білу.
II. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Күршім аудандық қазынашылық басқармасы, 071200, Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Күршім ауылы, Исабеков көшесі, 21а, байланыс телефоны 8 (72339) 2-15-56, электронды мекенжайы: D.Suleimenov@minfin.gov.kz бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасу үшін мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды.
Қаржылық және шарттарды тіркеу тобының бас маманы-бас қазынашысы, С-R-4 санаты, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік мекемелердің жеке және жиынтық қаржыландыру жоспарларын жүргізу және орындау, оларға өзгерістер енгізуге арналған анықтамаларды жүйеге енгізу; 902 шотқа түскен анықталмаған сомаларды бақылау; мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін (шарттарды) және тіркелген шарттарға берілген қосымша келісімдерді тіркеу, шартты тіркеу туралы хабарламаларды қалыптастыру; қателер анықталған жағдайда, құжаттарды орындаусыз қайтару туралы хаттарды әзірлеу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары: экономика және бизнес саласында (экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару). Негізгі қызметі бойынша мерзімді қайта даярлау курстарынан өткені туралы сертификаттардың болғаны жөн. Заңнамалық және нормативтік актілерді, Бюджет кодексін білу, компьютерде жұмыс істей білу. Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға
Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті кадр қызметімен расталған қызметтік тізім.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Тиісті мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Достарыңызбен бөлісу: |