Түркі тектес тілдердің сөздік құрамындағы орыс тілінен енген сөздердің емлесі
жайында арнайы ұсынылған еңбек толық мәлімет бере алады
31
. Бұл мәселеге жете көңіл
бөлу қажет екендігін Е.И.
Убрятова да көрсеткен болатын
32
.
***
Қазіргі қазақ әдеби тілінің лексикалық құрамындағы орыс тілі сөздерінің жазылуы –
бірқатар нормаланған, қалыпты сипат алған мәселелердің бірі. Олар негізінен, орыс
орфографиясына сәйкес өзгеріссіз жазылады. Бірсыпыра сөздер айтылу дағдысымен
өзгерген түрде жазылады. Орыс тілі сөздерінің қазақ тілі қосымшаларымен түрленуі қазақ
емлесі сүйенетін фонетикалық-морфологиялық принциптерге негізделеді.
Қазақ әдеби тіліне енген орыс тілі сөздерінің емлесін қалыптастыру жұмысы 20-30
жылдардан басталады. Профессор Қ. Жұбанов орыс тілінен қабылданған терминдерді,
өзге де құрал-жабдық, аспап, зат, ұғым, құбылыс, атауларын орыс орфографиясы бойынша
жазу керектігі туралы ұсыныс білдірген болатын
33
.
Орыс тілінен енген сөздердің жазылуы дұрыс көрсетілген емлелік ережелердің
алғашқысы – қазақ алфавитінің орыс графикасына көшуі негізінде, жаңа алфавитке сәйкес
жасалып, қабылданған қазақ орфографиясы ережелерінің жиынтығы
34
. Осы қағидаларға
сәйкес 1941 жылы жарық көрген «Қазақ тілінің емле сөздігінде» түбір сөздер орыс
орфографиясы бойынша жазылып, оларға қосымша жалғанғандағы бірқатар ерекшеліктер
(мысалы, қосарлы сс, тт дыбыстарына біткен сөздерге қосымша жалғанғанда, бір
дауыссыздың түсіп қалуы: ватт – ваттың; екі дауыссыз дыбысқа аяқталған сөздерге
қосымшаның ы, і дәнекерлері арқылы жалғануы т.б.) көрсетілген, сондай-ақ ауызекі
сөйлеу тілі арқылы енген сөздер айтылуы бойынша жазылған
35
.
Қазақ орфографиясын жетілдіру мақсатында жүзеге асырылған басқа да бірқатар
шараларда орыс тілінен енген сөздердің емлесі одан әрі реттеле түсті. Бұл мәселе жан-
жақты таратылып айтылған маңызды құрал – «Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы
жайында анықтағыш» жарық көрді
36
; оқу программасына арналған көмекші құралдар
жарияланды
37
. Ал «Қазақ орфографиясының негізгі ережелері» 1957 жылғы 5 июньде
Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының Указымен бекітілді.
«Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері» қазақ тілінің ішкі заңдылықтары мен
табиғи ерекшеліктеріне сәйкестеліп жасалған, ғылыми негіздері мен басты принциптері
дұрыс айқындалған емлелік қағидалар екендігін оның ширек ғасыр бойы жазу
практикасында қолданылып келгендігі дәлелдеп отыр. Осы ережелер жинағы негізінде
31Орфографии тюркских литературных языков СССР. М., 1973.
32Убрятова Е.И. Вопросы графики и орфографии языков народов СССР, пользующихся
алфавитами на русской основе // Вопросы терминологии. М., С. 92.
33Жұбанов Қ. Қазақ тілі бойынша зерттеулер. Алматы, 1966. 244-б.
34Қазақ тілінің орыс графикасына негізделген жаңа алфавиті мен орфографиясы. Алматы, 1941.
35Қазақ тілінің емле сөздігі / Редакциясын басқарғандар: С. Аманжолов, С. Бәйішев, Ғ.
Бұзырбаев, Н. Сауранбаев. Алматы, 1941.
36Сыздықова Р. Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш. Алматы, 1974.
37Оралбаева Н. Қазақ графикасы мен орфографиясының негіздері. Алматы, 1968.
бірнеше орфографиялық, түсіндірме және әр түрлі салалық терминологиялық сөздіктер
жасалды, оқу-педагогика жұмыстары жүзеге асырылды.
Дегенмен, бір кезеңнің идеалды, мүлтіксіз деп танылған емлелік қағидалары қоғам
дамуының келесі бір кезеңдерінде жекелеген принциптері мен тұжырымдары жағынан тар
ауқымдылық танытуы да мүмкін. Қазақ әдеби тілінің қазіргі даму дәрежесі, оның
қоғамдық-әлеуметтік қызметінің кеңеюі, стильдік тармақтары мен терминологиялық
жүйесінің күрделене түсуі, сөз, жазу мәдениеті проблемаларына теориялық-практикалық
тұрғыдан үлкен мән беріле бастауы тәрізді факторлар қазақ орфографиясын одан әрі
жетілдіре, жақсарта түсуді талап етті; сондықтан да «Қазақ тілі орфографиясы негізгі
ережелерінің» өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жаңа редакциясы жасалып, оны
Қазақ ССР Жоғарғы Советі Приезидиумы бекітті
38
. Мұның 1957 жылы қабылданған
орфографиялық қағидалардан принципті айырмашылықтары жоқ. Жаңа нұсқада орыс
тілінен енген сөздердің емлесі, бұрынғы ережедегідей, түбір сөздердің жазылуы (§ 18),
оларға қазақ тілі өосымшаларының жалғануы (§ § 35, 40, 41, 42, 43, 44) және дәстүрлі
принцип бойынша жазылатын сөздер туралы қағидалар болып бөлініп, жеке-жеке, айқын
көрсетілген. Ал жаңа нұсқада толық өзгертіліп берілген қағидалардың бірі – соңы к,г
дыбыстарына бітетін орыс тілінен ауысқан сөздерге қосымшалардың жалғануы және
толықтырылған тұс – рк, нк, рг, нг, кс, кт, лк, нкт, брь, бль сияқты дауыссыздар тізбегіне
аяқталатын сөздерге қосымшалар жалғанғандағы ерекшеліктер. Өйткені нақ осы
мәселелердің өзі жазуда біршама қиындықтар тудырып келді, әрі бұған дейінгі еңбектерде,
оқулық құралдарда әр қилы ұсынылып келді: бірқатар пікірлерде педагог, ток, блок,
Красноводск тәрізді сөздердің соғындағы
к, г дыбыстарының фонетикалық табиғатына
сәйкес қосымшалардың жіңішке варианттарын жалғау (ток-тогінің, блок-болгінің,
педагог-педагогтік, Красноводск-Красноводскіден) ұсынылса, келесі бір тұжырымдарда
соңғы буынның жуан-жіңішкелігіне байланысты тогының, педагогқа, блокқа,
Красноводскыдан болып жуан буынды қосымшалармен түрленуі керек деп айтылғаны
мәлім
39
.
Сөйтіп, 1983 жылы қабылданған негізгі ережелердің жаңа нұсқасында орыс тілі
сөздерінің жазылу ерекшеліктері толық қамтылып, айқын көрсетілген.
Сонымен қатар, соңғы жылдары баспасөз беттерінде орыс тілінен ауысқан сөздердің
жазылуы туралы жиі-жиі сөз қозғалып, әр түрлі ой-пікірлер айтылып жүр. Осындай
мақалалардың бірінде, мәселен, қазақ тіліне жазба тіл арқылы енген станция, спирт,
кабинет тәрізді сөздерді тілдің заңдылықтарына бағындырып, айтылуы бойынша жазу
(яғни станса, спірт, кабинет) керектігі айтылса
40
, келесі бір пікірлерде, керісінше,
түпнұсқа тілдегі түрін мейлінше сақтап жазу, тіпті
металл, грамм, класс т.б. сияқты
қосарлы дауыссыздармен аяқталатын сөздерге қосымшаны дауыссыз дыбыстардың бірін
түсіндірмей (яғни класты, металға, граммен деп өзгертпей) түбірін толық сақтау (яғни,
классты, металлға, граммен)
41
, сондай-ақ нг, нк тәрізді дыбыстар тіркесіне біткен
38«Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелерінің» өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп,
1983 жылғы 25 августта Қазақ ССР Жоғарғы Советі Приезидиумының Указы бойынша бекітілген
жаңа редакциясы «Қазақстан мұғалімі» газетінде жарияланды (Қараңыз: Қазақстан мұғалімі. 1983.
23 сентябрь). Жұмыста бұл документ бұдан әрі қарай «Негізгі ережелер» деп қысқартылып
алынады.
39Балакаев М.Б. Вопросы казахской графики и орфографии. Алма-Ата, 1952. С. 16.
40Сейдімбеков А. Тіл тәртібі // Қазақ әдебиеті. 1984. 9 ноябрь.
41Маманов Ы. Орфографиялық сөздіктегі олқылықтар // Қазақ әдебиеті. 1983. 4 февраль.