жазылуында да байқалады. Сөйтіп, орыс тілінен енген бір топ сөздердің айтылуы
бойынша жазылуы олардың, негізінен ауызекі тіл арқылы еніп, дәстүрлі сипат
алғандығына байланысты. Өткен ғасырларда енген, сөйлеу тілінің ықпалымен
дыбысталуы да, жазылуы да қалыптасқан бұндай сөздердің емлесі Негізгі ережелерде,
басқа да арнаулы құралдар мен сөздіктерде көрсетілген. Дегенмен, қазіргі жазу
практикасында жергілікті тіл ерекшеліктерінің әсерінен жасалатын фонетикалық
варианттар мен орыс орфографиясына сәйкес жазылған тұлғасын қатар қоладну (мысалы,
самаурын – самауыр – самовар; кереует – керует – кровать) фактілер кездеседі. Жазу
нормаларына кедергі келтіретін мұндай ауытқушыларды болдырмас үшін қазақ тілі емле
сөздіктеріндегі ажзылу үліглері жазу практикасында басшылыққа алынуы қажет.
Ал соңғы –а дыбысы түсіріліп жазылатын минут, секунд, цифр, газет, пар сияқты
сөздердің ықшамдалып жазылуы – қазақ әдеби тілі үшін, жатық, дағдылы норма. Бұл
сөздердің бірнеше тұлғаларда жазылуы, яғни орыс орфографиясы бойынша газета,
минута, секунда, цифра, пара болып жазылған қатарларының жазба тіл үлгілерінде мүлде
кездеспеуі осыны айқындай түседі. Осындай бірқатар сөздердің әсерінен алғашқы емле
құралдарында қысқартылып немесе жартылай өзгертіліп (ы, і дыбыстарының көмегі
арқылы) жазылған сөздердің саны бірашма мол болғанымен (аптек, арматур, диет,
гитар, лигатур, мандолин, наград, цитат, моды, лампы т.б.) кейінгі сөздіктерде олардың
орыс орфографиясына толық сәйкестендірілген түрлері ұсынылады (аптека, арматура,
диета, гитара, литура, мандолина, награда, цитата, мода, лампа); бұл жайт жазу
практикасында да қалыптаса бастады. Әсіресе ғылыми және публицистикалық стильдерде
бұл типтес сөздер бірыңғай, түпнұсқа тілдегі графикалық-фонетикалық тұлғасынан
өзгеріссіз жазылып келеді. Ал бұл стильдер – қазіргі қазақ әдеби тілінің дамуында
жетекші рольге ие болып отырған және көп жағдайда лексикалық-грамматкиалық,
орфографиялық құбылыстарды реттеп, нормаландыратын доминант салалар; сондықтан да
кодификациялау жұмыстарында бұл тармақтар маңызды қызмет етеді.
Сөйтіп, жазу практикасында бірізділікті қалыптастыру, әрі қазақ орфографиясын жетік
де жеңіл ету мақсатында бір табиғаттас цитата, кантата, арена, вокабула, тирада,
касета, координата, терраса және лампа, марка, мода, анкета, аптека, диета т.б.
термин сөздерді өзегріссіз, түпнұсқа тілдегі қалпын сақтап жазуды қалыптастыруға
болады. Бұл ретте жазу нормасын бірыңғайландырудың орфоэпиялық нормаларға нұқсан
келтірмейтінін де атау қажет. Ресми сөйлеу актісінде немесе күнделікті тұрмыстық ауызекі
сөйлеу тілінде бұл сөздер бірнеше варианттарда немесе ықшамдалып та айтыла береді
(мысалы, аптек/ /әптек/ /аптека; диет/ / диета; координат, кассет, террас, цитат); бұл
жайт – ауызша тіл үшін норма. Ал сөздердің айтылу нормасы мен жазылу нормасы
араларында елеулі айырмашылықтар бар екендігі, олардың әрдайым бірімен-бірі дәл келе
бермейтіндігі белгілі (2-қосымша).
заңдылық мейлінше сақталады (мысалы,
оқушылар, оқушылар-ға, мұғалім-ге, мұғалім-нің,
кітап-қа, кітап-тың т.б.); араб-парсы тілінен енген сөзердің қазақ тілі қосымшаларымен
түрленуі де осы заңдылыққа бағынады, бірлі-жарым өзгешеліктер араб-парсылық сөз-
жұрнақтардың жазылуында ған кездеседі (әсем-паз, өнер-паз, әуес-қой т.б.).
«Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелерінде» көрсетілген орыс тілі сөздерінің
қазақ тілі қосымшаларымен түрленуі туралы қағидаларады былайша топтауға болады:
1. Орыс тілінен енген түбір сөздерге қосымшалар қазақ тілінің төл сөздерімен бірдей
дәрежеде жалғанады, яғни соңғы буынындағы дауысты дыбыстың әуеніне қарай, буын
үндестігі бойынша, я жуан, я жіңішке болып жазылады: пионер-лер, институт-тар,
самолет-тер, пленум-да, Кремль-де, секретарь-ға, секретар-ы, бюллетень-дер т.б.
2. б, в, г, д әріптеріне біткен орыс тілінен енген сөздер айтылуда қатаң
п, ф, к, т
дыбыстарына айналатындықтан, бұндай сөздердің қосымша.
3. шалармен түрленуі «сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, дауыссыздан басталатын
қосымшаның басқы дыбысы да қатаң... болып жалғанады» деген қағидаға негізділеді:
клуб-қа, парад-тан, коллектив-тен, архив-тен, археолог-тар.
4. Қосарлы дауыссыздарға аяқталған сөздерге қосымша жалғаудың мынадай ерекшеліктері
бар:
а) қосарлы рк, нк, кс, кт дыбыстар тіркесіне қосымшалар жіңішке жалғанады: парк-
ке, банк-і-ге, бокс-ке, пункт-ке.
ә) нд, мп, кт, нг, мб, ск, фт дыбыстар тіркесіне біткен сөздерге қазақ тілі
қосымшалары жалғанғанда, қысаң ы, і дыбыстары дәнекерлік қызмет атқарады: фонд-ы-
ға, фонд-ы-сы, штамп-ы-лау, штамп-ы-сы, проспект-і-ге, проспект-і-сі, ринг-і-ге, ринг-і-
сі, ромб-ы-ға, ромб-ы-сы, киоск-і-ге, киоск-і-сі, шрифт-і-ге, шрифт-і-сі.
б) сс, лл, тт, кк тәрізді қосар дауыссыз дыбыстарға аяқталатын жалпы есімдерде
дыбыстардың бірі түсіріліп жазылады: прогресс-прогрес-шіл, класс-клас-қа, металл-
металдың; ал жалқы есімдерде қосарлы дыбыстар сақталады; Донбасс-Донбасс-қа; бірақ
дәл сол дыбыстан басталатын қосымша жалғанғанда, олардың бірі түсіріледі: Донбас-сыз
(Донбассыз емес).
в) ст, сть, зд сияқты дыбыстар тізбегімен аяқталатын сөздерге қосымша жалғанғанда,
соңғы дыбыстар түсіріліп жазылады: текст-текс-ке, ведомость-ведомос-қа, поезд-поез-
бен т.б.
г) –аль әріптеріне біткен бір буынды сөздерге қосымша бірыңғай жіңішке түрде
жалғанады: роль-ге, рольдің, руль-ге, руль-дің.
Сонымен қатар, орыс тілінен енген сөздерге қосымша жалғаудың «Негізгі ережелерде»
көрсетілмеген, бірақ жазу практикасында ескерілуге тиісті тағы да бірнеше ерекшеліктері
бар:
1) к, қ, п дауыссыз дыбыстарына аяқталатын қазақ тілі сөздері дауысты дыбыстан
басталатын қосымшалармен түрленгенде, бұл дауыссыздардың ұяңдап, ғ, г, б быдыстарын
айналатыны мәлім. К дыбысына бітетін орыс тілі сөздері де қазақ тілі қосымшаларын
қабылдағанда осы заңдылықққа бағынады: гудок-гудогы, кубок-кубогы, механик-механигі,
блок-блогы, полковник-полковнигі.
Ал соңында п, х дыбыстары бар сөздер де осы өзгеріске ұшырауға тиісті болғанымен,
бұл заңдылыққа бағынбайды. Мысалы, укроп – укропы, принцип – принципі, окоп – окопы,
тип – типі, шуруп – шурупы, сироп – сиропы, штрих – штрихы, цех – цехы, альманах –
альманахы, шах – шахы. Мұндай ерекшелік басқа да бірлі-жарым сөздерде кездеседі.
Мысалы, айтуға хақі бар дегенді хақ соңындағы қ дыбысы айтылуда да, жазылуда да ғ
болып ұяңдамайды.
Негізгі ережелерде –ль әріптеріне аяқталатын бір буынды сөздердің жіңішке
қосымшалармен түрленетіндігі аталған. Ал нақ осындай әріптермен бітетін көп буынды
қосымашалар самолеттер, пленумда, активті т.б. тәрізді сөздерге арналған қағида
бойынша жуан не жіңішке болып, соңғы буынға үндесуіне қарай жалғанады: бір буынды
сөздер – роль, роль-ге, роль-і, ноль, ноль-ге, ноль-і; бірнеше буынды сөздер – гастроль,