Қоғамдық қатынас құралы ретінде тіл бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл



жүктеу 0,92 Mb.
Pdf просмотр
бет29/30
Дата14.05.2018
өлшемі0,92 Mb.
#13242
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

парсылық  –нама,   -паз,   -хана,   сөз-жұрнақтары   қазақ   тілінде   жаға   сөз,   термин   жасау

процесіне өнімді араласады. 

Ауызекі сөйлеу тілі арқылы енгендіктен, араб-парсы сөздері графикалық та, дыбыстық

түрлерін өзгертіп, ауызекі тілде айтылуы бойынша жазылады. Жалпы, қазақ тіліндегі бұл

қабатқа топтастырылатын сөздер емлесінде басқа түркі тілдерімен салыстыра қарағанда,

қиындықтар мен ала-құлалықтар жоқ

56



Дегенмен, қазіргі жазу практикасында бірнеше түрде жазылып жүрген фонетикалық



варианттардың негізгі дені араб-парсы тіледрінен ауысқан сөздер екенін көруге болады.

Арнайы   сөздік-құралдардың   өзенде   де   екі   не   үш   түрлі   жазылған   сөздер   саны   едәуір

(мысалы, «Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері» атты кітапта фонетикалық варианттар 130-

дан асады, ал «Парсыша-қазақша түсіндерме сөздікте» олардың саны – шамамен 75-ке

жуық. 

Мейлінше дамыған, әдеби нормалары айқындалған, орфографиясы кемелденген тілдің



өзінде де варианттылық құбылысы кездеспей қоймайтындығы белгілі. Варианттылық –

жеке   бір   тілдің   тарихына   және   оның   даму   ерекшеліктерін   байланысты   құбылыс,

сондықтан оларды нормалауда, реттеуде осы жайт ескеріледі. 

Жарыспалылық, әсіресе фонетикалық варианттар – тілдің әдеби нормасына, орныққан,

қалыпты емлесіне нұқсан келтіретін, кедергі тудыратын фактілердің бірі. Бұл құбылысты

реттеуде статистикалық әдіс ұсынылып жүр, бұл әріптің балуан-палуан тәрізді дыбыстық

варианттармен   бірге,   лексикалық,   морфологиялық   дублет   қатарларды   саралауда   үлкен

көмегі   бар.   Жазба   тілде   қолданылу   жиілігі   жоғары   варианттарды   есепке   алу   арқылы,

сонымен қатар, белгілі бір стильдік реңкі байқалатын, сондықтан да әдеби тіл кәдесіне

асатын   сөздерді   де   айқын   ажыратуға   мүмкіндік   туады.   Тіл   тәжірибесінде   жиірек

жұмсалып   жүрген   сыңарларын   тіркеп,   ескерудің   нәтижесінде,   мәселен,   «Қазақ   тілі

орфографиялық   сөздігінің»   алғашқы   басылымында   (1963)   берілген   түп   төркіні   араб-

парсылық   дублет   сөздердің   емлесі   сөздіктің   кейінгі   басылымында   (1978)   бірқатар

түзетілді:   алғашқы   басылымында  гіл,   ғибадат,   ғадет  түрінде   жазылған   сөздер   кейінгі

басылымда  кіл,   әділет,   әдет   (ғадет  емес)   болып   жазылып,   дұрыс   ұсынылған.   Егер

фонетикалық варианттардың бір сыңарын қолданыс жиілігіне қарай нормаға айналдыру

мүмкін болса, онда аталған сөздіктің екінші басылымында норма ретінде берілген ажуа,

аумесер,   әзезіл,   бәдеуи,   жадыгөй  сияқты   араб-парсы   сөздерінің   қазіргі   жазба   тіл

үлгілерінде  әжуа,   әумесер,   әзәзіл,   бәдәуи,   жәдігөй  сияқты   варианттарының   жиі

қолданылатыны да ескерілуі тиіс. 

Жазу   практикасында   және   арнаулы   нормативті   құралдарда   әлі   де   болса   қатар

жұмсалып   жүрген   сөздер   бар.   Олардың   ішінде  абжад   –   әбжад,   парапар   –   барабар,

батсайы   –   патсайы,   пейіш   –   бейіш,   бейсауат   –   бейсеубет   –   бейсауыт  (және  бей  –

префиксі арқылы жасалған өзге де элементтер), зәрезап – заразап – зәрезеп, жады – жәді,



дихан – диқан, сұхбат – сұқбат, пайым – байым, қадім – қадым, кібісе – кәбиса, қазірет –

әзірет, қасірет – қасырет, тақсірет – тақсырет, қаріп – кәріп – қарып – ғаріп, нәсіп –

несіп, фәни – пәни, кәусар – кәусер  тәрізді варианттар легінің алдыңғы сыңарларының

жұмсалу жиілігі жоғары екендігі байқалады. Ал мақсат – мақсұт, заман – замана, дәрі –



дару  қатарлары стильдік өрістерге қарай (бірі – бейтарап стильде, екіншісі – көтеріңкі

стильде) топтасып, сараланса, қадам – адым, ынсап – нысап, разы – ырза – риза, ризық –



ырзық – рызық, лағынет – нәлет, зирек – зерек параллельдері синонимдік қатарлар құрап,

тең дәрежеде қолданылып келеді. 

Қазақ тіліндегі араб – парсы тілдерінен енген сөздердің емлесін қалыптастыру, әдеби

тілге   қажетті,   ұтымды   сыңарларын   талғау  немесе   мағыналық   айырыммен,   белгілі   бір

стильдік   бояумен   жұмсалуға   икемділерін   саралау  ұзақ   мерзімді   және   мұқияттылықты

талап етеді. 

56Сыздыкова Р.Г. Вопросы развития казахского правописания // Вопросы казахской филологии. 

Алма-Ата, 1964. С. 89. 




Қазақ тіліндегі негізгі төркіні араб-парсылық сөздерді жинақтап көрсететін жоғарыда

аталған   сөздіктерде   вариант   сөздерді   нормаландыру   принципі   көзделмейді.   Соның

нәтижесінде, мысалы, «Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері» сөздігінде екі сыңары да әдеби

норма   ретінде   танылатын   фонетикалық   варианттармен   қатар   (тозақ-дозақ,   балуан   –



палуан),   әдеби   тілде   толық   орныққан   сөздің   бейәдеби   екінші   сыңары   (олар   көбінесе

жергілікті жерде немесе ауызекі сөйлеу тілінде жұмсалады) да берілген. Мысалы, айла –



ила, ақық – ахық, араб – гараб, еш – һеш, нөкер – көгер, раушан – рәушан, рақым – рахим,

тайпа – тайфа, жақұт – якут, ізет – іззет, сүре – суре, қасірет – ғасірет, ділда – ділдә,

әділет – ғадалат – ғаділет, пенде – бенде – бәнде, әмісе – һәмиша т.б. Бұл қатарлардың

соңғы сыңары қазіргі әдеби тіл қолданысында жоқ екендігі, ал алдыңғы сыңарларының

тұрақты әдеби норма екендігі ешбір дау туғызбайды. 

«Парсыша-қазақша сөздікте» де  осындай жайттар бар.  Бұнда  батсайы  – патсайы,



аждаһа – айдаһар, апырай – япырай тәрізді екі сыңары да тұрақталған жарыспалы сөздер

дұрыс көрсетіле отырып, орфографиясы жағынан сұрыпталған, жазылуы толық орныққан

дублеттердің бейәдеби түрі де беріледі: патша – патса, парша – барша (мата), пұшайман

– пышайман, палау – балау, болат – полат, пешене – пышана – бешене, бесін – песін,

дұшпан – дұсман, биқасап – биқасам, дегдар – текдар, қожа – хожа, талшын – даршын

т.б. Бұл параллельдердің екіншілері жырлар мен эпостарда, өткен дәуірлердегі жазба тіл

нұсқаларында кездеседі, кейбірі диалектизм ретінде қазір де қолданылуы мүмкін. Бұндай

жағдайда   арнаулы   сөздіктерде   жарыспалы   элементтердің   стильдік   белгілермен

ажыратылып көрсетілуі орынды.

Қазақ тіліндегі фонетикалық дублеттердің жасалу себептері шығыс тілдерінен ауысқан

сөздердің ауызекі тіл арқылы енгендігімен байланысты. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне

тән   емес   араб-парсылық  ﺝ  (дж),  ﻩ,   (аһ)ﺰ  (ф),  ﺀ  (хамза),  ﺡ  (х),  ﻉ  (әйн)   дыбыстарының

қазақша айтылуда өзгеруі және қабылдаушы тілдің төл дыбыстарымен берілуі – заңды

құбылыс. Араб-парсы тілінде фонемалық ролі күшті дауысты дыбыстардың (қысқа және

созылыңқы дауыстылар) ерекшеліктері де қазақ тіліне енген сөздердің бірнеше вариантта

айтылуын туғызды.

Ауызекі сөйлеу тілі арқылы еніп, бірнеше тұлғада айтылып және жазылып жүрген

варианттардың жасалу себептерін былайша топтауға болады:

1. Араб-парсылық   дыбыстар   қазақ   тілінің   айтылу   заңдарына   қарай   бейімделгенінде,   төл

тілдегі сол дыбыстарға жуық бірнеше фонемалармен алмасады, олардың ішінде б – п, қ –



х  дыбыстарының алмасуы арқылы пайда болған варианттар жиі кездеседі. 

«Қазақ және қырғыз тілдерінде п дыбысынан бастлатын сөздер өте аз, - деп көрсетеді

Н.К. Дмитриев, – олар негізінен шет тілдерден енген және дыбыстық еліктеуден пайда

болған   сөздер.   Сондықтан   осы   топқа   түркі   тілдерінің   көпшілігіне   тән   емес  ﺰ  (фа)

дыбысынан   басталатын   араб-парсылық   сөздер   де   енеді»

57

.   Бұған  пешене,   пітір,   пияз,



пейіл,   пенде,   пақыр,   пәтуа,   пұл  және   басқа   да   әдеби   лексикалық   единицалардың  б

дыбысынан   басталатын,   жергілікті   тіл   ерекшеліктерінде   және   ауызекі   сөйлеу   тілінде

қолданылатын жарыспалы тұлғалары, сондай-ақ екі сыңары да әдеби нормаға айналған

балуан – палуан, парапар – барабар, патсайы – батсайы сөздері дәлел бола алады. 

Араб-парсылық  ﺡ  (ха)   дыбысының   қазақ   тілінде   өзгеріске   ұшырауынан   жасалған

фонетикалық   варианттардың   бір   тобы   (диқан   –   дихан,   рақмет   –   рахмет,   әрекет   –

қарекет, сұқбат – сұхбат, әкім – хакім) жазуда әле де болса нормалан қойған жоқ.

ﺡ  (ха)   дыбысының   орыс   тіліндегі  х  дыбысынан   айырмасы   бар   және   бұған   сәйкес

келетін   дыбыс   қазақ   тілінде   жоқ.   Сондықтан   да   бұл   дыбыс   тіл   арты   спиранты  қ

дауыссызы арқылы беріледі

58

Қате, құлық қапа, қызмет, қасиет, қаржы, құпия, қасірет,



57Дмитриев Н.К. Фонетические закономерности начала и конца тюркского слова // Исследования 

по сравнительной грамматике тюркских языков: Фонетика. М., 1955. Т. І. С. 270. 

58Рустемов Л.З. Көрсетілген еңбек. 93-б.



жүктеу 0,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау