қаражат тәрізді сөздер осылай жасалған. Бұл сөздердің қазіргі қазақ емлесінде х
дыбысымен жазылған түрлері кездеспейді. Ал х дыбысы хат, хабар, хал (осы түбірден
ахуал) сияқты сөздер мен бірқатар кісі аттарында сақталады. Дегенмен «... х әрпінің қазақ
сөздерінде жазылуына ұқыпты қарау керек. Не морфологиялық, не фонетикалық
принципке сай келмесе де бірсыпыра сөздерде х әрпі жазылып кетті... Ерекше есте
болатын жағдай – кез келген сөзде х әрпін жазудан сақ болу керек. Бақыт, құрмет,
ақымақ, қатер тәрізді сөздерді бахыт, хұрмет, ахмақ, хатер түрінде жазу – қате
59
.
2. Қазақ тілінде жоқ араб-парсылық дыбыс қазақша дыбысталуда бірде мүлдем түсіп қалады,
енді бірде притикулияциялық орны жағынан ұқсас қазақ тілінде бар дыбыспен
ауыстырылады. Мысалы, ﻉ (әйн) – қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне жат дыбыстардың
бірі. «Қазақтар бұл дыбысты сөз басында да, сөз ортасында да, сөз соңында да айтпайды,
оны ретіне қарай қазақ тіліндегі басқа фонемалармен алмастырып отырады»
60
. Осының
нәтижесінде фонетикалық варианттар пайда болады: тәлім – тағлым, мәлім – мағлұм,
мәлімет – мағлұмат, тәжім – тағзым, ілім – ғылым, әлем – ғалам немесе лағынет –
нәлет – лағнет, қадір – кәдір – қадыр, қаріп – ғаріп – кәріп т.б.
3. Д – т дыбыстарының алмасуы да жарыспалы сөздердің қатарын жасайды: балуан – палуан,
дозақ – тозақ т.б.
4. Араб-парсылық сөздің ауызекі тіл бойынша қалыптасқан сыңары мен көне жазба тіл
нұсқаларында кездесетін (оларда араб-парсы сөздері түпнұсқа тілдің орфографиясына
сәйкес немесе жақындатып жазылады) екінші сыңары да варианттылық құбылысын
туғызады: әзиз – ғазиз – әзіз, зәр – зәһар, үкім – хүкім, құрмет – құрмет, әділет – ғаділет
т.б.
5. Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздерінің бірнеше тұлғаларда жұмсалады көрші түркі
халықтарының да әсері бар. Өзге түркі тілдеріне енген сөз сол тілдің дыбыстау
заңдылықтарымен емлелік қағидаларына бейімделіп барып қазақ тіліне ауысқанда, қазақ
тілінде бұрыннан бар баламасымен жарыспалы түрде жұмсалады
61
.
6. Қазіргі жазу практикасында кездесетін варианттардың бір тобы қазіргі жазба тілде емлесі
толық айқындалған араб-парсы сөзін қате жазудан дат пайда болады: хикая – һікая, еш –
һеш, лай – ылай, лаж – ылаж, лайық – ылайық т.б. Бұл қатарлардың соңғылары емлелік
ағаттықтар болып табылады.
Араб-парсылық сөздердің жазылуынада кездесетін ауытқушылықтардың бірі кісі
аттарының емлесіне байланысты. Осыған орай «Қазақ тіл орфографиялық ережелерінің»
өзгертулаер мен толықтырулар енгізілген жаңа нұсқасында арнайы қағида берілді; онда
«қазақтың төл сөздері мен араб-парсы тілдерінен енген сөздерден жасалған кісі аттары
қатарынан екі дауыссыз дыбыстан басталмайды, олардың алдынан не ортасынан ы, і
әріптерінің бірі жазылады» деп көрсетілген. Осы ережеде қазіргі жазу тәжірибесінде
Смайыл, Сқақ, Рзы, Слан, Смадияр тәрізді қате жазылып жүрген есімдердің Ысмайыл
немесе Сымайыл, Сылан, Ысқақ, Ырза, Ысмадияр немесе Сымадияр түрінде жазылуы
берілген. Бұл арада заңдылық – қазақ тілі төл сөздерінің өзі екі дауыссыз дыбыстан
басталмайды, сондықтан да ауызекі тіл арқылы енген араб-парсылық сөздер эпентеза,
протеза құбылыстарына міндетті түрде ұшырайды. Және бір жағдай – Смат, Сқақ,
Смайыл, Смағұл түрінде жазылып жүрген кісі аттары араб-парсы тілдерінің өзінде с
дыбысынан басталмайды. Ал жергеілікті аймақтардың тілдік ерекшетеріне орай бұндай
59Сызыдықова Р. Қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайында анықтағыш. Алматы, 1974. 11-
б.
60Рустемов Л.З. Көрсетілген еңбек.81-102-б.
61Сонда. 47-б.
кісі аттарының әр түрлі айтылып және Сымайыл – Ысмайыл, Сымағұл – Ысмағұл,
Сымадияр – Ысмадияр болып екі түрлі жазылуы емлелік қате болып есептелмейді.
***
Қазіргі қазақ әдеби тілі сөздік құрамындағы орыс тілінен жіне араб-парсы тілінен
ауысқан сөздер – көлемді қабаттардың бірі. Бұл қабаттар төл тілдің сөздік қорын
байытуға, стильдік м.мкіншіліктердің көзін ашуға синонимдік қатарлардың қызметін
кеңейтуге елеулі үлес қосты. Әсіресе совет дәуірінде енген орыс тілі сөздері қазақ әдеби
тілінің терминологиялық жүйесін қалыптастырып, дамытуға, стильдік тармақтарының
саралануына үлкен әсер етіп отыр.
Бүгінгі қазақ жазу практикасы пайдаланып отырған орыс тілі сөздерінің емлесіне
қатысты ережелер – белгілі бір ғылыми негіздерге, тіл дамуының көп жылдық
тәжірибесіне қазақ тілінің ішкі фонетикалық-грамматикалық заңдылықтарына, сондай-ақ
әдеби тілдің қоғамдық-әлеуметтік функциясына, оның ауызша және жазбаша
формаларының рөліне, екітілділік құбылысына сүйеніліп жасалған қағидалар. Орыс тілі
сөздерін түпнұсқа тілдегі орфографиясы бойынша жазу – бір ғана қазақ тілі емес, түркі
тілдерінің барлығына да ортақ сипат. Бұл ережеге бағынатын сөздер – қазақ әдеби тіліне
жазба тілдің көмегі арқылы енген, қоғамдық-саяси және ғылыми-техникалық мазмұндағы
термин сөздер мен терминдік сөз тіркестері. Бұл қабатты орыс орфографиясына сәйкес
жазу ұлттық терминологиның жасалу жолдары мен әдістерін қалыптастыруға,
орфографиялық нормаларды бір қалыпқа түсіруге жәрдемдеседі. Сонымен қатар СССР
халықтарының көпшілігіне ортақ интернационалдық сипаттағы терминдерді бірыңғай
жазу мәселесіне де айрықша мән беріліп келеде, бұл мектептерде, оқу орындарында оырс
тілін оқып-үйрену, меңгеру және екітілділікті дамыту сияқты қоғамдық-саяси маңызды
мақсаттарға да байланысты.
Ауызша айтылуы бойынша жазылатын орыс тілінен енген сөздердің емлесі де –
айқындалған тұстардың бірі. Бірнеше вариантта жұмсалатын сөздердің әдеби үлгісі
арнайы сөздіктерде ұсынылған. Сөздіктер, бұл ретте, үлкен көмек көрсете алатын
құралдардың бірі. Сөйтіп, орыс тіліндегі орфографиясы сақталып жазылуға тиісті сөздер
тобын қазақ тілінде айтылуы бойынша жазу қандай қате болса, ауызекі тіл арқылы еніп,
дағды-дәстүр принципімен жазылуға тиісті лексикалық единицалардың, атаулардың
түпнұсқа тілдегі фонетикалық-графикалық тұлғасын сақтап жазу да емле нормаларына
кедергі келтіретін қате болып есептеледі. Белгілі бір стильдік қызмет үшін көркем әдебиет
тілінде орыс тілі сөздері (терминдер, терминдік мәндегі атаулар) өзгертіліп, айтылуы
бойынша жазылуы мүмкін, бірақ әдеби тілдің ресми іс қағаздары, ғылыми және қоғамдық-
публицистикалық стильдерінде түпнұсқа тілдегі тұлғасын өзгертпей жазу қатаң сақталуға
тиіс.
Араб-парсы тілдерінен енген сөздердің ішінде емлесі тұрақтала қоймаған тұстардың
бірі – вариант сөздердің жазылуы. Түп төркіні араб-парсылық жарыспалы тұлғалардың
әдеби нұсқасын, стильдік реңкі мен қызметін дәл ажырату үшін практикалық құралдардың
мәні зор. «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» пайдаланып отырған әдістер – әдеби
норма деп танылатын екі сыңарын да «және» деген белгімен беру немесе алфавит ретімен
ұсыну, бір ғана сыңарының әдеби норма екендігін «емес» сөзімен нақты көрсету (мысалы,
хикая (һікая емес), зәрлі (заһарлы емес), кәне (кәні, қані емес), - тілдегі басы артық
жарыспалылықты тежеудегі тиімді жолдардың бірі. Қазақ тіліндегі фонетикалық,
лексикалық, әдеби-диалектілік сипаттардағы дублет сөздерді толық түзіп, оның ішінде
міндетті түрде әдеби нормаға сай келетін түрлерін ажыратып көрсететін «Вариант
сөздердің сөздігін» жасау да – қажетті жұмыс. Варианттылықты реттеуде статистикалық
тәсілдің де көмегі зор. Бір сыңарының екінші сыңарынан не стильдік, не синонимдік
артық-кемі жоқ фонетикалық варианттарды реттеуде олардың қолданылу жиілігін есептеу
әдісі тиімді нәтиже бере алады. Бұнда жарыспалы сөздердің қолданылу изоглсы, әдеби
тілдің стильдік өрістеріне таралу жиіліктері есепке алынады, бұның өзі әсіресе бірін
әдеби, екіншісін бейәдеби деп бағалау қийынға түсетін ыждағат – іждағат, жәбір –
зәбір, рақмет – рахмет, диқан – дихан, қаріп – ғаріп – кәріп, балуан – палуан тәрізді
параллель сөздерді нақтылауға жәрдемдеседі.
БАС ӘРІПТІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Бас әріптің қолданылатын орындары Негізгі ережелерде, мектеп оқулықтары мен
анықтағыш құралдарда айқын көрсетіліп, бұл қағидалар едәуір қалыптасып кетті. Жалқы
есімдердің, қысқарған сөздер мен төл сөздердің, көпшілік жағдайларда өлеңнің әрібір
жолының, сондай-ақ күрделі атаулардың – мемлекеттің, саяси ұйымдар мен
кәсіпорындардың, оқу орындары мен мекеме, газет, журнал, кітап, шығарма аттарының
бас әріппен басталып жазылатындығы жазу тәжірибесінде толық орын тепті. Әйтсе де осы
мәселе төңірегінде арнайы еңбектерде шағын түрде айтылып, немесе мүлде қағыс қалып
жүрген жайлар бар. Соның салдарынан бірақатар сөздер мен атауларды, мысалы, ордендер
мен медальдардың аттарын, құрметті атақтарды, немесе орыс орфографиясы бойынша қос
сөз болып, әр сыңары бас әріппен таңбаланатын жер-су аттарын жазуда қиындықтар
байқалып жүр.
Төменде қазақ жазуында бас әріп арқылы жазылатын жалқы есімдер мен күрделі
атаулардың негізгі түрлері топтастырылып беріліп отыр.
Орыс орфографиясына сәйкес бас әріппен жазылатын күрделі атаулар мен
жалқы есімдер.
Республика аттарының әрбір сөзі бас әріппен таңбаланады: Қырғыз Советтік
Социалистік Республикасы, Моңғол Халық Республикасы, Югославия Социалистік
Федерациялық Республикасы. Коммунистік және жұмысшы партиялар аттарының емлесі
де орыс орфографиясымен бірдей, яғни бұнда «партия» деген сөзден басқасы бас әріп
арқылы жазылады: Куба Коммунистік партиясы, Қазақстан Коммунистік партиясы,
Ямайка Жұмысшы партиясы. Сондай-ақ ең жоғарғы сайланбалы партия, комсомол
басқару органдарының күрделі атауларын жазуда да орыс емлесінің қағидалары
сақталады: ВЛКСМ Орталық Комитеті, Совет Одағы Коммунистік партиясы Орталық
Комитетінің Саяси Бюросы.
Одақтық, республикалық, министрліктер мен мемлекеттік комитеттер, мекеме, ұйым,
кәсіпорын және оқу орындары атауларының алғашқы сөзі бас әріптен басталып жазылады:
СССР Құрылыс министрлігі, Жеңіл өнеркәсіп министрлігі, Табиғатты қорғау жөніндегі
мемлекеттік комитет, В.И. Ленин атындағы Қазақ политехника институты, Қазақстан
Журналистер одағы. Бұндай күрделі атауларды жазуда орфс емлесі бойынша бас әріптен
басталатын сөз бен қазақ емлесі бойынша бас әріптен басталатын сөздің бірдей
болмайтындығын ескеру қажет. Мысалы, орыс тілінде «Государственный комитет Совета
Министров Казахской ССР по кинематографии» деген күрделі атауда «Государственный»
сөзі бас әріптен басталса, қазақша аудармасында «Кинематография» сөзінде жазылады:
Қазақ ССР Министрлер Советінің Кинематография жөніндегі комитеті.
Ең жоғарғы мемлекеттік қызмет бабының аттары мен құрметті атақтардың әрбір сөзі
бас әріп арқылы таңбаланады: Министрлер Советінің Председателі, Совет Одағының
Батыры, Социалистік Еңбек Ері.
Жеке адамдардың социалистік құрылысты орнату және Отанды қорғау жолындағы
ерліктері үшін берілетін ордендер мен медальдар ұш ыңғайда жазылады: а) алдыңғы сөзі
бас әріптен басталады: Ленин ордені, Халықтар достығы ордені; ә) күрделі сөздің барлық
компоненттері (орден деген сөзден басқасы) бас әріп арқылы таңбаланады: Еңбек Қызыл
Ту ордені, Октябрь революциясы ордені; б) орденнің, медальдың аты тырнақшаға алынып,
бас әріппен беріледі: «Құрмет Белгісі» ордені, «Даңқ» ордені, «Батыр ана» ордені және
«Ана даңқы» медальдары. Жеке адамдардың қоғам мен халық алдындағы елеулі
еңбектеріне орай берілетін құрметті атақтардың алғашқы сөзі бас әріптен басталып
жазылады: Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақ ССР-інің халық
артисі. Сондай-ақ еңбек жетістіктері мен табыстары бағаланатын құрметті атақтардың
алғашқы сөзі ғана бас әріптен басталады: Құрмет грамотасы, СССР Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты, Түркістан қаласының Құрметті азаматы.
Бірінші сыңары батыс, жаңа, жоғарғы, қиыр, оңтүстік, орта, орталық, солтүстік,
төменгі тәрізді сөздер болып келетін мемлекет, жер-су, қала аттарының әрбір сөзі бас
әріптен басталады: Батыс Европа, Жаңа Зеландия, Жоғарғы Вольта, Қиыр Шығыс,
Оңтүстік Корея, Орта Азия.
Араб тіліне тән артикльдер арқылы жазылатын қала, жер-су аттары, кітап, шығарма
аттары, негізінен, өзге халықтар тіліне ортақ емлесін сақтайды: Эль-Кубейт, Эль-
Джадида (қала аттары), Эль-Катиф (порт), «Фусул алмадани», «Дивани лұғат ат-түрік».
Бірқатар жалқы есімдердің алдындағы артикльдер «қазақшаланып» («әл» түрінде), бас
әріппен дефис арқылы жазылады: Әл-Фараби, Әл-Бируни, Әл-Кимаки. Сондай-ақ араб
халықтары тілінде «баласы, ұлы» деген мағынаны білдіретін «ибн» сөзімен келетін кісі
есімдері екі түрлі ажызлады: а) «ибн» сөзі жалқы есімнің алдында келсе, бас әріппен
жазылады да, есім мен әкесінің аты арасында (отчество құрап) жұмсалса, кіші әріппен
жазылады: Ибн Сина, Ибн Рушд; Ахмед ибн Абдуллах – Ахмед Абдуллахтың баласы.
Қазақ тілінің өз табиғатына тән жалқы есімдер мен күрделі сөздердің жазылуы.
Орыс тілінде қос сөз болып жазылатын қала, мекен, жер-су атаулары қазақ
жазылуында бірге жазылып, бас әріппен таңбаланады. Мысалы, орыс тілінде – Кзыл-
Орда, Ыссык-Куль, Аулие-Ата, Бетпак-Дала, Байрам-Али: қазақ жазылуында –
Қызылорда, Ыстықкөл, Әулиеата, Бетпақдала, Байрамәлі. Ростов-на-Дону, Комсомольск-
на-Амуре тәрізді қала аттары Дондағы Ростов, Амурдағы Комсомольск болып жазылады.
Мифологиялық ұғымдардың аттары, сондай-ақ ертегі-аңыздарда кездесетін қиялдан
туған жалқы атаулар, батырлық жырларда ұшырасатын малға қойылған аттар бас әріптен
басталып жазылады: Зеңгібаба, Ойсылқара, Шекшеката, Қамбарата; Бибіфатима,
Таусоғар, Көлжұтар, Желаяқ; Тайбурыл. Шалқұйрық, Желмая, Керқұла.
Бірқатар тарихи тұлғалардың есімдері мен жырларды, ағыздарда, көркем әдеби
шығармаларда кездесетін кейіпкерлердің аттары екі сөзден құралған күрделі болып келеді.
Мысалы, Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Баян сұлу, Қозы Көрпеш, Қыз
Жібек, Қаңбақ шал, Сыпыра жырау, Бұқар жырау, Жиренше шешен, Қамбар ата, Ер
Төстік, Ер Қосай, Кішкене Молда, Судыр Ахмет, Әз Жәнібек, Қаз дауысты Қазыбек,
Шық бермес Шығайбай, Алдар Көсе.
Егер нақты кісі есіміне тіркескен сөз айқындауыш болып, сол адамның өнерін, кескін-
келбетін, мінез-құлқын даралап көрсету қызметін атқарса, онда мұндай сөздер кіші
әріппен бөлек жазылады: Біржан сал, Ақан сері, Баян сұлу, Қамбар батыр, Сыпыра
жырау, Жиренше шешен. Әдетте бұл айқындауыштар бірқатар адам аттарының алдында
да айтыла береді: сал Біржан, сері Ақан, сұлу Баян.
Ал Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Қозы Көрпеш, Алдар Көсе, Судыр Ахмет тәрізді
күрделі кісі есімдерінің бірі халық теліген қосымша аты болғандықтан, ол бөлек және бас
әріппен жазылады; бұндай қосымша аттар өз алдына жеке де қолданыла береді: Жаяу
Мұса – Жаяу, Балуан Шолақ – Шолақ, Судыр Ахмет – Судыр, Алдар Көсе – Алдар.
Ер, әз, ұлы сөздері мен қаз дауысты, шық бермес тіркестері адамдардың өзгеден дара
жағымды-жағымсыз қасиетін айрықшалап, анықтауыш қызметінде жұмсалады, әрі бұл
сын есімдер адамдардың халық пен қоғам мүддесін атқарудағы орнына байланысты
қойылған бағалауыш сөздер болып келеді де, нақты кісі есімінен ажырамай, бас әріппен
бөлек жазылары: Ер Трағын, Әз Жәнібек, Қаз дауысты Қазыбек, Ұлы Петр, Шық бермес
Шығайбай.
Ру, тайпа аттары белгілі бір үлкен қауымның атауы ретінде жалпы мағынаға ие болып
кеткендіктен (орыс, қазақ, башқұрт, татар деген халық аттары тәрізді) кіші әріптен
басталып жазылады: тобықты, арғын, найман, керей, уақ, шекті, жағалбайлы, ошақты,
адай, беріш, жақайым, төртқара.
МАЗМҰНЫ
Редактордан ................................................................................................................................ 3
Кіріспе .......................................................................................................................................... 5
Фонема, дыбыс және әріп ........................................................................................................... 7
Кейбір дауыссыз дыбыстардың орфографиясы .......................................... ............................18
Кейбір дауысты дыбыстардың орфографиясы ....................................................................... 22
Кейбір дыбыс құбылыстарының орфографиядағы көріністері ............................................. 42
Біріккен сөздер мен шылаулардың жазылуы .........................................................................55
Шет тілдерден енген сөздердің орфографиясы
Орыс тілінен енген сөздердің орфографиясы ......................................................................... 71
Араб-парсы тілдерінен енген сөздердің орфографиясы ........................................................ 98
Бас әріптің қолданылуы .......................................................................................................... 107
Достарыңызбен бөлісу: |