Қоғамдық қатынас құралы ретінде тіл бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл



жүктеу 0,92 Mb.
Pdf просмотр
бет19/30
Дата14.05.2018
өлшемі0,92 Mb.
#13242
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30

одағайға жалғанғандағы жазылуы  әркелкі. Мысалы, Орфографиялық сөздікте (1978 ж.)

япыр-ай, япыр-ау, япырым-ау, ойпыр-ау, апырым-ау, ал Анықтағышта (1974 ж.) бұл тәрізді

демеуліктер  япырай,   ойпырау  т.б.түрінде   жазылады   деп   көрсетілген.   Тегінде,  ай,   ау

демеулігінің  кейбір  сөздермен  бірге  жазылуының  себебі  бар. Оны   одағайдың  жеке сөз

ретінде   дербестігін   жоғалтып,   демеулікпен   ұласып   кетуіне   байланысты   деп   түсінуге

болады.   Осылардың   қатарына  әттегенай  одағайын   да   қосуға   болады.   Шындығында,

мұндағы демеуліктер негізгі сөзбен кірігіп кеткен. Япырмай, әттегенай дегендерді ешкім



иә-пірім,   әйт-деген-ай  деп   бөле-жара   қарамайды.   Біріктіріле   тұлғалануы   еш   дау

туғызбайтын  алақай,айхай,   ойбай  тәрізді   одағайлардың   жазылуының   бұл   сөздерден

айырмасы  жоқ,   бәрі  де   типологиялық  бір   типке жатады.  Ау,  ай  демеуліктерінің   кейбір

одағайлармен кірігіп кеткендігі сонша, сол демеулік шылаудың үстіне тағы бір демеулік

үстемелене   жұмсалады   (мұндай   жағдайда   соңғы   демеулік   дефис   арқылы   жазылады)

алақай-ай, ойбай-ау т.б. 

Сонымен, дербестігі жоқ, тек демеуліктермен жұмсалатын одағайлардың жазылуы бір

басқа   да   (япырай,   япырымау,   әттегенай),     демеуліксіз   де   қолданыла   беретін

одағайлардың, (мысалы,  о бәтір, ой бәрекелді  тәрізділердің) жазылуы бір басқа болуға

тиіс. Соңғы топтағы одағайлармен қолданылатын демеуліктер дефис арқылы жазылады:

бәтір-ау, бәрекелді-ай, тәңір-ай, шіркін-ай, әттең-ай.

Ай  демеулігінің   дәстүрлі   орнынан   ауытқып,   түбір   мен   қосымшаның   аралығында

жұмсалуы сөз қолданыста ара-тұра болса да кездесіп қалып отырады:

«О тәңірайшыл» кер есек,

Қулық-сұмдық не өсек.

Болмаған соң бір есеп,

Мейлі қамқа, мейлі бөз,

(Абай)

Ай демеулігінің жұмсалуына байланысты бұл ерекшелік жазу тәжірибесінде екі түрлі

таңбаланып жүр:   тәңірайшыл, тәңір-айшыл. Ал осы сөзді тәңірайшыл түрінде тұтастай

тұлғалау ай шылауының демеулік мәнінің солғындауын «бейнелейді» деуге болады. Бұл

жерде  ғана  шылауына   байланысты   бір   мысалды   еске   түсіруге   болады.   Әдетте   ғана

шылауы   негізгі   сөзден   бөлек   жазылады:  сен   ғана,   маған   ғана,   Болат   қана  т.б.   Тек   аз

сөзімен қатар қолданылған жағдайда бұл шылау бірге жазылады (азғана). Өйткені екі сөз

бірімен-бірі «кірігіп» кеткен. Оны ғана шылауының үстемелене жұмсалуынан байқауға

болады. Мысалы: азғана ғана

Тағы бір еске ала кететін нәрсе –  ғана  шылауының әдеттегідей емес, түбір сөз бен

қосымшаның аралығында қолданылуы:

Шешеке, еш алданбан мал ғанаңа,

Барамын атам қосқан жар ғанама.

Емізген ақ сүтіңді балаң едім,

Бер сана бидай салып қол ғанаңа.

                («Қозы Көрпеш – Баян сұлу»)

Әдеттегі норма бойынша бұл сөздер малыңа ғана, жарыма ғана, қолыңа ғана болуға

тиіс. Бірақ бұл, зерттеуші айтқандай, ғана шылауының байырғы мұра тіліндегі поэтикалық

қызметіне байланысты жыр ішінде «заңдасқан» қолданыс

26

. Ғана шылауының осы аталған



ерекше қолданысы да әр түрлі басылымдарда әркелкі – бірде бөлек жазылса, бірде бірге,

кейде тіпті дефис арқылы да жазылып жүр. Бұл жерде мынадай пәтуаға келуге болатын

тәрізді. Түбір сөз бен қосымшаның аралығында қолданыла беретін өзге де шылаулардың

жазылуы   (келемісің,   әншідеміз,   бишідеміз;   әнді   айтадыақсың  тәрізді   ғана   шылауы   да

мұндай   жағдайда   түбір   сөзбен   тұтастай   тұлғалануы   қажет:  малғанаңа,   жарғанама,

қолғанама т.б.

26Жұбанов Е. Эпос тілінің өрнектері. Алматы, 1987. 107-110-б.




Ма, ме (ба, бе, па, пе)  шылауы да әдетте негізгі сөзден бөлек жазылады:  бар ма?,

кітап па?, ақ па?, қызыл ма?  т.б.  Ма, ме  сұраулығы, Ережеде айтылғандай, түбір мен

қосымшаның аралығында қолданылғанда дыбыстық өзгеріске түскен күйде және дефиссіз

(бірге) жазылады: барамысың? айтамысың? Бұл – сөйлеу стиліне тән ерекшелік. 

Тағы бір ескеретін жайт – ма, ме шылауы сұрау есімдігімен (қанша, неше), сондай-ақ



осынша, сонша, мұнша, онша  тәрізді туынды үстеулермен қатар айтыла келіп, сұраулық

мәннен өзгеше реңкке көшеді. Міне, осы ерекшелік, яғни сұраулық мәннен қол үзіп, басқа

бір реңкке көшуі  ма, ме  шылауының негізгі сөзбен бірге тұлғалануына таяныш болады.

Мысалы: қаншама, осыншама, мұншама, соншама, оншама т.б.

Қазіргі қазақ тілінде  да, де, та, те  жалғаулығы сөйлеммен сөйлемді, сөз бен сөзді

байланыстырып, ыңғайластық мәнде жұмсалады: Күн жауды да, ашылып кетті; ауылда



да, қалада да, қалам да, қағаз да т.б. Бұл жерде да, де жалғаулығының негізгі сөзбен бөлек

тұлғалануы ешбір дау туғызбайды. Алайда  да, де  жалғаулығы өзінің төл мағынасы мен

қызметінен,   яғни   ыңғайластық   мағынасы   және   сөз   бен   сөзді,   сөйлем   мен   сөйлемді

байланыстыру қызметінен басқаша жұмсалғанда әркелкі жазылып жүргендігін байқауға

болады.   Мысалы,   Орфографиялық   сөздікте   (1978   ж.)  қалайда,   алайда,   қайткенде

дегендердегі  да, де-нің есімдіктерден бөлек тұлғаланбауы түсінікті. Өйткені мұндағы да

ыңғайластық   мағынада   жұмсалмай,   өзгеше   мәнге   ие   болған.   Бірақ   осы   аталған

Орфографиялық   сөздікте  қайтсе   де,   сөйтсе   де,   әйтсе   де  сөздеріндегі  да,   де  бөлек

жазылған.   Шындығында,   бұл  типтес   сөздердегі  да,  де-нің   бірге  тұлғалану мүмкіндігін

жоққа шығаруға болмайды. Өйткені да, де шылауы өзінің төл қызметі мен мағынасында

емес, өзгеше мәнде, атап айтқанда қарсылықты мағынада қолданылады. Мысалы: Күннің

жылынғанына біраз болды, әйтседе қар кете қойған жоқ; Бүгін күн ұзақ жүрді, сөйтседе

шаршаған жоқ. Оқыған жақсы, ондада тәуір оқыған жақсы. 

Әдетте тіл өзінің даму процесінде дифференциация құбылысымен қатар интеграция

басынан өткеріп отырады. Мұндай жағдайда жеке сөздер белгілі заңдылыққа байланысты

біріге келіп, шылауға, одан қосымшаға айналатындығы белгілі (бара тұрған, бара-тұғын,



баратын). Бұл тәрізді құбылыс жазуда да бейнелуге тиіс. Міне, осы тұрғыдан қарағанда,

қарсылық   мәнде   жұмсалатын  әйтседе,   ондада,   сондада  тәрізді   шылауларды   біріктіріп

жазуға   болар   еді.   Типологиялық   жақтан   бұлардың  алайда,   бірақ  тәрізді   қарсы   мәнді

шылаулардан пәлендей дерлік айырмасы жоқ деуге болады. 

Құрамында да шылауы бар, тұрақты сөз сипатында қолданылатын бір алуан сөздердің

жазылуы да әркелкі. Мысалы, Орфографиялық сөздікте (1978 ж.) ұр да жық сөзі бөлек-

бөлек тұлғаланса, тап осы тәрізді  азарда-безер  сөзі дефис арқылы жазылған. Күнделікті

жазу тәжірибесінде бұл типтес сөздердің кем дегенде үш түрлі нұсқада жазылатындығын

кездестіруге болады: ұржадық, ұр да жық, ұрда-жық. Осы типтес сөздердің бұлайша әр

түрлі жазылуының, әрине, өзіндік себебі болуға тиіс. Тегінде, да шылауының жазылуына

байланысты қиындықты оның белгілі бір жағдайда сөз бен сөзді байланыстыру қызметінің

әлсіреп, ыңғайластық мағынасының көмескіленуіне байланыстыруға тура келеді. Мысалы



ұр да жық (әпербақан, ұр да жық), ас та төк (ас та төк заман), у да шу, гу де гу, шарт

ташұрт, азар да безер, опыр да топыр, қояр да қоймай  т.б. дегендегі  да, де  шылауы

негізгі сөзге бейімделіп тұрады да, оның сөз байланыстыру қызметін, компенсация ретінде

интонация   атқарады.   Сондай-ақ   бұл   шылаудың   ыңғайластық   мәні   фразеологиялық

тұтастықпен астасып кетеді. Жазу тәжірибесінде кездесетін үш түрлі нұсқаның (мысалы,



ұр   да   жық,   ұрдажық,   ұрда-жық)   соңғысы  да  жалғауының   осы   ерекшелігін   дәлірек

бейнелейді деуге болады. Сондықтан құрамында да шылауы бар фразеологиялық тіркес

типіндегі сөздерді   аста-төк, азарда-безер, ұрда-жық, уда-шу, бірде-бір, сартта-сұрт

түрінде   жазуды   орнықтыруға   болады.   Бұл   үлгі  үйме-үй,   бетпе-бет,   қолма-қол  тәрізді




жүктеу 0,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау