сөздерді
ы, і дәнекер дыбыстарынсыз түрлендіру (яғни
танкіге емес
, танкке,
митингіге
емес, митингке) және басқа да өзгерістер енгізу туралы сөз болады
42
. Бұл пікірлердің өзі,
сөз жоқ, жазу практикасында кездесетін қиындықтарға, сонымен қатар Негізгі ережелерде
жеке көрсетілмеген кейбір ерекшеліктерге байланысты туған. Демек, өзге тілден енген
сөздердің жазылу табиғатының сөз болуы бұл мәселенің әлі де болса айқынырақ белгілеп,
жеке-жеке айырмашылықтарды ескере отырып, толықтыра, нормаландыра түсетін тұстары
бар екендігін көрсетеді. Мысалы, Негізгі ережелердің 35-параграфында жіңішкелік
белгісіне аяқталған ноль, роль, руль типтес бір буынды сөздерге жіңішке буынды қосымша
жалғанады делінген: ноль-ге, роль-ге, руль-ге. Ал соңғы буыны нақ осындай гастроль,
король, пароль сөздеріне неліктен жуан буынды қосымша жалғануы тиіс? Емле
сөздіктерінде гастроль-ға, гастролы, король-ға, королы, пароль-ға, паролы болып
көрсетілгенімен, қазіргі жазба тіл үлгілерінде көбінесе жіңішке буынды қосымшалардың
жалғаланып жазылуы байқалады (король-ге, королі; гастроль-ге, гастролі; пароль-ге,
паролі). Немесе
акр, альт, бюст, вальс, вуаль, князь, нерв, пост, ткань, ферзь, тәрізді бір
буынды сөздерге қазақ тілінің қандай қосымшалары жалғанады? Бұл тұста да емле
сөздіктері мен жазу практикасында алшақтықтар жоқ емес: сөздіктерде вальсқа, вальсы,
тканьдар, вуальға, вуалы болып, ал тіл қолданысында вальске, вальсі, тканьдер, вуальге,
вуалі, князьге, князі болып екі ыңғайда таңбаланып жүр.
Сонымен бірге, нормативті сөздіктерде бір типтес сөздердің қазақ тілі
қосымшаларымен түрленуінде де варианттылықтар ұшырасады. Мысалы, «Қазақ тілінің
орфографиялық сөздігінде» («Ғылым» баспасы, 1978) төмендегідей жайттар кездеседі:
1. аэронавт, аэронавқа, аэронавы
космонавт, космонавқа, космонавы
бірақ:
терапевт, терапевтіге, терапевтісі
фармацевт, фармацевтіге, фармацевтісі
физиотерапевт, физиотерапевтіге, физиотерапевтісі
2. фонд, фондыға, фондысы
зонд, зондыға, зондысы
корунд, корундыға, корундысы
бірақ:
голланд, голландқа, голланды
секунд, секундқа, секунды
3. гиперболоид, гиперболидке, гиперболоиді
коллоид, коллоидке, коллоиді
целлулоид, целлулоидке, целлулоиді
эллипсоид, эллипсоидке, эллипсоиді
тороид, тороидке, тороиді
бірақ:
амилоид, амилоидқа, амилоиды
дифтонгоид, дифтонгоидқа, дифтонгиоды
рубероид, рубероидқа, рубериоды
сфероид, сфероидқа, сфероиды
4. колледж, колледжге, колледжі
коттедж, коттеджге, коттеджі
бірақ: бридж, бриджіге, бриджісі және т.б.
Соңы –аль, -оль дыбыстар тіркесіне аяқталатын сөздер де күнделікті жазу
практикасында біркелкі берілмей келеді. Мұны төмендегі салыстырулардан көруге
болады.
Емле сөздіктерінде:
медаль, медальға, медалы
42Нұржекеев Б. Тіл заңдылықтарын сақтайық // Қазақ әдебиеті. 1984. 12 октябрь.
мораль, моральға, моралы
магистраль, магистральға, магистралы
педаль, педальға, педалы
және т.б.
Жазу тәжірибесінде
медаль, медальға// медальге, медалі
мораль, моральға, моралы// моралі
магистраль, магистральға,
магистралы//магистралі
педаль, педальға, педалі
Сондай-ақ жазу практикасында соңы
–а дыбысына және
–ий дыбыстарына бітетін
және басқа да бірқатар термин сөздердің емлесінде де варианттылықтар бар: аптека –
аптек, анкета – анкет, диета – диет; санаторийде – санаторийда, документті –
документалды – документальді; экспериментті – эксперименталды – экспериментальді
т.б. Бұнда, әрине, ішінара орфографиялық қате жіберу, қажетті тұстарда емле сөздіктеріне
сүйенбеу сияқты кінәраттар да бар. Бірақ көбінесе орыс тілінен енген сөздердің тұрақты
қағидалардан өзгеше, бірде жуан, бірде жіңішке қосымшалармен түрленіп әр түрлі
жазылуы сөздердің түпнұсқа тілдегі фонетикалық ерекшеліктері мен қабылдаушы қазақ
тілінің дыбыстық заңдылықтарының айырмашылықтарына байланысты болатындығы
байқалады. Өзге тілден ауысқан сөздердің емлесіндегі қиындықтар басқа түркі тілдерінің
жазуында да кездеседі. Мысалы, Э. Ахунзянов татар орфографиясында орыс тілі
сөздерінің жазылу емлесі әлі де бір ізге түсе қоймағанын, осының нәтижесінде туатын
ала-құлалықтар орыс тілін игеруге де, ұлт тілінің емле нормасын жетілдіруге де кедергі
келтіретін факт екендігін көрсетеді
43
. Сондай-ақ азербайжан жазуында бірқатар сөздер
орыс орфографиясы бойынша бойынша графикалық-фонетикалық тұлғасы сақталып
жазылып, екінші бір тобы айтылуы бойынша таңбаланып, ал ал бұның өзі орфограммалық
варианттар тудырып жұргендігі азербайжан тілі емлесіндегі елеулі кемшіліктер ретінде
аталып жүр
44
. Сол себепті де бір тілден екніші тілге сөз ауысу процесінде объективті
себептер мен заңдылықтарды саралап, түбір сөздердің ажзылуындағы, олардың
қабылдаушы тілдің қосымшаларымен түрленуіндегі ерекшеліктерді айқындап отыру –
жазу мәдениетін көтеріп, ұлт тілдері орфографиясын одан әрі жетілдіре түсудегі мәнді
жұмыстардың бірі. Сонымен бірге қос тілді – орыс тілін және ұлт тілдерін – қатар меңгеру
проблемасы жолға қойылып отырған қазіргі кезеңде бұл мәселенің маңызы айрықша зор.
§ 1. Түбір сөздердің жазылуы. Орыс тілінен енген түбір сөздер қазіргі қазақ
орфографиясындағы негізгі қағида бойынша, орыс орфографиясына сәйкес, өзгертілмей
жазылады.
Орыс графикасына негізделіп, қосысмша әріптермен толықтырылған қазақ
алфавитінің бекітілген кезінен бері қарай қолданылып келе жатқан бұл қағида бірден-бір
дұрыс ереже болып отыр. Орыс тілінен енген сөздерді осы қағида негізінде жазуды қазақ
емлесінде бұрын орын алып келген ала-құлалықтарды жойып, жазу нормаларын бір ізге
түсірді. Және де қазақ әдеби тілінің сөздік құрамына совет дәуірінде енген орыс тілі
сөздері, негізінен, интернационалдық мазмұндағы және СССР халықтарының көпшілігіне
ортақ терминдік сөздер мен сөз тіркестері; ал терминдік қабаттың ерекшеліктері үшін де
(дефинициялық дәлдігі, ортақ интернационалдық сипатта болуы т.б.) түбір сөздерді орыс
орфографиясымен бірдей, графикалық-фонетикалық тұрқын бұзбай жазу емлесі
орнығынуының тиімді жақтары бар. Бұл емлелік қағида, біріншіден, СССР-дегі ұлт
халықтарының барлығында интернационалдық мазмұндағы терминдердің жасалуы мен
жазылуында мүмкіндігінше айырмашылықтар болмау керектігі талабына
45
толық сәйкес
келеді. Сонымен қатар қазақ тіліндегі бұл қабатты түрнұсқа қалпын өзгертпей жазу орыс
тілінен және орыс тілі арқылы басқа тілден енген термин сөздердің дефинициясына
нұқсан келтірмей дәл түсінуге көмектеседі; орыс тілін оқып-үйренуді, жетік меңгеруді
жеңілтеді; жазуда варианттылық туғызбайды.
43Ахунзянов Э. М. Русские лексические заимствования в татарском языке. Казань, 1968. С.346
44Будагова З.И., Исмаилова Г.Г. Орфография азербайджанского языка // Орфография тюркских
литературных языков СССР. М., 1973. С.56-57.
45Баскаков Н.А. Современное состояние терминологии в языках народов СССР // Вопросы
терминологии. М., 1961. С. 59-60.