ОблыСтыҚ ҚОғАМдыҚ-саяси газет



жүктеу 8,96 Mb.
Pdf просмотр
бет9/21
Дата19.11.2018
өлшемі8,96 Mb.
#21016
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21

11

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі,  14  қаңтар 2016 жыл

еЛ-Жұрт


Қалаубек тЕМІРОв,

Жаңақала аудандық ішкі 

саясат бөлімінің басшысы:

­ Ауданда 24 мың халық бар. Өткен 

жылы  діни  сауат  ашу  орталығын  аш­

тық. Күні бүгін курста 15 жас оқып жүр. 

Бірақ  облыстағы  діни  ахуалы  күрделі 

үш ауданның бірі екеніміз рас. Аудан­ 

да теріс бағыттағы салафилік жолда жүрген азаматтар бар. 

2013­2017  жылдарға  арналған  экстремизм­терроризммен 

күрес бағдарламасы бойынша аудан әкімі жанындағы діни бір­

лестіктермен, құқық қорғау құрылымдарымен, антитеррорлық 

комиссиямен,  қоғамдық  ұйымдармен,  теологтармен  бірлесіп 

жұмыс істеудеміз. Жұмыссыз жастарды қолдаудамыз. 



Жасұлан ҚисАМЕДиН, 

аудан ақсақалы:

­  Ауданда  исламды  бұрмалаушы 

жастар  бар.  Дәстүрлі  киім  үлгісінің 

болмауы  да  бізді  қынжылтады.  Жұма 

намазға  келгенде  көремін,  «Намаз 

оқымаған адам – кәпір» дейтін жастар 

пайда  болып  жатыр.  Олар  базардан 

алған  етті  жемейді  дейді.  Бұл  дұрыс  емес,  бисмилланы  айтып 

жесең, адал деп ойлаймын. Құран араб тілінде түскенмен де, біз 

қазақпыз,  намаз  оқып,  мұсылманның  бес  парызын  орындасақ  

та, салт­дәстүрден алыс кетпеуіміз керек. Бұл адасу ислам дінін 

кеш әрі дұрыс бастамаудан, әрі ата­аналардың діни сауатсызды­

ғынан  деп  ойлаймын.  Ауданда  сауат  ашу  курсы  ашылды,  енді 

жастарды оқытуды ғаламтор немесе әр үйден емес, осы орта­

лықта қолға алынуы керек. 

 

Жарас АХАНОв,



Батыс Қазақстан облысы 

дін мәселелерін зерттеу 

орталығының басшысы:

 

­ Дін – халықты біріктіруші құндылық. 



Бұзып  жаратын  күш  емес.  Қазақтың 

тарихында жалған діни ағымға бөліну 

болған  емес.  Қазіргі  ғаламтор  (интер­

нет)  кеңістігі,  демократиялық  көзқарас 

деген  желеумен  толассыз  идеологиялар  осындай  тосыннан 

теріс  діни  ағымдар  жолындағы  азаматтарды  қалыптастырды.  

Мемлекет  тарапынан  жекелей  және  жалпылай,  басқа  да  мүм­

кіндіктер арқылы оңалту және дәстүрлі бағытқа қалыптастыру 

жұмыстары жүргізіліп келеді. Жеке тұлғаның осындай діни эс­

тремистік  сипатқа  қалыптасуының  бірнеше  себептері  бар:  қо­

ғамға  ренжуі,  психологиялық  күйзеліске  ұшырауы  әлеуметтік 

жағдайының  төмендігі  және  оны  өзінің  жалқаулығынан  емес, 

мемлекеттен  көруі  (әйтпесе  жұмыс  жасаймын  деген  адамға  

елде екі қолға бір күрек табылады), рухани құлдырауы. Жалпы 

психологияда азғантай топ өзара ауызбіршілікте болады. Теріс 

діни  ағым  өкілдерінің  аздығы,  олардың  бір­біріне  қамқор  бо­ 

лып көрініп, кез келген сәтте бір­бірінің жанынан табылуы сол 

ортаның  әрі  қарай  сақталуына  ықпал  етіп  отырады.  Жалған 

жиһадшылдық,  діни  экстремистік  көзқарасқа  алып  келетін 

теріс  идеологиялар  салдары  осы  арбауға  түскен  азаматтар­

дың  мәліметті  бір  көзден  алуынан  туындайды.  Яғни  жан­жақ­

ты іздену жоқ. Оның үстіне теріс діни көзқарастағы азаматтар 

арасында кез келгені шейх­ұстаз бола салады. Яғни оларда су­ 

бординация (жоғарыдан төмен қарай бағыну немесе білімділі­

гіне қарай реттілік) деген ұғым жоқ. Мысалы, кез келген идео­

логияда  немесе  қоғамда  жүйе  бар.  Жүйесіз  құрылым,  түптеп 

келгенде,  мемлекетте  «хаос»  тудыратын  жағдайға  алып  келе­

тін жәйттар. Бұндай көзқарастағы азаматтардың діни бағытын­

дағы  жүйесіздігі,  эмоцияның  жетегінде  кетуі  түсініспеушілікті 

тудырады.  Дегенмен  мемлекет  тарапынан  бұл  жағдайлардың 

жан­жақты бағыттары зерттеліп, талданып, жүйелі жұмыстар ат­

қарылуда.

алғандар

М

ен 2010 жылы жүре алмай, қатты ауырып қалдым. Омыртқа, буындарым зақымданып, қос 

балдаққа сүйеніп, кейін тіпті төсекке таңылып жатып қалғанымда, орнымнан тік тұрғызған 

сынықшы, бүкілодақтық емшілер қоғамының мүшесі Әмина Әлмұқанова апай еді (суретте)

Содан бері емші апама айына екі рет келемін. Бір аптада 4 күн массаж жасайды. Шипалы алақанымен сы­ 

лап­сипап қатарға қосқан Әмина апаға деген алғысым шексіз. Бүгінде облыста апамызды білмейтін адам 

кемде­кем. Анасы Нұрыштың ақ сүтімен дарыған қасиеті Әмина апаны өз еліміз ғана емес, алыс­жақын ше­

телге де танытты. Санкт­Петербор қаласының тұрғыны Элина Цыганова «Әмина апа жақсы өмірге жолдама 

беруші. Ол – адамдарға денсаулық сыйлауды өзіне мақсат еткен жан. Ол бізге аса қымбат әрі қажет адам» 

дейді. Н. Қаржауова (Ақтөбе), Л. Тұрғалиева (Тольятти), Ұлдана  (Тасқала  ауданы), О. Лаптенво (Германия, 

Гемунеп қаласы) сияқты апамыздан ем алғандар шынайы тілектерін  ақ қағаздың бетіне тізіпті. Мысалы,  

Лиза есімді әйел сынып, гипстен кейін қисық біткен оң қолын қайта салған емшіге дүниедегі бар жақсы­ 

лықты  үйіп  төгеді.  Ал  Болгария  елінен  келген  Я.  Янко  есімді  науқас  жүре  алмай  қалғанын,  Әми­ 

на  апаға  емделген  соң  өмірге  қайта  оралып, бүгінде жүгіріп кеткенін қуана айтады. 

Атақты күйші анамыз Дина Нұрпейісованың жиені  Ұлмекен әже Әмина апаға «Өмірдің айдынында 

кеше берсін, Аруағың құдірет берген өсе берсін. Халықтың ақ батасы қабыл болып, Аман­сау, жасың 

100­ге жете берсін» деп ақ батасын беріпті. Шипалы алақаны арқылы халықтың алғысына бөленген 

емші – қандай құрметке де лайық жан. 1976 жылдан бастап сынық сала бастаған апамыздың алды­ 

нан мыңдаған адам дертіне дауа тапты, мен сияқты аяғын басып, қатарға қосылды. Қызы Майра  

мен  ұлы  Мереке  де  сынықшы.  Мереке  –  Жаңақала  ауданының  Красногор  ауылында  мұға­ 

лім. Отағасы Асқар аға екеуі қалаға жалғас жатқан Мичурин ауылында тұрады. Қанша кел­ 

сем де, жайдары қарсылап, ем­домын жасап, адамға жақсылық тілеп шығарып салып оты­

ратын  алтын  қолды  апама  өмірдегі  бар  бақытты  тілеймін. 

Емдеп бала­шағаны киесімен, 

Бас ием қасиетіңе құрметпенен. 

Аман бол, ұзақ жаса, Әулие­ана,

Өзіңе ешбір адам тең келмеген, – деген жүрегімнен шыққан ақ тілегімді 

қабыл алыңыз, апа! 



Жанар  ДҮЙсЕНБАЕвА,

Бостандық  ауылы, 

Қазталов  ауданы

Сынықшы 


Әмина апаға 

шексіз ризамын



М

енің  осы  арманым 

былтыр орындалған­ 

дай  болады.  Нақты­

лап айтсам, Қазақстан театр қай­

раткерлері  одағының  төраға­ 

сы  Тұңғышбай  Жаманқұловтың 

қолдауымен  А.  Чехов  атындағы  

ХII  халықаралық  театр  фес­

Өзінің кәсіби біліктілігін шыңдау үшін басқа елдерге 

барып, тәжірибе алмасу – өнер адамының да арманы. 

Тәжірибемді

шыңдап қайттым

тивалінің аясында өткен режис­

серлердің  лабораториясына  қа­ 

тыстым.  Оған  ТМД,  Балтық  ел­

дері  және  Ұлыбританиядан  әріп­ 

тестерім келді. Мәскеу қаласын­ 

да  өткен  бұл  шара  барысында 

есімдері  әлемге  әйгілі  режис­

сер  Кама  Гинкас,  режиссер­пе­ 

дагогтар Адольф Шапиро, Влади­

мир Панков, театр және кино ре­

жиссері  Андрей  Кончаловский, 

В.  Мейерхольд  атындағы  театр­

дың көркемдік жетекшісі, режис­

сері Виктор Рыжаков және театр 

режиссері  Анатолий  Васильев­

тардан  дәріс  алдым.  Дәрістен 

кейін  оларға  режиссураның  бү­ 

гінгі  ахуалы,  шығармашылық  дағ­

дарыс,  одан  шығудың  жолдары 

туралы  сұрақтарымызды  қойып,  

тұшымды жауап алдық. Одан соң 

жас  режиссерлер  үшін  әлемге 

танымал қойылымдар қойылды. 

Шара  барысында  өзге  елдер­

дегі  әріптестермен  танысып,  пі­ 

кір  алмасып,  бірлесіп  жоба  жа­

сауды  үйреніп,  түрлі  халықара­

лық  фестивальдерге  шақырту 

алып,  үлкен  әсермен  оралдым. 

Арманымның    орындалуына  мүм­

кіндік  туғызғаны  үшін  Қазақстан 

театр  қайраткерлері  одағы,  об­

лыстық  мәдениет,  мұрағаттар 

және құжаттама басқармасы, об­ 

лыстық қазақ драма театры бас­

шылығына  өз  алғысымды  біл­

діремін.


самал ӘБУОв, 

облыстық  қазақ  драма  

театрының  режиссері


жүктеу 8,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау