ОблыСтыҚ ҚОғАМдыҚ-саяси газет



жүктеу 8,96 Mb.
Pdf просмотр
бет10/21
Дата19.11.2018
өлшемі8,96 Mb.
#21016
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21

ОтАнДАстАр

Бейсенбі,  14 қаңтар 2016 жыл

12

oral_oniri@inbox.ru



с

ырым  Қажығалиев  1938 

жылы  Жосалы  ауылдық 

округі,  Былқылдақ  елді 

мекенінде  дүниеге  келген.  Әкесі­ 

нен  3  жасында  жетім  қалады. 

Ол  анасымен  бірге,  нағашы  жез­ 

десі  Лұқпан  Жұмабаевтың  қам­ 

қорлығында  болды.  Қан  майдан­

ға  аттанып  бара  жатып  әкесі  Қа­

жығали  бажасына,  ұлы  Сырымға 

бас­көз  болуды  аманаттаған  екен. 

Сырқат  Лұқпан  майданға  жарам­

сыз  болғандықтан,  елде  қалып, 

ұжымшарда  есепші  болып  еңбек 

етті.  Бала  Сырым  анасымен  бір­ 

ге  нағашы  апа­жездесінің  қолын­

да тұрып жатты. Отағасының қыз­

метіне  байланысты  Лұқпан  Жұма­

баевтың  жанұясына  да  көшпелі 

өмір  кешуіне  тура  келді.  «Жез­ 

дем  жұмыс  жасағанда,  мен  де 

бос  жүрмеймін»  деп,  10  жасында  

поштабай  болған  да    осы  Сырым. 

1950 жылы Жұмабаевтар Былқыл­ 

даққа  қайта  келді.  Сырым  осы 

жерде  бастауыштағы  білімін  то­

лықтырды.  7­сыныпты  бітіргесін, 

Жымпитыға  келді.  Осы  жерде  бір 

ағайынының  үйіне  жатып,  әрі  қа­

рай  білім  алғысы  келген.  Жаңа 

тұрғынға  үй  иелері  разы  болма­

ды.  Бір  күні  бала  осы  жағдайды 

анасына  айтты.  Анасы  арқылы 

жағдайға  қаныққан  жездесі  Сы­

рымды  қайтадан  ауылға  алып 

кетті.  Осылайша  оқу  аяқсыз  қал­ 

ды.  Ендігі  жерде  құлшынысын  ең­

бекке  арнады.  Ешқандай  жұмыс­ 

тан  тартынбады.  Келе  сала  ұжым­

шар  жұмысына  кірісті.  Пішенші­ 

лер  бригадасында    санақшы  бо­

лып жасады. Одан қалса, қыс бойы 

шөп  тасыды.  1956­57  жылдары 

«Балауса»    комсомолдар  бригада­

сында  да  белсенді  еңбек  етті. 

1957  жылдың  күзі.  Сырымның 

атына  аудандағы  әскери  комис­

сариаттан шақырту келді. «Бұйыр­

са,  әскерге  кетемін»  деп  «білегін 

сыбанып»  барған  оны  әскери  ко­

миссариат  қатарға  қабылдамай­ 

тын  болып  шешті.  Мән­жайды  

оның  өзі  анықтады.  Сөйтсе,    бас­

тығы  Мәулет  Елеуғалиев  іске 

алғыр,  қызметіне  қалтқысыз  Сы­

рымды  әскерге  жібергісі  келмей, 

әскери  комиссариаттың  басты­ 

ғының атына оны әскерге шақыр­

туды  кейінге  қалдыру  жөнінде 

әр  шақырылым  сайын  өтінішхат 

жолдап  отырған.  Осыдан  кейін 

ол  әскерге  өз  еркімен  сұранып 

кетті.  Әзірбайжанның    Иранмен 

шектескен  тұсына  шекарашы  бо­

лып әскери борышын өтеді. Онда 

жас  сарбаз  күнделікті  жаттығу­

лар  мен  міндеттемелерді  ерекше 

құлшыныспен  орындады.  Ауыл  ең­ 

бегінен алған тәрбиесі оған оң сеп­

тігін  тигізді.  Әскерден  келген  ол 

Жымпитыдағы  училищеге  түсіп, 

ауыл  шаруашылығы  техникасын 

жүргізетін  маман  атанып  шықты. 

Сырым әскердегі украин досы­

нан  Украина  туралы  көп  еститін. 

Халықтың әлеуметтік  жағдайы іл­ 

гері екендігі әрі жеке адамның ру­

хани  жетілуі  үшін  жақсы 

мүмкіндік 

берілетіндігі 

туралы  досының  әңгіме­ 

сі  Сырым  үшін  «Украи­ 

на  –  бүкіл  жақсылықтың 

елі» деген түсінікті қалып­

тастырды.  Әрі  ел  көріп, 

жер  тануға  өзі  де  қарсы 

емес.  Бір  қайнауы  кем 

болып  жүрген  ойының 

жетегіне  ілесті  де,  «Ук­

раина,  қайдасың?»  деп 

тартты  да  кетті.  Бұл  1962 

жыл  еді.  Барған  жері  –  Днепро­

петровск  облысының  Пятихатский 

ауданы.  Осы  ауданның  Лозоватка 

селосындағы  Жовтень  ұжымша­ 

ры  мал  шаруашылығымен  айна­ 

лысады.  Қазақ  жігіті  осы  ұжым­ 

ның  жұмысшысы  болды.  Бұдан 

бұрын  қойды  электр  қуатының 

көмегімен  қырқу  кезінде  қате  бо­ 

лып,  біреу  қаза  тапқан.  Сондық­ 

тан  қорқып  қалған  қырықтық 

жұмысшылары  электр  қырқу  құ­ 

ралына  жоламай  қояды.  Қазақ­ 

тың  қырдан  келген  баласына  бұл 

жұмыс  таңсық  емес  қой.  Сөйтіп, 

Сырым  қошқарды  бес  минутта 

қырқып, украиндарға «мастер класс» 

көрсетіпті.  Осылайша  ұжымшар 

бастығының  назарына  ілігіп,  жат 

жерде  «Қазақ  халқының  ұлы»  бо­ 

лып танылды. Украиндар оны «Се­

рега»  деп  атады.  Сырым  Қажыға­

лиев ұжымға әбден сіңді. 1967 жы­ 

лы  астықты  өңір  Қостанай  облы­ 

сына  қарасты  Тобыл  ауданындағы 

Аманқарағай  ауылының  егін  жи­ 

нау  науқанына  Қазақстанға  Украи­ 

надан  комбайн  тасымалдады.  Жов­ 

тень  ұжымшарының  сүт  өндіру  

фермасында  оператор  болып  та 

жұмыс  жасады.  Еңбек  Сырымды 

өз  ұжымына  өте  сыйлы  етті.  Сол 

жұмысқа  жауапкершілігінің  арқа­ 

сында Украинада жүріп, В. Ленин­

нің  100  жылдығына  орай  «За  до­ 

блестный  труд»  деген  медаль алды. 

«Білім  алсам»  деген  ниет  жас 

жігіттің  ойынан  кетпеді.  Осы  уа­ 

қытта  Н.  Хрущевтың  кешкі  мек­

тептер  ашу  жөніндегі  заңы  шық­ 

қан.  Дәл  осындай  мектеп  Днеп­

ропетровскіде  ашылып,  Сырым 

Қажығалиевтың  алдынан  білімге 

үлкен жол ашылды. Өзі Қазақстан­

нан  7­сыныпты  толық  аяқтап  кел­

ген.  Сондықтан  кешкі  мектепте 

әрі  қарай  оқуын  жалғастыратын 

болып  шешті.  Сабақ  –  сейсенбі, 

жұма  және  сенбі  күндері.  Оны 

сабаққа  украин  досы  әрі  әріптесі 

Николай Федотов өзінің мотоцик­

лімен  апарып  тастайтын.  Сырым 

осы мектептің директоры Татьяна 

Жуковнаны  жақсы  әсермен  еске 

алады.  Ол  қазақ  баласының  Укра­

ин  елінде  ештеңеден  таршылық 

көрмей,  ел  қатарлы  білім  алуына 

барынша  жағдай  жасады.  11­сы­ 

ныпты  толық  аяқтаған  С.  Қажыға­

лиев  мұнымен  шектелмей,  М.  Ки­ 

ров  атындағы  Эрастовск  ауыл  шар­

уашылығы  техникумын  бітірді. 

Ол  уақыт  өте  келе  елді  аңсай­

тын  болды.  Бірақ  әріптестері  ті­

легін  қабылдай  алмады.  Өйткені 

олар  бірі­біріне  бауыр  басып  кет­

кен  еді  әрі  шаруашылыққа  алғыр 

кадр  керек.  Дегенмен  ұжымшар 

басшылығы  «Сереганың»  елжан­

дылығына  іштей  разы  болды.  Сол 

күні  Жовтень  ұжымшарында  қа­

зақ  баласының  кұрметіне  жиын 

өтіп,  украиндар  ең  ізгі  тілекте­ 

рін  айтып,  Сырымды  Қазақстанға 

шығарып салды. 

–  Украина  мен  үшін  нағашым­

ның  үйіндей  болды.  Бас  тіреп 

барған мені төріне шығарды. Дас­ 

тарқанын тең бөлісті. Осы бір ұлт­ 

қа  деген ыстық ықыласым әлі күн­

ге  дейін  жан  жүрегімді  елжірете­ 

ді, – дейді Сырым қария бүгіндері.

Сырым  Қажығалиев  қазақ  жә­

не  орыс  тілінен  бөлек,  украин  ті­

лін  де  жетік  меңгерген.  Атакәсіп 

аңшылыққа  да  алыс  емес.  Бүгінде 

өзінің атақонысы – Былқылдағын­

да  тұрып  жатыр.  Зайыбы  Тәрбие 

апаймен  бірге  5  перзент  тәрбие­

леп өсірді.



Бауыржан  

ШиРМЕДиНұЛы, 

сырым  ауданы

Оның әкесі - Ұлы Отан 

соғысындағы алғашқы 

құрбандардың бірі. 

Өзінің өмір жолы кілең 

ұмтылысқа толы. Ал осы 

Сырым қарттың тағдырын 

жұрт біле бермейді. 

«Ықыласым

әлі  күнге  ыстық»



жүктеу 8,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау