ОблыСтыҚ ҚОғАМдыҚ-саяси газет



жүктеу 8,96 Mb.
Pdf просмотр
бет8/21
Дата19.11.2018
өлшемі8,96 Mb.
#21016
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21

10

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі, 14  қаңтар 2016 жыл

Бір  нәрсеге  таңғаласың.  Ана­

сының айтуынша, аузына қасығын 

жөндеп  апара  алмайтын,  арба­

дан  құлап  қалса,  өздігінен  тұра 

алмайтын  қаріп  жігіт  бір  емес, 

бірнеше  рет  Сирияға,  соғыс  қай­

нап  жатқан  жерге  баруға  неге 

құмартты?  Айболмен  сөйлескен 

мамандардың  айтуынша,  діни 

сауаты  жоқ  оның  түсінігінше,  мұ­

сылман  елдерінде  «қой  үстіне 

бозторғай  жұмыртқалаған»  өмір 

бар,  яғни  онда  исламның  асыл 

құндылықтары  салтанат  құрып 

тұр,  ол  елде  адамдар  бір­біріне 

бауыр,  әсіресе,  мүгедек  адамға 

ерекше  қамқор  болмақ.  Бірақ 

арбаға  танылған  Айбол  Сирия­

дағы  ұзаққа  созылған  суниттік 

мұсылман  сириялықтар  соғысына 

ондаған  экстремистік  ұйымдар­

дың  қатысып,  бейбіт  халықтың, 

балалардың  мыңдап  қырылып, 

мұсылман  мұсылманды  бауыздап 

жатқанын  білмейді.  Жаңақала 

аудандық  мешітінің  наиб  имамы 

Серік Мұстафин (суретте) «Аудан­

дағы теріс діни бағытта жүргендер 

пікірталастан  қашады,  имамның 

сөзін  тыңдамайды.  Жұма  намазы­

на  келгенде  құлаққап  киіп  алып, 

аспанға  қарап  отырады.  Олар 

газет­журнал  оқымайды,  теледи­

дар қарамайды, оларды қоғамнан 

мүлде  оқшаулап  тастаған.  Шын­

дығында,  қазақтың  жап­жас,  жуас 

жігіттері  надандықтың  құрбаны­

на  айналуда.  Қатып  қалған  тәк­

піршілер  өздері  елде  қалып, 

Сирияға  жуас,  артында  сүйеніші 

жоқ,  надан,  қой  аузынан  шөп  ал­

майтын  білімсіз  жастарды  елік­

тіріп,  жіберіп  жүр.  Жуас  жігіттер 

байқамай  адасып  кетіп,  ол  орта­

дан  шыға  алмай  жүр.  Кейбірімен 

сөйлестік,  олар  дәстүрлі  Әбу­Ха­

нафи  мазһабына  оралуға  қорқа­

ды.  Ата­аналарға:  «Балаңыз  теріс 

бағытта  жүр,  бізге  көмектесіңіз, 

баланы  дұрыс  жолға  салайық» 

десек,  өзімізге  қарсы  шығады. 

«Балам  намазын  оқып  жүр.  Одан 

да  мас  болып  көшеде  құлап  жат­

қандармен  күресіңдер.  Енді  бұл  

тақырыпты  қозғасаң,  сотқа  бере­

міз»  дейді.  Осындайда  «Отаның­ 

 ды,  дініңді  сату  үшін  сатқын  болу 

қажет  емес,  ақымақ  болсаң  же­

теді»  деген  сөз  еске  түседі.  Өте 

өкінішті», ­ дейді.

Біз  жақында  Жаңақала  ауда­

нында  болып,  Айболдың  анасы 

Нұрғайша  Хасановаға  жолықтық. 

«Отағасы екеуміз екі бала тәрбие­

леп  өсірдік.  Кішісі  Айбол  –  бала 

жастан мүгедек, 2010 жылы намаз 

оқи  бастады.  Ойы,  көңілі  бөлінеді 

деп  қуандық.  Жамағаты  келгенде, 

өз  бөлмесінде  ұзақ  сөйлесіп  оты­

рады.  Ер  бала  болғасын  не  айтып 

жатыр  деп  мән  бермедік.  Қалаға 

алып  кетеді,  бір  аптада  кері  әкеп 

тастайды.  2014  жылы  қалаға  кет­

кен  еді,  сөйтсем,  балам  Сирияға 

кетіп  бара  жатқан  жерінен  Астра­

хан  қаласында  ұсталыпты.  Үйге 

әкелдік,  үнемі  бақылауда  болды. 

Екінші рет кетеді деген ой болма­

ды.  Осы  жолы  «Оралға  барамын, 

3­4  күнде  қайтып  келемін»  деп 

кетті.  Телефон  шалсам,  сөндірулі. 

1 қараша күні полиция келіп, үйді 

тексерді,  баламды  Сирияға  ке­

тейін  деп  тұрған  жерінде  «Ақтау 

–  Ыстамбұл»  ұшағынан  ұстапты. 

Есіміз  кетіп  қалды.  Сезсем,  жібер­

меген  болар  едім»,  ­  дейді  етегі 

жасқа толған ана. 

Бүгінде  Айбол  Жолаев  пен  Нұр­

лыбек  Тұрарбекұлы  Орал  қала­

сындағы  тергеу  абақтысында.  Ал 

Нұрлыбектің  әйелі  жүкті  болған 

себепті  қамаудан  босатылды.  Тар 

қапас  жиһадшыларды  тәубесіне 

түсіргендей.  Күні  кеше  Сирияға 

жол  тартып,  ата­анасын,  туған 

жерін,  Отанын  сатқандар  бүгінде 

басқаша сайрап отыр. «Істеген ісі­

ме  қатты  өкінемін,  ­  дейді  Айбол 

Жолаев  (суретте).  ­  Жиһад  де­

генді  ғаламтордан  қарадым.  Діни 

білімсізбін. Ол жақта соғыс болып 

жатқанын,  бару  қате  екенін  енді 

біліп  отырмын.  Нұрлыбектің  от­

басынан  кешірім  сұраймын,  оны 

«Барайық»  деп  үгіттеген  менмін. 

Сирияға  кететінімді  ата­анам  біл­

меді,  зейнетақымды  жинап,  100 

мың  теңгемен  жолға  шықтым.  Бі­

лімсіздіктің кесірінен адастық. Ба­

уырларға  қателеспеңдер,  менің 

сөзіме құлақ асыңдар, бұл жолдан 

қайтыңдар деймін». 

Жүкті  әйелінің,  баласының  бо­

лашағын  ойламай,  Сирияға  сүй­

реген Нұрлыбек Тұрарбекұлы (су-

ретте)  былай  дейді:  «2014  жылы 

ислам  дінін  қабылдап,  ұстазсыз, 

ғаламтордан  видео  қарап,  жиһад, 

Сирия  мәселесінде  сезімге  бері­ 

ліп,  теріс  жолға  түсіп  кеткенімді 

білмей  қалыппын.  Бүгін  ойла­

сам,  дін  сезіммен  тұрмайды 

екен.  Бірінші  білім  керек  екен. 

Жастарға  мен  сияқты  қор  болып 

қалмай, бастарыңа іс түспей тұрып 

ойланыңдар  дегім  келеді.  Ата­

ана  туралы  хадис  көп,  «Жәннат 

ананың  аяғының  астында»  де­

ген  бар.  Біз  әке­шеше,  баланы 

ойламадық.  Сендерге  біреу  Си­

рияға  бар  десе  ойланыңдар,  ол 

жақта  өліп  қалсаң,  әке­шешең  не 

болады? Қазақстанда ешкім қысым 

көрсетіп  жатқан  жоқ,  кішкентай 

баланы  Сирияға  сүйремеңдер, 

бала  өскенде  не  болады,  қатты 

қор  боласыңдар.  Мен  білімсізбін, 

қасымдағы  жамағатым  не  айтса 

да,  көзімді  жұмып  ере  беріппін. 

Сұрақтарың  болса  имамнан,  дін 

істері  басқармасының  маманда­

рынан  сұраңдар,  ғаламтордан  дін 

үйреніп  керегі  жоқ.  Әке­шешем­

нен  кешірім  сұраймын,  оларды 

қиын жағдайда қалдырғаным үшін 

қатты өкінемін, олардың қаһарына 

қалдым». Тап осы жерде Нұрлыбек 

жылап жіберді. Ол кемсеңдеп оты­

рып, «Анам, кешір мені!» дей бер­

ді... 

Құзырлы орындардың мәліметі 



бойынша  жалпы  тәкпірлік  бағыт­

та  жүрген  әрі  Сирияға  жиһадқа 

кеткендердің  және  діни  экстре­

мистік  бағыт  бойынша  сотталған 

азаматтардың 90 пайызы әке тәр­ 

 биесін көрмеген, яғни әкеден ерте 

айырылған  жігіттер  екен.  «Анасы­

ның бауырында иі жұмсақ, көнгіш, 

жуас  болып  өскендерді  айтқанға 

көндіру  оңай»,  ­  дейді  психолог­ 

тар.  «Барса  келмес»,  яғни  бір  жа­

ғына  ғана  жол  билеті  бар  Сирия­

ны  бетке  алған  Айбол  мен  Нұр­

лыбекті  Алла  сақтады  бір 

жолға!  Күнәсіз  сәбилердің 

көрер  жарығы  бар  екен. 

Әсіресе, бүгінде ана құр­ 

сағында  жатқан  бей­

күнә  шарана  жарық 

дүние  есігін  қайнаған 

соғыс  пен  ұшқан  оқ­

тың,  қираған  ғима­ 

раттардың, ойран бо­ 

лып,  адыра  қалған, 

өлімнің  исі  кезген  

Сирияда  емес,  тәуелсіз 

Қазақстанда,  Жаңақа­

ланың жып­жылы бір үй­

інде  ашпақ!  Періште  сәби­ 

ді етегіне орап алатын әжесі­

нің бақытын айтсаңшы!?

«Барса,  келмес»  –  Сирияны  бетке



Өткен жылдың соңында Сирияға кетіп 

бара жатқан Батыс Қазақстан облы-

сы Жаңақала ауданының екі жігіті Ақтау 

қаласының әуежайында ұсталды. Олар 

«Ақтау – ыстамбұл» ұшағына отырғалы 

жатқанда құрықталды. Бала жетектеген әрі 

жүкті әйелі бар Нұрлыбек тұрарбекұлы жә-

не бірінші топтағы мүгедек Айбол Жолаев. 

Бұл мүгедек жігіттің Сирияға кетпек болған 

бірінші сапары емес. Алғашқыда 2014 жыл-

дың 23 желтоқсанында Астрахан қаласында 

ұсталып, елге қайтарылған болатын. Ал оның 

қасындағы серігі Айболат ғабитов құзырлы 

мекемелердің мәліметі бойынша, шекарадан 

өтіп Сирияға кеткен...

Ұлдай саРИева,

«орал өңірі»

МәсеЛе



жүктеу 8,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау