oral_oniri@inbox.ru
13
Бейсенбі, 14 қаңтар 2016 жыл
ОтАнДАстАр
Өйткені кезінде 5 мыңдай тұр
ғыны болған Лубен кеңшары жай
қалтып егін де, мыңғыртып мал да
өсірген ірі де іргелі шаруашылық
еді. Тіпті жұрты жаппай жасампаз
еңбекке жұмылған Сұлукөл, Ең
бек, Отрадный, Юбилейный деген
төрт бірдей бөлімшесі де болып
едіау. Әрі ол бөлімшелердің әр
қайсысында 200дің ол жақ, бұл
жағында түтін барды. Қоғамдық
формацияға қоса, меншіктік қаты
настар күрт өзгеріп, біздің ел на
рықтық қатынастарға біржола кілт
бұрылғанда, аталмыш ауылдар
дың тұрғындары урбанизацияның
жалына жаппай жармасумен бол
ды. Соның салдарынан әлгі бөлім
шелердің бүгіндері жерменжек
сен жұрты ғана қалды. Жаңа ғана
сөз болған Лубеннің өзіндегі бүгін
гі 415 үйдің 25інде қазір адам тұр
майды. Кіндік қаны тамған туған
ауылаймағының бұлайша қожы
рауы Ғабдел Жұмашевтің жанына
жай таптырмады. Әйтпесе, 1983
жылдан бастап, аттай 21 жыл бойы
құқық қорғау құрылымдарында
қызмет істеп, біраз жабық меке
менің өзіне жүктеген жауапкерші
лігі зор міндетмиссиясын мінсіз
атқарып, «Совет милициясының
үздігі», ҚазССР Ішкі істер министрі
нің бұйрығымен «Социалистік мү
лікті талантаражға салуға қарсы
күрес (ОБХСС) саласы бойынша ең
үздік инспектор» атанып, бұлар
дан басқа да біраз мақтаумара
патқа ие болған азамат абырой
беделден кенде еместі. Оның үс
тіне 2004 жылы подполковник ше
нінде доғарысқа шығып, сосын
10 жыл бойы кәсіпкерлікпен ай
налысқан Қасымның Ғабделінің
Орал қаласындағы отбасылық
тұрмыстық жағдайы да кісі қызы
ғарлықтай. Алайда туған жерінің
тағдыры маза бермей, «сау басы
на сақина тілеп алған» өзі.
Әлқисса, біздің бүгінгі басты
кейіпкеріміз 2014 жылғы қараша
да өткен Лубен ауылдық округінің
әкімін сайлау додасына өз ықтия
рымен қосылды. Сөйтіп доғарыста
ғы подполковник Жұмашев ауыл
дастарының 98% даусына ие бо
лып, Оралдағы бақуат тірлігін тәрк
етіп, өзі 1973 жылы орта мектеп
бітіріп, үлкен өмірге аттанған ту
Подполковник Жұмашевтің оралуы
Шыңғырлау
ауданындағы лубен
ауылдық округіне
қарасты жалғыз елді
мекен лубен ауылын-
да бүгіндері 415 үй
һәм 1437 тұрғын бар.
Бұл статистикалық
мәліметтерге атал-
мыш ауыл-аймақтың
бұрынғы атақ-
даңқынан хабар-
дар кісінің көңілі
қоңылтақсып қалары
анық.
василий каТЬкал,
лубен ауылының тұрғыны:
Мен осы ауылда туыпөсіп, еңбекке де осы
жерде араластым. Бүкіл өмірім өзімнің туған
ауылаймағымда өтуде. Туған жерімнен қол үз
бек, қалаға көшпек ойым жоқ. Ауылдың кеңіс
тігіне үйренген басым қаланы қараторғайдың
ұясындай тарсынады. Оның үстіне ауылымыздың
қазіргі әкімі Ғабдел Жұмашев көптің көңілінен
шығатын көптеген бастамаға ұйытқы болып
жүр. Әрі ол қазақ, орыс, украин, татар, неміс, өзбек секілді он шақты
ұлтұлыс өкілдерінен құралған Лубен халқының бірлігі бекемденіп,
берекесі еселене түсуіне үнемі мүдделілік танытуда. Тек аудан, об
лыс басшылығына бір құлаққағыс, ОралАқтөбе күрежолынан Лубен
ге бұрылатын шолақ грейдер мен біздің ауылдан аудан орталығы
на қатынайтын жолды жөндеп берсе, шіркін, мұртымызды мүлдем
балта шаппас еді...
Бақытжан ҒАБДУЛЛиН,
Шыңғырлау ауданы
ған ауылаймағына 41 жылдан соң
әкім ретінде оралып, атқа қонды.
«ауылдастарымның
ұйымшылдығына
ырзамын»
Ауылдың атқамінеріне айналып,
қазіргі қызметіне кіріскендігіне
аса көп уақыт өте қоймаса да, Лу
беннің әкімі қазірдің өзінде біраз
шаруаның басын қайырып үлгер
ген екен. Ең бастысы, ауылдың са
нитарлық тазалығы ілгерілеп, Лу
беннің әлеуметтікмәдени өмірі
күрт жанданған. Тек өткен күздегі
Қайырымдылық айлығы аясында
ауыл әкімінің ұйытқы болуымен
әлеуметтік жәрдемге мұқтаж лу
бендіктерге 350 мың теңгенің ақ
шалайзаттай көмегі көрсетілген.
Әсіресе, кірісі аз, табысы мардым
сыз жанұяларға азықтүлік, киім
кешек бойынша қомақты көмек
көрсетілді. Мұқтаж жандарға отын
суы мен қорақопсысындағы ма
лына жемшөп жеткізіліп берілді.
Сонымен қатар Ғабдел Қасымұлы
ауыл маңындағы үлкен қорымның
да қоршалып, ретке келуіне ық
пал ете білген екен. Бұл да сауап
ты іс, әрине. Ал ауыл көшелеріне
әкім жаздырып, орнатқан «Алтын
бесік ауылыңа абыройлы қызмет
ет», «Туған ауыл тазалығы – барша
ға ортақ» деген сияқты айшықты
жазулар оқыған кісінің бәрін бір
дей ойлантары шүбәсіз.
Мектеп, балабақша, мәдениет
үйі, дәрігерлікотбасылық амбу
латория секілді әлеуметтік меке
мелер жүйелі жұмыс жасап тұр
ған Лубен ауылы тұрғындарының
басым көпшілігі салауатты өмір
салтына ден қойғандығы қуантар
лық құбылыс. Ауыл балалары үшін
күрес, бокс, волейбол, баскетбол,
пауэрлифтинг секілді спорт сек
циялары тұрақты жұмыс істейді.
Осындай спорт түрлерінен аудан
дық, облыстық тіпті республика
лық жарыстарда топ жарып неме
се жүлдегер атанып жүрген лубен
дік ұлқыздар баршылық. Ал ере
сектер жағы волейболға әуес. 2015
жылы әуедоптан (волейбол) ау
дандық біріншілікте лубендік қыз
келіншектер үшінші орыннан кө
рінді. Былтырғы шілде айында қа
зақ хандығының 550 жылдығына
орай Лубенде өткен спартакиада
аталмыш ауыл тұрғындарының бұ
қаралық спортқа деген «тәбетін»
аша түсті. Өткен жылы 1 желтоқ
сан – ҚР тұңғыш Президенті кү
ніне орай ұйымдастырылған во
лейболдан ауылдағы мекемелер
арасындағы жарыс та осы спорт
түрінің осы ауылаймақта қанат
жая түсуіне жақсы әсер еткендігі
кәміл. Тап осы жарыста топ жар
ған және жүлдеге іліккен коман
даларға ауыл әкімі атынан дип
ломдар мен ақшалай сыйлықтар
табыс етілді.
2014 жылы «Жұмыспен қам
ту – 2020» бағдарламасы бойын
ша мал шаруашылығын дамыту
және кафесін кеңейту үшін лу
бендік 5 кәсіпкер 6 800 000 теңге
жеңілдікті несие алып, қол жет
кен қаржыны мақсатты игерді. Ал
2015 жылы аталмыш бағдарлама
негізінде Нұрлан Құлов, Бауыржан
Аязбаев, Ержан Әлембаев және
Мерлан Сарқұлов жалпы мөлшері
4 млн. 800 мың теңге несиеге қол
жеткізіп, шаруаларын өрістетуде.
Лубен аудан және облыс ор
талығынан да қашық елді мекен
болғанымен, біздің округте кәсіп
керліктің көкжиегі жыл өткен са
йын кеңейе түсуде. Бірақ елді мекен
ді ауылдық округте 48 кәсіпкер
лік нысаны тіркелген. Соның 23і
шаруа қожалығы болса, 25і жеке
кәсіпкерлер. Лубендік шаруа қо
жалықтары негізінен дәнді және
майлы дақылдар өсірумен, сондай
ақ мал шаруашылығымен айна
лысады. Ал «Мезинов» шаруа қо
жалығы бағбандыққа ден қойып,
ауылаймақты арзан, алайда сапа
лы баубақша өнімдерімен жарыл
қауда. Бұған қоса енді бұл қожа
лық тоған салып, балық шаруашы
лығымен айналыспақ ниет таны
тып отыр. Ауылымыздағы «Өнім»
шаруа қожалығы жылына 100 бас
ірі қараны семіртетін мал борда
қылау алаңын іске қосты. «Өнімге»
қоса, «Оқас» шаруа қожалығы да
мал тұқымын асылдандыруға жіті
көңіл бөлуде. Былтыр жиналған
жергілікті салық мөлшері 1 мил
лион теңгеден асты.
Ең бастысы, мен ауылдастарым
ның ұйымшылдығына ырзамын.
Өйткені ауылды көркейту, ауыл
тазалығы, әр түрлі мәденикөпші
лік және спорттық шараларды өт
кізу секілді ортақ шаруаларға кел
генде ауылдың үлкенкішісі өте
ұйымшыл. Мәдениспорттық ша
ралардың ойдағыдай өтуіне ауыл
әкімі аппаратының бас маманы
Азамат Қарабаев, жергілікті жастар
ұйымының жетекшісі Райымбек
Есекенов, ауыл мектебінің дене
тәрбиесі пәнінің мұғалімдері Қай
рат Кәукиев пен Бауыржан Жарыл
ғасов ерекше еңбек сіңіріп жүр.
Ал ауыл тұрғындарының бірлігін
бекемдей түсетін Наурыз, Құрбан
айт, Масленица секілді мейрамдар
мен «Қайырымдылық айлығы»,
«Мектепке жол» сияқты акциялар
аясында Николай Мизенев, Сайын
Бисенбаев, Жолдас Баяхатов, Ақыл
бай Иманқұлов сынды жергілікті
шаруа қожалықтарының басшы
лары жыл сайын ортақ мереке
лерге демеушілік танытып, әрі
әлеуметтік қолдауды қажетсінетін
ауылдастарына айтулы көмек көр
сетіп келеді.
Былтыр Жеңістің 70 жылдығына
орай Жеңіс саябағы мен біздің
ауылдың түлегі, Кеңес Одағының
Батыры Андрей Тихоненко атын
дағы гүлзарды жаңалапжаңғырт
тық. Биыл жаз шыға балаларға әрі
әдемі, әрі қауіпсіз ойын қалашы
ғын жасақтамақпыз. Күн тәртібін
де тұрған шаруаның бірі – ауыл
мектебінің айналасындағы саябақ
тың шарбағын жаңалау. Бұған біз
дің ауылдан шыққан бүгінде берісі
Батыс Қазақстан, әрісі байтақ елге
танымал іскер азаматтар Ғимран
Бисенов пен Жұмабай Айтуев қол
ұшын береміз дегенді. Жігіттер
уәделерінде тұрар деген үміттеміз.
Ал ауыл маңындағы зиратты қор
шауға біздің ауылда туыпөскен,
біраз жылдан бері Ақтөбе қала
сында тұратын кәсіпкер Арман
Жиенәлиевтің өзі 300 мың теңге
қаржылай қолұшын созды. Әрине,
аздыкөпті басқалар да үлес қосты.
Қалған жұмысты ауылдағы үлкен
кішінің көмегімен Таған Жанқас
қиев, Жасұлан Жармұқанов, Қай
рат Жанқасқиев сықылды ауыл аза
маттары тындырды, дейді Ғабдел
Қасымұлы.
«Ретрошайхана» –
демографиялық дүмпу
Лубен әкімінің жүзеге асырған
және бір тың жобасы – ауылдағы
мәдениет үйінің ішінен жасақтал
ған «Ретрошайхана». Мұнда сенбі,
жексенбі күндері Орал, Ақтөбе се
кілді қалаларда оқитын студент
жастар ауылдағы құрбықұрдаста
рымен бас қосып, ойынсауық
ұйымдастырып, би кештерін өткі
зіп тұрады. Жастардың мұндай
еменжарқын кездесіпсырласуы
жас шаңырақжас отаулардың жиі
леуіне себепкер болуда.
Әліақ көресіз, «Ретрошайхана»
біздің ауылаймақтың демография
лық дүмпуіне негіз болады, деп
әзілшынын араластыра сөз са
бақтап, Ғабдекең қулана жымиып
қойды.
Жақында әжелер ансамблінің
құрылуына ұйытқы болған ауыл
әкімі енді жаңағы «Ретрошайхана»
аясында дер кезінде сыңарын та
уып, отбасын құрып үлгере алма
ған жандарға арнап, «Жүздесу»
клубын ашпақ ниетте.