ОблыСтыҚ ҚОғАМдыҚ-саяси газет



жүктеу 8,96 Mb.
Pdf просмотр
бет14/21
Дата19.11.2018
өлшемі8,96 Mb.
#21016
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21

16

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі,  14  қаңтар 2016 жыл

Дүние-ЖАЛҒАн



о

жалған дүние! Төбем­

нен  жай  түскендей 

есеңгіретіп  жіберген  

бұл хабарды естігеніме де 40 күн­

дей болып қалыпты­ау.

...Желтоқсанның  11­і.  Әдетте­

гідей  ертеңгілік  шайымды  ішіп, 

жайбарақат  отырғанмын.  Қалта 

телефоным  безек  қаға  бастады. 

Қадыр  ағаға  байланысты  әлдебір 

шаралар ұйымдастыруға  орай Қы­

зылордада  жүрген  Донеділ  екен. 

Аз­кем  аман­саулық  сұрасқан  соң 

«Әбіш  досыңызбен  хабарласқан 

жоқсыз  ба?»  деп  сұрады.  «Жоқ, 

бірақ кеше ғана «Қазақстан» теле­

арнасынан берілген «Келбет» бағ­

дарламасынан  көргенмін.  Оның 

алдында  Мұхтар  Алтынбаевты  70 

жасымен  құттықтап  тұрған.  Соған 

қарағанда  аман  болса  керек»,  ­  дей 

салдым.  Бірақ  бірдеңені  айта  ал­

май  тұрғанын  сезгендей  болдым 

да,  «Шамасы  Қадекеңе  байланыс­

ты  ұйымдастырып  жүрген  шара­

лары туралы ақылдасқысы келген 

шығар» деп ойладым.

Іле­шала  бүгінде  Астанада  тұ­

ратын  Ағелеуов  Құсайын  досым 

телефон шалды. 

«Әбіш  ағамыздан  айырылып 

қалдық  қой...».  Арғы  жағы  еміс­

еміс.  Басым  айналып,  көзім  бұл­

дырап  кетті.  Донеділдің  айта  ал­

май тұрғаны осы екен ғой... Ойым 

онға,  санам  санға  кетіп,  не  болға­

нын  білмей,  сол  күні  кешке  дейін 

есеңгіреп жүрдім.

Ертеңіне  «Егемен  Қазақстан» 

газетінде еске алулар да, көңіл ай­

тулар да, тіпті сайт сөздері де көп 

жарияланды. Бірақ 60 жылдан ас­

там уақыт бойы риясыз сыйласып 

келген  аса  қадірлі  құрдасымның 

қалай  қайтыс  болғаны  туралы  еш 

дерек таба алмай қойдым. Бұл жай 

мені одан сайын ойландыра түсті.

Бірақ тірі адам тіршілігін жасай­

ды  ғой,  қолыма  қалам  алуға  тура 

келді. Өйткені мен онымен 5 жыл 

университетте  тайдай  тебісіп,  бірге 

оқығаным өз алдына, одан кейінгі 

жылдары да ара­тұра хабарласып, 

кейде  тіпті  екеуара  сыр  алысып 

та жүрдік. Бұл ретте мен осыдан 6 

жыл бұрын оның  70 жасқа толған 

мерейтойын  кіндік  қаны  тамған 

Маңғыстау жерінде және бес жыл 

білім алған Қазақ мемлекеттік уни­

верситетінде атап өту рәсімдеріне 

де  қатысқандығымды  өзіме  үлкен 

мерей  санаймын.  Сондықтан  жа­

дымды жаңғырта отырып, сол бір 

қимас  күндерімізді  еске  алуды 

ұйғардым.

 Әрине, мен Ақтауда және уни­

верситетте  өткізілген  рәсімдер­

ден  алған  ұмытылмас  әсерлерім 

туралы біршама қамтып жазғаным 

бар. Онда Әбекеңнің тума таланты 

университет  қабырғасында  жүр­

ген  кезінен­ақ  айқын  аңғарылып, 

қатарластарының 

көшбасшысы 

бола  білгендігі  туралы  да,  қоғам­

дық  қандай  құбылысты  да  өзінше 

қабылдап,  өзінше  бағалай  білетін 

байқампаздығы мен кімнің алдын­

да  да,  қандай  аудиторияда  да  сөз 

маржанын тізбелей алатын сурет­

керлігі  хақында  да  айтылған  еді. 

Ақырында ол өз қатарластарынан 

ғана  емес,  университетте  дәріс 

берген ұстаздарынан да асып кет­

ті.  Осыған  орай  менің  ойыма  қа­

ламгердің  60  жылдығы  тұсында 

бізге  әдебиет  теориясы  пәні  бо­

йынша  дәріс  берген  ұстазымыз, 

айтулы  сөз  зергері,  академик 

Зейнолла  Қабдолов  марқұмның 

«Ұстаздан шәкірт озды деген осы, 

Әбіш бүгінде ғұлама, оның шығар­

малары  түпсіз  шыңырау...  Қазіргі 

қазақ  әдебиетінің  тең  жарты  жү­

гін  Мұхтар  Әуезов,  жарты  жүгін 

Әбіш Кекілбаев көтерді десек, қал­

ғанымызға не  қалды? Мұхтар  мен 

Әбіш  бір­бір  ширек  жүгін,  қалған 

жартысын  қалғанымыз  көтеріп 

келеміз», ­ деген сөздері орала бе­

реді.


Міне,  содан  бері  де  16  жыл 

өткен  екен.  Осы  мерзім  ішінде 

әдебиет  жүгінің  тағы  бір  парасы 

Әбекеңнің  иығына  түскені  сөзсіз. 

Демек,  Әбекеңнің  әдебиет  әле­

міндегі  абырой­атақтары  ХХ  ға­ 

сырдың  ғұламасы  атанған  Мұхаң­

нан  да  асып  барады  десек,  ар­

тық  айтқандық  емес  сияқты. 

Мұны оның әдеби көркем шығар­

маларын  айтпағанда,  соңғы  жыл­

дары  әдебиет  алыптары  жөнінде 

жазған  эсселері  мен  естеліктері­

нен де, ел тәуелсіздігі мен ұлт тағ­

дыры төңірегіндегі толғаныстары­

нан да айқын аңғаруға болады.

Сырттай  қарағанда,  Әбекең 

әуел бастан­ақ осылайша «көйлек­

пен»  туғандай  болып  көрінетін 

шығар.  Ал  біз  оның  қатарлас  құр­

былары,  студент  кезімізде  «бүтін 

құртты  бөліп,  жарты  құртты  жа­

рып  жеп»,  сыйлас  та  сырлас  бол­

ған  құрдастары,  Әбекеңнің  өмір 

жолы тақтайдай тегіс болмағанды­

ғын жақсы білеміз.  Әкесі Кекілбай 

Қоқымұлы  бұл  үш  жасқа  да  тол­

май  жатып,  1942  жылы  Ұлы  Отан 

соғысына  аттанып,  Ленинград 

майданында қаза тапқан. Ол тура­

лы өзі: 

«Қай жерде өлім сенен 

өшін алды,

Қай жерде өміріңнің 

көші қалды?

Кекілі желкілдеген 

жалғызыңды,

Қай  жерде  ақырғы  рет  есіңе 

алдың?»  ­  деп  толғанады.  Ал  ана­

сы  туралы  «Анам  Айсәуле  98­ге 

қараған  шағында  дүние  салды. 

Ащыны  да,  тұщыны  да  молынан 

татты.  Төркіндері  дәулетті,  абы­

ройлы кісілер болыпты. Жас келін 

болып  түскенде,  топалаң  бастал­

ған.  34  жасында  жесір  қалды. 

Күйеуінің  орнына  шахтаға  түсіп, 

4  баласын  асырады.  Мен  азамат 

болғанға дейін еңбектен қол үзген 

жоқ» деп жазғаны бар.



М

іне,  осылайша  жас  ке­

зінен­ақ  тағдыр  тау­ 

қыметін  тартуға  ту­

ра  келген  бала  Әбіштің  қиялға 

беріліп,  ойшыл  болып  өсуі,  бір 

жағынан,  заңды  құбылыс  сияқты 

да  көрінеді.  Әрине,  бұл  сол  тұс­

тағы  жас  ұрпақтың  көбіне  тән  қа­

сірет.  Бірақ  оның  ойлау  қабілеті 

тез  жетіліп,  тума  таланты  басқа 

қатарластарынан бұрын танылған­

дығын  атап  айтқан  ләзім.  Бұған 

оның  бойына  ана  сүтімен  дары­

ған  қасиеттеріне  қоса  туып­өскен 

өлкесінің табиғи ерекшеліктері де 

айтарлықтай  ықпал  еткен  тәрізді. 

«Мен  бала  болып  ойын  қуып  кет­

кен емеспін, ­ дейтін ол студенттік 

кезінде сол бір бұғанасы қатпаған 

балғын шағын еске түсіре отырып. 

–  Басқа  балалар  асық  ойнап,  доп 

қуып жүрген кездері мен бір биік­

теу  төмпешіктің  басына  шығып 

алып,  «Осы  асық  ойнағаннан  не 

шығады,  доп  қуғаннан  қандай  

пайда?»  деген  сияқты  ойға  бері­ 

ліп,  көкжиекпен  астасқан  қырат­

белдерді  көзбен  шолып,  ұзақ 

отырушы  едім.  Бірқатар    кемпір­

сампырдың «Кекілбай марқұмның 

соңында  қалған  жалғыз  тұяғы 

қияли  болып  кетпесе  жарар  еді» 

деп  өзара  сыбырласа  сөйлесіп 

отырғанын  да  құлағым  шалып  қа­

латын.  Бірақ  өзімнің  есім  дұрыс 

екені өзіме аян, ондай әңгімелер­ 

ге мән бермеуші едім».

Мүмкін  ол  сонда  болашақта  

өзін  қандай  өмір  шырғалаңдары 

күтіп тұрғанын да көз алдына елес­

тетіп отырған шығар­ау.

Ол  жоғары  сыныптарда  оқы­

ған  жылдары  Маңғыстау  өңіріне 

мұнай  көздерін  барлайтын  ма­

ман  геологтар  көптеп  келе  бас­ 

 таған  екен.  Жазғы  демалыс  айла­

рында  соларға  ілесе  жүріп,  бола­

шақта  геоглог  болсам­ау  деп  те 

армандаған  кездері  аз  болмаған 

сыңайлы.  Мектеп  бітірген  бой­

да  құжаттарын  алдымен  Алматы 

политехникалық институтына тап­ 

сыруы  сондықтан.  Бірақ  онда  құ­

жат  қабылдау  аяқталып  қалған­

дықтан,  университеттің  филология 

факультетіне  келген  ғой.  Екеуміз­

дің  алғашқы  таныстығымыз  сол 

күннен, яғни 1957 жылғы 27 шілде­

де  қабылдау  комиссиясына  құжат 

тапсыру сәтінен басталған еді. Бұл 

жөнінде  Әбекең  өз  естеліктерін­

де де жазған болатын. Әбекең өзі­

нің  қайталанбас  таланты  таныла 

бастаған жастық шағында кеңестік 

кезеңнің  әр  сөзіңнен  саяси  астар 

табуға  тырысқан  тоталитарлық 

тәртіптің  да  шырмауына  түсіп 

көрді.  Қаламгерлік  еңбекті  қоғам­

дық  жұмыспен  ұштастыра  жүріп, 

тауқыметі  көп  әлеуметтік  өмірдің 

талай  шиеленісті  додаларынан 

әдебиет  әлеміне  үзеңгілес  келген  

әріптестерін де аман алып шығуға 

күш  салды.  Бұған  оның  универ­

ситетте  бір  топта  оқыған  курста­

сымыз  Оразбек  Сәрсенбаевтың 

«1961  жыл»  деп  аталған  поэмасы 

төңірегінде  болған  айтулы  дау­

дамайлар  кезінде  айтқан  ұтымды 

ойлары  мен  тұшымды  тұжырым­

дары да толық дәлел бола алады. 

Бұл  мәселе  партияның  орталық 

комитетінде де кеңінен талқылан­

ғаны белгілі.

Ал  Кеңес  Одағының  соңғы  ке­

зеңінде  ұлттық  сананың  жаңа 

сапалық  сатыға  көтерілу  үдерісі 

мейлінше  өрістеп,  ол  туралы  пі­

кірталас  бұрын­соңды  болмаған 

сипат алған тұста және еліміз еге­

мендік  алып,  еңсемізді  көтере 

бастаған  кездегі қоғамдық, саяси­

әлеуметтік  саладағы  қызметтері 

мүлде  өлшеусіз.  Оның  осындай 

алмағайып  кезеңдерде  халықтың 

рухын  көтеретін  мәнерлі  де 

мазмұнды,  зерлі  де  зерделі  сөз­

дерін әлемнің әр түкпіріндегі қан­

дастарымыздың  қай­қайсысы  да 

айрықша  зейін  қойып  тыңдағаны 

ақиқат.


И

ә,  біз  оны  1­курсқа  қа­

былданып,  жаңадан  та­ 

 ныса 


бастаған 

кез­


де  жәй  ғана  «Әбіш»  дей  салушы 

едік.  2­курсқа  келгенде,  білікті­

лігіне  қоса  зеректігін  аңғарып, 

«Әбеке»  дей  бастадық.  3,  4­курс­

тарда  оқыған  жылдары  оны  біз 

ғана  емес,  университетті  бізден 

бұрын  бітіріп  шыққан  ақын­жа­

зушылар  да  «Әбеке»  деп  отыра­

тын  болды.  Ал  соңғы  курсқа  жет­

кен  кезде  әдебиеттің  сол  тұстағы 

«азулыларының»  да  «Әбеке»  деп 

амандасып  жатқанын  талай  рет 

көргеніміз бар.

Өйткені  бұл  кезде  ол  бүкіл 

әлем  әдебиетімен  сусындағаны­

ның  арқасында  әлдебір  «мықты­

лармен»  пікірталасқа  түсе  қалса, 

логикалық  және  философиялық 

жағынан  жан­жақты  негізделген 

дәйекті  деректерімен  де,  небір 

шұрайлы  сөздерімен  де  қарсыла­

сын он орап алатындай әсер қал­

дыратын. 

Міне,  осындай  өмір  соқпақта­

рынан  өткен  Әбекеңнің  ғұлама  

ойшыл,  кемеңгер  қаламгер,  қа­

Елес боп қалды-ау тау

бүкіл түркі әлемін аузына қаратқан сөз зергері, Қазақстанның еңбек ері Әбіш кекілбаев хақында

Ә. кекілбаевтың оралға келген соңғы сапары

суре

тт

і түсірг

ен Р

. Х

але

лов



жүктеу 8,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау