ОблыСтыҚ ҚОғАМдыҚ-саяси газет



жүктеу 8,96 Mb.
Pdf просмотр
бет13/21
Дата19.11.2018
өлшемі8,96 Mb.
#21016
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21

15

oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі,  14 қаңтар 2016 жыл

кәсіп


о

дан  кейін  де  Елбасы 

өзінің  халыққа  арнаған 

Жолдауын  жариялау  ба­

рысында:  «Біз  бәсекеге  сай  болу 

үшін  Қазақстанда  жасалған  әрбір 

бұйымның  төрт  қасиеті  болуы  ке­

рек. Сапалы, ыңғайлы, әдемі және 

арзан. Сонда ғана ісіміз өнімді, за­

тымыз өтімді болады. Өзімізді өзі­ 

міз  қамшылауымыз  керек.  Бізді  

сырттан келіп ешкім жарылқамай­

ды.  Мен  кеше  Алматыға  барып, 

Алматының  әбден  бір  қисайған 

үйлерінің  ішінде  тұрған  шағын 

фабрикаға барып, костюмдер мен  

бәтеңкелерді неғып киіп жүр дей­

сің? Менің баратын жерім жоқ па?  

Мегалар бар, анау бар, мынау бар.  

Солар  сол  жерде  бастап  жатыр. 

Қазақстанның,  елдің  тауарларын  

шығарайын  деп  мықшыңдап  жа­

тыр  жігіттер.  Ақшасын  салып  жа­ 

тыр.  Әйелдерге,  қыздарға  жап­

Етікші

Өткен жылғы қарашаның соңында-ау шамасы, Елбасы «Қазжеңіл-

өнеркәсіп – Алматы» ЖШС-да болып, өндірістік цехтың жұмысымен 

танысқаны.  Сонда Нұрсұлтан Назарбаев ұжыммен кездесу барысында 

отандық өндірушілерді халықтың қолдауының қажеттілігін айтып, фабри-

када тігілген костюмді киіп көрсетті. Көгілдір экран арқылы күллі елімізге 

жарнамалап, барлығымызды отандық киімдерді киюге шақырды. 

жақсы  жұмыс  беріп  жатыр»,  ­  де­ 

ді.  Мұның  барлығын  Елбасының 

отандық  өндірісшілерді  қолдауы, 

қамқорлауы  деп  түсініп,  өнеге 

алуымыз керек. 

Жақында Орал қалалық жұмыс­

пен  қамту  орталығының  дирек­

торы  Әнуарбек  Қабашевқа  жолы­ 

ғып,    «Жұмыспен  қамту  2020  жол  

картасы» мемлекеттік бағдарлама­

сының  іске  асу  барысы  жайында  

сұрап­білгенбіз.  Өткен  жылы  не­

сие  алып,  жаңа  кәсіпкерлік  нысан­

дарын  ашқан  азаматтар  туралы 

әңгіме  өрбігенде,  «Оралда  етік 

тігетін  цех  ашылғалы  жатыр»  де­

генде,  елең  ете  қалдық.  «Өзім  де 

жігіттерді  қолдайын  деп,  етікке 

тапсырыс  беріп  қойдым»,  ­  деге­ 

ніне таңданбай,   Елбасының өне­ 

гесі  жұғысты  болды  ғой  деп  іш­

тей  сүйсіндік.  Сонымен  не  керек, 

«жақсыны көрмекке» деген, біз де  

сол шеберханаға тарттық. Етік тігу­ 

дің  шебері Тілеген Лұқпанов әзір­ 

ге  Зашаған  кентіндегі  жалға  ала­

тын  жаңа  орнына  қоныс  аудара  

қоймапты.  Сондықтан  оны  Орал­

дың бас көшесіндегі (Достық даң­

ғылы,  Юбилейный  аялдамасы  ма­

ңындағы) шағын шеберханасынан 

жылдам таптық.

Орта бойлы жігіт ағасы Тілеген 

Орынбасарұлы  ақжарқын  жан  екен,  

бірден  шешіле  сөйлесті.  Бұрын 

кеңшарда есепші­агроном болып­

ты.  Кейін  қалаға  қоныс  аударған 

жылдары  сауда­саттықпен  айна­

лысыпты. Ол шаһардағы етік жөн­ 

дейтін  шеберханаларды  етік  жөн­

деуге  қажетті  материалдармен 

қамтамасыз  еткен.  Со­ 

дан  көре­көре  көзі  

үйренген  етік  жөн­

деу  ісімен  айналы­

сып кеткенін өзі де 

Су өткен аяқ 

киімді жылы 

жерге қойып, 

ішіне қағаз 

толтырып 

қойса, аяқ 

киім кеуіп 

қалады. 

«байқамай»  қалыпты.  Ер­азаматқа 

етік жөндеу не тәйірі, оны да сегіз 

жыл бойына бір кісідей меңгерген 

ағамыз  енді  етік  тігу  шеберлігі­

не  ден  қояды.  Оралда  етік  тігудің 

шебері  саналатын  Андрей  есімді 

неміс жігітінен  етік тігуді үш жыл­

дай  ерінбей­жалықпай  үйреніпті. 

Сөйтіп,  биылдан  бастап  етік  тігуді 

шындап қолға алыпты.  

­  Жас  адамнан  етік  тігуді  үйре­

ніп  жүргеніме  таныстарым  аздап 

таңырқасты. Бірақ арланатын несі  

бар?!  «Өнерді  үйрен  де  жирен»  

деген.  Андрейдің  етік  тігіп  отыр­

ғанын  көргенімде,  осыны  неге 

үйренбеске  деп  өзімді  іштей  қай­

рай  түстім.  Етікшілік  қазақтың  қа­

нында бар өнер ғой. Ден қойдым, 

үйрендім.  Қызық  үшін  қаладағы 

өзге  де  етікшілердің  етік  тігу  тех­ 

нологияларымен  таныстым.  Әр­ 

кімнің  өз  дағдысы,  өз  сыры  бар 

екен. Қазір ер адамның қыстық аяқ 

киімдерін  тігудеміз.  Әйелдерге 

етік  тігу  күрделірек.  Оның  үстіне 

нәзік  жандылардың  кірпияз  ке­

летіні тағы бар. Ерлердің етігін тігу 

оңайлау,  сондықтан  тапсырыспен 

және  саттыққа  тігудеміз.  Арнайы 

және    майтабандыларға  арналған 

ыңғайлы  аяқ  киімге  тапсырыстар 

көбірек түседі. Ең бастысы, біз етік­

тің  сапасына  қатты  мән  береміз. 

Өзіңіз көріп жүрсіз ғой, базарлар­

да  сатылатын  етіктер  бір­екі  ай­ 

дан  кейін  табаны  қақырап,  жұрт­ 

тың  бәрі  өндірісшілерді  айыптап 

жатады. Сондықтан қытайлық ши­

кізатпен  жұмыс  істемеймін,  ­  деді 

Тілеген Орынбасарұлы. 

Кәсіпкер  етік  тігуге  қажетті  са­

палы  былғары  мен  табиғи  теріні 

Ресейдегі  аяқ  киім  өндіретін  фаб­

рикадан тікелей барып, сатып әке­ 

леді (дәл қандай комбинаттан ала­ 

тынын  айтпайды,  коммерциялық 

құпия  ғой  бұл  жағы).  Осының  өзі 

аяқ киім бағасының қолжетімді бо­

луына  қатты  әсер  етеді.  Мысалға, 

ер­азаматтың  қыстық  шолақ  қо­ 

ныш етігін тігу 12 мың теңге, жаз­ 

ғы  бәтеңке  5­5,5  мың  теңге  тұра­

ды. Шеберханадағы витринада қол­ 

дан  тігілген  етіктер  самсап  тұр. 

Қайсыбірін  қолымызға  алып,  көріп 

жатырмыз.  «Мына  тігісті  көрдіңіз 

бе?  Клиентіміз  табанын  осылай 

мықтап  тігіп  бер  десе,  айналды­

ра  тігіп  те  береміз.  Арнайы  ста­

нокта  тіккен  соң  сырт  көзге  ұрып 

тұрған жоқ», ­ деп әнтек мақтанып 

қойды  шебер.  Тапсырыстармен 

тігілген  түрлі  өлшемдегі  етіктерді 

қолымызға  алып,  шұқшия  қарадық. 

Кәдуілгі  сауда  орындарында  саты­

лып  жатқан  шетелдік  етіктерден 

көп  айырмашылығы  байқалмады. 

Былғарысы  жұмсақ,  жалтырап­ақ 

тұр. Шеберге етіктеріңіз «Мынаус­

кий» дестік. 



е

тікшінің айтуынша, бір да­ 

на  қыстық  аяқ  киімді  (са­ 

пожки)  тігуге  екі  күн  же­ 

теді. Алдымен лекалды, яғни был­

ғарыны  пішіп­қиып,  машинада  ті­ 

гу,  қалыпқа  салып  тарту,  бір  күн 

кептіру,  табанын  жапсыру  сықыл­ 

ды  жұмыстар  атқарылады.  Шұқы­ 

ма жұмысы көп. Етік тігу әсілі, оңай 

іс  емес,  оған  ерінбейтін,  төзімді, 

бұл  кәсіпті  сүйетін  адам  ғана  ба­

рады. 

­  Етікшілік  негізі  қызық  кәсіп, 



күніге неше түрлі адамдармен тіл­ 

десесің. Келген адамның қас­қаба­ 

ғын  бағып,  тіл  табысуың  керек. 

Мінез­құлқы ожар болса да, етігін  

жөндеп,  көңілінен  шығуға  тыры­ 

сасың.  Қалай  болғанда  да,  тұты­

нушының  ығына  жығылып,  мәде­ 

ниетті  қызмет  көрсетуге  тыры­

сасың.  Қасымдағы  көмекшіме  де 

осыны  айтып,  құлағына  құйып 

отырамын,  ­  дейді  етікші  Тілеген 

Орынбасарұлы. 

Расында,  біздің  батыс  өңірінде 

оңтүстіктегіге  қарағанда  қызмет 

көрсету  мәдениеті  төмендеу.  Ол 

жақта  сауда  орындарына  немесе 

өзге  де  қызмет  көрсету  орында­

рына  бара  қалсаңыз,  «Әпше,  мы­

наны  көріңіз,  мынау  әйбат,  осы 

сізге  жарасады.  Бағасын  түсіріп 

береміз»,  ­  деп  сатып  алмасыңа 

қоймайды.  Ал  біздегі  кейбір  сау­

да  орындарындағы  бәлденген 

сатушылар  мен  қабағы  қатулы 

етікшілерді  «мазалағаныңа»  іштей 

қысылып,  ләппай  деп  тұрасың... 

Сондықтан  шебердің  мәдениетті 

қызмет  көрсетуге  деген  құлшы­

нысы  өзгелерге  де  жұғысты  бол­ 

са дейсіз. 

Бүгінде  Тілеген  Орынбасарұлы 

Зашаған  кентінен  шағын  цех  ашу­ 

ға  қамдануда.  «Жұмыспен  қамту 

2020  жол  картасы»  мемлекеттік  

бағдарламасы  бойынша  жеңілде­

тілген  несие  алды.  Оған  Ресейден  

қажетті  (тігін  машинасы,  өңдеу 

операцияларын  атқаратын  ком­

байн  жабдығы)  құрал­жабдық,  қа­

жетті  шикізат  сатып  алды.  Шебер 

қасына етік тігу ісіне Дәурен есім­ 

ді  жас  жігітті  алып,  үйретіп  жүр. 

Күйеу  баласы  Сапар  жас  та  бол­

са,  сыралғы  серігі  әрі  таптырмас 

көмекшісі.  Әзірге  олар  өнімдерін 

тұтынушылар  қатарын  өсіруге 

асыға қоймайтын сыңайлы. Басты­

сы, ақшаны көбірек «қарпу» емес, 

өнімнің  сапасына  жұрттың  көзін 

жеткізу  керек.  Сондықтан  Орал­

да  өтетін  тауар  өндірушілердің 

көрмелеріне  қатысып,  тұтынушы­

ларға  көріне  бастады.  Естігендер 

там­тұмдап  келіп,  тапсырыста­ 

рын  беруде.  Бірақ  шебер  «бол­ 

дым,  толдым»  демей,  әлі  де  ше­ 

берлігін шыңдай түсуде. 

­  Етік  жөндеп,  етікшілерді  қа­ 

жетті  шикізатпен  қамтып,  нәпа­

қамды  тауып  жүрмін.  Мына  етік 

тігу  цехын  еріккеннен  ашайын 

деп отырғаным жоқ. Дүниеге кел­

ген соң, өмірден алғанымды беріп  

кетсем  деймін.  Қолымнан  келетін 

істі  өзімнен  кейінгілерге  үйретіп 

кетуді парыз санаймын, ­ деді ағы­

нан жарылған Тілеген шебер. 

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕвА,

«Орал өңірі»

Кеңес:



жүктеу 8,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау