ОНОМАСТИКА МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ
ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР
ЖИНАҒЫ
(Аудандық, қалалық ономастикалық комиссияларға көмекші құрал ретінде пайдалану үшін)
dc dc dc
Өскемен қаласы
2008 ж.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТІЛ ТУРАЛЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
1997 жылғы 11 шілде №151
25-1-бап. Ономастикалық комиссияның құзыреті
Республикалық ономастикалық комиссияны Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Қазақстан Республикасының Президентіне облыстардың, аудандар мен қалалардың атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы қорытындылар енгізу;
Қазақстан Республикасының Үкіметіне өз құзыреті шеңберіндегі табиғи-географиялық, топонимикалық, өнеркәсіптік және өзге де объектілердің атауы және олардың атауларын өзгерту туралы қорытындылар енгізу мақсатында құрады.
Облыстық ономастикалық комиссияларды облыстардың жергілікті атқарушы органдары:
ауылдардың (селолардың), кенттердің, ауылдық (селолық) округтердің атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту;
облыстың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті шеңберіндегі табиғи-географиялық, топонимикалық, өнеркәсіптік және өзге де объектілердің атауы және олардың атауларын өзгерту туралы қорытындылар дайындау мен енгізу мақсатында құрады.
Қалалық ономастикалық комиссияларды:
республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары:
қаладағы аудандардың, алаңдардың, даңғылдардың, бульварлардың, көшелердің, тұйық көшелердің, парктердің, саябақтардың, көпірлердің және қаланың басқа да құрамдас бөліктерінің атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту; республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті шеңберіндегі табиғи-географиялық, топонимикалық, өнеркәсіптік және өзге де объектілердің атауы және олардың атауларын өзгерту туралы қорытындылар дайындау және енгізу мақсатында құрады;
2) облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары қаладағы аудандардың, алаңдардың, даңғылдардың, бульварлардың, көшелердің, тұйық көшелердің, парктердің, саябақтардың, көпірлердің және қаланың басқа да құрамдас бөліктерінің атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы қорытындылар дайындау және енгізу мақсатында құрады.
25-2-бап. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының құзыреті
Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы:
5) облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) ономастикалық комиссияның қызметін қамтамасыз етеді.
25-3-бап. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының құзыреті
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы:
3) облыстардың атқарушы органдарына ауылдардың (селолардың), кенттердің, ауылдық (селолық) округтердің атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді.
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
1993 жылғы 8 желтоқсан № 4200
Ескерту. Мәтінде «бөлім деген сөздің алдындағы «І-ІV» деген цифрлар тиісінше «1-4» деген цифрлармен ауыстырылды-Қазақстан Республикасының 2004.12.20. № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен
1 бөлім. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР.
4-бап. ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС ТУРАЛЫ ЗАҢДАР
Әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін құқықтық реттеуді Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, өзге де заңдар мен қалыпты құжаттар жүзеге асырады.
3 бөлім. ЖЕРГІЛІКТІ ӨКІЛДІ ЖӘНЕ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРДЫҢ ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ ЖӨНІНДЕГІ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ
11-бап. Облыстық өкілді және атқарушы органдардың өкілеттіктері
Облыстық өкілді және атқарушы органдар бірлескен шешімімен:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне облыстың шекарасын өзгерту туралы, облыс аудандарын құру және тарату, олардың әкімшілік орталықтарын белгілеу және көшіру туралы, елді мекендерді республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың категоряларына жатқызу туралы ұсыныстар енгізеді;
2) Үкіметімен келісім бойынша облыс аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардың шекараларын белгілейді және өзгертеді; сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, кенттерді, ауылдарды (селоларды), ауылдық (селолық) округтерді бір ауданнан екінші ауданға немесе қалалық өкімет органдарының әкімшілік бағынысына беру туралы мәселелерді шешеді;
3) аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, қала емес елді мекендерді осы Заңмен белгіленген басқа елді мекендердің категорияларына жатқызады; кенттерді, ауылдарды (селоларды), ауылдық (селолық) округтерді құрады, таратады және қайта құрады, сондай-ақ олардың бағыныстылығын өзгертеді;
4) тиісті аумақтағы халықтың пікірін есепке ала отырып және аудандардың жергілікті өкілді органдарының ұсыныстары бойынша кенттердің, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердің атауларын және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту мәселелерін шешеді. Облыстық атқарушы органдар аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстардың шекараларындағы қазіргі және жаңадан құрылатын әкімшілік-аумақтық бірліктер мен жекелеген елді мекендерді есепке алады және тіркейді, сондай-ақ оларды есепті деректерден шығарады.
Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді-ҚР Президентінің 1995.12.19. № 2691 Жарлығымен, өзгеріс енгізілді-Қазақстан Республикасының 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
12-бап. Аудандық өкілді және атқарушы органдардың өкілеттіктері
Аудандық өкілді және атқарушы органдар бірлескен шешімімен:
облыстық өкілді және атқарушы органдарына елді мекендерді аудандық маңызы бар қалаларды категорияларға жатқызу туралы ұсыныстар енгізеді;
облыстық өкілді және атқарушы органдарға елді мекендер, поселкелер немесе ауылдар (селолар) категорияларына жатқызу туралы; поселкелерді немесе ауылдарды (селоларды) құру немесе қайта құру, олардың бағыныстылығын өзгерту, оларды есепке алу және тіркеу туралы ұсыныстар енгізеді;
поселкелер мен ауылдардың (селолардың) басқару органдарының пікірін ескере отырып, осы елді мекендердің шекараларын белгілейді және өзгертеді;
облыстық өкілді және атқарушы органдарға аудандардың, ауылдық (селолық) округтердің шекараларын өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
5)тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, облыстық өкілді және атқарушы органдарға, поселкелерге, ауылдық (селолық) округтерге, ауылдарға (селоларға) ат қою және олардың аттарын өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
Аудандық атқарушы органдар аудан шекараларындағы қазіргі және жаңадан құрылатын елді мекендерді есепке алуды және тіркеуді жүзеге асырады, сондай-ақ оларды есепті деректерден шығарады.
Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді-Қазақстан Республикасының 2004.12.20.№ 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
13-бап. Қалалық өкілді және атқарушы органдардың өкілеттіктері
Қалалық өкілді және атқарушы органдар бірлескен шешімімен:
облыстық өкілді және атқарушы органдарына қалаларды республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар категорияларға жатқызу туралы ұсыныстар енгізеді;
облыстық өкілді және атқарушы органдарына, ал республикалық маңызы бар қалалардың өкілді және атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетіне қалалар шекараларын өзгерту жөнінде, соның ішінде олардың құрамына жеке елді мекендерді енгізу туралы ұсыныстар енгізеді;
қаладағы аудандарды құрады және таратады, олардың шекараларын белгілейді және өзгертеді;
тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, қаладағы аудандарға, алаңдарға, даңғылдарға, бульварларға, көшелерге, ормандарға, парктерге, скверлерге, көпірлерге және қаланың басқа да құрамдас бөліктеріне ат қою және олардың атын өзгерту туралы мәселелерді шешеді.
қаладағы аудандардың, алаңдардың, даңғылдардың, бульварлардың, көшелердің, тұйық көшелердің, саябақтардың, скверлердің, көпірлердің және қаланың басқа да құрамды бөліктерінің атауы және оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын өзгерту жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді-ҚР Президентінің 1995.12.19. № 2691 Жарлығымен, Қазақстан Республикасының 2004.12.20. № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
14-бап. Поселке, село әкімінің өкілеттіктері
Поселке, село әкімі:
аудандық өкілді және атқарушы органдарға осы елді мекендерді поселкелер, ауылдар немесе селолар категорияларына жатқызу туралы, оларды тарату және қайта құру туралы ұсыныстар енгізеді;
тиісті елді мекен халқының пікірін ескере отырып, аудандық өкілді және атқарушы органдарға поселкелерге, ауылдық (селолық) округтерге, ауылдарға (селоларға) ат қою және олардың атын өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
аудандық өкілді және атқарушы органдарға поселкелердің, ауылдық (селолық) округтердің, ауылдардың (селолардың) шекараларын белгілеу және өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
4)тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, осы елді мекендердің құрамдас
бөліктеріне ат қою және олардың атын өзгерту мәселелерін шешеді.
Ескерту. 14-бапта сөздер алмастырылды-ҚР Президентінің 1995.12.19. № 2691 Жарлығымен.
ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС МӘСЕЛЕЛЕРІН ҚАРАУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР МЕН МАТЕРИАЛДАР
15-бап. Аймақтық деңгейде әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу үшін қажетті құжаттар мен материалдардың тізбегі
Аймақтық деңгейде әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу үшін:
1)Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі немесе облыстық өкілді және атқарушы органдардың мәселені өз мәнісінде шешетін (бірлескен) ұсынымы;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің енгізілетін ұсыныс жөніндегі тиісті өтініші және оның тиімді екендігінің негіздемесі, өзгертілетін аумақтың көлемі, онда тұратын халықтың саны туралы мәліметтер, негізгі кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың тізбесі, олардың өндірістік көрсеткіштері, бұлардың әрқайсысында істейтін жұмысшылардың саны, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құрылымы мен штаттары туралы, қайта ұйымдастыруға байланысты олардың өзгеруі туралы мәселені өз мәнісінде шешу үшін қажетті барлық басқа мәліметтері бар ұсынымы;
3) жергілікті (облыстық, аудандық, қалалық) өкілді және атқарушы органдардың, поселкелер, селолар әкімдерінің қаралатын мәселе жөніндегі ұсыныстары;
4) әкімшілік-аумақтық бірліктердің жаңа шекаралары, мәселені өз мәнісінде шешу үшін маңызы бар өзге де жағырапиялық деректер көрсетілген схемалық карта қажет. Картаға Үкіметінің өкілі, сондай-ақ аумақтық қабылдайтын және беретін өкілді және атқарушы органдардың басшылары қол қояды, қойылған қолдар мөрмен куәландырылады;
5) жүргізілетін қайта құрулар мен аттарын өзгерту жөніндегі ғылыми сараптаманың актісі және экономикалық есеп-қисап қажет.
Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді-ҚР Президентінің 1995.12.19. № 2691 Жарлығымен.
16-бап. Аумақтар шегінде әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу үшін қажетті құжаттар мен материалдардың тізбесі
1) мәселені өз мәнісінде шешетін өкілді және атқарушы органның бірлескен қаулысы;
2) шешілетін мәселенің мәнісіне қатысты азаматтар
конференцияларының хаттамалары;
3) енгізілетін ұсыныс тиімділігінің негіздемесі, өзгертілетін аумақ, оның халқының саны туралы мәліметтер, елді мекендердің, өнеркәсіптік және басқа да объектілердің тізбесі, сондай-ақ мәселені өз мәнісінде шешу үшін қажетті барлық басқа мәліметтері бар түсіндірме жазбаша хат;
4) елді мекендердің жаңа шекаралары және мәселені өз мәнісінде шешу үшін маңызы бар өзге де жағрапиялық деректері көрсетілген схемалық карта. Картаға өзгертілетін аумақтың өкілі және атқарушы органдардың басшылары қол қояды;
5) жүргізілетін қайта құрулар мен аттарын өзгерту жөніндегі ғылыми сараптаманың актісі және экономикалық есеп-қисап.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2003 жылғы « 21 » шілде № 134
қаулысына қосымша
Облыстық ономастика комиссиясы жөніндегі
Е Р Е Ж Е
Жалпы ережелер
1.Облыстық ономастика комиссиясы географиялық объектілердің атауына бірыңғай көзқарасты қалыптастыру, топонимикалық атауларды қолдану мен олардың есебін жүргізуді реттеу, Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлігі ретінде тарихи атауларды қалпына келтіру, сақтау және оларды қайта атау мақсатында ономастика саласындағы мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін консультациялық кеңесу органы болып табылады.
2.Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс Тұжырымдамасын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Комиссия облыс әкімдігінің қаулысымен құрылады.
4. Комиссияның шешімі ұсынымдық сипатта болады.
5. Топономикалық объектілердің жаңадан берілген, қайта
аталған және нақтыланған атаулары қолданыстағы заннамалар негізінде іске асырылады.
2. Негізгі міндеттері
6. Комиссияның негізгі міндеттері:
географиялық объектілердің атауларын жинау, ұйымдастыру және зерделеу;
бұрын жоғалтылған тарихи топонимдерді қалпына келтіру жөнінде ұсыныстар енгізу; жаңа географиялық объектілер үшін атаулар әзірлеуге қатысу;
ономастикаға географиялық және тарихи – мәдени пәндеме ретінде қолдау көрсету болып табылады.
3. Негізгі қызметтері мен өкілеттігі
7. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерді шешу мақсатында:
1) орфографияның, ғылыми транскрипцияның және қалыптасқан мәдени-тарихи және әлеуметтік факторлардың қолданылып жүрген нормаларының негізінде:
қалалардың, аудандардың, басқа да әкімшілік-аумақтық бірліктердің; өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, темір жол және автомобиль жолдары стансаларының, пошта бөлімшелерінің, жобалау, жоғарғы, жалпы білім беретін, арнаулы орта және кәсіптік оқу орындарының, көлік, балық аулау кемелерінің, айлақтардың, су құрылыстарының, әуежайлардың және басқа да объектілердің атауларының аталуы, қайта аталуы, нақтылануы және транскрипциясы туралы қорытындылар ұсынады.
2) ономастика мен топонимика жөнінде анықтамалықтар мен сөздіктер шығаруды үйлестіреді;
3) ел халқының Қазақстан Республикасы тарихи- мәдени мұрасының құрамдас бөлігі ретіндегі байырғы халықтық және
тарихи қалыптасқан атауларға құрметпен қарауын қалыптастыруға белсенді ықпал етеді;
4) жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қалалық аудандардың, алаңдардың, дањғылдардың, бульварлардың, көшелердің, саябақтардың, тынымбақтардың және с.с. атаулары және оларды қайта атау, транскрипциясына нақтылаулар енгізу туралы шешім қабылдайтын жергілікті ономастикалық комиссиясының қызметін үйлестіреді;
5) өз отырыстарында қалалық, аудандық ономастика комиссияларының хабарламалары мен ақпараттарын, есептерін тыңдайды;
6) ұйымдардың, жекелеген азаматтардың тарихи топонимдерді қалпына келтіру немесе ауыстыру мєселелері жөніндегі хаттарын қарайды және тиісті ұсынымдар береді;
7) облыстағы мемлекеттік тіл саясатын іске асырудың ономастика саласындағы жағдайын талдайды.
4. Жұмысын ұйымдастыру
8. Комиссияның отырысы комиссияның отырысында қабылданатын және оның төрағасы бекітетін жұмыс жоспарына сәйкес жүйелі түрде өткізіледі. Комиссия мүшелерінің кемінде жартысы қатысса комиссияның отырысы күші бар деп саналады.
9. Комиссияның шешімі оның отырысына қатысып отырған комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен ашық дауыс берумен қабылданады.
10. Облыстық ономастика комиссиясының жұмыс органы болып Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы табылады.
11. Қажет болған жағдайда комиссияның құзыретіне кіретін жекелеген мәселелерді қарау үшін жұмыс топтары құрылады.
12. Комиссияның хатшысы отырыстардың жұмыс жоспарын, күн тәртібін жасайды, комиссия мүшелерінің өзара іс-қимылын ұйымдастырады және іс қағаздарын жүргізуге жауап береді.
Аудандық (қалалық) ономастикалық комиссиясының
ҚОРЫТЫНДЫСЫ
___________ауылы (қала) №___ _____________ 200__ ж.
__________________________________ ауданы (қаласы)
__________________ мектебіне (мәдениет үйіне, кітапханасына)
_____________________________________ есімін беру туралы
________________________ мектебі (мәдениет үйі, кітапханасы) ұжымының өтінішін қарай отыра, аудандық (қалалық) ономастикалық комиссия бірауыздан (немесе – басым көпшілік дауыспен) ҚОРЫТЫНДЫ шығарады:
____________ мектебіне (мәдениет үйіне, кітапханасына) ______________________________________ есімін беру туралы __________________________ ұжымының өтініші қолдансын.
_____________мектебіне (мәдениет үйіне, кітапханасына) ______________________ есімін беру туралы құжаттар аудан әкімдігінің қарауына ұсынылсын
Аудандық (қалалық) ономастика
комиссиясының төрағасы ________ ________________
(қолы) (аты-жөні)
Аудандық (қалалық) ономастика
комиссиясының хатшысы ________ __________________
(қолы) (аты-жөні)
ауданы (қаласы)
____________________ мектебіне (мәдениет үйіне, кітапханаға (сына)
_______________________________________ есімін беру туралы
_______________________________ мектебі (мәдениет үйі, кітапхана) ұжымының өтінішін (терін), аудандық (қалалық) ономастика комиссиясының шешімін ескере отырып, аудан (қала) әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
____________мектебіне (мәдениет үйіне, кітапханаға (сына) ______________________________________________ есімін беру туралы аудандық (қалалық) ономастика комиссиясының ұсынысы қолдансын.
____________ мектебіне (мәдениет үйіне, кітапханаға(сына) ____________________ есімін беру туралы құжаттар Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылсын.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясынан __________________ мектебіне (мәдениет үйіне, кітапханаға(сына) _____________________ есімін беру туралы ұсынысты облыс әкімдігінің қарауына енгізу сұралсын.
Аудан (қала) әкімі _________ _________________
(қолы) (аты-жөні)
Облыстық ономастика
комиссиясының төрағасы
________________
Түсініктеме хат
Аудандық ономастика комиссиясының қорытындысын, Ақшоқы ауылдық округі әкімінің қолдау хатын және Ақшоқы орта мектебі ұжымы жиналысының хаттамасын негізге ала отырып, Үржар ауданындағы Ақшоқы орта мектебіне ауданымыздан шыққан алғашқы филология ғылымының докторы, профессор (марқұм) Тұрағұл Қоңырұлы Қоңырдың есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында Ақшоқы орта мектебіне оның есімін беруді ұсынамын.
Тұрағұл Қоңырұлы Қоңыр (20 мамыр 1935 жылы туған – 1995 жылы қайтыс болған) Семей облысы Мақаншы ауданы Қарғалы ауылында дүниеге келген.
1954 жылы Мақаншы қазақ орта мектебін бітіргеннен кейін мұғалім, клуб меңгерушісі болып 2 (екі) жыл еңбек етті.
1956 жылы ҚАЗПИ-дің тарих-филология факультетіне түсіп 1961 жылы ойдағыдай бітіріп шықты. 1961-1963 жылдары Т.Қоңыр Мақаншы ауданының Ақшоқы ауылында мұғалім және мектептің оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.
1963 жылы Тұрағұл Қоңырұлы ҚАЗПИ-дің қазақ тілі кафедрасына аспирант болып қабылданды. Аспирантураны бітіргеннен соң, Алматы шетел тілдері педагогикалық институтына қызметке жіберілді, 30 (отыз) жыл бойы осы оқу орнында қызмет істеп, 1988 жылдан бастап кафедра меңгерушісі болып, қызметін жалғастырды.
Т. Қоңырұлы 1967 жылы “С.Сейфуллин поэзиясындағы сөз бейнелеу тәсілдер” деген тақырыпта кандидаттық диссертация, ал 1987 жылы “Қазіргі қазақ тілі жүйесіндегі компаративтік конструкциялары” деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Соңғы тақырып бойынша “Қазақ теңеулері” /1978/, “Қазақ тіліндегі теңеулердің құрылымдық-семантикалық табиғаты” /1985/ деген екі монографиясы және “Қазақ тілінің тұрақты сөздігі” /1990/ деген кітабы жарық көрді. Сондай-ақ, оның “Қазақ тілінің тұрақты компаративтері” деген монографиясы мен “Жалпы тіл білімінің өзекті проблемалары” деген оқулығы баспадан шықты. Ал, толып жатқан ғылыми мақалалары өз алдында бір төбе.
Тұрағұл Қоңырұлы тек студенттерге ғана дәріс беріп қана қоймай, ғылым кандидаттарын да даярлаумен шұғылданған ғалым. Оның ғылыми жетекшелігімен 5 (бес) адам кандидаттық диссретация қорғады.
Аса көрнекті қоғам қайраткері, халқымыздың біртуар азаматы, ұлағатты ұстаз-профессор Тұрағұл Қоңырұлы Қоңырдың есімін Ақшоқы орта мектебіне беру, халық ағарту ісіне шексіз үлес қосқан тұлғаға көрсетілген зор құрмет деп санаймын.
Аудан (қала) әкімі _______ _____________________
(қолы) (аты-жөні)
___________________ аудандық ономастика комиссиясының ҚОРЫТЫНДЫСЫ
________________ ауылы № _____ ________________ 200__ ж.
_____________ ауданы
_________________________ ауылдық (селолық) округі
__________________________ ауылының (селосының) атауын
____________________________ ауылы деп қайта атау туралы
_______________________________________________ ауылы (селосы) тұрғындарының өтінішін ескере отырып, аудандық ономастикалық комиссия бірауыздан (немесе – басым көпшілік дауыспен) ҚОРЫТЫНДЫ шығарады:
___________________________ ауылының (селосының) атауын _____________________ ауылы деп өзгерту туралы өтініші қолдансын.
____________________________________ ауылының (селосының) атауын ___________________________ ауылы деп өзгерту туралы құжаттар аудан әкімі мен аудандық мәслихаттың қарауына ұсынылсын.
Аудандық ономастика
комиссиясының төрағасы __________ ____________________
(қолы) (аты-жөні)
Аудандық ономастика
комиссиясының хатшысы __________ ____________________
(қолы) (аты-жөні)
Облыстық ономастика
комиссиясының төрағасы
______________
ҚОЛДАУ ХАТ
Аудандық ономастика комиссиясының қорытындысын;
Ақшоқы ауылдық округінің әкімі Б.Т.Жирентаевтың жазбаша қолдау хаты мен қорытындысын
Ақшоқы орта мектебі ұжымының ұсынысы мен Ақшоқы орта мектебі жанындағы ақсақалдар алқасының жалпы жиналысының қорытындысын негізге ала отырып.
Үржар ауданынан алғашқылардың бірі болып филология ғылымының докторы атағын алған, ғылым жолында еңбек еткен педагог, бүкіл саналы өмірін халқымыздың өркендеуіне арнаған ғалым, профессор Тұрағұл Қоңырұлының есімін мәңгі есте сақтау мақсатында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен орны Ақшоқы орта мектебіне Тұрағұл Қоңырұлының есімін беруді қолдаймын.
Аудан (қала) әкімі ____________ ____________________
(қолы) (аты-жөні)
Аудандық мәслихат пен аудан әкімінің
БІРЛЕСКЕН ШЕШІМІ
___________cелосы (кенті) № _____ 200____ ж.
_______________________ ауданы
________________________ауылдық (селолық) округін
________________________ауылдық округі деп қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңың басшылыққа ала отырып, аудандық (қалалық) мәслихат пен аудан (қала) әкімі ШЕШТІ:
___________ауданы__________ауылдық (селолық) округін ___________________ауылдық округі деп қайта аталсын.
Облыстық мәслихат және облыстық әкімдіктен осы шешімді бекітуді сұрайды
Аудандық мәслихат Аудан әкімі
хатшысы
_______ ____________ _______ ___________
(қолы) (аты-жөні) (қолы) (аты-жөні)
(Мөр) (Мөр)
Аудандық ономастика комиссиясының назарына
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес аудандағы алаңдарға, даңғылдарға, бульварларға, көшелерге, орамдарға, парктерге, скверлерге, көпірлерге ат қою және олардың атын өзгерту жөнінде
қажетті құжаттардың
тізбесі:
Ауыл әкімінің атына кәсіпорын, мекеме, ұйым ұжымының қолдаухаты
Ұжым жиналысының хаттамасы
Есімі берілетін тұлғанын толық өмірбаяны
Аудандық ономастика комиссиясының қорытындысы
Поселке, ауыл әкімінің шешімі
Достарыңызбен бөлісу: |