Нормативтік сілтемелер



жүктеу 139,84 Kb.
бет4/27
Дата30.05.2023
өлшемі139,84 Kb.
#42849
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Аширбаева Айсулу Амангельдиевна

Зерттеудің құрылымы. кіріспеден, екі тарау, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


1 МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

    1. Мақал-мәтелдердің тарихи сипаты

ММ-дердің қашан дүниеге келіп, кімдер жазып кеткендігі жөнінде мәлімет жоқ. Себебі мақал-мәтелдер халық арасында ауызша тарап, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, жұрттың сынынан өтіп, өзгеріске түсіп, екшеліп, дамып, ауыз әдебиетінің мол қорына, халық қазынасына айналып отыр. Осыдан барып, ММ-дерді «халық даналығы», «аталар сөзі» деп атады. Тілімізде қолданылып жүрген ММ-дер бір кездерде шешен, дана, өмірлік тәжірибесі мол адамдардың дуалы аузынан шығып, қолданысқа еніп, халық жадында сақталып келді. Әуелде жеке адамдар ойлап шығарғанмен, келе-келе олардың авторлары ұмыт болған. Дегенмен ата-бабаларымыз ауызша жеткізумен қатар, артына мол мұра – жазба ескерткіштер қалдырғаны белгілі. Бұл – біздің баға жетпес, асыл қазынамыз, көне мен жаңаның ортасындағы алтын көпір. Алғаш ММ-дердің мол жинақталып, жазба тілде берілген бірден-бір жазба ескерткіш – М. Қашқаридің «Диуани луғат-ит түрк» (ДЛТ) атты еңбегі. Ғалым түркі халықтарының мақал-мәтелдерін жинақтап, артына мол мұра етіп қалдырды. А. Йүгінекидің «Һибат-ул-хақайиқ» (ҺХ), Ж. Баласағұнидің «Құтадғу біліг» (ҚБ) ескерткіштерінің тілі де ММ-дерге, нақыл сөздерге толы.
Қазақ халқы мақал-мәтелдерін алғаш қағазға түсірген Ш. Уәлиханов болды.
Халық даналығының қайнар көзі, ауыз әдебиетінің көне жанрларының бірі – ММ-дер ел аузынан жиналып, жарық көре бастағаннан бері де аз уақыт өткен жоқ. Қазақ ММ-дерін жинауға қазақ ғалымдарымен қатар өзге ұлт өкілдері де атсалысты.
«Ағылшын ғалымы, паремиолог Гарней Чемпионның “Әлем халықтары мақал-мәтелдері” атты еңбегіндегі түрік мақалдарына арналған тарауына жазған алғысөзде түрік халқының 4300 мақал-мәтелін жинап шығарғанын, оны 1897 жылы Е.Ж. Девис ағылшын тіліне аударып “Осман түріктерінің мақалдары мен даналық сөздері” атпен кітап етіп бастырғанын айта келе: "Кейінгі дәуірде туындаған бірен-сараны болмаса, ол мақал-мәтелдердің дені ежелден, түріктер орта ғасырларда батысқа қоныс аудармай тұрып Орталық Азияда көшпелі өмір салтын кешіп жүрген кезде пайда болған. Мұны мақалдардың мазмұнын сөзбе-сөз, дәлме-дәл аударғанда көрдік. Көптеген мақалдарға ауыл тіршілігі мен үй жануарлары жиі образ болған. Әсіресе, түрік мақалдарының басты метафоралық құралы – мал”, – дейді [7]. Осы еңбекте берілген ММ-дер қазіргі тілмен толықтай сәйкес келеді: “Дос басыңа, дұшпан аяғыңа қарайды”, “Иілген басты қылыш кеспес”, “Басқа пәле тілден”, “Көрінген таудың алыстығы жоқ” т.б. [8].
В.В. Катаринский 1899 жылы жарияланған «Сборник киргизских пословиц» деген кітабына бір жарым мың қазақ ММ-дерін кіргізген.
Қазақ ММ-дерінің зерттелу тарихы ХХ ғасырдың екінші жартысынан басталады. Бұл кезеңдерде қазақ ММ-дері жиналып, қағаз бетіне түсіріліп, жеке басылым ретінде шыға бастайды. Ауыз әдебиетінің үлгілерін жинаушы Ы. Алтынсарин, В.В. Катаринский, П.М. Мелиоранский, Н.Н. Пантусов, А.Е. Алекторов, А. Байтұрсынұлы, Ө. Тұрманжанов, Ж. Аймауытұлы, Х. Досмұхамедұлы т.б. есімдерін атауға болады.
Ұзақ жылдар бойы ММ жинаумен айналысқан қазақтың белгілі ақыны, фольклорист Ө. Тұрманжанұлының сіңірген еңбегі зор. Ол құрастырған еңбектері жөнінде былай дейді:
«... Халық ауыз әдебиетін жинауымның бір үлкен нәтижесі 40 000-50 000 қазақтың мақал-мәтелдерін жинадым. Олардың бірінші кітабы “Қазақтың мақал-мәтелдері” деген атпен 1935 жылы басылып шықты. Екінші кітабы “Таңдамалы мақал-мәтелдер” деген атпен 1957 жылы шықты. Мұнан гөрі толығырақ таңдамалы жинақ болып үшінші кітабы “Қазақтың мақалдары мен мәтелдері” деген атпен 1959 жылы басылып шықты. Балаларға арналған “Асыл сөздер” деген шағын мақал-мәтелдер жинағы 1963 жылы басылып шықты» (Ақын архивінен) [9].
Көпшілік болып жұмыла кіріскен қажырлы еңбектің арқасында ММ-дер жиналып, жүйеленіп, бірнеше рет баспадан кітап етіп шығарылды.
Қазақ ММ-дердің қыр-сырларын, өзіндік ерекшеліктерін ауыз әдебиеті жанры ретінде М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, Ғ. Ғабдуллин, Ғ. Мүсірепов, С. Мұқанов, З. Қабдолов, М. Базарбаев, С. Қасқабасов, С. Нұрышов, Б. Ақмұқанова, т.б. әдебиетшілер зерттеу жүргізді.
Тіл мамандары Ә. Қайдар, Ө. Айтбайұлы, Р. Сәрсенбаев, З. Ерназарова, Қ. Бейсенов, Ғ. Тұрабаева, С. Сәтенова, С. Қасымова, М. Мирза т.б. сынды ғалымдардың зерттеулерінде ММ-дердің тілдік ерекшеліктері, атқаратын қызметі, мағыналық даму заңдылықтары сөз болады.
Қазақ паремиологиясының антрополингвистикалық бағытының қалыптасуы жайлы сөз болса, алдымен академик Ә. Қайдардың есімі аталады [10]. Себебі ғалым осы саланың алғаш рет теориялық тұжырымдамасын жасады.
Ә. Қайдар мақал-мәтелдердің зерттелуіне байланысты паремиолог-ғалым Г.Л. Пермяков жайлы: «Солардың ішінде мақал-мәтелдерді мән-мағынасына және тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты топтастыра зерттеу ерекше орын алады. Бұл салада Шығыс халықтарының мақал-мәтелдерін жан-жақты зерттеп, олардың жүйелі түрдегі ғылыми классификациясын мақал-мәтелдер жасаушы белгілі кеңес ғалымы Г.Л. Пермяковтың есімін ерекше атауға болады. Ал, түркі халықтар тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелу жайына келсек, әлі күнге дейін ауыз толтырып айтарлықтай жұмыс істелмей келеді», – дейді [1].
Шындығында, Г.Л. Пермяковтың паремиология саласына сіңірген еңбегі зор. 1968 жылы ғалымның «Избранные пословицы и поговорки народов Востока» атты жинағы жарық көрді. Жинақтың кіріспесінде Г.Л. Пермяков фольклорист ғалымдарға бұрыннан белгілі болғандай әртүрлі халықтардың даналық сөздерінің негізгі түрлерінің сәйкес келетіндігін түсіндіре отырып былай дейді: «Оно, как оказалось, заключается в их логическом содержании, в характере передаваемых ими отношений между вещами реальной жизни. Различие же состоит в образном строе изречений, в местных реалиях и понятиях, которые они отражают» [14]. Мұнан кейін де жинақ өңделіп, толықтырылып бірнеше рет жарық көрді. Г.Л. Пермяков кеңес өкіметі мен шетелдік ғалымдардың қарым-қатынасын ұйымдастырып дамытты. Олардың зерттеулерін, еңбектерін жинақ етіп шығаруда құрастырушы әрі редакторы болды [15].
Қазақ ММ-дері енді танымдық, прагматикалық, лингво-мәдениеттанымдық, этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеле бастады. Осы бағытта кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғалды. С. Қанапина, Д. Бегалықызы, Р. Атаханова, М. Мирза, Г. Қалиева, Ж. Исаева, Р. Жүнісова, С. Қасымова ММ-дерді тіл білімінің жеке саласы паремиологияның нақты зерттеу нысаны етіп алады. Бұл саланың басты мақсаты – ММ-дерді халықтың дүниетанымымен, мәдениетімен, тұрмыс-тіршілігімен сабақтастыра қарастыру.
ММ-дердің тілде пайда болу факторлары мен дами келе адамға, оның сын-сипатына, мінез-құлқына, іс-әрекетіне т.б. қасиеттеріне ауысу мотивтерін айқындау, этнос болмысын танып білуге қосар үлесін айқындау қазіргі тілімізде қолданылып жүрген ММ-дер тұрғысынан біраз зерттелді.
С.К. Қасымова «Сан компонентті мақал-мәтелдердің ұлттық мәдени негізі»[11] атты кандидаттық диссертациясында сан компонентті мақал-мәтелдердің құрылымдық-мағыналық ерекшеліктері, мақал-мәтелдердегі ұлттық ментализм, киелі сандар мен дәстүрлі сандардың этномәдени жүйенің сандық коды ретінде жұмсалуы, “Адам” – “Табиғат” – “Қоғам” – контексіндегі паремиологиялық-сандық континиум сияқты ірі тақырыптар төңірегінде зерделеу жұмыстары жүрген.
М. Мирзаның «Қазақ-ұйғыр мақал-мәтелдерінің паремиологиялық жүйесі» [12] атты кандидаттық жұмысында түркі тілдес екі туыстас тілдегі ММ-дердің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін және этномәдени табиғатын айқындай отырып, олардың қалыптасуына негіз болған экстралингвистикалық факторлар мен әр алуан уәждерді анықтаған. Екі тілдегі ММ-дерді этнолингвистикалық тұрғыдан қарастыру байырғы замандарда пайда болған ММ-дердің түп-төркінінің бір екендігін, дами келе әртүрлі тілдік өзгерістерге, мағыналық жағынан өзгерістерге түсуі, оның астарындағы ұлттық болмысты, ұлттық тарихи санасын, мәдениетін таныту, әрине, қызықты да, өзекті мәселе болып табылады. Олай дейтін себебіміз, ММ-дерді тарихи тұрғыдан зерттеудің маңызы зор. ММ-дердің халық басынан өткізген оқиғалардың тарих қойнауында ұмытылып, елеусіз қалмауына тигізер өзіндік рөлі бар. Әртүрлі кезеңдердегі дүбірлі оқиғалар сол ұлттың тілінде, тұрақты тіркестерінде, ММ-дерінде сақталып, келесі ұрпаққа жетіп отырады.
А.Б. Донбаеваның кандидаттық жұмысы «Араб және қазақ мақал-мәтелдерінің лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне» [13] арналған. Ізденуші алғаш рет араб және қазақ ММ-дерін салғастырмалы әдіс арқылы зерттей отырып, этнолингвистикалық, құрылымды-грамматикалық, лексика- семантикалық ерекшеліктерін ашады.
Соңғы кездерде жазба ескерткіштер тіліндегі фразеологизмдерге арналған бірнеше ғылыми еңбектер жарық көрді.
А. Нұрмахановтың «Түркі фразеологиясы» [16] атты еңбегінде ескі түркі жазба ескерткіштерінен алынған ММ-дер қазіргі түркі тілдерімен салыстырыла зерттеліп, олардың жалпылықтарымен қатар, кейбір семантика-грамматикалық даму ерекшеліктері сөз болады. ХІ-ХІІ ғ. жазба ескерткіштер тіліндегі ММ-дерді қазіргі өзбек, қырғыз, әзербайжан, түрікмен, татар, башқұрт, түрік, тува, алтай, хакас, телеуіт сынды түркі тілдерімен салыстыра зерттеу бұл халықтардың тектестігін, тамырластығын айқын көрсетіп береді. Бір кездерде ру, тайпа болып өмір сүрген халықтар жеке ұлт болып қалыптасты, дамып, өсіп өркендеді, алайда бұл тілдер лексика-грамматикалық қалпын, ММ-дердің мазмұнын сақтаған.
М. Сабырдың «Орта түркі тілі лексикасы мен қазақ тілі лексикасының сабақтастығы (ХІV ғасыр жазба ескерткіштері негізінде)» [17] зерттеу еңбегінің бір тарауы тұрақты тіркестер мен ММ-дерге арналады.
Келесі бір зерттеу – орта ғасыр жазба ескерткіштер тіліндегі фразеологизмдер мен ММ-дердің этномәдени сипатына арналған Ж.А. Исинаның кандидаттық диссертациясы[18]. Зерттеу жұмысының нысаны ретінде Құтыптың «Хұсрау мен Шырын», С. Сарайидің «Гүлистан бит-түрки», Хорезмидің «Мұхаббат-наме», Махмуд бин-Алидің «Нахдж әл-Фарадис» шығармалары алынып, сол заман тұрғысынан қолданылған фразеологиялық бірліктер мен мақал-мәтелдердің, афоризмдердің мол қорын анықтады. Бұл тілдік қор лингвомәдени, этнолингвистикалық тұрғыдан зерттелініп, мәдени, рухани дамудың көрінісі ретіндегі фразеологизмдер мен мақал-мәтелдердегі ұлттық мотивтер мен таным-түсініктерді сипаттайды.
Соңғы ғылыми зерттеу жұмыстарының бірі – Ж. Алашбаеваның «Орта ғасыр түркі жазба ескерткіштері тіліндегі паремиологиялық жүйе (ХІ-ХІІ ғғ)» атты кандидаттық диссертациясы [48]. Қараханидтер дәуіріне жататын А. Йүгнекидің “Һибат-ул хақайиқ”, Ж. Баласағұнидің “Құтадғу біліг”, М. Қашқаридің “Диуани лұғат-ит түрк”, А. Йасауидің “Диуани хикмет” ескерткіштерінің тіліндегі ММ-дерді мазмұнына қарай жүйелеп, мағыналық-идеялық ерекшеліктерін саралап, қазіргі қазақ тілінің, өзге де бірқатар түркі тілдерінің мақал-мәтелдерімен салыстыра отырып, олардың өзіндік ұқсастықтары мен ерекшеліктері, этнолингвистикалық мазмұны анықталған.
Еңбекте түркі паремиологиясының зерттелуіне жан-жақты тоқталған.
Мақал-мәтелдердің тарихи, этно-мәдени тұрғыдан ғылыми-теориялық зерттелуі ғалымдардың тіл тарихына, этнолингвистика, паремиология, лингвомәдениеттану салаларын жетілдіруге ғылыми тұрғыдан қосқан үлестері болып табылады.
Қазақ ММ-дері – ғасырлар қойнауынан келе жатқан халық өмірінің айнасы, халықтың мәдени байлығы. Байырғы замандардан бастау алатын атадан балаға мұра болып келе жатқан көркем сөз үлгілерінің хатқа түспей, халықтың жадында сақталып, ауызша жеткендігі белгілі. Көненің көзіндей көне замандардан ақпарат беретін кейбір дүниенің тілімізде сақталуы, шындығында, таңдандырмай қоймайды. Мысалы, «Көкте күн жалғыз, Жерде ғұн жалғыз» дейтін мақал біздің заманымызға дейін бүкіл Еуропалық жазықтықты аспандағы күн сияқты жалғыз билеген Ғұн империясы жайлы айтып тұр.
«Ертеректе олардың, әсіресе, қазақ тайпаларының – үйсін, қаңлы, қыпшақ, арғын, найман, керей, таңғұт, алшын, қоңырат т.б. тайпалары ғұн әулетіне қатынасы жоқ деп келген зерттеушілер кейінгі кездері, көне қытай жазба ескерткіштерінің кең түрде айқындалып, қазақ, ұйғыр, орыс тілдеріне аударыла бастауына байланысты, олардың көпшілігі ғұн империясымен тығыз байланысты, солардың құзырында өсіп-өніп, өз алдына мемлекет болып дамыған тайпалар екендігін мойындай бастады. Мәселен, «Ғұн тарихының жылнамасы» атты басылымда Ғұнның құзырына үйсін, қаңлы тайпаларының кіші хандықтары қарайтыны сөз болады. Демек, сол бірлестік құзырында жасайтын ұйғыр, қазақ тайпаларының өзара бір-бірімен жете араласып, ортақ дүниелерді тілдеріне тиек ететін жағдай болғандығын аңғартады [12]. Ұйғыр халқында осыған ұқсас екі мақал сақталған: «Көктә күн ялғуз, йәрдә – һұн», «Һұн йоқимиғунчә жаһан тинжимас (Ғұн жоғалмай, жаһан тынышталмас).
Ең ежелгі дәуірлердегі ғұламалар да философиялық ойларын қысқа да нұсқа сөз үлгісінде беруге тырысты.
Орхон-Енисей жазба ескерткіштері тілінде білге сөзі (Қағаны алп ерміс, айғучысы білге ерміс Тон, 29 (Қағаны – алып, ақылгері білгіш) Айд.ІІ,109) кісі есімдерімен қосарланып айтылып, білімді, бiлгiр, дана, данышпан мағынасында адамның сындық-сапалық қасиетін білдірген. Тониқұқ ескерткішінің “Білге Тониқұқ бен өзүм Табғаш іліңе қылынтым” – деп басталуына қарағанда, бұл ескерткішті жазған Тониқұқтың өзі болуы мүмкін. Бұл пікірді “Түрк білге қаған іліңе бітідім бен Тоньюкук Түркі Білге қаған еліне /арнап/ жаздырдым мен білге Тоньюқуқ” деген Тониқұқтың сөзі де дәлелдей түседі. Ежелден жыраулар ханның қасында отырып, ақылшы кеңесші болған. Тониқұқ – сол кездегі түркі қағанаты әскерлерінің соғыс жөніндегі кеңесшісі болған дана абыз.
Орхон жазбасының тілінен түрк халықтарының таным-түсінігі, ой-дәрежесі, Тониқұқтың өзі қатысқан жорықтары мен түрк қағанатына қатысты бірсыпыра тарихи деректерді өлең жолдарымен беруде ақындық тәсілдің әуелгі сипатын анық байқауға болады. Сол дәуірлерден келіп жеткен мақалдардың, шешендік сөздердің тұлғалық жағынан жасалу үлгілерінің қазіргі тілмен сәйкес келуінің өзі, бұл үлгілердің ұзақ уақыттар бойы қалыптасқандығын және көп өзгерістерге түсе бермейтіндігін, өткен мен бүгінгінің арасындағы байланысты, бірлікті сипаттайды.
Мысалы:
Йуйқа қалың болсар,
Топлағулуқ алп ерміс.
Йінчге йоған болсар,
Үзгүлүк алп ерміс.
Жұқа қалыңдаса,
Топтайтын алып болар.
Жіңішке жуандаса,
Үзетін алып болар (Тон 13-14).
Бүнтүгі бар ерсер
Не буңы бар ертечі ерміс.
Бүлдірушісі бар болса,
Оның мұңы да болады (Тон 57).
Жолдардың ұйқасын келтіріп, жұп құрап тұрған шартты райдың -са (-сар) жұрнағы мен есімшенің көне -міс жұрнағы қазіргі тілімізде де жұптық бірлік жасайды.

жүктеу 139,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау