Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынас



жүктеу 57,5 Kb.
Дата06.02.2020
өлшемі57,5 Kb.
#28400

Г.С. Сайлауова

Абылай хан атындағы

Қазақ халықаралық қатынас

және әлем тілдері университеті,

«Құқықтану» мамандығының

4 курс студенті,

 Алматы

Ғылыми жетекші: А.М. Қалиев

з.ғ.к.
G.S. Sailauova

Kazakh University of International

Relations and World Languages

named after Abylai Khan,

 Almaty

Scientific supervisor: A.M. Kaliev

PhD
Нашақорлықпен күресудің өзекті мәселелері



Актуальные проблемы злоупотребления наркотиками



Actual problems of drug abuse
Аңдатпа

Бұл мақаланы жазу барысында нашақорлық - бұл ғаламдық мәселе екендігін және аталмыш қоғамдық дертпен құқықтық күресу жолдарын реттеу негіздерін ұсыныстар арқылы шешуді қарастырдық. Сондықтан да, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы барынша жариялы түрде және жүйелі көзқарасты қолдану жолымен белсенді құқықтық күрес жүргізу қажет екендігі өзекті мәселе ретінде орын алды. Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес шараларын айта келе, Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығының тиісті нормаларының тиімділігін нығайту қажеттігін, қазіргі уақытта республикамызда әрекет ететін заңнама әрдайым заңсыз есірткі айналымының экономикалық аспектілерін есепке ала бермейтіндігін қарастыру қажет екендігі талқыланды.

Кілт сөздер: нашақорлық, наркобизнес, есірткі, нашақорлықпен күрес, құқық қорғау органдары,тасымалдау, сату, есірткі бизнесі.

 

Аннотация



В написании этой статьи, наркомания - глобальная проблема в нашей современности на сегодняшний день, и решить эту проблему можно с точки зрения правовых основ. Поэтому нужно законно противостоять к наркомании и наркотическому бизнесу, так как доход от этого незаконного бизнеса никогда и нигде не способствовал экономическому росту и развитию государства или их отдельных регионов. В процессе написания темы «противостояние к наркомании и наркотическому бизнесу» хотелось бы отметить что , на данное время в нашей республике, законное действие должно рассматривать незаконный оборот наркотиков, который вызывает пагубное влияние и при этом вызывая политическую и экономическую нестабильность.

Ключевые слова: наркомания, наркобизнес, наркотики, злоупотребление наркотиками, правоохранительные органы, транспорт, продажи, незаконный оборот наркотиков.
Аbstract

In writing this article, the global-addiction problem in our modern times today, and to solve this problem from the perspective of the legal framework. Therefore it is necessary to legally resist the addiction and drug business, as the income from this illegal business is never ever contributed to economic growth and development of the state or its individual regions. In the process of writing the theme of «opposition to drug addiction and drug business», it should be noted that, at this time in our country, legal action should be considered illicit drug trafficking, which causes a detrimental effect and thus causing political and economic instability.

Key words: drug abuse, narcobusiness, drugs, drug abuse, law enforcement agencies, transportation, sales, drug trafficking.
Бүгінгі таңда біздің қоғамымыз үшін қайғы-қасіреті мол дерттердің бірі ретінде нашақорлықты атап өтуге болады. Ал нашақорлық бар жерде есірткі бизнесінің қатарласа жүретіні белгілі. Нашақорлық ұлтымыздың генофондына ғана емес, сонымен бірге қоғамымыздың тұрақтылығы мен мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігіне де қатер төндіреді.

Есірткі - жастарға қарсы қарулы, қауіпті күш. Қазіргі таңда жастар есірткінің тұзағына түсіп қалып жүр. Есірткіге елірген жастардың артып кетуі - наркобизнестің өркендеуіне әкеледі. Бүгінгі күнде наркобизнестің белең алып, қауіпті бизнес түріне айналуы - ең өзекті мәселелердің бірі.

Сондықтан болса керек, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Бүкілдүниежүзілік Саммитте Орта Азиядағы есірткі бизнесіне жүйелі түрде қарсы іс - қимыл жасау мақсатында БҰҰ бағдарламасын әзірлеуді ұсынып сөз сөйлеген еді. «... Есірткі мәртебесінің анағұрлым биікке көретіліп кеткенін сонғы жүз жылдық әрі пайымдауға, әрі мойындауға мәжбүр етті: есірткі жеке адамның жаны мен тәнінің саулығына қауіп төндіретін химиялық дәрі - дәрмек болудан асып, енді көптеген мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігіне тұрақты түрде төнген әлеуметтік - қоғамдық қатерге айналды» деді [1].

Нашақорлық - басты назардағы әлемдік мәселелердің бірі. Қанша жерден құқық қорғау органдарының нашақорлық дертін алдын алуға бағытталған шараларының жүргізсе де есірткінің шырғалаңына түскендер саны жыл сайын артуда.

Есірткіге байланысты қылмыстарды бір сөзбен наркобизнес немесе наркомафия деп айтуға болады, өйткені нашақорлық дерті ең алдымен есірткіні өндіруден және оны заңсыз тасымалдаудан, сатудан бастау алады.

Есірткі бизнесімен әлемнің іргелі елдерінің барлығы күресуде және ешбір ел халықаралық бірліксіз есірткі бизнесіне қарсы күресте айтарлықтай табысқа жете алмайды. Сондықтан есірткі бизнесімен күресті күшейту мақсатында арнайы халықаралық ұйымдар жоспарларын, тапсырмаларын қабылдауда және жүзеге асыруда. Өз кезегінде ол, әр елде құрылған есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеттерін, ұйымдарын, мекемелерін бірігіп жұмыстануына әкелуде.

Нашақорлық дерті ең алдымен есірткіні өндіруден және оны тасымалдаудан, сатудан бастау алатыны белгілі. Наркобизнестің де кең таралуы осыдан. Қазіргі таңда ҚР - Еуропа мен Азияны біріктіретін қақпа болғандықтан, ҚР аумағы үстінен есірткі тасымалы тасымалданады. Адамдар жеңіл пайда табу мақсатын көздеп көбіне теміржол, әуе жолдарынан есірткі заттарын алып өтеді. Мысалы, Өткен жылдың 22-қарашасы күні №376 «Астана - Лениногорск» бағытында кетіп бара жатқан жолаушылар пойызына шекаралық бақылау жасаған қызметтік ит вагондағы жүк салғыштың ішінен 10 гр марихуананы алып шықты.

Бүкіл әлем қазіргі кезге дейін Ауғанстанмен есірткі тасымалына қарсы күресіп келеді. Ауғанстан - Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттермен шекаралас жатыр. Ауғанстаннан есірткі тасымалданған керуенге Еуропаға шығатын бірден - бір есік - Қазақстан. Осыдан бірнеше жыл бұрын Ресей, Қазақстан, Белоруссия «Кеденік одақ» құрған болатын.Үстіміздегі жылы одаққа Қырғызтан Республикасы да енді. Кедендік бақылауды алып тастау шекаралық қызметтің әлсіздігіне алып келеді. Сол себепті, бізге шекараны ашу тиімсіз.

Қазіргі таңда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы біздің республикамызға есірткі бизнесімен күресу үшін қаражат бөлуде, өйткені жоғарыда айтқандай,көпшілігімізге белгілі Қазақстан есірткі транзитінің үстінде жатыр. Атап айтқанда, Оңтүстік  Батыс Азия, Ауғанстан елдерінен Ресейге, одан әрі Батыс Еуропаға асырылатын есірткілер еліміздің кең даласын өтіп шығуда. Оның өзі біздің аймағымызға есірткінің контрабандалық транзиттік жолмен өтетіндігіне  байланысты «Жібек Жолы» деген атауды іліп отыр. Бірақ бұл арнайы қызметкерлердің іс қимылдары ойдағыдай еместігін білдірмейді осы орайда, ҚР есірткі, наркобизнес туралы заңдарының аясы кеңеюде [2].

XXI ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры, ақпараттың қол жетімділігі сонша,қазіргі уақытта есірткі заттарын айналадан іздеп қаңғудың немесе оны қалай пайдаланамын деп бас қатырудың қажеті жоқ секілді, өйткені ғаламторды ашып қалсаң болғаны,есірткі, көкнәр сататындар және сол есірткіні өзіңнің үйіңде қалай жасауға болатыны туралы ақпараттар тізбектеп шыға келеді. Есірткіні үйде жасау мүмкіндігі фактілері қазір расталып отыр. Санаға әсер ететін синтетикалық есірткілік құрал жасап шығарумен және олардың рецептерін жасаумен айналысатындар, айталық «химиктер», аталмыш есірткілерді өндірумен қатар жаңа рецептерді арнайы веб сайттарға орналастырып та үлгеруде. Олардың ізіне түсу өте қиын, әлемдік телекоммуникациялы желі химиктер үшін жасырынуға қолайлы болып отыр. Алайда, бүгінгі таңда мемлекет басшысының қолдауымен жастар арасында таралған есірткі дертінің алдын - алуда бірнеше акциялар жүргізіледі. Үлгі ретінде келесі акцияларды айтуға болады: «Біз – салауатты өмір салты үшін!», «Мен өмірді қалаймын», «Дені сау университеттер», «Есірткіге жол жоқ!» және т.б.

Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күресте болашақта жақсы нәтижеге жету үшін, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген халық даналығының негізінде жалпы облыс тұрғындары болып келесідей маңызды міндеттерді атқару қажет деп есептейміз:

1. Ең алдымен, тығырықтан шығудың басты құралы ретінде жастар арасында уәкілетті мемлекеттік органдармен нашақорлыққа қарсы қоғамдық корғаныс қабілетін әлеуметтік иммунитетті (наркоиммунитетті) қалыптастыруды қамтамасыз ету қажет. Осы арада «Жұмысы жоқтық,қарыны тоқтық - аздырар адам баласын» деген Абайдың сөзін ұстануымыз керек. Себебі, жастар мен жасөспірімдердің бос уақыты болмауы тиіс. Бұл үшін мемлекеттік әлеуметтік саясат, білім беру жүйесіндегі жастар арасындағы ең көлемді мәдени - тәрбие жұмыстарын балалардың бос уақыттарын қоғамдық құнды ынталар мен бейімділіктері негізінде ұйымдастыру арқылы жүзеге отырып, осы салада негізгі бағыт беретін күш - жергілікті атқарушы билік органдары мен азаматтық қоғам институттарының жұмыстарын жетілдіру және жандандыру, ең бастысы - нашақорлыққа итермелейтін басты себептер мен жағдайларды зерделеу және оларды қалпына келтіру қажет [3].

2. Есірткі пайдаланатын адамдардың өз денсаулығына көзқарасын өзгерту, олардың санасына адам денсаулығы өзі үшін де, тұтастай қоғам үшін де құндылық болып табылатындығы туралы идеяны түсіндіріп, жеткізу - маңызды психологиялық алғышарты болып табылатын салауатты өмір салтын жүргізуге ұмтылысты ынталандыратын Бағдарламаларды әзірлеу және енгізу. Өйткені, адамның өз денсаулығына көзқарасының өзгеруі басқа да алдын алу және емдік бағдарламалардың іске асырылуын жеңілдетеді. Азаматтардың құқықтық сауаттарын арттыру арқылы өз еркімен немесе көндіру арқылы оңалу үшін жағдай туғызу.

Сонымен бірге, баспасөз беттері және электронды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа есірткінің зияны туралы кең көлемде ақпарат бере отырып, есірткі пайдалануға және нашақорлыққа қарсы насихаттау жұмыстарын күшейту; есірткі заттары туралы теріс түсінік беретін ақпараттардың берілуі мен орналастырылуына жол бермеу және ол үшін жауапкершіліктерін арттыру; құқық қорғау және нашақорлық пен есірткі бизнесінің таралуына қарсы іс-қимылға қатысатын басқа да мемлекеттік органдардың басты назарын халықтың есірткі құралдарымен психотроптық заттарға қолжетімділігін барынша шектеуге бағыттау; уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ нашақорлықтың алдын алуға және оны емдеуге мамандандырылған медициналық мекемелердің материалдық - техникалық әлеуетін нығайту; нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрестегі ынтымақтастықты дамыту сияқты міндеттерді атқару қажеттілігін ескеруіміз қажет [4].

3. Қазіргі таңда елімізде құқық қорғау органдары Жамбыл облысындағы Шу ауданындағы өсетін анаша түрлерімен өртеу арқылы күрес жүргізуде. Бірақ, нәтиже көңіл көншітпейді. Соған байланысты қазіргі таңдағы химиялық қоспалардың жетістіктерін ескере отырып, жерді өртеу.

4. Есірткі тасымалымен айналысатын делдалдарға заң әлсіз. Үлгі ретінде, ҚХР заңдарын алуға болады. Онда есірткі тасымалы үшін өлім жазасы беріледі.

Қорыта айтқанда, қылмыстар мен зұлымдық атаулының туындауына әкеліп соқтыратын нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес - бүгінгі таңда ерекше назар аудару арқылы, мейлінше ықпалды әрі тиімді шараларды үздіксіз жүргізіп отыруды қажет ететін баршамыздың басты міндетіміз [5].

Әдебиеттер тізімі
1 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi.

2 Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы.

3 Қылмыстық құқық (Ерекше бөлім) А.Н. Ағыбаев.

4 «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесiне қарсы күрестiң 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясын бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қыркүйектегі №930 Қаулысы.



5 Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесiне қарсы күрес материалдары. // Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің сайты. – www.knb.kz.
жүктеу 57,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау