Нормативтік сілтемелер



жүктеу 139,84 Kb.
бет8/27
Дата30.05.2023
өлшемі139,84 Kb.
#42849
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27
Аширбаева Айсулу Амангельдиевна

Батырды жауда,
Шешенді дауда сына.
Батыр жігіт жау жеңер,
Шешен жігіт дау шешер.
Батырдың атын жау шығарады,
Шешеннің атын дау шығарады.
Батыр болсаң, жауды қайтар.
Шаруа болсаң, малды қайтар.
Шешен болсаң, дауды қайтар.
Батырсыған жігітті
Жау келгенде көрерміз.
Мен-менсіген жігітті
Дау келгенде көрерміз
Би жаманы дауға алдырады,
Жігіт жаманы жауға алдырады.
5. Билер мен шешендердің, көрнекті тұлғалардың нақыл сөздерінен, қанатты сөздерінен шыққан ММ-дер.
Ғылымда «ММ-дердің авторы болмайды, нақыл сөздердің, қанатты сөздердің авторы болады» деген пікір қалыптасқан. Оған себеп: ММ-дерді әу баста жеке адамдар шығарғанмен, келе-келе авторлары ұмытылып, жалпы халықтық болып есептелініп кеткендігінен. Дегенмен жоғарыда берілген ММ-дерді тарихи зерделей отырып, біршама ММ-дердің көне замандарда кімнің өлең жолдарында қолданылуына қарай авторларын айыруға болатын сияқты. Мұндай ойға келуімізге Ә. Қайдардың пікірі де себеп болды. Ғалым мақал-мәтелдердің пайда болу арналарының бірі – билер мен шешендер шығармашылығы деп айтуда мақал-мәтелдер жайлы «авторы жоқ», «көпшілікке ортақ дүние» деп келген пікірлерді сынайды.
«Рас, қазақ тілі көркемсөз байлығында қалыптасқан 15 мыңнан астам ММ-дердің (мақал-мәтелдер) басым көпшілігі төл авторы ұмыт болуына байланысты жалпы халықтық ортақ қазынаға айналғандығы талас тудырмаса керек. Бірақ бұл фактордан “ тіліміздегі соншама көп ММ-дердің бәрі бірдей авторы белгісіз дүние” деген үзілді-кесілді пікір, көзқарас тумағаны жөн. Өйткені бұл пікір қазақ қауымында жазу-сызудың жөнді дами қоймаған, ұлттық даналыққа қатысты ұлан-ғайыр фольклор бұлақтары көзі толық аршылып, жан-жақты зерттеліп, ММ-дерге автор болуға реальді мүмкіншілігі мол дүлдүл шешендер мен дана билердің артында қалған рухани мұрасы толық айқындала қоймаған кезеңдерде қалыптасқан болатын», – дейді [5].
Соңғы кездері бай ауыз әдебиетіміздің мол қорын індете зерттеу арқылы небір дана, шешендерден қалған сөз өнерінің айшықты өрнек-үлгілерінің беті ашылып, халыққа жетіп отыр.
«Мәселен, ұлы Абайдың әкесі – аға сұлтан Құнанбай да кезінде аузы дуалы, сөзге шешен, сұңғыла айтқыш болған. Оның даналық сөз мұраларын зерттеуші белгілі қазақ ақыны Мұзафар Әлімбаев өзінің бір сөзінде: “Құнанбай өзі де дала философтары дәулерінің бірі болған. Құнанбай аузынан шығып, көпке тарап, ел аузынан түспей жүрген мен білетін жүз шақты нақылы бар. Солар мақал-мәтелге айналып кеткен. Мәселен, “Өткен істен оңай жоқ”, “Кешегі күннен алыс жоқ”, “ертеңгі күннен жақын жоқ”, деп көрсетеді” [6].
Құнанбайдың сөзі: “Татымсыз еткен жақсылықтың қайырымы жоқ” (М. Әуезов. Абай жолы. І т., 294 б.).
Мақалдап, мысалдап сөйлеу – тапқырлық сөздердің қай-қайсысында болса да бар қасиет. Дегенмен кейбір шешендік сөздерде мақалдау басым болса, қайсы бірінде мысалдау басым. Шешендік мысалға тән қасиеттің бірі біреудің басынан өткен уақиғаны хабарлаған болып, әркімнің басына келетін ортақ жәйтті ескерту немесе жан-жануар тіршілігін, жаратылысын мысалға алып, тыңдаушысына ғибрат беру.
Ата-ананың қадірін
Балалы болып байқадым.
Ағайынның қадірін
Жаралы болып байқадым.
Алыс-жақын қадірін
Қаралы болып байқадым, – деген мысалда бір кісінің басынан кешкен уақиғаны емес, сан кісінің тәжірибесімен сыналған өмір шындығын айтып отыр [52].
ММ-дердің жасалуына бұрынғы өткен ақын-жыраулардың осы сынды даналық, нақыл сөздері арқау болады. Мысалы, “Ел ағасыз болмас, тон жағасыз болмас” деген мақалдың жасалуына Ақтайлақ бидің мына өлең жолдары себеп болуы мүмкін:
Ел ағадан азады, тон жағадан,
Аңғал бөрі жортады тау сағадан [53].

жүктеу 139,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау