Нормативтік сілтемелер


ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ СИПАТЫ



жүктеу 139,84 Kb.
бет14/27
Дата30.05.2023
өлшемі139,84 Kb.
#42849
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27
Аширбаева Айсулу Амангельдиевна

2 ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ СИПАТЫ
2.1 Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің қолданылу жағдайы
ММ-дердің құрылымдық сипаты туралы мәселе олардың табиғатын түсінуде көрнекті орын алады. Себебі олардың жасалуында сөйлемді ықшамды етіп берумен бірге, оған кең мағына сыйғызу талабы сақталады. Сондықтан ММ-дердің сөйлем мүшелерінің орналасу тәртібінде де қалыптасқан жүйе, өзіне тән заңдылықтар бар. ММ-дердің тарихи тұрғыдан паремиялық жүйесі қалыптасқан, құрамындағы компоненттері орныққан, белгілі бір үлгіде жасалады. Қазақ тіліндегі ММ-дерді компоненттік (құрылымдық) ерекшеліктеріне байланысты бірнеше топқа жіктеп алуға болады.
ММ-дер бір немесе екі, кейде одан да көп жай сөйлемнен құралып, әрбір сыңары толық аяқталған ойды білдіреді. Жай сөйлем проза түрінде хабарлы сөйлеммен келеді. Ал екі жай сөйлемнен құралған құрмалас сөйлемдер салаласып та, сабақтасып та байланысады. Салалас құрмалас сөйлемдер ешбір дәнекерсіз, екі жай сөйлемнің қатар айтылуына байланысты, мағына жағынан параллелизм принципі бойынша жасалады. «Жақсы әйел ер көңілін өсіреді, жаман әйел ер отын өшіреді», «Жаяудың жүрісі өнбейді, жалғыздың бір ісі өнбейді» сынды құрмалас сөйлемдер ішкі құрылысы жағынан екі синтагмалық бөліктен тұрғаны байқалса, сыртқы құрылысы, семантикалық мазмұны жағынан өмірде кездесетін екі түрлі құбылысты қарама-қарсы қою арқылы немесе ұқсас құбылыстарды қатар қою арқылы суреттейді.
Сабақтас құрмалас сөйлемдер шартты, салыстырмалы, мекен, мезгіл, мақсат бағыныңқылы болып келеді: «Хан қарау болса, халқы ұры болады», «Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін», «Іс оңына басарда – шыбын лақтап, тоқты туар» т.б.
ММ-дер құрамындағы компоненттердің санына қарай бір тармақты, қос тармақты, үш тармақты, төрт тармақты, көп тармақты немесе бір тағанды, қос тағанды, үш, төрт тағанды және іштей бір құрамды, екі құрамды т.с.с. болып бөлінеді. Жалпы ММ-дердің құрылым-құрылысы туралы сөз еткенде, оларды әдетте сөйлеммен орайлас келуіне қарай мағыналық, тұлғалық тұрақтылық сақталған.
Фразеологизмдерді зерттеуде тілші ғалымдардың еңбектерінде С. Сәтенова [32] , мақал-мәтелге қатысты Мұқәддәс Мирзаның еңбегінде [12] таған, құрам атаулары беріліп жүр. С.К. Сатенова қос тармақ жөнінде былай дейді: «Қос тармақ» деп отырғанымыз, шынында да, қос сөздердің қос сыңарына тым ұқсас, фразеологиялық оралымдардың тіркес түріндегі табан тірер, арқа сүйер екі тірегі – тармағы. Фразеологиялық тіркес олардың екеуіне бірдей сүйенгенде ғана тіркес болып, белгілі бір фразалық тұтас мағына беріп, басын құрай алады [32].
Кезінде академик І.К. Кеңесбаев кейбір тұрақты фразалардың қос сөзге ұқсастығына тоқтала отырып, қазіргі қос тармақты аталып жүрген фразеологизмдерді «Қос сөзді фразалар» деп атаған болатын. Фразеологизмдерді құрамына қарай екі компонентті, үш компонентті, төрт, бес компонентті деп атау қалыптасқан. Ал мақал-мәтелдің құрылымдық ұқсастықтары мен айырмашылықтарын сөз еткенде, тармақ, құрам атауларын қолданған жөн. К.С. Сатенова тармақ құрап тұрған тілдік единицаларды «тармақ компоненттері», «тармақ мүшелері» деп атайды [32].
Тармақ терминін ең алғаш қолданған А. Байтұрсынұлы. ММ-дер құрамындағы компоненттердің санына қарай бір тармақты, қос тармақты, үш, төрт тармақты болып келеді. Бір тармақты ММ-дер байырғы замандардан-ақ қалыптасқан. ММ-дердің көпшілігі қос тармақты болып келеді де, екінші орынды бір тармақты ММ-дер алады. Бір тармақты ММ-дердің өзі өлең жолдары сияқты, ұйқасқа құрылмағанымен, олардың өзінде бір дыбыстық үйлесімділік, үндестік бар. Әрі қысқа, әрі нұсқа айтылса да, мағыналық, дыбыстық үйлесімдік сақталады.
Бір тармақты ММ-дер жай сөйлем түрінде қалыптасқан. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні», үлкен философиялық ой бір ауыз сөзбен түйінделеді.
Мысалы:
Есенде евек йоқ.
Саулықта әбдіреу жоқ (МҚ І 107).
Ердәм башы тіл.
Әдеп басы – тіл (МҚ І 137).
Бұл сөйлемдердің қазіргі ММ-дердегі сөйлемдерден еш айырмашылығы жоқ. Өте ықшам, есімді сөйлем. Мұндай қарапайым жай сөйлемдерде мағына мен дыбыстық сәйкестік үлкен рөл атқарады. Мысалы:

жүктеу 139,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау