Көз қорқақ, қол батыр.
Ерді қорласаң – састырар.
Асты қорласаң – құстырар.
Еменнің иілгені сынғаны,
Ер жігіттің ұялғаны – өлгені.
Ерік ерын йығлығ
Ермегү башы қанлығ.
Іскердің ерні – май,
Epіншектің басы – қан (MҚ I 100).
Ерсек ерге тегмес
Еңбек евге тегмес.
Eрсіреген ерге тимес
Сасып абдыраған (Ұшқалақ) үйге жетпес (MҚ I 135).
Қос тармақты ММ-дердің құрамындағы параллель компоненттер өзара тең дәрежеде байланысып, жарыса жұп құрайды немесе бip-бipiнe бағына байланысып өзара қиюласып, үндесіп келеді.
Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
Сөз тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.
Тапұғ таш йарар
Taш башығ йарар (МҚ III 82).
Кұлан кұдұғқа түшсе
Құрбақа айғыр болұр (МҚ, III 175).
Қос тармақты ММ-дер құрамындағы компоненттер әртүрлі кұрамды болып келеді. Енді солардың бipнеше түpiнe тоқталып кетейік.
1. Eкi құрамдық бөлшектен тұратын қос тармақты ММ-дер.
Сарымай сасымас,
Батыр саспас.
Егир болса
Ер өлмес (МҚ І 83).
Ағыз йесе
Көз ұйадзұр (MҚ I 85).
Алымшы арслан
Бермши сышған (МҚ І 105).
2. Ең көп қолданылатын үш құрамдық бөлшектен тұратын қос тармақты ММ-дер.
Ер арыса – аруақ,
Ат арыса – тулақ.
Ағылда оғлақ тұғса
Арықда оты үнер (МҚ, 194).
Алтын арслан тутар
Күміш ұйұқ тұтмас (МҚ, І 111).
4. Төрт құрамдық бөлшектен тұратын қос тармақты мақал-мәтелдер.
Батыр туса, ел ырысы,
Жаңбыр жауса, жер ырысы.
Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар.
Қашпақ, қумақ – ерге сын,
Көшпек, қонбақ – жерге сын.
Бір оқты бұлан көтереді,
Екі оқты ұлан көтереді.
Аушы неше ал билсе
Адзық анша йол білір (МҚ 191).
Ула болса йол азмас
Білік болса сөз йазмас (МҚ, І 121).
Төрттен көп құрамдық бөлшектен тұратын қос тармақты ММ-дер:
Жорғаң қатты болса, төске сал,
Ісің ақ болса, көпке сал.
Бұл мақалдардың eкi компоненті өзара ырғақпен жымдасып, үндесіп келіп тұр. Тармақаралық параллель компоненттер мағыналық жағынан ыңғайлас, табиғаты жақын және тұлғалық жағынан да қалыптасқан үлгіде жасалады деуге болады. Бұл арада айта кететін нәрсе: қос тармақты ММ-дерге тән тұлғалық ұқсастықтар жұп, қайталанып келген мүшелерден, симметриялық бірліктерден көрінеді.
Екі аяқтыдан құрдас тату,
Төрт аяқтыдан бота тату.
Дос сыртыңнан мақтар,
Дұшпан көзіңе мақтар.
Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар.
Ерсек ерге тегмес
Еңбек евге тегмес.
Ерсіреген ерге тимес
Сасып әбдіреген (ұшқалақ) үйге жетпес (МҚ І 135).
Қос тармақты ММ-дердегі компоненттер әр уақытта бірдей құрамды болып келе бермейді.
Алыстағы дұшпаннан,
Аңдып жүрген дос жаман.
Бірінші компонент екі құрамды, ал екінші компонент үш құрамды.
Қос тармақты ММ-дердің барлығы бірдей ұйқасқа құрыла бермейді, кейде күрделенген жай сөйлем түрінде де келе береді.
Жаман өкпелеймін деп,
Сыбағасынан құр қалады.
Адаспаймын деген ер,
Тал түсте жолдан адасады.
ММ-дерде сөйлемдер қазіргі кезде ықшамдалып, кей сөйлем мүшелері түсіріліп қалып айтылады.
Досқа күлкі, дұшпанға таба қыла көрме!
Алыстағы әулиеден,
Жақындағы машайық
Мың күн жұмақтан
Бір күн тірлік артық.
Осы мысалдардың бірінші компоненттерінде кейінгі компоненттерімен салыстырғанда, бір мүше жетпей тұрған сияқты. Толық сөйлем түрінде “Досқа күлкі қыла көрме, дұшпанға таба қыла көрме!”, “Алыстағы әулиеден,
Достарыңызбен бөлісу: |