Отбасыға жылына тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге
ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге есептелген сома шегінде меншікке тұрғын үйді
сатып алу үшін біржолғы төлем алдын ала сату-сатып алу шарты болған кезде жүзеге
асырылады.
Егер қабылдау өңірлерінде сатып алынатын тұрғын үйдің құны:
1) біржолғы төлем мөлшерінен төмен болса, сомалар айырмасы Бағдарламаға
қатысушыда қалады;
2) біржолғы төлемнің мөлшерінен жоғары болса, құнының айырмасын
Бағдарламаға қатысушы өзінің ақшалай қаражаты есебінен өтейді.
Өңіраралық қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс беруші кемінде бес
Бағдарламаға қатысушыны жұмысқа орналастыратын болса, оған кемінде үш жыл
мерзімге тұрақты жұмыс орнына қабылданған әрбір жұмыскер үшін 450 АЕК
мөлшерінде субсидия беріледі.
Халықты жұмыспен қамту орталығы, қатысушы және жұмыс беруші арасында
үшжақты әлеуметтік келісімшарт жасалады, онда жұмыс берушінің жұмыскердің көшуі
бойынша шығыстарды өтеуі, жаңа тұрғылықты жерде орнығуына жәрдемақы беруі,
жұмыскерге қызметтік тұрғын үй беру немесе тұрғын үйді жалдау бойынша
шығыстарын өтеуі, жұмыскердің тұрғын үй сатып алуға шығыстарын ішінара өтеуі,
жұмыскердің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметіне ақы төлеу
шығыстарын толықтай немесе ішінара өтеуі бойынша міндеттемелері көзделеді.
Жұмыс берушілер қоныс аударушылар мен оралмандарға қолдау көрсетудің
қосымша
шараларын белгілей алады, олар әлеуметтік келісімшартта көрсетіледі.
Әлеуметтік келісімшарт талаптарының орындалуын халықты жұмыспен қамту
орталығы бақылайды.
қоныстандыру үшін елді мекенді көрсете отырып, өңірлік квотаға қабылдау туралы не
бас
тарту себебін негіздей отырып, бас тарту туралы шешім шығарады.
Қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті
органы шешім шығарылғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде шығу өңірінің халықты
жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі тиісті жергілікті органына өңірлік комиссия
шешімінің көшірмесін жібереді.
Шығу өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органы 5
жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы өтініш берушілерді
хабардар етеді және қабылдау өңірінің өңірлік комиссиясы шешімінің көшірмесін
ұсынады.
Үміткерде бірнеше қабылдау өңірінен өңірлік квотаға қосу туралы оң қорытынды
болған жағдайда үміткер қабылдау өңірінің бірін өз бетінше таңдайды.
Үміткердің таңдауы туралы қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту мәселелері
жөніндегі тиісті жергілікті органдары 3 жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
Үміткерлер көшуді өздері жүзеге асырады.
Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген оралмандар
оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына қосу жөніндегі комиссияның
шешімімен қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінеді.
Үміткерлер көрсетілген елді мекендерге келген соң қабылдау өңірінің халықты
жұмыспен қамту орталықтары өз бетінше келгендерге Бағдарламаға қатысу тәртібі мен
шарттары және мемлекеттік қолдау шаралары туралы консультациялар береді.
Бағдарламаға қатысушылар халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі
уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті