Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 2021



жүктеу 0,51 Mb.
Pdf просмотр
бет24/36
Дата30.12.2019
өлшемі0,51 Mb.
#25492
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36

түрде қоныс аудару қағидаларына сәйкес көзделген мемлекеттік қолдау шараларын алу
үшін халықты жұмыспен қамту орталығына құжаттар тапсырады.
      Үміткерлер Бағдарламаға қатысуға келіскен кезде қабылдау өңірлерінің халықты 
жұмыспен  қамту  орталықтарына  халықты  жұмыспен  қамту  мәселелері  жөніндегі 
уәкілетті орган бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті 
түрде  қоныс  аудару  қағидаларына  сәйкес  нысан  бойынша  өтініш  береді  және 
құжаттарды қоса береді.
      Қабылдау өңірінің халықты жұмыспен қамту орталықтары 5 жұмыс күні ішінде 
Бағдарламаға  қатысушылардың  құрамына  қосу  туралы  ұсынысты  отбасы  құрамын, 
білімі,  кәсібі,  мамандығы  туралы  мәліметтерді  көрсете  отырып,  халықты  жұмыспен 
қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жинақтау үшін жібереді.
            Халықты  жұмыспен  қамту  мәселелері  жөніндегі  жергілікті  орган  өңірлік 
комиссияның  отырысында  үміткерлердің  тізімін  қарайды  және  қоныстандыру  үшін 
елді  мекенді  көрсете  отырып,  өңірлік  квотаға  қабылдау  туралы  не  бас  тарту  себебін 
негіздей отырып, бас тарту туралы шешім шығарады.
            Халықты  жұмыспен  қамту  мәселелері  жөніндегі  жергілікті  орган  5  жұмыс  күні 
ішінде  халықты  жұмыспен  қамту  орталықтары  арқылы  өтініш  берушілерді  хабардар 
етеді және қабылдау өңірінің өңірлік комиссиясы шешімінің көшірмесін ұсынады.
      Халықты жұмыспен қамту орталығы өңірлік комиссияның шешімін алған күннен 
бастап 5 жұмыс күні ішінде үміткерді Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу 
не  қосудан  бас  тарту  туралы  шешім  қабылдайды  (еркін  нысанда)  және  бұл  туралы 
үміткерді хабардар етеді.
      Халықты жұмыспен қамту орталығы өз бетінше келген адаммен ерікті түрде қоныс 
аударуға  жәрдемдесу  жөніндегі  мемлекеттік  қолдау  ұсыну  туралы  жеке  әлеуметтік 
келісімшарт жасасады және оны Бағдарламаға қатысушылар құрамына қосады.


      Өңіраралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау шаралары республикалық бюджет 
және/немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      Бір облыс ішінде қоныс аударудың мемлекеттік қолдау шараларын ұйымдастыру:
            Бір  облыс  ішінде  ерікті  түрде  қоныс  аударуға  қатысушылар  Қазақстан 
Республикасының  азаматтары  қатарындағы  жұмыссыздар  және  Қазақстан 
Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген 
санаттары болып табылады.
      Мыналар:
            1)  жиырма  тоғыз  жасқа  толмаған  жастар,  оның  ішінде  балалар  ауылдарының 
тәрбиеленушілері  мен  балалар  үйлерінің,  он  алты  жас  пен  жиырма  үш  жас 
аралығындағы  жетім  балалар  мен  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларға 
арналған мектеп интернаттардың түлектері;
      2) оқу орнын бітіргеннен кейін үш жыл ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының 
түлектері;
      3) оқуды аяқтаған Бағдарламаның бірінші бағытына қатысушылар;
      4) жұмыс берушінің – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлға 
қызметінің  тоқтатылуына,  жұмыскерлер  санының  немесе  штатының  қысқаруына, 
жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкеп соққан өндірістердің 
және  орындалатын  жұмыстар  мен  көрсетілетін  қызметтер  көлемінің  төмендеуіне 
байланысты жұмыстан босатылған адамдар басым құқықты пайдаланады.
      Бір облыс ішінде ерікті түрде қоныс аударуды мемлекеттік қолдау:


      1) көшуге материалдық көмек беруді;
            2)  мемлекеттік  тұрғын  үй  қорынан  қызметтік  тұрғын  үй  және  жатақханалардан 
бөлме беруді;
      3) жұмыс берушілердің қаражаты есебінен тұрғын үй беруді;
      4) қажет болған кезде техникалық және кәсіптік білім алу үшін оқытуға және қысқа 
мерзімді кәсіптік курстарға жіберуді;
      5) жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналастыруды қамтиды.
      Бағдарламаға қатысушыларға және олардың отбасы мүшелеріне көшуге отағасына 
және әрбір отбасы мүшесіне бір рет 25 АЕК мөлшерінде материалдық көмек беріледі.
            Бағдарламаға  қатысушыларға  және  олардың  отбасы  мүшелеріне  көшуге 
субсидиялар олар жаңа тұрғылықты жеріне қоныс аударғаннан кейін ұсынылады.
      Бір облыс ішінде қоныс аударуды мемлекеттік қолдау шаралары жергілікті бюджет 
қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      Бір облыс ішінде қоныс аудару мемлекеттік тұрғын үй қорынан және/немесе жұмыс
берушілердің  есебінен  тұрғын  үймен  қамтамасыз  ету  және  тұрақты  жұмыс  орнына 
жұмысқа орналасу мүмкіндігі болған кезде жүзеге асырылады.
      Бір облыс ішінде қоныс аударуға қатысу тәртібі мен шарттары халықты жұмыспен 
қамту  мәселелері  жөніндегі  уәкілетті  орган  бекітетін  Жұмыс  күшінің  ұтқырлығын 
арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларында айқындалады.
            Халықты  жұмыспен  қамту  мәселелері  жөніндегі  жергілікті  орган  азаматтардың 
ерікті түрде қоныс аударуын ұйымдастыру үшін облыс шегінде ауылдар мен облыстық 


(аудандық)  маңызы  бар  қалалар  тізбесінің  жобасын  өңірлік  комиссияның  қарауына 
шығарады.
      Өңірлік комиссия жыл сайын, 15 қаңтарға қарай азаматтардың ерікті түрде қоныс 
аударуын  ұйымдастыру  үшін  ауылдар  мен  облыстық  (аудандық)  маңызы  бар 
қалалардың  тізбесін  бекітеді  және  тізбені  халықты  жұмыспен  қамту  орталықтарына/
ауылдық округтердің әкімдеріне жібереді.
      Халықты жұмыспен қамту орталықтары/ауылдық округтердің әкімдері ауылдардың 
және облыстық (аудандық) маңызы бар қалалардың бекітілген тізбесіне сәйкес халық 
арасында  ерікті  түрде  қоныс  аудару  мүмкіндіктері  туралы  ақпараттық  жұмыстар 
жүргізеді.
      Бір облыс шегінде қоныс аударуды жоспарлап отырған Бағдарламаға қатысқысы 
келетін  адамдар  тұрғылықты  жеріндегі  халықты  жұмыспен  қамту  орталықтарына/
ауылдық округтер әкімдеріне жүгінеді.
            Халықты  жұмыспен  қамту  орталықтары/ауылдық  округтердің  әкімдері 
үміткерлерге Бағдарламаға қатысу тәртібі мен шарттары және көрсетілетін мемлекеттік
қолдау шаралары туралы консультациялар береді.
            Халықты  жұмыспен  қамту  орталықтары  бір  аудан  ішінде  және  облыс  шегінде 
көшуді жоспарлайтын үміткерлердің тізімдерін қалыптастырады, халықты жұмыспен 
қамту  мәселелері  жөніндегі  уәкілетті  орган  бекітетін  Жұмыс  күшінің  ұтқырлығын 
арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныстандыру қағидаларына сәйкес Бағдарламаға
қатысу тәртібі мен шарттары туралы консультациялар береді, құжаттарды қабылдайды,
жеке  әлеуметтік  келісімшарт  жасасады,  үміткерді  Бағдарламаға  қатысушылардың 
құрамына қосады және мемлекеттік қолдау шараларын көрсетеді.
            Халықты  жұмыспен  қамту  орталықтары  Бағдарламаға  қатысушымен  жеке 
әлеуметтік келісімшарт жасасады.
            ЖАО  халықты  жұмыспен  қамту  мәселелері  жөніндегі  уәкілетті  орган  бекітетін 
Жұмыс  күшінің  ұтқырлығын  арттыру  үшін  адамдарды  ерікті  түрде  қоныстандыру 


жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау