Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 2021



жүктеу 0,51 Mb.
Pdf просмотр
бет19/36
Дата30.12.2019
өлшемі0,51 Mb.
#25492
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36

      3) кепілдік беруді ескере отырып, қалаларда және моноқалаларда микрокредит беру
барысы;
      4) құрылатын жұмыс орындары туралы ақпарат береді.
      Бағдарлама операторлары ЖАО-дан алынған ақпараттың негізінде ай сайын, есепті 
айдан кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде халықты жұмыспен қамту мәселелері 
жөніндегі уәкілетті органға ақпарат береді.
      5.2.5. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру
      Мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асырып жатқан немесе іске асыруды 
жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі
.
            Мемлекеттік  гранттар  нысанындағы  қолдау  шараларын  қаржыландыру 
республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      Колледждер мен ЖОО-ларда немесе "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік 
негіздеріне  оқыту  курстарынан  өткен,  Бағдарламаның  бірінші  бағыты  шеңберінде 
оқытуды  аяқтаған  және  бұдан  бұрын  басқа  мемлекеттік  бағдарламалар  шеңберінде 
гранттар  алмаған  Бағдарламаға  қатысушылар,  сондай-ақ  қоныс  аударушылар  мен 
оралмандар мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлер болып табылады.
            Жаңа  бизнес-идеяларды  іске  асыруға  арналған  мемлекеттік  гранттар  100  айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерінде беріледі.
            Табысы  аз  және  көпбалалы  отбасыларға,  еңбекке  қабілетті  мүгедектерге  және 
жастарға жаңа бизнес-идеяларын іске асыруға мемлекеттік гранттар 200 АЕК-ке дейінгі
мөлшерде беріледі.


            Бұл  ретте  республикалық  бюджет  туралы  заңда  белгіленген  және  тиісті  қаржы 
жылының  1  қаңтарына  қолданыста  болатын  айлық  есептік  көрсеткіштің  мөлшері 
қолданылады.
            Мемлекеттік  грант  қажетті  мүкәммалды,  еңбек  құралдарын,  технологиялық 
жабдықты, жануарларды, малды, құстарды сатып алуға пайдаланылады.
            Мемлекеттік  грант  тұтынушылық  мақсаттарға,  кредиттік  қарыздарды  өтеуге, 
жылжымайтын тұрғын үй мүлкін сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға
, акцизделетін өнімдерді өндіруге және жалдау ақысы ретінде берілмейді.
      Бағдарламаға қатысушының мемлекеттік гранттарды бір рет қана алуға құқығы бар.
      Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру тәртібі Қазақстан 
Республикасының  заңнамасына  сәйкес  бекітілген  Мемлекеттік  гранттар  беру 
қағидаларында айқындалады.
      Ескерту. 5.2.5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.07.2019 
№ 521
 (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 
қаулысымен. 
            5.3.  Үшінші  бағыт:  халықты  жұмыспен  қамтуға  жәрдемдесу  және  еңбек 
ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту
      Бағдарламаның үшінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:
      1) жұмыссыздарды, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен 
қамтылған  адамдардың  жекелеген  санаттарын,  жастарды,  сондай-ақ  NEET 
санатындағы  жастарды,  табысы  аз  көпбалалы  отбасылардың  мүшелері  және  мүгедек 
балаларды тәрбиелеуші аналарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
      2) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру;


      3) жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаңды дамыту.
      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 
Бағдарламаның үшінші бағытының операторы болып табылады.
            5.3.1.  Жұмыс  іздеп  жүрген  адамдарды,  жұмыссыз  адамдарды,  Қазақстан 
Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген 
санаттарын жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу
            Бағдарламаға  қатысушыларды  жұмыспен  қамтамасыз  ету  мақсатында  мынадай 
мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады:
      1) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау, кәсіп таңдауда көмек көрсету, оқу және жұмысқа 
орналасу мәселелері бойынша консультациялар;
      2) лайықты бос орындарды іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
      3) әлеуметтік жұмыс орындарын құру;
      4) жастар практикасын ұйымдастыру;
      5) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру.
      Жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар, Қазақстан Республикасының Үкіметі 
айқындайтын  жұмыспен  қамтылған  адамдардың  жекелеген  санаттары,  NEET 
санатындағы  жастар,  табысы  аз  көпбалалы  отбасылардың  мүшелері  және  мүгедек 
балаларды  тәрбиелеуші  аналар  және  Заңға  сәйкес  басым  құқықтарды  пайдаланатын 
өзге  адамдар  жұмыспен  қамтамасыз  етуде  қолдау  көрсетілетін  Бағдарламаға 
қатысушылар болып табылады.
      Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау


      Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау мынадай шараларды:
      1) еңбек қызметі, еңбек нарығының жай-күйі, бар мамандық бойынша жұмысқа 
орналасу немесе кәсіптік оқытудан өту мүмкіндіктері туралы кәсіптік хабардар етуді;
            2)  адамның  жеке-психологиялық  мінездемесінің,  тұрмыс  жағдайлары 
ерекшеліктерінің,  кәсіптік  білімінің,  дағдыларының,  қызығушылықтарының, 
денсаулық  жағдайының  және  еңбек  нарығындағы  қажеттіліктердің  негізінде  жұмыс 
орны мен кәсіп таңдауда кәсіптік консультацияны;
      3) нақты кәсіп (мамандық) түрлері және лауазымдар үшін айқындалған біліктілік 
талаптарына адамдардың сәйкестігін белгілеу арқылы кәсіби іріктеуді қамтиды.
      Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыз адамдар, 
Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  айқындайтын  жұмыспен  қамтылған  жекелеген 
санаттар,  NEET  санатындағы  жастар,  студенттер,  жалпы  білім  беретін  мектептердің 
жоғары сынып оқушылары үшін жүзеге асырылады.
            Кәсіптік  бағдарлауды  жүргізу  тәртібі  халықты  жұмыспен  қамту  мәселелері 
жөніндегі  уәкілетті  орган  бекітетін  Әлеуметтік  кәсіптік  бағдарлауды  жүргізу 
қағидаларында айқындалады.
            Әлеуметтік  кәсіптік  бағдарлауды  Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттік 
әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар
туралы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына 
сәйкес  ӨКП  мен  жұмыспен  қамтудың  жекеше  агенттіктерін  және  (немесе)  өзге  де 
ұйымдарды тарту құқығымен халықты жұмыспен қамту орталықтары жүргізеді.
      Лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу
      Жүгінген азаматтар үшін лайықты бос жұмыс орындарын іздеуді және жұмысқа 
орналасуға жәрдемдесуді халықты жұмыспен қамту орталықтары жүзеге асырады.


жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау