Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 2021



жүктеу 0,51 Mb.
Pdf просмотр
бет20/36
Дата30.12.2019
өлшемі0,51 Mb.
#25492
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36

      Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларға:
      1) дерекқорда бар бос жұмыс орындарына;
      2) жұмыс берушілер өз бетінше мәлімдеген жұмыс орындарына;
            3)  іске  асырылатын  мемлекеттік  бағдарламалар,  аумақтарды  дамыту 
бағдарламалары,  шағын  және  орта  бизнесті  дамытуды  ынталандыру  жөніндегі 
бағдарламалар, инвестициялық жобалар шеңберінде құрылатын жұмыс орындарына;
            4)  халықты  жұмыспен  қамту  саласындағы  көрсетілетін  қызметтер  аутсорсингі 
шеңберінде жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арқылы жұмыс орындарына;
      5) жалақысы ішінара субсидияланатын әлеуметтік жұмыс орындарына, сондай-ақ 
жастар  практикасынан  өтуге  арналған  жұмыс  орындарына  жұмысқа  орналасуға 
жәрдемдеседі.
      Қажетті біліктілігі болмағандықтан, жұмысқа орналаса алмай жүрген Бағдарламаға 
қатысушылар  Бағдарламаның  бірінші  бағыты  шеңберінде  ТжКБ  бар  кадрларды 
даярлауға және қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жіберіледі.
      Орталық мемлекеттік және ЖАО, ұлттық компаниялар мемлекеттік бағдарламалар, 
аумақтарды  дамыту  бағдарламалары  шеңберінде  жобаларды  іске  асырған  кезде 
халықты  жұмыспен  қамту  орталықтарының  жолдамалары  бойынша  жобаларға 
жұмысқа  орналастыру  үшін  Бағдарламаға  қатысушыларға  құрылыс  және 
реконструкциялау кезінде – жаңадан құрылатын жұмыс орындарының кемінде 10 %-ын
,  күрделі,  ағымдағы  жөндеу  және  абаттандыру  кезінде  жаңадан  құрылатын  жұмыс 
орындарының кемінде 15 %-ын ұсынуды қамтамасыз етеді.
      Жұмыс орындарының құрылуын мониторингілеу


      Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық және 
ЖАО  құрылатын  жұмыс  орындарын  есепке  алу  мақсатында  жұмыс  орындарының 
құрылуына мониторинг жүргізеді.
            Орталық  және  ЖАО  мемлекеттік  және  үкіметтік  бағдарламалар,  аумақтарды 
дамыту бағдарламалары, инвестициялық жобалар, шағын және орта бизнесті дамытуды
ынталандыру  жөніндегі  бағдарламалар  шеңберінде  жұмыс  орындарын  құру  туралы 
мәліметтерді  халықты  жұмыспен  қамту  мәселелері  жөніндегі  уәкілетті  органға 
ұсынады.
            Халықты  жұмыспен  қамту  мәселелері  жөніндегі  уәкілетті  орган  ұсынылған 
мәліметтердің  негізінде  жылдарға,  құрылыс  (іске  асыру)  және  пайдалануға  беру 
кезеңіне бөле отырып, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, аумақтарды дамыту 
бағдарламалары,  инвестициялық  жобалар,  шағын  және  орта  бизнесті  дамытуды 
ынталандыру  жөніндегі  бағдарламалар  шеңберінде  құрылатын  Жұмыс  орындарының 
картасын қалыптастырады.
      Жұмыс орындарының құрылуына мониторинг жүргізу тәртібі халықты жұмыспен 
қамту  мәселелері  жөніндегі  уәкілетті  орган  бекітетін  Мемлекеттік  және  үкіметтік 
бағдарламаларды іске асыру үшін жауапты орталық және ЖАО жұмыс орындарының 
құрылуына  мониторингті  жүзеге  асыру  және  жұмыс  орындарының  құрылуы  туралы 
мәліметтерді ұсыну қағидаларында айқындалады.
      Әлеуметтік жұмыс орындарын құру
            Жұмыс  беруші  халықты  жұмыспен  қамту  орталығымен  уағдаластық  бойынша 
жұмыссыздарды  оның  ішінде  табысы  аз  көпбалалы  аналарды,  мүгедек  балаларды 
тәрбиелеп  отырған  аналарды  жұмысқа  орналастыру  үшін  олардың  жалақысын 
субсидиялай отырып әлеуметтік жұмыс орнын құрады.
            Әлеуметтік  жұмыс  орындары  барлық  меншік  нысанындағы  кәсіпорындар  мен 
ұйымдарда,  сондай-ақ  үйде  ұйымдастырылады,  бұл  ретте  салық  және  басқа  да 


әлеуметтік аударымдарды ұдайы жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі 
жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі.
            Әлеуметтік  жұмыс  орындары  тұрақты  жұмыс  орындарынан  тыс  және  тұрақты 
жұмыс орындарына арналған бос жұмыс орындарынан тыс құрылады. Мұндай жұмыс 
орындары  ауыр  жұмыстарда,  зиянды  және  (немесе)  қауіпті  еңбек  жағдайлары  бар 
жұмыстарда құрылмайды.
      Әлеуметтік жұмыс орындарының саны шектелмейді.
            Әлеуметтік  жұмыс  орындарындағы  жұмыс  уақытша  сипатқа  ие  болады. 
Азаматтардың әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды.
      Табысы аз көпбалалы аналарға, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналарға да 
үйде әлеуметтік жұмыс орындарын құруды ұйымдастыру көзделеді.
            Әлеуметтік  жұмыс  орындары  жұмыссыздар  үшін  құрылады,  олардың  арасында 
Заңның  20-бабы  2-тармағының  1)  –  9)  тармақшаларында  көрсетілген  адамдар  және 
табысы  аз  көпбалалы  аналар,  мүгедек  балаларды  тәрбиелеп  отырған  аналар 
басымдыққа ие болады.
      Бос жұмыс орны пайда болған кезде жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға 
дейін жұмыс берушінің бастамасы бойынша және қатысушының келісімімен тұрақты 
жұмысқа орналастыруға рұқсат беріледі. Бұл ретте жұмыс беруші халықты жұмыспен 
қамту  орталығына  Қазақстан  Республикасының  еңбек  заңнамасында  белгіленген 
мерзімдерде тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін жолдайды.
      Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды халықты 
жұмыспен  қамту  орталықтары  Әлеуметтік  жұмыс  орындарын  ұйымдастыру  және 
қаржыландыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
            Әлеуметтік  жұмыс  орындарын  қаржыландыруды  халықты  жұмыспен  қамту 
орталығы  әлеуметтік  жұмыс  орындарына  жұмысқа  орналасқан  жұмыссыздарға 


еңбекақы  төлеуге  жұмсалған  жұмыс  беруші  шығындарының  бір  бөлігін  өтеуге 
субсидия  беру  жолымен  республикалық  немесе  жергілікті  бюджет  есебінен  жүзеге 
асырады.
            Әлеуметтік  жұмыс  орындарына  жұмысқа  орналасқан  жұмыссыздардың 
жалақысына  берілетін  ай  сайынғы  субсидия  мөлшері  экологиялық  үстемеақылар 
бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды
және  пайдаланылмаған  еңбек  демалысы  үшін  берілетін  өтемақыны  ескергенде 
жалақының  белгіленген  мөлшерінің  35  %-ын  құрайды,  бірақ  тиісті  қаржы  жылына 
арналған  республикалық  бюджет  туралы  заңда  айқындалған  ең  төменгі  жалақы 
мөлшерінен аспауға тиіс.
      Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін үкіметтік емес ұйымдар құратын әлеуметтік 
жұмыс орындарының жалақысын субсидиялау мөлшерін ЖАО дербес белгілейді.
            Әлеуметтік  жұмыс  орындарына  жұмысқа  орналасқан  жұмыссыздарға  еңбекақы 
төлеуді жұмыс беруші еңбек шартында белгіленген мөлшердің негізінде нақты жұмыс 
істеген уақытына ай сайын жүргізеді.
            Орындалатын  жұмыстың  көлеміне  және  күрделілігіне  қарай  жұмыс  беруші  өз 
қаражаты есебінен, қажет болған жағдайда, нақты орындалған жұмыс үшін қосымша 
үстемеақылар белгілейді.
            Бағдарлама  шеңберінде  әлеуметтік  жұмыс  орындарына  азаматтардың  қатысу 
шарттары  мен  оларды  ұйымдастыру  және  қаржыландыру  тәртібі  халықты  жұмыспен 
қамту  мәселелері  жөніндегі  уәкілетті  орган  бекітетін  Әлеуметтік  жұмыс  орындарын 
ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
      Жастар практикасын ұйымдастыру
      Жастар практикасы білім беру ұйымдары түлектерінің меңгерген кәсібі (мамандығы
)  бойынша  бастапқы  жұмыс  тәжірибесін  алуы  мақсатында  түлектер  үшін 
ұйымдастырылады.


жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау