Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 2021



жүктеу 0,51 Mb.
Pdf просмотр
бет31/36
Дата30.12.2019
өлшемі0,51 Mb.
#25492
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36

      Білім беру саласындағы уәкілетті орган:
            1)  ТжКБ  бар  кадрларды  даярлау  бөлігінде  Бағдарламаның  бірінші  бағытын 
үйлестіруді және іске асырылуын мониторингілеуді жүзеге асырады;
            2)  Бағдарламаның  бірінші  бағытының  іс-шараларын  іске  асыру  жөніндегі 
нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және қабылдайды;
      3) қаржыландыруға қажеттілікті айқындайды және ТжКБ бойынша және "Мәңгілік 
ел  жастары  –  индустрияға!"  ("Серпін")  жобасы  бойынша  кадрлар  даярлау  жөніндегі 
шараларды қаржыландыруға әкімшілік етеді;
            4)  "Білім  беру  туралы"  Қазақстан  Республикасы  Заңының 
  6) 
5-бабының
тармақшасына сәйкес үлгілік оқу бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын бекітеді.
      Білім беру саласындағы ЖАО:
      1) мобильді топтар ұсынған деректердің негізінде ТжКБ бар кадрларды даярлауға 
үміткерлердің тізімін қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және оларды 
аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялардың бекітуіне шығарады;
      2) ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша білім 
беру ұйымдарының, біліктіліктердің, мамандықтардың тізбесін қалыптастырады және 
тізімдерді аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялардың бекітуіне шығарады;
            3)  ТжКБ  бар  кадрларды  даярлауды  үйлестіреді  және  мониторингілеуді  жүзеге 
асырады;
            4)  қаражатты  бірінші  бағыт  шеңберінде  ТжКБ  бар  кадрларды  даярлауды 
қаржыландыруға орналастырады;


            5)  ай  сайынғы  негізде  білім  беру  саласындағы  уәкілетті  органға  Бағдарламаның 
бірінші бағытын іске асыру барысы туралы ақпарат береді.
      Облыстық деңгейдегі білім беру саласындағы ЖАО:
            1)  жергілікті  жерлерде  тартылған  барлық  тараптардың  Бағдарламаның  бірінші 
бағытын іске асыру жөніндегі жұмысын үйлестіреді;
      2) жергілікті бюджет қаражатын ТжКБ бар кадрларды даярлауға орналастырады;
            3)  ТжКБ  бар  кадрларды  даярлау  жөніндегі  іс-шаралардың  іске  асырылуын 
үйлестіреді;
      4) ТжКБ бар кадрларды даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша білім 
беру  ұйымдарының  тізбесін,  біліктіліктер  мен  мамандықтардың  тізбесін 
қалыптастырады және оларды өңірлік комиссиялардың бекітуіне шығарады;
      5) аудандар және ауылдық округтер бойынша мобильді оқу орталықтарының шығу 
графигін қалыптастырады;
            6)  ай  сайынғы  негізде  білім  беру  саласындағы  уәкілетті  органға  ТжКБ  бар 
кадрларды даярлау бөлігінде Бағдарламаның бірінші бағытының іске асырылу барысы 
туралы ақпарат береді.
      Аудандық (қалалық) деңгейдегі ЖАО:
            1)  аудандық  (қалалық)  комиссиялардың  шешімі  бойынша  құрылған  мобильді 
топтар  ұсынған  деректердің  негізінде  ТжКБ  бар  кадрларды  даярлауға  үміткерлердің 
тізімін  қалыптастыру  жөніндегі  жұмысты  ұйымдастырады  және  оларды  аудандық  (
қалалық) және өңірлік комиссиялардың бекітуіне шығарады;


            2)  аудандық  (қалалық)  деңгейде  Бағдарламаның  бірінші  бағытын  іске  асыру 
бойынша жұмысты үйлестіреді және мониторингтеуді жүзеге асырады.
      Білім беру ұйымдары:
      1) қысқа мерзімді кәсіптік оқыту үшін ӨКП-мен бірлесіп, дуальды оқыту моделінің 
элементтерімен оқу бағдарламаларын әзірлейді;
      2) цифрлық сауаттылық дағдыларына және ағылшын тілін оқыту бағдарламаларын 
әзірлейді;
      3) дуальды оқыту моделінің элементтері бар ТжКБ бар кадрларды даярлау және 
қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бағдарламалары бойынша оқытуды жүргізеді;
      4) халықты жұмыспен қамту орталықтарына оқитын Бағдарламаға қатысушылар 
туралы ақпарат ұсынады;
            5)  белгіленген  үлгідегі  біліктілік  беру  туралы  құжаттарды  (диплом,  сертификат, 
куәлік) береді;
      6) порталдағы жеке кабинет арқылы тұрақты негізде оқып жатқан, оқуды аяқтаған, 
оқудан  шығарылған  адамдар  бойынша  ақпаратты  енгізуді  жүзеге  асырады.  Аталған 
ақпарат  порталдық  шешім  арқылы  облыстық  деңгейдегі  білім  және  жұмыспен  қамту 
саласындағы ЖАО-ларға, сондай-ақ мониторинг және есептілік құруды жүзеге асыру 
үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына қолжетімді болады.
      Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі ЖАО:
            1)  микрокредит  беру  ұйымының  қарыз  шарттары  бойынша  бюджет  кредитінің 
қаражатын ұсынады;


      2) кредиттер/микрокредиттер бойынша кепілдендіру шараларын іске асыру үшін 
қаржы қаражатын бөледі;
            3)  қалалар  мен  моноқалаларда  кредит/микрокредит  берудің  іске  асырылуын 
мониторингтеуді жүзеге асырады;
            4)  ай  сайынғы  негізде  кәсіпкерлік  мәселелері  жөніндегі  уәкілетті  органға 
Бағдарламаның екінші бағытын іске асыру барысы туралы ақпарат береді.
      Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО:
            1)  "АШҚҚҚ"  АҚ  және  микрокредит  беру  ұйымының  қарыз  шарттары  бойынша 
бюджет кредитінің қаражатын ұсынады;
      2) микрокредиттерді кепілдендіру және субсидиялау шараларын іске асыру үшін 
қаржы қаражатын бөледі;
            3)  ауылдық  елді  мекендерде  және  шағын  қалаларда  микрокредит  берудің  іске 
асырылуын мониторингілеуді жүзеге асырады;
      4) МҚҰ-ның операциялық шығындарын субсидиялауды жүзеге асырады;
            5)  МҚҰ-ның  операциялық  шығындарын  субсидиялау  шеңберінде  субсидиялау 
жөніндегі комиссияның жұмыс органы болып табылады;
            6)  ай  сайынғы  негізде  агроөнеркәсіптік  кешенді  дамыту  саласындағы  уәкілетті 
органға Бағдарламаның екінші бағытын іске асыру барысы туралы ақпарат береді;
            7)  ӨКП-мен  бірлесіп,  Бағдарламаға  қатысушыларды  "Бастау  Бизнес"  жобасы 
бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастырады.


жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау