оны пайдалану тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган
бекітетін Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныс
аудару қағидаларында айқындалады.
5.3.3. Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаңды дамыту
Бағдарламаның бұл бағыты жұмыс іздеу және персоналды іріктеуге жәрдемдесу
үшін "Еңбек биржасы" еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын құруды
көздейді.
"Еңбек биржасы" мемлекеттік интернет-ресурсында:
1) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің бір бөлігі болып
табылатын және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған
"Еңбек нарығы" ААЖ-дағы;
2) жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің және жұмысқа орналастыру
жөніндегі жекеше онлайн-алаңдардың дерекқорларындағы;
3) жұмыс іздеу және персоналды іріктеу интернет-порталындағы (бұдан әрі –
портал) деректер қамтылған.
"Еңбек нарығы" ААЖ жұмысқа орналастыруда делдалдық көрсету, мониторинг
жүргізу және есептілікті қалыптастыру және мемлекеттік органдардың ақпараттық
жүйелерімен интеграциялауды қоса алғанда, ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау
мақсатында халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін автоматтандыруға
арналған.
"Еңбек нарығы" ААЖ-ны халықты жұмыспен қамту орталықтары қалыптастырады
және онда жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыз адамдар, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген
санаттары және NEET санатындағы жастар, жас отбасылардың мүшелері, табысы аз
көпбалалы отбасылар, табысы аз еңбекке қабілетті мүгедектер бос жұмыс орындары (
бос лауазымдар) және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсету
және еңбек делдалдығын көрсету туралы мәліметтер қамтылады.
Қызметтер көрсетудің бизнес-процестерін оңтайландыру мақсатында "Еңбек
нарығы" ААЖ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен (ЖТ МДҚ, ЗТ МДҚ,
СК АЖ, АХАЖ, МОДҚ, ҚР ІІМ) интеграцияланған, қажетті құжаттардың тізімі мен
жұмыспен қамту саласында мемлекеттік қызметтер көрсету уақытын қысқартады.
"Еңбек нарығы" ААЖ-ны қалыптастыруды өңірлік деңгейде халықты жұмыспен
қамту мәселелері жөніндегі ЖАО және халықты жұмыспен қамту орталықтары
қамтамасыз етеді.
"Еңбек нарығы" ААЖ-да жұмыс іздеушілер мен бос жұмыс орындары (бос
лауазымдар) туралы қалыптастырылған мәліметтер порталда еркін қолжетімділікте
орналастырылады.
Портал enbek.kz интернет-ресурсының базасында жұмыс істейді және халықты
жұмыспен қамту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу саласында ақпараттық қызмет
көрсетуге арналған.
Портал жұмыс іздеушілер мен бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы
ақпаратты, оған қоса "Еңбек нарығы" ААЖ арқылы порталда жұмыс іздеушілер өз
бетінше және жұмыс берушілер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері
орналастыратын мәліметтерді, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің түлектер дерекқорынан шығарылған мәліметтерді шоғырландырады.
Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері және жұмысқа орналастыру жөніндегі
жекеше онлайн-алаңдар дерекқорларын жұмысқа орналастырудағы делдалдық
бойынша қызметтер көрсету шеңберінде, сондай-ақ порталға еркін қолжетімділікте
орналастырылатын мәліметтер есебінен олардың өздері дербес қалыптастырады.
Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері және жұмысқа орналастыру жөніндегі
жекеше онлайн-алаңдар өздерінің қалауы бойынша порталға жұмыс іздеушілер және
бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы ақпаратты еркін қолжетімділікте
орналастыра алады.
Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері халықты жұмыспен қамту орталықтары
порталда "жеке кабинет" арқылы өткізетін халықты жұмыспен қамту саласында
көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысады.
Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне
қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің халықты жұмыспен
қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарт бойынша
міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті тәжірибесі, материалдық және еңбек
ресурстары болуға тиіс.
Аутсорсинг туралы шарт халықты жұмыспен қамту орталығы мен жұмыспен
қамтудың жекеше агенттігі арасында жасалады.
Халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін
ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін, көрсетілетін қызметтерге тарифтерді,
шарттың үлгілік нысанын және халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін
қызметтердің аутсорсингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше
агенттіктеріне қойылатын біліктілік талаптарын халықты жұмыспен қамту жөніндегі
уәкілетті орган бекітеді.
Жұмыс іздеушілер туралы ақпаратты жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі және
жұмысқа орналастыру жөніндегі жекеше онлайн-алаң порталдан интеграциялау не
жұмыс іздеуші туралы ақпаратты қолмен енгізу арқылы экспорттауы мүмкін.
Жұмыс берушілердің, жұмыс іздеушілердің, жұмыспен қамтудың жекеше
агенттіктерінің, жұмысқа орналастыру жөніндегі жекеше онлайн-алаңдар мен халықты
жұмыспен қамту орталықтарының порталдағы өзара іс-қимылы халықты жұмыспен
қамту жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Халықты жұмыспен қамту саласында
көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру
қағидаларына сәйкес айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |