Жастар практикасы меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және
кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының, оқуды аяқтағанына 3 жыл
болмаған және жиырма тоғыз жасқа толмаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарға
арналған.
Жастар практикасы барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда
ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды ұдайы
жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам
қызмет ететін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі.
Жастар практикасы тұрақты жұмыс орындарынан тыс және тұрақты жұмыс
орындарына арналған бос жұмыс орындардан тыс жүргізіледі.
Жастар практикасы бойынша жұмыс орындарының саны шектелмейді.
Жастар практикасы бойынша жұмыс уақытша сипатқа ие болады. Жастар
практикасының ұзақтығы 6 айдан аспайды.
Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен жасалған шарт негізінде
жастар практикасынан өтуге арналған жұмыс орындарын құрады. Жұмыс орындары
түлектердің білім беру ұйымдарында меңгерген кәсібіне (мамандығына) сәйкес келеді.
Жұмыссыздар жастар практикасына қатысу үшін халықты жұмыспен қамту
орталығына Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына
сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы жұмыссыздарды жастар
практикасына жіберуді халықты жұмыспен қамту орталықтары жүзеге асырады.
Бос жұмыс орны пайда болған кезде жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға
дейін жұмыс берушінің бастамасы бойынша және жастар практикасына қатысушының
келісімімен тұрақты жұмысқа орналастыруға рұқсат беріледі. Бұл ретте жұмыс беруші
халықты жұмыспен қамту орталығына Қазақстан Республикасының еңбек
заңнамасында белгіленген мерзімдерде тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың
көшірмесін жолдайды.
Жұмыс берушілер жастар практикасын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін
бұзған жағдайда олармен жасалған тиісті шарт бұзылып, жұмыс берушілер жастар
практикасына қатысушыларға жалақы төлеуге мемлекет жұмсаған шығыстарды
бюджетке өтеуге тиіс.
Жастар практикасын қаржыландыру республикалық немесе жергілікті бюджет
қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым
салынбаған басқа да көздерден жүзеге асырылады.
Түлектер қатарындағы жастар практикасына қатысушылардың жалақысын
қаржыландыру еңбек шартына сәйкес алты ай бойы жүзеге асырылады.
Экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді қоспағанда, республикалық
немесе жергілікті бюджеттерден субсидиялаудың бір айдағы мөлшері 25 айлық есептік
көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек
демалысына өтемақыларды және банк қызметтерін ескергенде) құрайды.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жастар практикасына жіберілген жеке
тұлғалардың еңбекақысын қоса қаржыландыру және субсидиялау жергілікті атқарушы
органдардың шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Бағдарлама шеңберінде азаматтардың қатысу шарттары және жастар практикасын
ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібі халықты жұмыспен қамту мәселелері
жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Жастар практикасын ұйымдастыру және
қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыздарды уақытша жұмыспен
қамтамасыз ету үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады. Қоғамдық жұмыстар
жұмыскердің алдын ала кәсіптік даярлығын талап етпейді және әлеуметтік пайдалы
бағытта болады.
Қоғамдық жұмыстар жергілікті бюджет қаражаты және жұмыс берушілердің
өтінімдері бойынша олардың қаражаты шегінде қаржыландырылады.
Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:
1) жұмыссыздардың;
2) денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарға
оқудан бос уақытта студенттердің және жалпы білім беретін мектептердің жоғары
сынып оқушыларының;
3) тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдардың құқығы
бар.
Қоғамдық жұмыстарға қатысуға басым құқықты:
1) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алмайтын
жұмыссыздар;
2) халықты жұмыспен қамту орталығында алты айдан астам есепте тұрған
жұмыссыздар пайдаланады.
Адамдардың қоғамдық жұмыстарға қатысуы олардың халықты жұмыспен қамту
орталығында тіркелген күніне сәйкес кезектілік тәртібінде олардың келісімімен жүзеге
асырылады.
Бағдарлама шеңберінде азаматтардың қатысу шарттары және қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібі Қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.
5.3.2. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру
Жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету, өңірлік
диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздікті жою мақсатында Бағдарлама
шеңберінде ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының
аумақтық ұтқырлығы ынталандырылады.
Бағдарламаға қатысушылардың ерікті түрде қоныс аударуы мынадай бағыттар
бойынша:
1) өңіраралық қоныс аудару – жұмыс күші артық облыстардан (бұдан әрі – шығу
өңірлері) жұмыс күші жетіспейтін облыстарға (бұдан әрі – қабылдау өңірлері) жүзеге
асырылады.
Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Нұр-Сұлтан
және Шымкент қалалары кейінгі 10 жылда облыстағы халық саны жыл сайын 2 %-дан
артық өсетін және/немесе халқының тығыздығы шаршы километрге 6,4 адамнан
асатын шығу өңірлері болып айқындалған.
Бағдарламаға қатысушыларды қабылдау өңірлері Қазақстан Республикасы
Үкіметінің шешімімен айқындалады.
2) облыс ішінде қоныс аудару – мемлекеттік тұрғын үй қорынан және/немесе
жұмыс берушілердің қаражаты есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрақты
жұмыс орнына жұмысқа орналасу мүмкіндігі болған кезде экономикалық даму әлеуеті
төмен ауылдардан облыстық (аудандық) маңызы бар қалаларға, экономикалық өсу
орталықтарына жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |