Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру бойынша мемлекеттік қолдау көрсету туралы Әлеуметтік келісімшарт



жүктеу 67,13 Kb.
Дата22.05.2018
өлшемі67,13 Kb.
#15778


Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрінің

2014 жылғы « » ________

№________ бұйрығына

4-қосымша


Нысан
Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру бойынша

мемлекеттік қолдау көрсету туралы

Әлеуметтік келісімшарт
_____________________ «___»_____________20__ жыл

(жасалған орны)

_________________________ атынан___________________________________



Халықты жұмыспен қамту орталығының атауы)(уәкілетті өкілдің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)

__________________________________________________________бұдан әрі «Халықты жұмыспен қамту орталығы» деп аталатын, бір тараптан және________________________________________________________________,



(Бағдарламаға қатысушының тегі, аты,әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжаттың сериясы, нөмірі, қашан және кім берген)

бұдан әрі «Бағдарламаға қатысушы» деп аталатын, екінші тараптан,төмендегі туралы осы әлеуметтік келісімшартты (бұдан әрі – келісімшарт) жасады:



1. Келісімшарттың мәні

1. Келісімшарт әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекеннен әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары елді мекенге көшіру, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мақсатында жасалды.

2. Келісім тараптары Халықты жұмыспен қамту орталығы, Бағдарламаға қатысушы, ал Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 817 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу мен оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар) көзделген жағдайларда, жұмыс беруші (бұдан әрі - Тараптар) болады.

3. Жұмыс беруші Келісімшарттың жасалуын келісімшартқа қосылатыны туралы, ____________жылғы_______ ___________ № _____________жауапты лауазымды тұлғаның қолымен және мөрмен куәландырылған, жазбаша өтініш (хабарлама) беру арқылы растайды.



2. Тараптардың міндеттері
4. Халықты жұмыспен қамту орталығы міндеттенеді:

1) Бағдарламаға қатысушыны жаңа тұрғылықты жері бойынша тіркеуге жәрдем көрсетуге;

2) Бағдарламаға қатысушыдан қоныс аударуға субсидия тағайындау және қызметтік тұрғын үй (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелер) бөлу үшін өтініші мен құжаттар жиынтығын қабылдауға;

3) тұрғын үй комиссиясының Бағдарламаға қатысушыға қызметтік тұрғын үй (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелер) беру туралы шешімін қабылдауға;

4) Бағдарламаға қатысушымен қызметтік тұрғын үйді (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелерді) жалға алу шартын жасауға;

5) қоныс аударуға субсидия тағайындау туралы шешім қабылдауға және субсидияны Бағдарламаға қатысушының жеке шотына аударуды жүзеге асыруға;

6) Бағдарламаға қатысушының қызметтік тұрғын үйге (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелерге) қоныстануын қамтамасыз етуге;

7) Бағдарламаға қатысушының тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге және оны бақылауды жүзеге асыруға;

8) Бағдарламаға қатысушы мен жұмыс берушінің келісімшартты орынду мониторингін жүзеге асыруға міндеттенеді.

5. Бағдарламаға қатысушы міндеттенеді:

1) қоныс аударуға жолдама мен әлеуметтік келісімшартты алғаннан кейін белгіленген мерзімде нысаналы елді мекенге келуге;

2) қоныс аударуға субсидия тағайындау және қызметтік тұрғын үй (еңбекші арналған жастарға жатақханалардан бөлмелер) бөлу үшін өтініші мен құжаттар жиынтығын Халықты жұмыспен қамту орталығына ұсынуға;

3) Халықты жұмыспен қамту орталығымен қызметтік тұрғын үйді (еңбекші арналған жастарға жатақханалардан бөлмелерді) жалға алу шартын жасауға және белгіленген мерзімде сонда қоныстануға;

4) жұмыс беруші ұсынған тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуға не кейін жұмысқа орналаласу үшін кәсіптік оқытудан өтуге;

5) коммуналдық және жалдау ақысын уақытылы төлеуге;

6) Жұмыспен қамту орталығының сұратуы бойынша өзінің, сондай-ақ жұмыс беруші міндеттемелерінің орындалу мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті, ақпаратты, құжаттар мен материалдарды уақытылы және толық көлемінде ұсынуға міндеттенеді.


3. Тараптардың құқықтары


6. Халықты жұмыспен қамту орталығының құқықтары:

1) Бағдарламаға қатысушының қоныс аудару тәртібі мен мерзіміне қатысты ақпаратты кету орнындағы Халықты жұмыспен қамту орталығынан сұратуға;

2) Бағдарламаға қатысушы мен жұмыс берушіден келісімшарт тараптарының уақытылы және тиісінше орындалуын талап етуге;

3) келісімшарт шеңберінлдегі өзге де мәселелерді шешуге құқылы;

4) келісімшарт тараптары орындалмаған және (немесе) тиісінше орындалмаған жағдайда, қызметтік тұрғын үйді (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмені) жалға алу шарты бұзылады.

7. Бағдарламаға қатысушының құқықтары:

1) қоныс аударудың тәртібі мен мерзімі, қабылдау жағдайлары туралы, оның ішінде, қызметтік тұрғын үймен (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелермен) қамтамасыз ету және тұрақты жұмыс орнына орналасу мәселелері жөніндегі ақпаратты ақпаратты кету орнындағы Халықты жұмыспен қамту орталығынан алуға;

2) келісімшартта көзделген мемлекеттік қолдау шараларын алуға;

3) Жұмыспен қамту орталығы мен жұмыс берушіден келісімшарт тараптарының уақытылы және тиісінше орындалуын талап етуге құқылы.

4. Басқа да жағдайлар
8. Келісімшартқа қосымша әлеуметтік келісімшартқа қол қою арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болады.

9. Осы Келісімшарт оған Халықты жұмыспен қамту орталығы, Бағдарламаға қатысушы қол қойған және жұмыс берушінің Келісімшартқа қосылғаны туралы хабарламасын алған сәттен бастап күшіне енеді.

10. Қолданылу мерзімі 20__ жылдың «__»______ дейін.

5. Келісімшарттың шарттарын орындамағаны үшін Тараптардың жауапкершілігі
11. Келісімшартың шарттарын орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікте болады.

6. Форс-мажорлық жағдайлар
12. Тараптар осы Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін туындаған: өрт, жер сілкіну, су тасқыны мен басқа да апатты құбылыстар; соғыс іс-қимылдары мен тағы басқа сияқты төтенше және апатты (форс-мажор) жағдайларында міндеттемелерін толық немесе ішінара орындалмағаны үшін жауапкершіліктен босатылады,

13. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде, осы Келісімге сәйкес қандай да болмасын міндеттемесінің орындалуы осындай жағдайдың туындауына орай мүмкін болмай қалған Тарап, форс-мажорлық жағдай туындаған немесе тоқтатылған сәттен бастап үш (үш) жұмыс күнінің ішінде, бұл туралы басқа Тараптарды жазбаша нысанда (осы келісімшарт бойынша өз міндеттемелерінің орындалмауы мүмкіндігін уәждемелеп және негіздеп) хабардар етуге міндетті.

14. Хабардар етпеу немесе уақытылы хабарламау Тараптарды, мұндай хабардар етпеу немесе уақытылы хабарламау тиісті форс-мажорлық жағдайдан тікелей туындаған жағдайларды қоспағанда, осы Келісімшарт бойынша міндеттемелдердің орындалмауы үшін жауапкершіліктен босатушы негіздеме ретінде, кез келген форс-мажорлық жағдайға сілтеме жасаудан шеттетеді. Форс-мажорлық жағдайдың басталуы немесе тоқтауы туралы хабарлама, форс-мажорлық жағдай жалпыға белгілі және көпшілік сипаты болған әрі дәлелдеуді өқажет етпейтін жағдайларды қоспағанда, құжатпен не мұндай жағдайдарды растайтын тиісті органның және/немесе мекеменің куәлігімен расталуы тиіс.

15. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімі форс-мажорлық жағдай орын алған уақытқа, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдарлар уақыт кезеңіне қарай кейінге шегеріледі. Егер, форс-мажорлық жағдайлар туындауына байланысты, осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара орындалмауы _____ (кезеңі көрсетілсін) асатын болса, Тараптар осы Келісімшартты бұзуға құқылы.




7. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері
Жұмыспен қамту орталығы Бағдарламаға қатысушы

____________________________________

(Халықты жұмыспен қамту орталығының толық атауы)

____________________________________

(мекенжайы)

____________________________________

(телефон, факс)

____________________________________

(уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты)

____________________________________

(қолы)
М.О.



______________________________

(Бағдарламаға қатысушының тегі, аты, әкесінің аты)

______________________________

(мекенжайы)

______________________________

(телефон, факс)

_______________________________

(қолы)



________________________
жүктеу 67,13 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау