«назарбаев зияткерлік мектептері»



жүктеу 0,55 Mb.
Pdf просмотр
бет3/18
Дата31.05.2018
өлшемі0,55 Mb.
#18534
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

 

асыру  нысандары  мен  әдістерін,  ғылыми  зерттеулер  жүргізу  бағыттарын 



әзірлеу мен таңдаудағы дербестігі; 

7) білім беруді, ғылым мен өндірісті интеграциялау 

Зияткерлік мектептерде білім беру процесінің ғылыми және практикалық 

қызметтен  бөлінбейтіндігі,  ғылыми  және  кәсіпкерлік    ұйымдармен 

стратегиялық әріптестікті қамтамасыз ету; 

8) инновациялылық 

жаңа  әдістер  мен  технологияларды  пайдалануға  ұдайы  ұмтылыс,  жаңа 

білім мен ақпаратты қолдануға дайын болу; 

9) дербестік және өзін-өзі басқарушылық 

ДББҰ-ның  қаржы-экономикалық,  әкімшілік  басқарудағы,  шешімдер 

қабылдаудағы  оқшаулығы  мен  дербестігі,  ДББҰ-ның  қоғам  алдындағы 

жауапкершілікпен және есептілікпен үйлесімділікте құзыретіндегі мәселелерді 

шешуде дербестігі; 

10) шешімдер қабылдаудың алқалылығы 

ДББҰ-ның  қызметіне  байланысты  Жоғары  Қамқоршылық  кеңестің, 

Қамқоршылық кеңестің, атқарушы органның шешімдер қабылдауы; 

11) әлеуметтік жауапкершілік және ашықтық 

ДББҰ-ның  қоғамның  әл-ауқатын  жақсарту  мақсатында  әлеуметтік 

маңызы бар жобаларды әзірлеуі және оларға қатысуы, өз қызметінің бағыттары 

бойынша ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету. 

 

 



БАСҚАРУ 

 

Стратегиялық  мақсат  пен  міндеттерге  қол  жеткізу  үшін  айрықша 



басқару жүйесі құрылды: 

1)  жоғары  басқару  органы  –  «Назарбаев  Университеті»,  «Назарбаев 

Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев қоры» Жоғары Қамқоршылық 

кеңес (бұдан әрі – Жоғары қамқоршылық кеңес); 

2)  басқару органы – Қамқоршылық кеңес; 

3)  атқарушы орган  – Басқарма.  

Басқару  жүйесі  өзіне  сол  сияқты  Зияткерлік  мектептердің  Директорлар 

кеңесін,  Зияткерлік  мектептердің  Қамқоршылық  кеңесін,  педагогикалық 

кеңесті,  әдістемелік  кеңесті,  оқушылар  мен  ата-аналар  комитеттерін  қамтиды. 

Қажеттілігіне қарай басқа да басқару органдары құрылуы мүмкін. 

 

2.1 

Жоғары Қамқоршылық кеңес 

 

Жоғары  Қамқоршылық  кеңес  ДББҰ-ның  жоғары  басқару  органы  болып 



табылады.  Жоғары  Қамқоршылық  кеңесті  Жоғары  Қамқоршылық  кеңестің 

төрағасы  басқарады.  Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  Жоғары 

Қамқоршылық кеңестің тұңғыш төрағасы болып табылады.     



 

Жоғары Қамқоршылық кеңестің құрылымы, құзыреті, қалыптасу тәртібі, 



мүшелерінің  өкілеттік мерзімдері, оның  шешімдерді қабылдау  тәртібі  Жоғары 

Қамқоршылық  кеңестің  тұңғыш  төрағасы  бекіткен  Жоғары  Қамқоршылық 

кеңес туралы қағидамен айқындалады.      

 

2.2 



Қамқоршылық кеңес 

 

Қамқоршылық  кеңес  Жоғары  Қамқоршылық  кеңестің  құзыретіне 



жатқызылған  мәселелерді  шешуді  қоспағанда,  ДББҰ  қызметіне  жалпы 

басшылықты жүзеге асыратын ДББҰ-ны басқару органы болдып табылады. 

Қамқоршылық  кеңестің  құрамын  Жоғары  Қамқоршылық  кеңес  бекітеді. 

Қамқоршылық  кеңестің  құрамына  лауазымы  бойынша  ДББҰ-ның  атқарушы 

органының басшысы кіреді.  

Қамқоршылық  кеңес  мүшелерінің  көпшілігінің  шешімі  бойынша 

комитеттер  құруға  құқылы.  Комитеттер  Қамқоршылық  кеңестің  үш  немесе 

одан да көп мүшелерінен тұратын болады. Комитеттер құру кез келген мүшені 

оған  жүктелген  жауапкершіліктен  босатпайды.  Қажет  болған  кезде 

Қамқоршылық  кеңес  бұрын  құрылған  комитеттерді  қысқарта  және  қайта 

ұйымдастыра алады.  

Қамқоршылық  кеңес  өз  қызметін  Қамқоршылық  кеңес  бекіткен 

Қағиданың негізінде жүзеге асырады.  

 

2.3 



Басқарма 

 

Басқарма  ДББҰ-ның  алқалы  атқарушы  органы  болып  табылады,  ол 



Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен ДББҰ-ның басқа басқару 

органдарының  құзыретіне  жатқызылмаған  оның  қызметінің  кез  келген 

мәселелері  бойынша  шешімдер  қабылдай  отырып,  ұйымға  ағымдағы 

басшылықты жүзеге асырады.     

Басқарма  Жоғары  Қамқоршылық  кеңестің,  Қамқоршылық  кеңестің 

шешімдерін орындайды. 

Басқарма  Жоғары  Қамқоршылық  кеңеске,  Қамқоршылық  кеңеске  есеп 

береді және олардың алдында өзіне жүктелген міндеттерді орындауға жауапты 

болады. 

Басқарманың құрамын Қамқоршылық кеңес бекітеді. 

 

2.4 

Зияткерлік мектептердің Директорлар кеңесі 

 

Назарбаев  Зияткерлік  мектептерінің  Директорлар  кеңесі  Зияткерлік 



мектептер  директорларынан  тұратын  консультативтік-кеңесші  орган  болып 

табылады. 

Директорлар кеңесінің негізгі міндеттері  Зияткерлік  мектептер арасында 

тәжірибе  алмасуға  ықпал  ететін  жағдай  жасау  үшін  ұсынымдарды  пысықтау 




 

және  мектептердің  білім  беру  процесі  мен  жұмыс  істеуін    жақсарту  жөнінде 



ұсыныстар  әзірлеу  болып  табылады.  Директорлар  кеңесінің  шешімдері 

ұсынымдық сипатта болады.  

 

2.5 

Зияткерлік мектептерді мектепішілік басқару 

 

Зияткерлік  мектептердегі  басқару  командалық  басқару  және  бөлінген 



көшбасшылық 

қағидаттарына 

бағдарланған. 

Зияткерлік 

мектептердің 

директорлары  мектептің  алдында  тұрған  міндеттерді  шешуге  қабілетті 

мамандар командаларының көшбасшылары болып табылады. Әрбір Зияткерлік 

мектепте мынадай басқару органдары құрылады: 

 

Қамқоршылық  кеңес  қоғамдық  бастамада  тұрақты  түрде  жұмыс 



істейтін алқалы орган болып табылады. Қамқоршылық кеңес қызметінің 

мақсаты  Зияткерлік  мектепке  оның  жарғыда  көзделген  міндеттерін 

жүзеге  асыруына,  сондай-ақ  материалдық  базаны  нығайту  және 

көрсетілетін  қызметтердің  сапасын  арттыру  үшін  қосымша  қаржы 

ресурстарын  тартуға  жәрдемдесу  болып  табылады.  Қамқоршылық 

кеңестің  құрамына  ата-аналар,  мемлекеттік  органдардың,  жергілікті 

өзін-өзі  басқару  органдарының,  әр  түрлі  меншік  нысандары 

ұйымдарының, кәсіпкерлік және ғылыми топтардың, бұқаралық ақпарат 

құралдарының  өкілдері,  оның  ішінде  шетелдік,  педагог  қызметкерлер, 

мектептің қызметін жетілдіруге және дамытуға мүдделі өзге де адамдар 

кіре  алады.  Қамқоршылық  кеңес  Зияткерлік  мектептер  әкімшілігінің 

ағымдағы жедел бөлу қызметіне араласпайды.  

 

Зияткерлік  мектептің  ана-аналар  комитеті  –  бұл  мектепті  тұрақты 



жұмыс істейтін алқалы өзін-өзі басқару органы, ол өзіне ата-аналар мен 

мұғалімдерді  қамтиды.  Комитет  мектеп  пен  оқушылардың  ата-аналары 

арасында ақпараттың еркін айналымы үшін қажетті жағдай жасайды. 

 



Оқушылар  кеңесіне  оқушылар  сайлаған  әр  түрлі  жастағы  өкілдер 

кіреді.  Оқушылар  кеңесі  мектеп  әкімшілігіне  бірқатар  мәселелер, 

мәселен, сабақ беру мен оқытуды, мектепте тамақтандыруды, элективті 

курстарды жақсарту және басқалары бойынша пікірлер ұсынады.  

 

Педагогикалық  кеңес  –  бұл  педагог  қызметкерлердің  тұрақты  жұмыс 



істейтін  алқалы  өзін-өзі  басқару  органы.  Педагогикалық  кеңес  сабақ 

берудің,  оқытудың  және  Зияткерлік  мектептің  тәрбие  жұмысының 

негізгі мәселелерін қарау және шешу үшін өткізіледі. 

 



Әдістемелік  кеңес  –  бұл  білім  берудің  мазмұнын  жетілдіру  және  оны 

Зияткерлік  мектептің  даму  стратегиясына  сәйкес  оқу-әдістемелік 

қамтамасыз  ету  мақсатында  құрылатын  мұғалімдердің  тұрақты  жұмыс 

істейтін  алқалы  органы.  Әдістемелік  кеңес  педагогикалық  ұжым 

мүшелеріне дайын бағдарламаларды іске асыруға ғана емес, мұғалімнің 

оқушының жеке  басын  дамытуға  бағытталған  шығармашылық әлеуетін 

жетілдіруді  тұрақты  ынталандыра  отырып,  оларды  жоспарлау  мен 



жүктеу 0,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау