«назарбаев зияткерлік мектептері»



жүктеу 0,55 Mb.
Pdf просмотр
бет6/18
Дата31.05.2018
өлшемі0,55 Mb.
#18534
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

17 

 



 

ағылшын тілінде сабақ беру үшін шет елдің жоғары білікті мұғалімдерін 

тарту арқылы жасанды ағылшын тілді орта құру; 

 



ағылшын және бірінші тілдерде командалық оқыту әдісін енгізу

 



өзіне  тілді  оқытуды  және  мазмұнды,  тіларалық  интеграция  мен 

кооперацияның элементтерін үйлестіретін бағдарлама әзірлеу; 

 

оқулықтар мен басқа да білім беру ресурстарын әзірлеу



 

мектепте және одан тысқары жерде үш тілді қолданып, сабақтан тыс іс-



шаралар өткізу үшін мүмкіндік жасау; 

 



үш  тілде  білім  беруді  әзірлеу  және  енгізу  нәтижесінде  алынған  білімді 

айқындау және оларды басқара білу

 

білім беру процесін қажетті жабдықпен және бағдарламалық қамтыммен 



қамтамасыз ету; 

 



оқушыларға  басқа  оқушылармен  және  ересек  адамдармен  үш  тілде 

сындарлы коммуникация мүмкіндігін беру; 

 

түпнұсқамен үш тілде кітапхана қорын жасау



 

білім  беру  процесінің  барлық  мүдделі  адамдарына  ақпараттық 



материалдар әзірлеу; 

 



үш  тілді  ортада  жұмыс  істеу  үшін  директорлардың,  директорлардың 

орынбасарларының, 

әдіскерлердің, 

мұғалімдердің, 

жаттықтырушылардың, кітапханашылардың және қосалқы персоналдың 

біліктілігін арттыру. 

Жоғарыда  көрсетілген  міндеттерді  іске  асыру  үшін  ДББҰ-ға  орта  білім 

беруде  үш  тілде  оқытуды  әзірлеу,  енгізу  және  іске  асыру  саласында  жұмыс 

тәжірибесі  бар  халықаралық  танылған  стратегиялық  әріптестер  мен 

сарапшылар тартылады.     

Қазақ,  орыс  және  ағылшын  тілдері  бойынша  деңгейлі  оқу 

бағдарламаларын  әзірлеу  үшін  негіз  ретінде  шет  тілін  меңгерудің  алты 

деңгейден тұратын жалпы еуропалық құзырет жүйесі пайдаланылды. 

Осы  жүйеге  сәйкес  А1  тілді  білу  деңгейі  ең  төменгі,  ал  С2  ең  жоғары 

болып  табылады.  Зияткерлік  мектептердің  оқушылары  12-сыныпты  бітірген 

кезде  бірінші  тілді  С2  деңгейінде,  екінші  тілді  С1  деңгейінде  және  ағылшын 

тілін С1 деңгейінде білетін болады деп күтілуде. Ағылшын тілін С1 деңгейінде 

білу  IELTS  халықаралық  тестінің  6,5-7,5  балына  сәйкес  келеді,  бұл  әлемнің 

жетекші  университеттеріне  түсу  және  оқу  үшін  академиялық  ағылшын  тілін 

білудің көрсеткіші болып табылады.  

 

3.1.4 Оқушылардың оқу жетістіктерін өлшемдік бағалау 

 

Интеграцияланған  білім  беру  бағдарламасын  және  Халықаралық 

Бакалавриат  бағдарламаларын  тиімді  енгізу  үшін  оқушылардың  жоспарланған 

оқу  нәтижелеріне  қол  жеткізуін  шынайы  бағалауға  мүмкіндік  беретін  бағалау 

жүйесі қажет.   



18 

 

Оқушылардың жеке жетістіктерін нормамен немесе көпшілік оқушының 



көрсеткіштерімен 

салыстыруға 

негізделген 

білім 


беру 

жүйесінде 

пайдаланылатын  нормативтік  бағалау  оқудағы  нәтижелерді  және  жеке 

прогресті шынайы бағалауға мүмкіндік бермейді.  

Оқу  жетістіктерін  және  оқушылардың  прогресін  шынайы  және  адал 

бағалауды  қамтамасыз  ету  мақсатында  ДББҰ  өлшемді  бағалау  жүйесін 

әзірлейді әрі енгізеді, ол мыналарды қамтиды: 

 



өлшемді бағалауды қолдану моделі мен технологиясын әзірлеу; 

 



өлшемді  бағалау  жүйесін  Кембридж  Университетімен  бірлесіп 

әзірленген  пәндер  бойынша  оқу  бағдарламаларын  күтілетін  оқу 

нәтижелеріне сәйкес жетілдіру

 



өлшемді  бағалау  жүйесін  қолдануды  регламенттейтін  нормативтік 

құқықтық құжаттар, саясат пен рәсімдер әзірлеу

 

Зияткерлік  мектептердің  мұғалімдері  үшін  бағалауда  өлшемді 



көзқарасты  әзірлеу  және  қолдану  жөніндегі  біліктілікті  арттыру 

курстарын ұйымдастыру; 

 

Зияткерлік  мектептер  мұғалімдерінің  формативті  және  суммативті 



бағалауды  қолдануда  тәжірибе  алмасуы  бойынша  семинарлар 

ұйымдастыру және өткізу; 

 

өлшемді 



бағалаудың 

объективтілігін 

және 

ата-аналар 



мен 

оқушылардың  оқу  процесін  ұйымдастыру  сапасына  қанағаттануын 

бағалау үшін социологиялық зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу. 

Оқушылардың  оқу  жетістіктерін  және  социологиялық  зерттеулерді 

өлшемді бағалау нәтижелерін Зияткерлік мектептердің мұғалімдері сараланған 

оқытуды  ұйымдастыру  және  оқушыларға  педагогикалық  қолдау  көрсету,  оқу 

процесін ұйымдастыруда уақтылы түзету үшін қолданады.  

Өлшемді  бағалауды  қолдану  моделі,  технологиясы  және  нормативтік 

құжаттар ҚР-дың жалпы білім беретін мектептеріне елдің білім беру жүйесіне 

өлшемді бағалауды енгізу үшін көрсетілетін болады.  

 

3.1.5 Тәрбие жүйесі 

 

Зияткерлік мектептердегі тәрбие жүйесі теңгерімді, шығармашылық және 

аса өнегелі, бәсекелі ортада табысты әрекет етуге қабілетті, мәдениеті жоғары 

және  азаматтық  жауапкершілік  жүктеген,  өз  Отанына  берілген  жеке  тұлға 

қалыптастыруға бағытталған.  

Тәрбие жүйесі жаңа Интеграцияланған білім беру бағдарламасының және 

пәндік  оқу  бағдарламаларының,  қосымша  білім  беру  бағдарламаларының, 

демалыс  қызметінің  мазмұнын  мынадай  бағыттар  арқылы  интеграциялау 

жолымен іске асырылады: 

 



патриоттық тәрбие; 

 



интеллектуалды даму; 


жүктеу 0,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау